Главная / Математика / Конспекты уроков по математики для 5 казахского класса

Конспекты уроков по математики для 5 казахского класса

Күні:

Пән: математика.

Сынып: 5 қазақ сыныбы.

Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшекті натурал санға көбейту.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ондық бөлшектерді натурал санға көбейту бойынша білімдерін тексеру. Пәнді оқуға қызығушылығын арттыру. Ойлау қабілеттерін дамыту.

Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін арттыру.

Тәрбиелік: Жауапкершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, ұқыптылыққа, әсемділікке баулу.

Сабақтың түрі:Қорытындылау сабағы.

Сабақтың әдісі: есеп шығару, сұрақ – жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, тақта.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй жұмысын тексеру.

III. Есеп шығару.

IV. Сергіту минуты.

V. Есеп шығару.

VI. Үй жұмысын беру.

VII. Рефлексия.

VIII. Бағалау.

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлеметсіздер ме, балалар. Сыныпта кім кезекші? Сабақта кім жоқ? Оқушылардың сабаққа дайындығы тексеріп, ынтасын сабаққа аудару.

II. Үй жұмысын тексеру.

Өткен сабақтың тақырыбынан сұрақтар қою арқылы үй жұмысын тексеру.

Үйге берілген есептерді сұрау.

  1. Ондық бөлшекті натурал санға қалай көбейтеміз.

  1. Ондық бөлшектерді разряд бірліктеріне көбейтуді түсіндіріңдер.

II. Есеп шығару.

№1088. Бір құбырдың ұзындығы 13,75 м. Осындай 18 құбырдың ұзындығы неше метр?

Шешуі: hello_html_m22666b83.gif

Жауабы: 247,5 м.

№1089. 1кг кәмпиттің бағасы 260 теңге.

  1. 3 кг 500 г кәмпит сатып алу үшін қанша ақша төлеу керек?

Шешуі: hello_html_m59a7d9ff.gif

Жауабы: 910 теңге.

  1. Сергіту минуты.

Түнгі сағат 12 де жаңбыр жауып тұр. 72 сағаттан кейін күн шығуы мүмкін бе.

II. Есеп шығару.

№1091. 1 га жерден 75,3 ц картоп өнімі алынды;

1) 7 га; 2) 5 га; 3) 4 га жерге егілген картоп қанша өнім береді?

Шешуі: 1) hello_html_m6ed75497.gif 2) hello_html_3f763722.gif 3) hello_html_4c7eb320.gif

Жауабы: 1) 527,1 ц;

2) 376,5 ц;

3) 301,2 ц.

№1094. Өрнектің мәнін табыңдар:

  1. 2,9х, мұндағы х=5, 10, 100; (14,5; 29; 290)

  2. 1,6х+у, мұндағы х=9, у=28,05; (42,45)

  3. 2,81х+1,8у, мұндағы х=20, у=6; (67)

  4. 7,5х+6,91у, мұндағы х=100, у=10. (819,1)

IV. Үй тапсырмасы: №1089 (2), №1090, №1093, №1096 227 бет.

V. Рефлексия :

1. Не білдім?

2. Не үйрендім?

3. Не ұнады?

4. Не білгім келеді?

5. Не білемін?

IX. Бағалау.

Оқушыларды жасаған жұмыстары бойынша бағалау.
















































Күні:

Пән: математика.

Сынып: 5 қазақ сыныбы.

Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу және азайту.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Алдындағы сабақтарда алған білімдерін тиянақтау. Алдына қойған мақсаттарына жетуге, өз күштеріне сенуге үйрету.

2. Дамытушылық: Оқушылардың есеп шығару қабілеттерін және тез әрі жылдам шешу қасиеттерін дамыту

3. Тәрбиелік: Есте сақтау түйсіктерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі:Өзіндік жұмыс.

Сабақтың әдісі:есеп шығару.

Сабақтың көрнекілігі:тақта, карточкалар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Негізгі бөлім.

І-нұсқа.

