Главная / Биология / Көптік аллельдер. Талдаушы шағылыстыру. Дигибридтік және полигибридтік шағылыстыру. №2 практикалық жұмыс. Генетикалық есептер шығару

Көптік аллельдер. Талдаушы шағылыстыру. Дигибридтік және полигибридтік шағылыстыру. №2 практикалық жұмыс. Генетикалық есептер шығару



10 а - сынып 19.02.

Сабақтың тақырыбы: Көптік аллельдер. Талдаушы шағылыстыру. Дигибридтік және полигибридтік шағылыстыру. №2 практикалық жұмыс. Генетикалық есептер шығару

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларға дигибритті будандастырудың заңымен таныстыру.

2. Оқушылардың оқу материалдарының мазмұнын өмірмен байланыстыру арқылы білім-біліктігін дамыту.

3.Оқушылардың бойына ұлттық рухты сіңіріп,адамгершілікке тәрбиелеу .

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, СТО элементін пайдалану.

Сабақтың пән аралық байланысы: Өсімдіктану, Жануартану, генетика, математика, латын тілі

Сабақтың көрнекілігі: сызба-нұсқа, Мендельдің портреті, электронды оқулық, Қ. Қ. Мұхамбетжанов, Б.А.Далабаев, Г.Ә. Өтешова «Генетика» практикалық сабақтар


Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

  1. Амандасу.

  2. Сабаққа әзірлеу.

  3. Түгелдеу,


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: §42.Генетиканың даму тарихы. Белгілердің Г.Мендель ашқан тұқым қуалау заңдылықтары


ІІІ. Жаңа сабақ:

Дигибридті будандастыру және белгілердің тәуелсіз ажырау заңдылығы. Міне, осы бағытта Мендель екі жұп қарама-қарсы белгілері бар дараларды будандастырды.яғни тұқымдары сары, жасыл түсті және қабығы тегіс, кедір-бұдыр сорттарын алды. Будандастыруға алынған даралар гомозиготалы болғандықтан, бірінші ұрпактағы барлық будандардың тұқымдары біркелкілік заңына сәйкес сары түсті жөне тегіс пішінді болып шықты. Демек, аллельді гендердің бірінші жұбында тұқымның сары түсі — доминантты, ал жасыл түсі — рецессивті белгі. Аллельді гендердің екінші жұбындағы түқымның тегіс пішіні доминантты да, кедір-бұдырлы пішіні рецессивті белгі ретінде тұқым қуалайды. Егер осы бірінші ұрпақ Ғх будандарын өзара будандастырса, екінші ұрпақта Ғ2 белгілердің ажырау сипаты моногибридтіге Караганда, біршама күрделірек болады. Мысалы, Мендель зерттеулерінде алынған барлық 556 тұқымның 315-сі сары тегіс, 101-і сары кедір-бұдыр және 108-і жасыл тегіс, ал 32-сі жасыл кедір-бұдыр болған. Олай болса, екінші ұрпақта Ғ2 әр түрлі фенотип алынды деп есептесек, олардың сандық аракатынасы 9АВ:ЗАв:ЗаВ:1аb-ға тен немесе 9:3:3:1 қатынасынаАғылшын генетигі Р.Пеннет ұсынған торды пайдаланып, дигибридті будандастырудың көрінісш толық бейнелеуге болады.тордың сол жағына тік сызық бойымен аналық, ал жоғарыдағы көлденең сызық бойымен аталык гаметалар орналаскан. Тордың шаршыларында гаметалардың үйлесімдері жазылады. Бұл үйлесімдерді ұрыктану нәтижесінде түзілген зиготалардың генотиптері деп түсіну керек. Аллельді тендер біркелкі әріптермен, яғни тұқымның сары түсін анықтайтын генді — А, жасыл түсін — а; тегіс қабықты — В, ал кедір-бұдыр пішінді — b әрпімен белгілейді. Осыған байланысты ата-аналық гомозиготалы даралардың генотиптерін ААВВ жөне aabb деп алсак, олардан түзілетін гаметалар АВ жөне ab болады. бірінші ұрпакта (Ғг) генотипі АаВЬ будандар алынады. Барлық будандық ұрпак екі жұп белгі бойынша гетерозиготалы. Әр дарада қатарынан А жөне В гендерінің болуына байланысты фенотиптері ата-аналық доминантты белгісі бар біреуіне ғана ұқсайды.

