Инфоурок Школьному психологу Рабочие программыКоррекциялық жұмыстың технологиялық картасы

Коррекциялық жұмыстың технологиялық картасы

Скачать материал

 

 

Сулейменова Салима Омаровна

 «Балапан» балабақшасының  педагог-психологы

Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы

 

Тақырыбы : Бала саусағын ойната отырып, тілін дамыту жолдары.

 

      Саусақ ойыны арқылы баланың  сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады. Сөйлеу тілі  мүшелері  әрекетінің  қозғауларының  дамуы  қол саусақтарының  нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының  ептілігін  толық жетілдіру, түзету-тәрбие  жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды. Саусақ ойынын балабақшада және  үй жағдайында  әсерлі,  көңілді түрде  ұйымдастыруға болады. Баланың тілі негізінен мектепке дейінгі  кезеңде қалыптасады. Бұл кезеңде ағзаның  барлық бөліктері және жүйелері  қарқынды дамып, баланың  дене және ой  дамуына қажетті  қозғалыстағы таным іскерлігі қалыптасады.  Мектепке дейінгі  кезеңде  қолдың ұсақ моторикасы мен қимыл-қозғалыстарын дамыту жұмыстары маңызды  болып табылады.

  Қол саусақтар жаттығулары есте сақтау және назар аудару қабілетін дамытатындығын психологтар айтып кеткен. Тақпақты саусақтар жаттығулары  ырғаққа ілесіп қимылдауына және баланың сөйлеу ырғағының қалыптасуына көмектеседі. Сондықтан баланы  ерте жастан бастап шынықтырған жөн. Саусақ ойындары сөйлеу лексикасының, сөздердің өзара байланысының (диалогты дұрыс жүргізуге, түсінік айтуға,т.б.) шыңдалуына себепші.

   Балалардың сөйлеу құзыреттілігі дұрыс және сөздік қоры бай болса, оларға өз ойын жеткізу оңайға түседі, қоршаған ортаны танудағы мүмкіндіктері кеңейеді, психологиялық дамуында белсеніс күшейеді. Сондықтан баланың сөйлеу құзыреттілігін қалыптастыруды уақытылы қолға ала отырып, анық әрі дұрыс сөйлеуін қадағалау керек. Балалардың сөйлеу құзыреттілігінің дұрыс өз деңгейінде жетілуі, оның ата-аналарын да, тәрбиешілерін де толғандыру қажет.  

 Балалардың сөйлеу құзыреттілігі жоғары деңгейде қалыптасуы ұсақ моторика тәсілдері мен құрылымына байланысты.

 

 «Салат» саусақ ойыны

Сәбізді алып тазалаймыз ( оң қолды  жұдырыққа түйіп, сол қолдың  алақанына ысқылайды)

Үккішпен үгіп  майдалаймыз ( екі қолды жұдырыққа  түйіп кеудеге ұстап, жоғары-төмен қозғайды)

Қанттан сеуіп дәмдейміз ( саусақтардың  ұшымен қант себеді)

Міне дайын нәр тағам ( екі қолын алдына жайып  көрсетеді).

Дәруменге байыған ( алақанымен іштерін сипалап, тойғандықтарын көрсетеді).

 

«Кірпі» жаттығуы

Момақанмын алайда (үш саусақтарын түйістіріп, кірпінің жүрісін салады)

Тікенім көп абайла, (екі қолының саусақтарын айқастырып, кірпінің  тікенектері жасайды).

Кіріп кетсе қолыңа,

Өкпелеме жарайма!

 

 «Достық» жаттығуы

Біздің топта ұлдар мен қыздар өзара дос ( қолдың саусақтары өзара бірігеді)

Кішкентай саусақтар  біз сенімен достасамыз ( екі қолдың  саусақтарын бір-біріне тигізу)

Бір, екі, үш, төрт, бес (шынашақтан  бастап, саусақтарды кезекпен бір-біріне тигізу)

Қайтадан санауды бастаймыз.

Бір, екі, үш, төрт, бес

Енді  санауды  аяқтадық ( қолды төмен түсіреміз, демалтамыз).

 

Разминка:

Санайық жаңаша

Бір, екі, үш!

Желбіре жалауша,

Достықта біздің күш.

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Оларды атап шақырар,

Әрқайсысының аты бар.

Бас бармақ,

Балаң үйрек,

Ортан терек,

Шылдыр шүмек,

Кішкене бөбек.