1. Ондық бөлшек түрінде жазыңдар:

27:10; 81:1000; 319:100; 919:1000.

2. Есептеңдер:

а) 2,83+15,2; ә) 145,6+7,35;

б) 19-5,86; в) 65,7-18,95.

3. Бірінші күні дүкен 2,76 т картоп, екінші күні одан 0,85 т кем сатты. Дүкен екі күнде неше тонна картоп сатты?

4. Есептеңдер:

(5,36-4,07)+(14-9,158)+137,868.

5. Катер өзеннің ағысына қарсы 16,2 км/сағ жылдамдықпен, ал ағыспен 21,2 км/сағ жылдамдықпен жүзді. Өзеннің ағысымен жүзгендегі жылдамдық өзеннің ағысына қарсы жүзген жылдамдықтан қанша үлкен? Катердің меншікті жылдамдығын табыңдар.

ІІ-нұсқа.

1. Ондық бөлшек түрінде жазыңдар:

93:10; 71:100; 217:100; 813:100.

2. Есептеңдер:

а) 3,76+19,3; ә) 135,7+8,25;

б) 21-6,91; в) 58,2-17,45.

3. Бірінші күні жөндеу бригадасы жолдың 4,85 км-ін, екінші күні одан 1,26 км артық жөндеді. Екі күнде қанша километр жол жөндеді?

4. Есептеңдер:

(4,57-3,08)+(28-15,346)+256,476.

5. Мотоциклші желдің ығымен 14,8 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Желдің жылдамдығы 2,7 м/с. Мотоциклшінің меншікті жылдамдығын табыңдар. Мотоциклші желдің ығымен жүргендегі жылдамдық желге қарсы жүрген жылдамдықтан қанша үлкен?

IV. Үй тапсырмасы: 1001, 1004,1007

V. Сабақты қорытындылау. Оқушылардың өзіндік жұмыс бойынша білімдерін бағалау.


Күні:

Пән: математика.

Сынып: 5 қазақ сыныбы.

Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшекті натурал санға көбейту.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларды көбейту амалындағы ережелерін білуге және ереже бойынша есептің шығару жолын түсіндіре алуға баулу.

2. Дамытушылық: Ауызша есептеуге қалыптастыру. Ойлау қабілетерін дамыту.

3. Тәрбиелік:Білім алуға бәсекелестікке баулу. Математика пәніне деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру, дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, есеп шығару.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, тақта.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй жұмысын тексеру.

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

IV. Есеп шығару.

V. Сергіту минуты.

VI. Есеп шығару.

VII. Үй жұмысын беру.

VIII. Рефлексия.

IX. Бағалау.

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлеметсіздер ме, балалар. Сыныпта кім кезекші? Сабақта кім жоқ? Оқушылардың сабаққа дайындығы тексеріп, ынтасын сабаққа аудару.

II. Үй жұмысын тексеру.

Өткен сабақтың тақырыбынан сұрақтар қою арқылы үй жұмысын тексеру.

Үйге берілген есептерді сұрау.

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Біз бұрын натурал сандарды көбейтуді үйренгенбіз. Енді ондық бөлшекті натурал санға көбейтуді қарастырайық.

Ондық бөлшекті натурал санға көбейтуді қосылғыштардың әрқайсысы осы ондық бөлшекке тең, ал олардың саны натурал санға тең қосынды ретінде қарастыруға болады.

1-мысал. hello_html_2e5c76d1.gif.

hello_html_717e6b8b.gifкөбейтіндісін басқаша да табуға болады.

Үтірге назар аудармай, 4,23-тің орнына 423-ті алып, натурал сандарды көбейткендей көбейтейік. 4,23 ондық бөлшегінде қанша таңба болса, шыққан көбейтіндіде (2115-те) оң жақтан сонша цифрды үтірмен айыру керек.

