Инфоурок Иностранные языки КонспектыКритериалды бағалау

Критериалды бағалау

Скачать материал

 

 

Біз қазақпыз! 
Ежелден - ақ қазақ болып аталған, 
Қатал болды әр күн, әр түн, атар таң 
Күйдірсе де ызғарлы аяз, жалынды от, 
Ел боп келдік, қалып қоймай қатардан. 

Керегімді алу үшін жаһаннан, 
Бейімделдім заманыма жаңарған. 
Садақ тартып, оқ жонуды үйреніп, 
Тәрбие алдым тәлімі мол атамнан. 

О, тәңірім танып білмей бізді жұрт, 
Әр түрлі атпен өздерінше атаған. 
Скифтер деп Геродот бізге ат берді, 
Ал парсылар – өз тілінше Сақ деді. 

Иә, рас, бізді бар жұрт Сақ деді, 
Бұл жалған ат ұлтымызға жат еді. 
Шеттегі жұрт не десе де шындығы, 
Бар қазақтың қазақ болар нақ тегі. 

Түркі әрпімен жазуы бар басында, 
Билік құрған сонау 6 - ғасырда. 
Қазақ деген анық түскен жазу тұр 
Жыр жазылған Күлтегіннің тасында. 

Біздің заманымыздан да бұрынғы, 
Деректер көп, боларлық дәлел тұрымды. 
Жетісуда өмір сүрген Үйсіндер 
Өте қуатты мемлекет боп құрылды. 

Астанасы «Қызыл аңғар» қаласы, 
Мекені Іле өңірі Ыстықкөлдің арасы. 
Қытайменен қарым - қатынас жасасып, 
Алыс - беріс болса керек шамасы. 

Осынау кең қазағымның жерінде, 
Даласы, тауы, өзен – көлі, теңізде. 
Мемлекет құрып ғұмыр кешті Ғұндар да 
Бәрі сөйлеп ортақ түркі тілінде. 

Дамыды, өсті өнер - ғылым, мәдениет 
Сызба сызып жазылды тарих, әдебиет. 
Әскері бар сыртқы жаудан қорғайтын, 
Таңқаларлық ел боп тұрды керемет. 

Дархан дала қазақтың кең жерінде. 
Асу бермес Алатау, Алтай белінде, 
Мәуелі бақты Жетісудың көгінде. 
Еділ - Жайық, Алакөл, Балқаш көлінде. 

Түркі тілдес тайпалардың таңы атты, 
Әлем назарын өздеріне қаратты. 
Тоғыз жүз алпысыншы жылдары 
Алланың жолы ислам дінін таратты. 

Араб, түркі тілдерінде жазылған, 
Еңбектері бағалы көп сан алуан. 
әл - Фараби, Махмуд Қашқари, 
Жүсіп Баласағұн, Ахмет Яссауи 
Теңдесі жоқ ғылым қорын қалдырған. 

Емес пе дәлел - Сығанақ пен Аққорған, 
Қызыл аңғар, Отырар, Тараз, Түркістан. 
Қазақтар да өркениет ел болып, 
Егін егіп, сәулетті қала тұрғызған. 

Үйсін, Қаңлы желбіреген тулары, 
Дешті Қыпшақ қазақтың рулары. 
Түркі тілдес халықтар бөтен емес 
Діні бір, тілі де бір бауырларым. 

Біз қазақ ежелден - ақ ел боп келдік, 
Ел қорғауда жасадық сан мың ерлік. 
Болашақтың атар деп жарқын таңы, 
Ұрпақ үшін тозақтың отын көрдік. 

Бейхабар малын баққан жомарт елді, 
Тұтқиылдан шапты жау Жоңғар тегі. 
Айғай аттан, шулыған әрбір ауыл, 
Жиған малдан айрылып үйі өртенді. 

Үй киізін кескілеп тоқым етті, 
Қыз, келінге зорлық қып қатын етті. 
Ерді құл, әйелді күң тұл жетім ғып, 
Баланы ата - анадан қашық етті. 

Қорлық көріп, зорлық көріп қалмақтан, 
Шұбыра шулап туған жерін тастаған. 
Өгіз артып, тай мініп, жаяу - жалпы, 
Көше - көше болды тозып ақтабан. 

Елім - айлап, жерім - айлап зар салды, 
Қызығы мол бейбіт күнді аңсады. 
Қиындықтың, қорлықтың зардабы өтіп, 
Бала - шаға, қарт кемпір - шал шаршады. 

Батты әбден тізесі сұм қалмақтың, 
Билеп, төстеп қаратты бар аймақты. 
Көрсеткен зорлығы мен зомбылығы, 
Қазақтардың ыза - кегін оятты. 

Қалмаққа барлық қазақ қарсы тұрды, 
Бас қосып хан мен билер ақыл құрды. 
Орыс, қытай қалмақтан аман шығар, 
Ұлт тағдырын ойлайтұғын күн туды. 

Тарихта хандық құрған Керей, Жәнібек, 
Халық баға береді әділ хан деп. 
Бар қазақтың алғашқы ханы болған, 
Керей ханның билікте орны ерек. 

Бізге жеткен тарихта көп бар дерек, 
Өз тұсында әр ханның орны бөлек. 
Төле бидей данадан тәлім алған, 
Хан Абылай қазаққа болды керек. 

