Главная / Биология / Өкпенің құрылысы мен қызметі.8 сынып

Өкпенің құрылысы мен қызметі.8 сынып

Сынып: 8

Сабақтың тақырыбы: Өкпенің құрылысы мен қызметі.

Сабақтың мақсаты:1) Тыныс алу жүйесін оқуды жалғастыру, өкпенің құрылысы мен қызметін оқу, өкпедегі және ұлпалардағы газ алмасудың маңызын көрсету, қанайналым ж,йесі мен тыныс алу жүйесіндегі байланысты көрсету.

2)Өзінің денсаулығын сақтауда жинақылыққа және зейінділікке үйрету. Санитарлық гигиеналық дағдыларын және салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

3)Оқушылардың ойлау қабілетін.,синтездеу,талдау,нақтылау,қорытындылау қасиеттерін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: «Өкпенің құрылысы», «Тыныс алу жүйесі» деген кестелер,оқулықтағы суреттер.

Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап, баяндау, көрнекілік.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру

Амандасу, кезекші есебін тыңдау.

ІІ. Үй жұмысын сұрау

§ 38 мазмұнын сұрау. Қосыша сұрақтар қою.

А

  1. Неліктен тыныс алуды – тіршіліктің негізі дейді ?

  2. Көмекейдің құрылысы мен қызметін түсіндіріңдер. Ерлердің дауысы жуан, әйелдердікі жіңішке болу себебі неде ?

  3. Кеңірдек қайда орналасқан ?

В

  1. Тынысалу мүшелер жүйесіне жататын мүшелерді атаңдар , тыныс алу дегенді қалай түсінесіңдер ?

  2. Мұрын қуысының құрылысы мен қызметін талдаңдар.

  3. Дыбыс сіңірлері қай мүшеде орналасқан, оның қандай маңызы бар ?

С

  1. Мұрын қуысында ауаның ылғалдануы, жылынуы қалай жүзеге асады ?

  2. Көмекей қандай шеміршектерден құралған ?

  3. Ауатамырлар мен өкпе көпіршіктерінің құрылысы қандай, олар қайда орналасқан ?


ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру

Өкпе – кеуде қуысының қабырғасына жанаса орналасқан серпімді, кеуекті мүше. Өкпеде қантамырлары көп болғандықтан, түсі қызғылт. Адамда 2 өкпе болады:

  • Оң жақ өкпенің жүлгелері – үш бөлікке

  • Сол жақ қкпені екі бөлікке бөледі.

Екі өкпенің біріне – бірі қараған ішкі бетінде өкпе қақпасы орналасқан. Ол арқылы өкпе артерия қантамырлары, ауатамырлары, жүйкелер өкпеге енеді, өкпе вена қантамырлары шығады. Екі өкпенің арасындағы кеңістікте жүрек сол жаққа таман орналасқандықтан, сол жақ өкпе сәл кішілеу болады. Әр өкпенің сыртын дәнекер ұлпасынан түзілген қабықша – өкпеқап қаптайды. Кеуде қуысының ішкі қабырғасы да астарлықпен астарланады. Астарлық қабаттарының арасында астарлық қуыс болады, онда ауа болмайды. Өкпе көпіршіктері серпімді болғандықтан, тыныс алғанда созылады. Өкпе көпіршіктері жүйке жүйесімен тығыз байланысты.

Тынысалу қозғалыстарытынысалу және тынысшығару арқылы жүзеге асады. Демді ішке алғанда қабырғалар сәл көтеріліп, көкет тегістеледі. Кеуде қуысы кеңейеді. Көкет - диафрагма кеуде қуысын құрсақ қуысынан бөліп тұратын күмбез тәрізді бұлшықетті перде. Тыныс алғанда кеуде қуысының көлемі үлкейеді. Сыртқы қабырғааралық бұлшықеттердің жиырылуынан қабырғалар көтеріледі.Тынысалуға көкет пен қабырғааралық бұлшықеттерден басқа кеңірдек пен ауатамырлардың шеміршек арасындағы бұлшықеттер де қатысады.

Тыныс шығарғанда кеуде қуысы мен өкпенің көлемі кішірейеді. Көкет күмбезденіп, қайта қалпына келеді. Өкпе көпіршіктеріндегі қысым артып, ауа өкпеден ауа жолдары арқылы сыртқа шығарылады. Жиі тыныс шығарғанда ішкі қабырғааралық және құрсақтың бұлшықеттер қысылып жиырылады. Тынысалуға қабырғааралық еттер белсенді қатысса – «көкіректі» тынысалу типі ал көкет белсенді қатысса «құрсақты» тынысалу типі дейді.

Өкпедегі газ алмасу –тыныс алғанда атмосфералық ауаның құрамында 79 % - азот, 21% - оттек, 0,03 % - көмірқышқыл газы және т.б. болады. Тынысалу актысы кезінде өкпе көпіршіктерінен оттегі – қанға, көмірқышқыл газы өкпеге өтеді. Оттегін тасушы – гемоглобин.

Ұлпалардағы газ алмасу – ұлпа жасушаларындағы оттегінен артерия қанындағы оттегінің мөлшері көп болады. Оттегі қылтамырлардың қабырғаларынан жасушаларға өтеді де, оландың тіршілік әрекеттеріне жұмсалады. Ұлпаларда қан оттегін беріп, көмірқышқыл газына қанығады.

Өкпедегі және ұлпалардағы газ алмасу үш кезеңнен тұрады :

  • сыртқы (өкпелік)

  • газдардың қан арқылы тасымалдануы.

  • ішкі (ұлпалық) газ алмасу деп аталады.


ІV.Бекіту

  1. Өкпе дененің қай жерінде орналасқан ?Сол жақ өкпе мен оң жақ өкпенің қанлай айырмашылықтары бар ?

  2. Өкпеқап дегеніміз не ?

  3. Тынысалу қозғалыстары дегеніміз не ?

  4. Өкпедегі және ұлпалардағы газ алмасу қандай кезеңдерден тұрады ?


V. Бағалау

Әр оқушының белсенділігіне, жауаптарына қарай талдап бағалау.


VI. Үйге тапсырма беру

§ 41 оқу. Соңындағы сұрақтарға жауап беру (ауызша).





Өкпенің құрылысы мен қызметі.8 сынып
  • Биология
Описание:

1) Тыныс алу жүйесін оқуды жалғастыру, өкпенің құрылысы мен қызметін оқу, өкпедегі және ұлпалардағы газ алмасудың маңызын көрсету, қанайналым ж,йесі мен тыныс алу жүйесіндегі байланысты көрсету.

2)Өзінің денсаулығын сақтауда жинақылыққа  және зейінділікке үйрету. Санитарлық гигиеналық дағдыларын және салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

 

3)Оқушылардың ойлау қабілетін.,синтездеу,талдау,нақтылау,қорытындылау қасиеттерін дамыту.

 Екі өкпенің біріне – бірі қараған ішкі бетінде өкпе қақпасы орналасқан. Ол арқылы өкпе артерия қантамырлары, ауатамырлары, жүйкелер  өкпеге енеді, өкпе вена қантамырлары шығады. Екі өкпенің арасындағы кеңістікте жүрек сол жаққа таман орналасқандықтан, сол жақ өкпе сәл кішілеу болады

Автор Нагызбаева Аяулым Жанымхановна
Дата добавления 17.02.2015
Раздел Биология
Подраздел Планирования
Просмотров 1556
Номер материала 56514
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