Осы жағдайды ескеріп қорытындыласақ, ондық бөлшекті натурал санға көбейту үшін:

  1. үтірге назар аудармай, натурал сандарды көбейткендей көбейту керек;

  2. шыққан көбейтіндіде оң жақтан ондық бөлшекте үтірден екйін неше ондық таңба болса, сонша цифр үтірмен айыру керек.

Егер көбейтіндіде үтірмен ажыратуға тиісті цифрларға қарағанда аз цифр шығатын болса, онда оның сол жағына қажетінше нөлдер тіркеп жазу керек.

Енді ондық бөлшекті 10, 100, 1000 және т.с.с. разряд бірліктеріне көбейтуді қарастырайық.

2-мысал. hello_html_m50d7f019.gif=74,65 тең.

7,465 санын 10-ға көбейткенде үтір оңға қарай бір цифр аттап көшіріледі, ал 100-ге көбейткенде үтір оңға қарай екі цифр аттап көшіріледі. Осыдан шығатын қорытынды:

Ондық бөлшекті 10, 100, 1000 және т.с.с. разряд бірліктеріне көбейту үшін, ондық бөлшектің үтірін разряд бірліктерінде неше нөл болса, сонша цифрға оңға қарай жылжыту керек.

IV. Есеп шығару.

Ал енді тақырыпты бекіту үшін есептер шығарайық.

№1079. Есептеңдер.

hello_html_m45aef66b.gif hello_html_69328f36.gif hello_html_m4bb14b9b.gif hello_html_m18e7053a.gif

№1080. Көбейтуді орындаңдар:

hello_html_m7e92dcfa.gifhello_html_533504f7.gif hello_html_m23c75eee.gif



№1081. Есептеңдер:

hello_html_4e7e7f50.gifhello_html_m6b389537.gif hello_html_5e19db20.gif

V. Сергіту минуты.

Ұшақ Зайсаннан Алматыға дейін 1 сағат 20 минутта ұшады, ал кері қарай 80 минут ұшады. Мұнда қандай айырмашылық көруге болады.

Жауабы: 1сағ. 20минут=80минут

IV. Есеп шығару.

№1084. Натурал сандармен жазыңдар:

1) 2,3 мың; 14,7 мың; 629,5 мың; 19,56 мың;

2) 1,2 млн; 38,3 млн; 0,8 млн; 9,07 млн.

№ 1086. Жеңіл машина 74,8 км/сағ жылдамдықпен жүргенде 4 сағатта қандай қашықтыққа барады?

Шешуі: hello_html_m4925819f.gif(км)

Жауабы: 299,2 км.


IV. Үй тапсырмасы: №1082, №1083, №1087 226 бет.

V. Рефлексия:

Оқушылардың орындаған тапсырмалары бойынша бағалау. Ауызша рефлексия жасау. Сұрақтар қою: 1) Ондық бөлшектердң натурал сандарға қалай көбейтеміз? 2) Егер көбейтіндідегі цифрлар саны үтірмен ажыратуға тиісті цифрлар санынан аз болса, көбейтіндідегі үтірді қалай қоямыз?

Конспекты уроков по математики для 5 казахского класса
  • Математика
Описание:

Пән: математика.

Сынып: 5 қазақ сыныбы.

Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшекті натурал санға көбейту.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  Ондық бөлшектерді натурал санға көбейту  бойынша білімдерін тексеру. Пәнді оқуға қызығушылығын арттыру. Ойлау қабілеттерін дамыту.

Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін арттыру.

Тәрбиелік: Жауапкершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, ұқыптылыққа, әсемділікке баулу.

Сабақтың түрі:Қорытындылау сабағы.

Сабақтың әдісі: есеп шығару, сұрақ – жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, тақта.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй жұмысын тексеру.

III. Есеп шығару.

IV. Сергіту минуты.

V. Есеп шығару.

VI. Үй жұмысын беру.

VII. Рефлексия.

VIII. Бағалау.

Автор Ибраева Дамиля Мухамедрахимовна
Дата добавления 04.01.2015
Раздел Математика
Подраздел
Просмотров 525
Номер материала 29563
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