«Алыстан орыс, қытай – ауыр салмақ 
Жақыннан тыншытпайды қалың қалмақ 
Артында ор, алдында көр, жан - жағы жау 
Сол кезде елге қорған болған Абылай 
Көп жаудың бірін шауып, бірін арбап...» 
- деп Мағжан Абылайды жырлағандай, 
Жүк көтерген белі мықты қара нардай. 
Қияннан қия баспай жол табатын, 
Қазақтың билері мен хандары - ай... 

Жоңғардың жойқынынан аман қалдық, 
Оларды жерден қуып тәмәмдадық. 
Тік тұрдық, белді буып хандық құрдық, 
Дәрменсіздің таяғын таянбадық. 

Болашағын ұрпақтың ойлай жүріп, 
Ресейге қосылдық одақ құрып, 
Жүрсек те тәуелді болып басқа жұртқа, 
Сақтандық сыртқы жаудан амал қылып. 

Аласапыран заманның қойнауында, 
Байлансақ та бодандық байлауына. 
Тіріміз, өлгеміз жоқ, бармыз әлі 
Түссек те Арыстанның шайнауына. 

Ұзақ ғұмыр кешу үшін ғаламда, 
Үлкен мақсат болу керек адамда. 
Батып кетпей тереңге отқа күймей, 
Естілікпен ден қойдық әр қадамға. 

Қиыншылық болды үлкен қазағыма, 
Кеңестік қызыл өкімет заманында. 
Қуғын көрген көп қазақ босқын болды, 
Шетке қашып басының аманында. 

Енгізді кооператив пен коллективті, 
Қолдан жасап жүргізді геноцидті. 
Шара болмай жасайтын қолдан келер, 
Айттық тек қарғыс пенен нағілетті. 

Кеңестік өкіметтің құрсауында, 
Шешілмеді шідер мен тұсауым да. 
Ашылмады адымым, жылжымадым, 
Ыза, кек, құса толды құшағыма. 

Қуғын - сүргін, зобалаң көргеніміз, 
Алаштық кетті атылып зиялымыз. 
Тектен - текке жазалап жала жауып, 
Болар ма бұдан өткен қиянат іс. 

Қазақ деген ежелден батыр халық, 
Ұлы Отан соғысында болды анық. 
Көрсетіп ұл да, қыз да ерен ерлік, 
Барлық жұрт ұлтымызды білді танып. 

Сонда да әділ баға берілмеді, 
Кір кетіп тазармады көңілдегі. 
Бауыржан, Қасым, Ыбырайымдар 
«Кеңес Одағының батыры»атақты 
Батырлар қатарынан көрінбеді. 

Тума талант өнерпаздар көп еді, 
Москва бірақ жетістігін көрмеді. 
Жақсы атақ саңлақтарға жетпеді. 
Елеуіштің өткізбеді елегі. 

Қаншама болса - дағы жігерлі жас, 
Алға шықпай спортта қалғаны рас. 
Жеңілісті біздерге қолдан жасап, 
Өздеріне жеңісті етті мирас. 

Аң жайылып, мал таптаған мың жылғы, 
Сарыарқаның сар даласы жыртылды. 
Тың игеру саясатын қолданып, 
Басқа ұлтқа иемдетті жұртымды. 

Саны артып қазақтан өзге ұлттың, 
Астында қалғандаймыз жауар бұлттың. 
Мектептер қазақ тілді жабылып қап, 
Тіліме қауіп төнді соны ұқтым. 

Мал бағып қазақ күні далада өтті, 
Бөтен ұлттың баласы қалада өсті. 
Бір басында бірнеше пәтері бар, 
Жалға беріп табысты дүркіретті. 

Сынақ жасап жеріме бомба жарды, 
Зардап шеккен тұрғындар мұңлы - зарлы. 
Мөлшердің шектеуінен асып кетті, 
Зияны кило, меготонналардың. 

Қарсы боп жаңа билік есіміне, 
Сегізінші пленум шешіміне. 
Басқарар өз ұлтын қазақ жоқ деп, 
Намысқа тиді айтқан сөз кесірлене. 

Дауылдан теңіз толқып жар соққанда, 
Теңізші суға кеткен жай тапқан ба? 
Мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылы, 
Жастарым шықты алаңға желтоқсанда. 

Оларды аямады жазалады, 
Қып - қызыл қанға бояп таза қарды. 
Байлап, матап көк мұзға жатқызып сап, 
Тепкілеп таяқпенен сабалады. 

Толғанынша қамады абақтыға, 
Жала менен өтірік айғақ таба. 
Жалған жасап құжатты өкім етті, 
«Нашақор» - деп соттады айып таға. 

Белгісіз талай боздақ күйреп жатты, 
Тірісін көпке дейін қудалатты. 
Семейдің түрмесінде жанын қинап, 
Өлтірді Қайрат пенен Ләззатты. 

Тоңдырса да аязы желтоқсанның, 
Жігерін жеңе алмады боздақтардың. 
Тәуелсіздік талабын жария етті, 
Бетін ашты көрінбес айғақтардың. 

Қанды қол Колбин ұзақ тұра алмады, 
Тура қарап күнәһар жүре алмады. 
Жан алушы желтоқсан жендетінен, 
Көп сұрақ өлгенде де сұралады. 

Бастау болып желтоқсан оқиғасы, 
Байқалды әр елдің тек отырмасы. 
Күні біткен кеңестер Одағының, 
Белі босап, бұзылды босағасы. 

Құрсауы тарс үзілді тоқсан бірде, 
Еркіндік келді жұртқа бір - ақ күнде. 
Енді қайтып оралып келместей боп, 
Темір тәртіп қалды ұзап күннен - күнге. 