Дигибридті будандастыру кезіндегі бұршақ тұкымының пішіні мен түсінің тұқым қуалауы Пеннет торына карап, мұндай дигетерозиготалы (АаВЬ) дарадан төрт түрлі гаметалар: AB, Ab, аВ және ab түзілетінін көреміз. Аталық және аналық даралардын әркайсысынан төрт-төрттен түзілген гаметалар қосылған жағдайда Ғ2-де 16 түрлі үйлесім пайда болады. Осы Ғ2 зерттеліп отырған аллельді жүп белгілердің тұқым қуалау ерекшелігі тұқымнын түсі бойынша есептегенде, 416 сары және 140 жасыл түсті тұқым, ал пішініне қарай есептегенде, 423 тегіс және ІЗЗкедір бұдыр тұқым бары анықталған. Ендеше, белгілердің әр жұбы бойынша фенотиптік ажырау шамамен 3:1 арақатынасына тең.Ондағы 16 түрлі үйлесімнің 12-сі сары тұқымды, 4-еуі жасыл тұқымды, сондай-ақ екінші жүп белгі бойынша 12-сі тегіс пішінді, ал 4-еуі кедір-бұдыр тұқымды көрсетеді. ажырау арақатынасы 12:4 немесе 3:1-ге тең болгандыктан, белгілердің кез келген жұбы бойынша ажырау өзге жұбына байланыссыз жүреді деген қорытынды жасалады. Бұл құбылысты белгілердің тәуелсіз ажырау зацы деп, оған мындай анықтама беріледі: бір-бірінен айқын екі (немесе бірнеше) жұп белгі бойынша ажыратылатын гомозиготалы дараларды будандастырған жагдайда екінші ұрпақта белгілер жұбының тәуелсіз тұқым қуалауы және олардыц атпа- аналарына ұқсамайтын жаңа үйлесімдері байқалады.

Қорыта айтканда, дигибридті будандастыру кезінде Ғ2-дегі будан ұрпақтың белгілерінің ажырау нәтижесі мынадай болады.

1. Ғ2-дегі будандар фенотипі бойынша 4 түрлі болған. Саны жағынан алғанда 9 сары тегіс, 3 сары кедір-бұдыр, 3 жасыл тегіс, 1 жасыл кедір-бұдыр фенотиптер түзген.

2. Бұл будандарды генотиптері бойынша 9 түрлі болады: 1ААВВ : 4АаВЬ:2ААВЬ : 2АаВВ : 2АаВВ : 2ааВЬ : lAAbb:laaBB:laabb.

3. Әрбір жұп аллельдің генотиптері моногибридті будан-дастырудағыдай 1:2:1 (4АА:8Аа:4аа және 4BB:8Bb:4bb) қатынасында ажырайды. Фенотиптері бойынша да әр белгі өз алдына моногибридті будандастырудағыдай (3:1) 12 сары: 4 жасыл және 12 тегіс: 4 кедір-бұдыр кқатынасындай болады.

Ғ2-дегі будан өсімдіктер тұкымдарының түсі мен пішіні жағынан ата-аналарынан өзгеше бірнеше комбинация түзеді. Осыған байланыс-ты екінші ұрпақта ата-аналарынан өзгеше жаңа формалар лайда болады. Мысалы, тұқымы сары кедір-бұдыр, жасыл тегіс өсімдіктер.


ІV. Өтілген сабақты пысықтау:

1 Практикалық жұмыс. Генетикалық есептер шығару

1. Мына төмендегідей генотиптері бар өсімдіктер қандай гаметалар түзе алады?

а) ААВВ б) АаВВ в) ааВВ г) ААВв д) аавв е) Аавв ж) АаВв

а) ААВВ

АВ АВ АВ АВ


б) АаВВ

АВ АВ аВ аВ


в) ааВВ

аВ аВ аВ аВ


г) ААВв

АВ Ав АВ Ав


д) аавв

ав ав ав ав


е) Аавв

Ав Ав ав ав


ж) АаВв

АВ Ав аВ ав


2. Бұршақ тұқымның сары түсі А жасыл түсі а-ға қарағанда доминатты., ал тегіс пішіні В бұдырлы пішіні в-дан басым. Мына генотиптердің тұқымдарының түстері мен пішіндерін анықтау керек.