 

 «Қимылды қайтала» жаттығуы

 

Мақсаты : қолдың, саусақтың  қимылдарының  үйлесімділігін дамыту.

Жаттығу барысы :

Жүргізуші балаларға қарама-қарсы отырып, саусақтарымен кез-келген  «фигураны»  көрсетеді. ( кейбір саусақтар  бүгулі, ал кейбіреуі түзу, әртүрлі  қимылдар). Балалар  сол қимылды  тура солай қайталау керек.

 

Қолдың  саусақтарын дамытуға арналған жаттығу.

 

Мақсаты : қол саусақтарының  күрделі үйлесімді қимылдарын дамыту.

А) Алақанды үстелдің  үстіне қоямыз. Балалар бірінші  оң, содан  кейін сол қолдың саусақтарын бір-бірден көтереді. Осы жаттығуды  кері жасап, қайталайды.

Б) Алақандар үстелдің үстінде, балалар кезекпен екі қолдың саусақтарын шынашақтан бастап көтереді.

В) Балалар сұқ және ортаңғы саусақтарымен қаламды немесе  қарындашты  ұстайды. Осы саусақтарын бүгіп, қайтадан қалпына келтіреді., бұл жерде қаламды үлкен саусақтан  төмен  түсіп кетпеуін  қадағалау керек.

Г) Үстелдің үстінде 10-15  қарындаш немесе есептік  таяқшалар жатыр. Оларды  бір-бірден  алып қолға жинау керек. Содан кейін  тура  солай қайтадан үстелге қою керек. Екінші қолмен көмектесуге болмайды.

 

 

«Фигураларды құрастыр» жаттығуы.

Мақсаты : қол қимылдарының икемділігін, дәлдігін, көз мөлшерін дамыту.

Жаттығу барысы: жүргізуші балаларға  есептік таяқшаларды таратып береді. Балалар солардан  геометриялық фигураларды жасап шығару керек.

Төмендегідей тапсырмалар беріледі:

1.      Төрт таяқшадан  шаршы құрастыру;

2.      Үш таяқшадан үшбұрыш құрастыру;

3.      Үй құрастыру;

4.      Жалауша құрастыру;

5.      Жұлдызша құрастыру;

 

 «Санамақ» ойыны.

 

Мақсаты : кіші моториканы және сөйлеу ырғағын дамыту.

Бір, екі, үш, төрт, бес,

Анаммен сурет саламын , ( алақанды жұмып  ашады)

Міне басы, міне іші ( қолды шеңбер жасап айналдырады)

Аяқтары, қолдары, көздері ( қолымен  кішкентай және үлкен шеңбер салу)

Аузы, сақинадан  жасалған ( ауада сақинаны салу)

Әдемі шашы да бар ( қолдарын екі жаққа ашады)

 

 

Оң қолымда бес саусақ (оң қолының саусақтарын көрсету)

Сол қолымда бес саусақ (сол қолдың саусақтарын көрсету)

Бәрін қоссақ – он саусақ (екі қолының саусақтарын қосу)

Оң аяқпен секіремін (екі аяқпен кезек секіру)

Сол аяқпен секіремін (орында жүру)

 

Саусақ  жаттығулары

 

1.      Шынжыр. Оң және сол  қолдағы басбармақпен  баланүйрек  саусақтары түйісіп, жүзіктер секілді  айқасып, шынжыр жасайды.

2.      Піл : оң қол алақаны жайылып тұрады. Сол қол  саусақтары  бас бармақ  пен кішкене  бөбек артқы аяғы болса, баланүйрек  саусақ  пен шылдыр шүмек  саусақ алдыңғы  аяқтар, ал ортаңғы  саусақ  пілдің тұмсығы.

3.      Доп: алақандар  бір-бірімен жабысады. ( доп пішінін жасайды).

4.      Гүл : қолдар, саусақтар жоғары қарайды. Алақандар  айшанақпен  қосыла  түптері өзара  жанасады. Саусақтар ашылады. Осы жаттығуларды  орындай отырып, мына өлең  жолдарын айтады.

 

Саусақтар шынжыр болады,

Үзілмейді тартсаң да,

Ал, піл  келіп шынжырды,

Үзіп кетті басқанда.

Тұмсығымен доп іздеп,

Ойнағысы келіп тұр.

Достық үшін пілге мен,

Гүл сыйлағым келіп тұр.