Қашанда арман болған тәуелсіздік, 
Жарқ етіп ашылды - ау бір қара түңдік, 
Исатай, Махамбеттің туын ұстап, 
Бодандықтың тас буын белін үздік. 

Ешкімге тәуелсізбіз, егеменбіз, 
Қазақстан Республикасы деген елміз. 
Дамыған даңқы асқан көп елдердің 
Қатарына әлі - ақ жетіп, теңелерміз. 

Танып білді бізді алғаш түрік елі, 
Бізбенен тілі, ділі түбі бір - ді. 
Сонан соң мойындады тәуелсіз деп, 
Мемлекеттер үлкен - кіші ірілері. 

Сайлап құрдық мәжілісті, сенатты, 
Депутаттар іс атқарды жауапты. 
Заң күші бар құжаттарды бекітіп, 
Мемлекеттің ірге тасын қалатты. 

Ең басты маңызды іс әрі мәнді, 
Қуанышпен қарсы алу нұрлы таңды. 
Сайладық Қазақстан Президенті деп - 
Назарбаев Әбішұлы Нұрсұлтанды. 

Егемендігіміздің берік негізі, 
Мемлекеттік елтаңба, ту мен гимні. 
Біртұтастығымызды бейнелейтін, 
Қазақстан Республикасы рәміздері. 

Ата заңды қабылдап тоқсан бесте, 
Шықтық бір көтеріліп дөң белеске. 
Содан бері Ата заң негізінде, 
Қаншама заң өмірге келді емес пе?! 

Зайырлы мемлекетпіз көп ұлтты, 
Таңдаған демократиялық бағытты. 
Ұлттар достығы мен ел бірлігі, 
Саясатты ұстаймыз бір қалыпты. 

Құрылысына күш жұмсап егемендік, 
Құлшыныспен ұмтылдық, жігерлендік. 
Кемеңгер, дара тұлға - Елбасының, 
Бойында мол қасиет көрегендік. 

Көздегені, мақсаты, басқы арманы - 
Егеменді елінің жақсарғаны. 
Болашақты болжамдап алдын - ала, 
«Қазақстан - 2030» - ды жоспарлады. 

Сене алмады бұған жұрт әуел баста, 
Дәл осылай болары шын, рас па? 
Деген жұрттың көңілін күмән билеп, 
Ішінде түйді ойын талай қасқа. 

Шығымды аттай бәйгеде оза шапқан, 
Күн - күн сайын қарыштап алға басқан. 
ТМД елдерін артқа тастап, 
Гүлденген Мәңгілік ел – Қазақстан. 

Сейілді күмән бұлты ойындағы, 
Жігер күші артты елдің бойындағы. 
«Қазақстан - 2030» жоспары кезеңімен, 
Мезгіліне жетпей - ақ орындалды. 

Дамыған елу елдің қатарында, 
Қазақстан ерекше аталуда. 
Инвестиция шетелден мол беріліп, 
Гүлденіп күннен - күнге жақсаруда. 

Қала салдық төріне Сарыарқаның, 
Құрылысы озық әлемде жас қаланың, 
Ел тұрмысын жақсартып көтеруде, 
Қамын ойлап қарт пенен жас баланың. 

Кәсіпкерге бизнесте жол ашылды, 
Өндірдік алтын, күміс, қорғасынды. 
Ұлттық қор қоржыны тола түсіп, 
Жинадық қазынаға мол асылды. 

Бір мүдде, бір болашақ, бір мақсатқа, 
Елбасы бастап берген саясатқа. 
Ден қойып ұмтылыспен күш саламыз, 
Жеңіске жету үшін болашақта. 

Мадақ айту бір аллаға жарасқан, 
Бұл сөзіме жөн болмайды таласқан. 
Патшалардың патшасы Шыңғыс хан да, 
«О, тәңір!» - деп көк аспанмен санасқан. 

Құрмет жасап әлемдік діндарларға, 
Ислам, христиан, протестант, буддаларға. 
Үш жылда бір дәстүрлі съезд жасап, 
Бірлік сұрап сыйындық бір құдайға. 

Спортта жүлде алды қыз бен ұлым, 
Ойналып гимн, желбіреді көк туым. 
Қазақстандық көбейді чемпиондар, 
Шарықтап әнім, асқақтап шықты үнім. 

Тауысып айту бар жеңісті мүмкін бе? 
Сан - салалы жетістік көп бұл күнде. 
Отыз елдің қатарында дамыған, 
Болу үшін тер төгеміз күн - түнде. 

Тарихта Есімханда болды ескі жол, 
Тұсында Қасымханның бар қасқа жол. 
Бүгінде бар Нұрсұлтанның кең даңғылы, 
«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» 

Нұрлы жолмен біз алысқа барамыз, 
Даму үшін бірліктен қуат табамыз. 
Тоныкөк абыз кеткендей айтып өсиет, 
Қазақ елі – Мәңгілік ел боп қаламыз.

 

Қазақ хандығының 550 жылдығына арнау өлең

Көз тастап кереге мен кеңдігіңе,
Сүйсіндім ғасырлардан ерлігіңе.
Қынабынан қан тамған замандарды
Азаттықтың ақ таңы жеңді, міне!

Тарам-тарам толқындап ақ сақалын,
Сөз орамын селдетіп ақ батаның.
Ата қоныс жайлаған қазақ жұрты
Құдайындай сыйлаған патша-ханын.