а) ааВв б) Аавв в) АаВВ г) ааВВ д) ААВв е) ААвв

жасыл тегіс, сары бұдырлы, сары тегіс, жасыл тегіс, сары тегіс, сары бұдыр.


3. Мына төмендегідей жолдармен будандастырғанда алынатын ұрпақтар тұқымдарының сыртқы көрінісін анықтау керек.

а) ааВВв х ааВВ б) Аавв х Аавв в) АаВВ х АаВв г) ААВв хааВВ д) ААвв х аавв е) ааВв х ааВв

ж) ААВв х ААВв


V. Үй тапсырмасы:Көптік аллельдер. Талдаушы шағылыстыру. Дигибридтік және полигибридтік шағылыстыру


VІ. Бағалау.



















Көптік аллельдер. Талдаушы шағылыстыру. Дигибридтік және полигибридтік шағылыстыру. №2 практикалық жұмыс. Генетикалық есептер шығару
  • Биология
Описание:

ІІІ. Жаңа сабақ:

Дигибридті будандастыру және белгілердің тәуелсіз ажырау заңдылығы. Міне, осы бағытта Мендель екі жұп қарама-қарсы белгілері бар дараларды будандастырды.яғни тұқымдары сары, жасыл түсті және қабығы тегіс, кедір-бұдыр сорттарын алды. Будандастыруға алынған даралар гомозиготалы болғандықтан, бірінші ұрпактағы барлық будандардың тұқымдары біркелкілік заңына сәйкес сары түсті жөне тегіс пішінді болып шықты. Демек, аллельді гендердің бірінші жұбында тұқымның сары түсі — доминантты, ал жасыл түсі — рецессивті белгі. Аллельді гендердің екінші жұбындағы түқымның тегіс пішіні доминантты да, кедір-бұдырлы пішіні рецессивті белгі ретінде тұқым қуалайды. Егер осы бірінші ұрпақ Ғх будандарын өзара будандастырса, екінші ұрпақта Ғ2 белгілердің ажырау сипаты моногибридтіге Караганда, біршама күрделірек болады. Мысалы, Мендель зерттеулерінде алынған барлық 556 тұқымның 315-сі сары тегіс, 101-і сары кедір-бұдыр және 108-і жасыл тегіс, ал 32-сі жасыл кедір-бұдыр болған. Олай болса, екінші ұрпақта Ғ2 әр түрлі фенотип алынды деп есептесек, олардың сандық аракатынасы 9АВ:ЗАв:ЗаВ:1аb-ға тен немесе 9:3:3:1 қатынасынаАғылшын генетигі Р.Пеннет ұсынған торды пайдаланып, дигибридті будандастырудың көрінісш толық бейнелеуге болады.тордың сол жағына тік сызық бойымен аналық, ал жоғарыдағы көлденең сызық бойымен аталык гаметалар орналаскан. Тордың шаршыларында гаметалардың үйлесімдері жазылады. Бұл үйлесімдерді ұрыктану нәтижесінде түзілген зиготалардың генотиптері деп түсіну керек. Аллельді тендер біркелкі әріптермен, яғни тұқымның сары түсін анықтайтын генді — А, жасыл түсін — а; тегіс қабықты — В, ал кедір-бұдыр пішінді — b әрпімен белгілейді. Осыған байланысты ата-аналық гомозиготалы даралардың генотиптерін ААВВ жөне aabb деп алсак, олардан түзілетін гаметалар АВ жөне ab болады. бірінші ұрпакта (Ғг) генотипі АаВЬ будандар алынады. Барлық будандық ұрпак екі жұп белгі бойынша гетерозиготалы. Әр дарада қатарынан А жөне В гендерінің болуына байланысты фенотиптері ата-аналық доминантты белгісі бар біреуіне ғана ұқсайды.

Автор Серманова Куралай Джамбуловна
Дата добавления 22.02.2016
Раздел Биология
Подраздел Конспекты
Просмотров 838
Номер материала MA-065064
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