Главная / Школьному психологу / Коррекциялық сабақ 1 - 2 сыныптар «Әріптер»

Коррекциялық сабақ 1 - 2 сыныптар «Әріптер»

Коррекциялық сабақ 1 - 2 сыныптар «Әріптер»
  • Школьному психологу
Описание:

Мақсаты: бақылау және зейінін дамыту; көркемдік зейінін қалыптастыру; элементтер арқылы әріптерді анықтауға, шығармашылық ойлауға үйрету;

Міндеті:

  • -Танымдық процестерін дамыту (есте сақтау, ойлау, қиял қабылдау)
  • -Интеллектуалдық дамуын түзету;
  • -Өз бетінше шешім шығаруға, анализ жасауға, салыстыру қабілеттерін қалыптастыру.

Керкті құрал – жабдықтар: әріптер табличкалары, тапсырмалар жазылған карточкалар.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушыларға ой тастау сұрақтар қою

  • -Қазақ тілінде қанша әріп бар?
  • -Олар қалай бөлінеді?

Әріптер туралы жұмбақтар


Ағада бар,
Ініде жоқ.
Шамада бар,
Ірідежоқ. (А)

Керуенде бар,
Көліктежоқ.
Серуенде бар,
Серіктежоқ. (У)

Бақытта бар,
Абаттажоқ.
Уақытта бар,
Сағаттажоқ. (Қ)

Түленде бар,
Балықтажоқ.
Шүленде бар,
Халықтажоқ. (Ү)

Қымызда бар,
Шұбаттажоқ.
Ындызда бар,
Қуаттажоқ. (Ы)

Торсықта бар,
Келідежоқ.
Борсықта бар,
Бөрідежоқ. (О)

Құдықта бар,
Апанда жоқ.
Құрықта бар,
Бақанда жоқ. (Ұ)

Нөлде бар,
Санда жоқ.
Көлде бар,
Жардажоқ. (Ө)


Жемісте бар,
Жидектежоқ.
Өрісте бар,
Жиектежоқ. (С)

Таңда бар,
Түстежоқ.
Аңда бар,
Тістежоқ. (Ң)

  • 1.«Сөзді тап» ойыны

Балаларға тапсырма жазылған карточка таратылады. Оқушылар жолды суреттің бірінші басынан екінші басына дейін көзбен жүргізу арқылы, жолдың соңында әріпті жазады.

Сұрақ қойылады:

  • -Қандай сөздер шықты? (шана, алма, асық, қоян, қара).
  • -Сөздерде қанша әріп бар?
  • -Дауысты және дауыссыз әріптер нешеу?
  • 2.Байқампаздық қабілетін қалыптастыруға арналған ойын.

Тақтаға әріптер жазылған карточкалар көрсетіледі. Оқуышылар қай әріпті ауыстырғанын табу қажет№

  • 3.Әріптерді ажыратуға арналған ойын.

Бұл ойын үшін оқушыларға әріптер жасырынған карточкалар таратылады.

Тапсырма: мұқият қарап қандай әріптер жасырынған тап.

(Т, Н, И, Ж, Ф, О, Г, У,Д, А, Л, К, П)

  • 4.Шығармашылық ойлауына арналған ойын.

Оқушыларға карточка таратылады.

Тапсырма: әріп шығатындай суретті жалғастыр, осы табылған әріптен басталатын сөз ата.

Автор Пирманова Жанар Нургазымовна
Дата добавления 31.10.2016
Раздел Школьному психологу
Подраздел Другое
Просмотров 53
Номер материала MA-068186
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