Мыңғырған мал жусатып кең далада,
Тура сөзге тоқтаған толғана да,
Түндігіне қарасаң жарық жұлдыз
Дастанынан бас алар таңда ғана.

Шежірең бар шертілер замандардан,
Кемелденіп тарихта тарамдалған.
Жәнібек пен Керейдің баспалдағы,
Алып ұлтқа оймақтай қадам болған.

Жүріп өттік Қасымның қасқа жолын,
Дәріптеген дәстүрін, асқары оның!
Есім ханның ескіше жолыменен
Ойсыраттық ойратты атқа қонып.

Тумысынан дара боп тұлғалары,
Салқам Жәңгір кеңейтті бұл даланы.
Тағын емес,халықтың бағын ойлап,
Қансыратып қалмақты қуған әрі.

Жұртқа берген жұғымды серт деп ұғып,
Жауға шауып,ту қылған көк бөріні,
Қыспақ көріп тұрса да әр тараптан
Еркін тыныс ежелден еткен ұлы!

Алған қазақ Алтай мен Атырауды,
Алдырмаған Шыңғысқа Отырарды.
Қайтпасын деп қарымы келер күннің
Ер жүрекпен ен дала қосып алды.

Әбілхайыр, Абылай жөні бөлек.
Кеңесары сұлтанның орыны ерек.
Ұлы болған алыптар, ұрпағының
Орын алды жүректің төріне кеп!

Айта берсем қазақтың қасиетін,
Дастан болар дұшпаны бас иетін,
Бес жүз елу жыл толып хандығыңа
Бес ғасырдан жалғапты өсиетін.

Асқарына ту тігіп, аспанына,
Ойып жазды даналық тастарына.
Бес ғасырдың кемеңгер күллі жұрты,
Тойлап жатыр хандығын ақтарыла!

Бәйтерегі жайқалған батыр халқым,
Күннен-күнге жаңғырып жатыр салтың.
Тойлай бергін, тоқтама, қуанышпен
Мың ғасырдан асқанша асыл даңқың!

 

 

 

 

 

 

 

 

    

Егізбаева  Анар  Мырзахметқызы 

Қазақ  тілі мен  әдебиеті   пәнінің  мұғалімі

   Талдықорған қаласы

«Мектепке дейінгі

шағын орталығы бар № 9 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 

  Оқу  үрдісінде   бағалаудың  тиімді жолдарын  пайдалану

 

                Қазіргі таңда үздіксіз  білім беру жүйесінде білім беруді дамыту, дүниежүзілік  білім беру кеңістігіне  кіру мақсатында елімізде білім  берудің жаңа жүйесі  құрылып жатыр. Білім беруді дамыту негізінде жалпы оқыту үрдісіне жүктеліп  отырған жаңаша талап, міндеттер жоғарғы оқу орны оқытушыларына  да  қойылуда. Сондықтан оқытушы іс-әрекетін  жаңа талап тұрғысынан ұйымдастыру – бүгінгі  күннің өзекті мәселесі.

              Осы тұрғыда  жаңаша  оқыту кезеңіндегі  басты мәселелердің  бірі-  оқушы білімін  нақты, әділ  бағалау.    Оқушы  мұғалімнің қойған бағасына өзі толық қатысқан жағдайда   ғана  баға қою  үдерісі  ізгіленген  болар еді. 

      Бағалау – оқу үдерісі мен оның нәтижесі туралы ауқымды түсініктен тұратын педагогикалық үдерістің маңызды элементі. Ол - білім алушылардың оқу бағдарламасы бойынша алған білім, білік сапасын немесе олардың шығармашылық бағыттағы тұлғалық даму деңгейін анықтауға, арттыруға және түзетуге көмектесетін тәсіл. Кез келген бағалау оқу үдерісі барысында өзара әрекеттестік қаншалықты тиімді болғаны жайлы ақпарат алу қажеттілігінен туындайды. Білім беру үдерісінде қатысушыларды білім сапасы туралы ақпараттандыру, оқу жетістіктерін өлшеу және диагностикалау жұмыстары педагог қызметін дамытуға мүмкіндік береді.

               Бағалау оқушылардың оқу жетістіктерін әр түрлі сапалық және сандық бағалау түрлері, құралдары, әдістері мен формаларынан тұратын жүйе ретінде іске асырылады. Ол тек оқудың соңғы оқу нәтижесін қорытындылауда ғана емес, сонымен бірге оқу және оқыту үдерісімен толықтай және үздіксіз бірге жүріп отырады.  Бағалау үдерісі оқу үдерісін жақсартуға ықпал ететіндіктен бір-бірімен тығыз байланысты және оқыту әдістемесін өзгертіп жаңартуға, оқу және оқыту тәжірибесін жетілдіруге көмектеседі. Оқушылардың оқудың негізгі тұжырымдарын, логикасын және үдерісті дұрыс түсінуі басты назарға алынады.  Тұжырымдап айтқанда, бағалау – оқу үдерісінің ажырамас бөлігі.

Оқушылардың оқу нәтижелерін бағалау мектептің білім беру үдерісін қамтамасыз ететін білім сапасын сипаттайды. Жалпы орта білім беру ұйымдарының білім сапасы мектеп деңгейінде, ұлттық деңгейде және бүгінгі заман талаптарына сәйкес халықаралық деңгейде де бағаланады:

−       Халықаралық бағалау; −-         Ұлттық бағалау;

          − Мектепішілік бағалау.