 

Саусақтар жүреді :

 Екі саусақпен 5-ке дейінгі  тура және  кері санап, алға-артқа жүру.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.      Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған  ойындар мен жаттығулар ( әдістемелік құрал. «Дарын» Астана-2014 жыл).

2.      Республикалық  педагогикалық журнал Білім. кz

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Коррекциялық жұмыстың технологиялық картасы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Тьютор

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сулейменова Салима Омаровна

 «Балапан» балабақшасының  педагог-психологы

Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы

 

 

Коррекциялық  жұмыстың  технологиялық картасы

 

Айы: Қаңтар ; апта: ІІ; Айгөлек , Балбөбек  орта    топтар

Күні : 12.01-13.01.2015 жыл

Тақырыбы:  «Көңілді шеңбер» ойыны

 Мақсаты:    Баланың есте сақтау қабілетін дамыту.

Көрнекіліктер:

 

Іс-әрекеттер кезеңі

Психологтың  іс-әрекеттері

Балалардың іс -әрекеттері

                                                                  Мотивациялық  қозғаушы

Шаттық шеңбері

Орнымыздан тұрамыз

Күнге шаттана қараймыз.

Қуана қолымызды соғамыз,

Осылай күнге жылу шашамыз.

 

Сәлеметсіңдерме, балалар!Сәлемдесу ойыны :

Қазір  біз сендермен  ойын ойнаймыз. Қимылды  тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын. Сонда сендер  бір-бірлеріңмен  тез-иез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен: көзбен, қолмен, иықпен, құлақпен, тіземен, арқамен, құшақтасыңдар.

Шеңбер бойымен жүріп біртіндеп орындыққа отырады.

 

Қайталап айтады

 

 

 

 

-          сәлеметсізбе!

Ізденуші-ұйымдастырушы

 

 «Көңілді шеңбер» ойыны

 

-          Балаларға  ойын шартын түсіндіру;

Балалар  шеңбер жасап отырады. Бір-біріне мұқият қарайды. Жүргізуші белгі бергенде балалар көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған  балаларға түрлі заттарды қыстырып қояды.

( гүл, орамал, бау, т.б). Балалар көздерін ашқанда не өзгерді? деп сұрақ қояды.Ең зейінді балаға жұлдызша беріледі.

Сергіту сәті :

Добым, добым домалақ (екі қолынды айналдыру)

Тоқтамайсын домалап (тезірек екі қолды айналдыру)

 

Үстел үстін бүлдірдің  (қолымен үстел үстін көрсету)

Тәрелкені сындырдың (екі қол алақанымен тарелкені жасау, екі жаққа жылдам шашу)

Тентек болып кеттің деп(Сұқ саусақпен ескерту)

Тұрмын сені тепкім кеп (екі қол белде, оң аяқпен тебу)

 

«Есіңде сақта» ойыны

Психолог балаларға пішін бейнеленген  карточканы ұсынып, мұқият қарап алуын  сұрайды. Балалар оны есінде сақтап, содан соң суретін салады.

 

 

 

 

 

Балалар көздерін жұм дегенде жұмады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақпақты айта отырып, қимылдарды қайталайды.

 

 

 

 

Рефлексивтік

түзетуш

 

-балалар, сендерге ойын  ұнады ма?

- балаларды мадақтау.

 

 

Иә, ұнады.

 

 

 

Күтілетін нәтижелер:

Білу керек: Балалар ойын шартын түсіну  керек.

Үйрену керек: Ойын  шарты бойынша  ойнап үйрену керекк.

Жасауы керек: Саусақ  жаттығуларын   жасауы керек.

 

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 143 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.03.2015 1196
    • DOCX 45.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Айнакеева Улган Абдулхакимовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 142799
    • Всего материалов: 59

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психологические особенности обучающихся с сахарным диабетом

36 ч.

1700 руб. 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 73 человека
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Основы медицинской психологии в деятельности педагога-психолога

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 186 человек

Курс повышения квалификации

Взаимосвязь пищевого поведения и формирования образа тела у детей и подростков в контексте детско-родительских отношений

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 52 человека

Мини-курс

Искусственный интеллект: тексты и креативы

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 238 человек из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 22 человека

Мини-курс

Создание и продвижение сайтов для достижения максимальных результатов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 14 регионов

Мини-курс

Путь к внутреннему спокойствию: освобождение от тревоги, злости и стыда

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 630 человек из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 183 человека