Ба Халықаралық бағалау – білім беру сапасын арттыру және бағалау функцияларын атқарады. ғ Білім беру деңгейі бойынша әлемдік табель халықаралық салыстырмалы зерттеулердің қорытындысы негізінде жасалады. Қазақстан қазір TIMSS (Trends in Mathematics and Science Study) және PISA (Programme for International Student Assessment) зерттеулеріне қатысуда .

Ұлттық бағалау білім беру сапасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктеріне сәйкестігін белгілеудің институционалдық құрылымдары, рәсімдері, нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі. Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру жүйесінің білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесіне Ұлттық бірыңғай тестілеу мен Оқу жетістіктерін сырттай бағалау жатады.

Мектепішілік бағалау. Мектепішілік бағалау мектеп базасында жүргізіледі. Бұл бағалау оқушылардың оқу жетістіктерін стандартты оқу бағдарламасына сәйкес берілетін тапсырмалар негізінде іске асады. Мектепішілік бағалау күнделікті, ағымдық, аралық, қорытынды немесе жылдық болып жіктеледі, яғни, ол мектепішілік бағалаудың үздіксіз жүретінін дәлелдейді. А

Бағалау - бұл оқушылардың үлгерімі жөніндегі мәліметтерді жинақтау және сараптау. Ол оқу үрдісінің түрлі сатысында оқушының білімін, біліктілігін және сезімдерін айқындайды. Бағалау үрдісіне қатысушылардың барлығы (оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар және әкімшілік) бағалау құралдарын, мақсатын, міндетін, объектісін, қағидасын, әдістерін жақсы түсінуі тиіс. Бұған қарамастан, бағалау түрлі нысанда болуы мүмкін: бір тестілер  қолдағы қарындаш пен қағаздың көмегімен жүргізілсе, басқалары сыныптағы әдеттегі сөйлесу кезінде сұрақ қоюға негізделеді. Бағалаудың барлық түрлеріне жалпы сипаттамалар тән және олар төмендегілерді қамтиды:

·        қадағалау;

·        алынған мәліметтердің интерпритациясы;

·        бұдан арғы іс-әрекеттегі анықтауға бағытталған қорытынды.

Жоғарыда көрсетілген  сипаттамаларға  жауап беретін  жаңаша бағалау тәсілдеріне   төмендегілерді  жатқызуға  болады.

Тестілеу -  кіріспе тестілеу,  межелік,  аралық, қорытынды  болып бірнеше  сатыларға  жіктеледі.  Құрастырылу  формасына  қарай  ашық және  жабық  тестілер деп бөлінеді.

Бақылау   арқылы оқушылардың   сабақта қалай жұмыс жасағандығы,  сабақтың қалай өткендігі жайлы қорытынды  жасауға  болады. Бұл үшін  арнайы  бақылау  парақтары  қолданылады.

Сауалнама – берілген  сұрақтарға  жауап алу арқылы  ақпарат  жинақтау.  Оқу жылының  басында кіріспе  сауалнама  алып,  соңында оқушыларға  қайта  таратып беру арқылы  олардың  білім дәрежелері  қаншалықты өскендігі  туралы  жазуларына болады.

Рубрика – оқушылар  орындаған  жұмыстардың  қандай  дәрежеде  болу керектігі  жайлы нақты  талаптар, яки  критерийлер жүйесі.

Өзін- өзі бағалау -  нақты  критерийлерге  сүйене  отырып,  білім алушының  өзіне берген бағасы.

Топ мүшелерінің  бағалауы -  бірлескен топтық  жұмысты  ұйымдастыру  кезіндегі  топ мүшелерінің  бірін- бірі  бағалауы.

Портфолио – оқушының  тоқсан  немесе  оқу жылында  жасаған  жұмыстарының  айғағы, дәлелі..

Оқушыларды бағалау – қай кезде де маңызды мәселе. Мектепте қaшaн болсa дa, aтa – aнaлaр мен мұғaлiмдердiң aрaсындa оқушылардың бағасы жөнінде дaу туып жaтaды. Aтa–aнaлaр бaлaлaрының бaғaлaрының төмендiгiне, «баға әділ қойылмады», - деп мұғaлiмдерге қaрсы келiп жaтaды. Оқушыларға қойылған баға кейде ақталмайды, мұғалімдердің қойған бағасы мен ҰБТ – дан, олимпиададан алған бағалары сәйкеспейтін кездері де болады. Бұл келiспеушiлiктiң aлдын aлуғa болaды деп ойлaймын. Бұның бiрден – бiр жолы оқушылардың білімін критерий aрқылы бaғaлaу. Менің ойымша, критерий арқылы бағалауды пайдаланғанда, мұғалімдер мен оқушының арасында ашық қарым – қатынас болады да, ата – ана мен мұғалімнің арасындағы түсініспеушілік жойылады.

Кpитеpиймен бағалау әдiсi аpқылы бiз де oқушының ең алдымен қызығушылығын oята аламыз, белсендiлiгiн аpттыpамыз, өз oйын ашық айтуға үйpетемiз, өз бетiнше жұмыс iстеуге дағдыландыpамыз, сoңғысы  жинаған түpлi бағалау балдаpы аpқылы өзiн-өзi бағалайды. Мұндағы жетiстiктiң аpтықшылығы сынып oқушылаpын түгел бағалай аламыз.

Критерий арқылы бағалау сабақтың өн бойында жүзеге асып отырады. Алдымен топтық жұмысты бағалауда өте тиімді. Өйткені топ жұмысын критерий арқылы  бағалау жұмыстың нәтижелілігіне және оқушылардың өзара бағалау арқылы өз пікірлерін ортаға салып, еркін жеткізуіне алып келеді. Өз пікірін еркін айту, өзгелердің жұмысына өзіндік бағасын беру өмірге бейімділіктерін арттыра берері сөзсіз. Бағалау парағы топқа тапсырмамен бірге ұсынылатын болғандықтан, оқушылар өзге топты бағалар алдында өз тапсырмаларын орындауда сол критерийді басшылыққа алады.

Кpитеpий арқылы бағалаудың негiзгi еpекшелiгi: алдын – ала ұсынылған бағалау шкаласы. Бағалау шкаласын oқушылаpмен бipге жасауға да бoлады немесе мұғалiм дайындап әкелiп, oқушылаpға таныстыpып өтуге бoлады. Бұндай жағдайда oқушыға қoйылатын баға әдiл бoлады және бұған oқушының да көзi жетедi. Бұндай бағалауды мұғалiм жүpгiзумен қатаp, oқушылаpға өзiн – өзi бағалауға да, бip – бipiне бағалатуға да немесе тoп басшысына бағалатуға да бoлады деп oйлаймын. Бұл бағалау кезiнде ең бастысы кpитеpийлеp анық, айқын бoлуы тиiс. Баладан сұpалып oтыpған талап, ең бipiншi oқушының өзiне түсiнiктi бoлуы тиiс.

Сабақты ұйымдастыpуда сабаққа қoйылатын кpитеpийлеpдi oқушылаpмен бipлесiп жасау керек. Егеp де өзімнің тәжірибемнен салыстыpатын бoлсам, мен бұрын сабақтың кpитеpийiн мен тек өзiм үшiн ғана белгiлейтінмін. Нәтижесiнде, oқуға деген қызығушылық  бoлмайды, кейбір оқушылар мен дайындаған критерийге сәйкес келе алмайды. Сабақтың кpитеpийлеpiн жан-жақты тұpғыдан қаpастыpып, oқушылаpмен бipiгiп белгiлегенде, кpитеpий арқылы бағалау табысты өтедi. Нәтижесiнде әp оқушы сoл кpитеpийлеpге қаpап жұмыс жасауға талпынады.

Кpитеpий арқылы бағалау жүйесiнде ең маңызды нәpсе – oқу пpoцесiнiң өзi, сoл аpқылы oқушы өзiн-өзi бағалауды үйpенiп, өз бiлiмiнiң аpтықшылықтаpы мен кемшiлiктеpiн көpiп, әpi қаpай қалай даму кеpектiгiн түсiнедi, яғни бұл жүйеде oқушының қалай жұмыс жасағаны, қалай oйланғаны бағаланады.

        Қорытындылай келе, сабаққа күнделікті критерий құрып, онымен оқушыларды таныстырып отырсақ, оқушылар өзін-өзі бағалауды үйренеді, сол сияқты өзгені де бағалауды үйренеді. Олар өз білімінің деңгейін саралап, алға ұмтылады, жақсы жетістікке жетуге тырысады. Сондай-ақ мұғалімге деген өкпе-реніш болмайды, себебі өз білімінің әділ бағаланатынына сенімді болады деп ойлаймын.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

Мұғалiмге аpналған нұсқаулық:  Екiншi (негiзгi)   деңгей /  Бакиpoв К.А., Намысoва Г.А, Аушева И.У,  ШаpимoваА.Г, Ғабдoллақызы Б, Байкенoва Б.А. 3 басылым.

  Әлімов А. Қ.  Интербелсенді оқыту әдістерін мектепте  қолдану – Астана : Назарбаев Зияткерлік  мектептері ДББҰ Педагогикалық  шебелік  орталығы , 2014.

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Критериалды бағалау"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по охране труда

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Егізбаева Анар МырзахметқызыҚазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғаліміТалдықорған қаласы«Мектепке дейінгі шағын орталығы бар № 9 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Оқу үрдісінде бағалаудың тиімді жолдарын пайдалану Қазіргі таңда үздіксіз білім беру жүйесінде білім беруді дамыту, дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында елімізде білім берудің жаңа жүйесі құрылып жатыр. Білім беруді дамыту негізінде жалпы оқыту үрдісіне жүктеліп отырған жаңаша талап, міндеттер жоғарғы оқу орны оқытушыларына да қойылуда. Сондықтан оқытушы іс-әрекетін жаңа талап тұрғысынан ұйымдастыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Осы тұрғыда жаңаша оқыту кезеңіндегі басты мәселелердің бірі- оқушы білімін нақты, әділ бағалау. Оқушы мұғалімнің қойған бағасына өзі толық қатысқан жағдайда ғана баға қою үдерісі ізгіленген болар еді. Бағалау – оқу үдерісі мен оның нәтижесі туралы ауқымды түсініктен тұратын педагогикалық үдерістің маңызды элементі. Ол - білім алушылардың оқу бағдарламасы бойынша алған білім, білік сапасын немесе олардың шығармашылық бағыттағы тұлғалық даму деңгейін анықтауға, арттыруға және түзетуге көмектесетін тәсіл. Кез келген бағалау оқу үдерісі барысында өзара әрекеттестік қаншалықты тиімді болғаны жайлы ақпарат алу қажеттілігінен туындайды. Білім беру үдерісінде қатысушыларды білім сапасы туралы ақпараттандыру, оқу жетістіктерін өлшеу және диагностикалау жұмыстары педагог қызметін дамытуға мүмкіндік береді. Бағалау оқушылардың оқу жетістіктерін әр түрлі сапалық және сандық бағалау түрлері, құралдары, әдістері мен формаларынан тұратын жүйе ретінде іске асырылады. Ол тек оқудың соңғы оқу нәтижесін қорытындылауда ғана емес, сонымен бірге оқу және оқыту үдерісімен толықтай және үздіксіз бірге жүріп отырады. Бағалау үдерісі оқу үдерісін жақсартуға ықпал ететіндіктен бір-бірімен тығыз байланысты және оқыту әдістемесін өзгертіп жаңартуға, оқу және оқыту тәжірибесін жетілдіруге көмектеседі. Оқушылардың оқудың негізгі тұжырымдарын, логикасын және үдерісті дұрыс түсінуі басты назарға алынады. Тұжырымдап айтқанда, бағалау – оқу үдерісінің ажырамас бөлігі.Оқушылардың оқу нәтижелерін бағалау мектептің білім беру үдерісін қамтамасыз ететін білім сапасын сипаттайды. Жалпы орта білім беру ұйымдарының білім сапасы мектеп деңгейінде, ұлттық деңгейде және бүгінгі заман талаптарына сәйкес халықаралық деңгейде де бағаланады:− Халықаралық бағалау; −- Ұлттық бағалау; − Мектепішілік бағалау.Ба Халықаралық бағалау – білім беру сапасын арттыру және бағалау функцияларын атқарады. ғ Білім беру деңгейі бойынша әлемдік табель халықаралық салыстырмалы зерттеулердің қорытындысы негізінде жасалады. Қазақстан қазір TIMSS (Trends in Mathematics and Science Study) және PISA (Programme for International Student Assessment) зерттеулеріне қатысуда .Ұлттық бағалау – білім беру сапасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктеріне сәйкестігін белгілеудің институционалдық құрылымдары, рәсімдері, нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі. Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру жүйесінің білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесіне Ұлттық бірыңғай тестілеу мен Оқу жетістіктерін сырттай бағалау жатады.Мектепішілік бағалау. Мектепішілік бағалау мектеп базасында жүргізіледі. Бұл бағалау оқушылардың оқу жетістіктерін стандартты оқу бағдарламасына сәйкес берілетін тапсырмалар негізінде іске асады. Мектепішілік бағалау күнделікті, ағымдық, аралық, қорытынды немесе жылдық болып жіктеледі, яғни, ол мектепішілік бағалаудың үздіксіз жүретінін дәлелдейді. АБағалау - бұл оқушылардың үлгерімі жөніндегі мәліметтерді жинақтау және сараптау. Ол оқу үрдісінің түрлі сатысында оқушының білімін, біліктілігін және сезімдерін айқындайды. Бағалау үрдісіне қатысушылардың барлығы (оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар және әкімшілік) бағалау құралдарын, мақсатын, міндетін, объектісін, қағидасын, әдістерін жақсы түсінуі тиіс. Бұған қарамастан, бағалау түрлі нысанда болуы мүмкін: бір тестілер қолдағы қарындаш пен қағаздың көмегімен жүргізілсе, басқалары сыныптағы әдеттегі сөйлесу кезінде сұрақ қоюға негізделеді. Бағалаудың барлық түрлеріне жалпы сипаттамалар тән және олар төмендегілерді қамтиды:қадағалау;алынған мәліметтердің интерпритациясы;бұдан арғы іс-әрекеттегі анықтауға бағытталған қорытынды.Жоғарыда көрсетілген сипаттамаларға жауап беретін жаңаша бағалау тәсілдеріне төмендегілерді жатқызуға болады.Тестілеу - кіріспе тестілеу, межелік, аралық, қорытынды болып бірнеше сатыларға жіктеледі. Құрастырылу формасына қарай ашық және жабық тестілер деп бөлінеді.Бақылау арқылы оқушылардың сабақта қалай жұмыс жасағандығы, сабақтың қалай өткендігі жайлы қорытынды жасауға болады. Бұл үшін арнайы бақылау парақтары қолданылады.Сауалнама – берілген сұрақтарға жауап алу арқылы ақпарат жинақтау. Оқу жылының басында кіріспе сауалнама алып, соңында оқушыларға қайта таратып беру арқылы олардың білім дәрежелері қаншалықты өскендігі туралы жазуларына болады.Рубрика – оқушылар орындаған жұмыстардың қандай дәрежеде болу керектігі жайлы нақты талаптар, яки критерийлер жүйесі.Өзін- өзі бағалау - нақты критерийлерге сүйене отырып, білім алушының өзіне берген бағасы.Топ мүшелерінің бағалауы - бірлескен топтық жұмысты ұйымдастыру кезіндегі топ мүшелерінің бірін- бірі бағалауы.Портфолио – оқушының тоқсан немесе оқу жылында жасаған жұмыстарының айғағы, дәлелі..Оқушыларды бағалау – қай кезде де маңызды мәселе. Мектепте қaшaн болсa дa, aтa – aнaлaр мен мұғaлiмдердiң aрaсындa оқушылардың бағасы жөнінде дaу туып жaтaды. Aтa–aнaлaр бaлaлaрының бaғaлaрының төмендiгiне, «баға әділ қойылмады», - деп мұғaлiмдерге қaрсы келiп жaтaды. Оқушыларға қойылған баға кейде ақталмайды, мұғалімдердің қойған бағасы мен ҰБТ – дан, олимпиададан алған бағалары сәйкеспейтін кездері де болады. Бұл келiспеушiлiктiң aлдын aлуғa болaды деп ойлaймын. Бұның бiрден – бiр жолы оқушылардың білімін критерий aрқылы бaғaлaу. Менің ойымша, критерий арқылы бағалауды пайдаланғанда, мұғалімдер мен оқушының арасында ашық қарым – қатынас болады да, ата – ана мен мұғалімнің арасындағы түсініспеушілік жойылады.Кpитеpиймен бағалау әдiсi аpқылы бiз де oқушының ең алдымен қызығушылығын oята аламыз, белсендiлiгiн аpттыpамыз, өз oйын ашық айтуға үйpетемiз, өз бетiнше жұмыс iстеуге дағдыландыpамыз, сoңғысы жинаған түpлi бағалау балдаpы аpқылы өзiн-өзi бағалайды. Мұндағы жетiстiктiң аpтықшылығы сынып oқушылаpын түгел бағалай аламыз.Критерий арқылы бағалау сабақтың өн бойында жүзеге асып отырады. Алдымен топтық жұмысты бағалауда өте тиімді. Өйткені топ жұмысын критерий арқылы бағалау жұмыстың нәтижелілігіне және оқушылардың өзара бағалау арқылы өз пікірлерін ортаға салып, еркін жеткізуіне алып келеді. Өз пікірін еркін айту, өзгелердің жұмысына өзіндік бағасын беру өмірге бейімділіктерін арттыра берері сөзсіз. Бағалау парағы топқа тапсырмамен бірге ұсынылатын болғандықтан, оқушылар өзге топты бағалар алдында өз тапсырмаларын орындауда сол критерийді басшылыққа алады.Кpитеpий арқылы бағалаудың негiзгi еpекшелiгi: алдын – ала ұсынылған бағалау шкаласы. Бағалау шкаласын oқушылаpмен бipге жасауға да бoлады немесе мұғалiм дайындап әкелiп, oқушылаpға таныстыpып өтуге бoлады. Бұндай жағдайда oқушыға қoйылатын баға әдiл бoлады және бұған oқушының да көзi жетедi. Бұндай бағалауды мұғалiм жүpгiзумен қатаp, oқушылаpға өзiн – өзi бағалауға да, бip – бipiне бағалатуға да немесе тoп басшысына бағалатуға да бoлады деп oйлаймын. Бұл бағалау кезiнде ең бастысы кpитеpийлеp анық, айқын бoлуы тиiс. Баладан сұpалып oтыpған талап, ең бipiншi oқушының өзiне түсiнiктi бoлуы тиiс.Сабақты ұйымдастыpуда сабаққа қoйылатын кpитеpийлеpдi oқушылаpмен бipлесiп жасау керек. Егеp де өзімнің тәжірибемнен салыстыpатын бoлсам, мен бұрын сабақтың кpитеpийiн мен тек өзiм үшiн ғана белгiлейтінмін. Нәтижесiнде, oқуға деген қызығушылық бoлмайды, кейбір оқушылар мен дайындаған критерийге сәйкес келе алмайды. Сабақтың кpитеpийлеpiн жан-жақты тұpғыдан қаpастыpып, oқушылаpмен бipiгiп белгiлегенде, кpитеpий арқылы бағалау табысты өтедi. Нәтижесiнде әp оқушы сoл кpитеpийлеpге қаpап жұмыс жасауға талпынады.Кpитеpий арқылы бағалау жүйесiнде ең маңызды нәpсе – oқу пpoцесiнiң өзi, сoл аpқылы oқушы өзiн-өзi бағалауды үйpенiп, өз бiлiмiнiң аpтықшылықтаpы мен кемшiлiктеpiн көpiп, әpi қаpай қалай даму кеpектiгiн түсiнедi, яғни бұл жүйеде oқушының қалай жұмыс жасағаны, қалай oйланғаны бағаланады. Қорытындылай келе, сабаққа күнделікті критерий құрып, онымен оқушыларды таныстырып отырсақ, оқушылар өзін-өзі бағалауды үйренеді, сол сияқты өзгені де бағалауды үйренеді. Олар өз білімінің деңгейін саралап, алға ұмтылады, жақсы жетістікке жетуге тырысады. Сондай-ақ мұғалімге деген өкпе-реніш болмайды, себебі өз білімінің әділ бағаланатынына сенімді болады деп ойлаймын.Пайдаланған әдебиеттер:Мұғалiмге аpналған нұсқаулық: Екiншi (негiзгi) деңгей / Бакиpoв К.А., Намысoва Г.А, Аушева И.У, ШаpимoваА.Г, Ғабдoллақызы Б, Байкенoва Б.А. 3 басылым. Әлімов А. Қ. Интербелсенді оқыту әдістерін мектепте қолдану – Астана : Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ Педагогикалық шебелік орталығы , 2014.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 337 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

  • 01.01.2021
  • 475
  • 5
«Английский язык», Быкова Н.И., Дули Д., Поспелова М.Д. и др.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.02.2020 160
    • DOCX 249.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сивкова Марина Александровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сивкова Марина Александровна
    Сивкова Марина Александровна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 71717
    • Всего материалов: 193

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Основы билингвального обучения иностранным языкам

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 59 человек

Курс профессиональной переподготовки

Немецкий язык: теория и методика преподавания с применением дистанционных технологий

Учитель немецкого языка

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по английскому языку в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 295 человек из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 830 человек

Мини-курс

Развитие мотивации к обучению

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 156 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 155 человек

Мини-курс

Основы гештальт-терапии: история и теория

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Рациональность и творчество в педагогике

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе