Главная / ИЗО, МХК / Конспекты сурет салу. Тақырыбы: "Көктем келді"

Конспекты сурет салу. Тақырыбы: "Көктем келді"

Білім беру саласы: Шығармашылық, әлеуметтік орта


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Сурет.


Тақырыбы: «Көктем көрінісі.»


Мақсаты: Көктем мезгілі туралы білімдерін кеңейту және қорыту.

БМ: көктем мезгіліндегі табиғаттағы өзгерістер туралы білімдерін кеңейту;

ДМ: сөздік қорын байыту; түстерді ажыратып, топтастыра білу қабілеттерін дамыту.

ТМ: Көктем мезгіліне деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.


Әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу, көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын, мадақтау, қорытындылау.


Пән аралық байланыс: Сурет, ән-күй, көркем әдебиет.


Алдын ала жұмыс: Көркем сөздер жаттату.


Көрнекілігі: көктем бойынша суреттер.


Жеке жұмыс: Берілген тапсырманы орындай алмай отырған балаларға көмектесу.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы












Сәлематсыз ба!


Шаттық шеңбері.

Ән айту. «Көктем келді»

Ұйымдастыру кезеңі:

Жыл мезгілін, ай, апта атауларын сұрап, естеріне түсіру.

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Көктем мезгілінде неше ай бар?

- Қазір көктем мезгілінің қай айы?

- Бір аптада неше күн бар?

- Бүгін аптаның қай күні?

Өткен оқу іс-әрекетін еске түсіру.

Балалар отарғышта отырады. Орындарынан тұрып, келген қонақтармен амандасады.

Балалар қимыл-қозғалыс жасай отырып, бәрі бірге әндетеді.



Іздену ұйымдастырушы












Көктем ғажайыптары туралы әңгімелесу.

Тәрбиеші балаларға Қарлығаш құс конверт әкелгенін хабарлайды, онда шағын ертегі бар екенін айтып әңгімелейді.

Тәрбиеші күн бейнеленген суретті көрсетеді. Бұл – ең үлкен және қайырымды керемет күн. Тағы ол қандай?

«Салыстыр және ата» ойыны.

Тәрбиеші сөйлемнің басын бастайды, балалар аяқтайды.

Күн сары, (бақ-бақ) сияқты

Күн дөңгелек (доп) сияқты

Күн мейірімді, (анамыз) сияқты, т.с.с.

- Көктем күнге қалай көмектесті? Ол әлем

жарқырап, ашық болу үшін не істеді? Қане, тыңдайықшы. Мүмкін бізге дыбыстар көмектесетін шығар?

-Сендер не тыңдадыңдар?

- Шу, судың сылдыры, құстардың дауысы, т.с.с.

Тәрбиеші алдын ала серуен кезіндегі бейнекөрініске балалардың назарын аударады.

  • Балалар, сендер көктемгі табиғат ерекшеліктерінен нені байқадыңдар?

  • Неліктен қар ериді?

  • Көктемде ағаштарда не пайда болады?

  • Бүршіктің түсі қандай? Ал ағаштың ше?

Міне, көрдіңдер ме, көктем мезгілінде жер беті құлпырып өзгеше бір ерекшелікте болады. Көктемде күн қысқа қарағанда жылуын шашып, жарқырай бастады. Қар еріп, су жерді суғарды.Ағаштар да бүршік аттып, жапырақтар өсе бастады. Жылы жақтан құстар ұшып келеді.

Қане, балалар кім осы көктем мезгіліне арнап тақпақ айтады?

Жақсы балалар бүгін біз осы «Көктем көрінісі» деген тақырыпта сурет саламыз.

Тәрбиеші көктем суретін әңгімелеп, тақтаға салып көрсетіп,түсіндіру

Сергіту сәті:

Шапалақта қолыңды,

Жай, жай, жай! Міне, былай!

Шапалақта қолыңды.

Тез- тез- тез! Тез-тез-тез!

Алға қарай адымда,

Жай, жай, жай! Міне, былай!

Жолыңнан еш жаңылма,

Тез-тез-тез! Тез-тез-тез!

Балалар сурет салуға кіріседі.


Жылулық шеңбері.

Тәрбиеші барлық балаларды жағажай шеңберге шақырады.

  • Сендер көктемді жақсы көресіңдер ме? Қазір әрқайсысың еденде жатқан лентаны шеңберден тартып, не үшін көктемді жақсы көретіндеріңді айтасыңдар.

  • Тәрбиеші балалардан не байқап тұрғандарын сұрайды – ал балалар жылы, қайырымды күннің шуағын көріп тұрғандарын айтады.












Ойланып, сұраққа жауап береді.



Табиғат үні жазылған үнтаспа қойылады.









Теледидардағы көріністі зейін салып қарау.


Көргендері бойынша сұрақтарға жауап беру.











Көктем туралы тақпақтар.







Сергіту сәтін қимыл-қозғалысын көрсетіп орындау.



Балалар көктемнің суретін салады. Балалардың салған суреттерін қарап, көмектесу.

Әр бала: «Мен көктемді жылы болғаны үшін жақсы көремін. Мен көктемді, қар еріп, қыс кеткені үшін жақсы көремін. Мен көктемді құстар ұшып келетіні үшін жақса көремін, т.с.с.» - деп лентаны тартады.

Рефлексті коррекциялаушы












Қортынды

- Балалар, қандай оқу іс- әрекеті болды?

- Оқу іс- әрекетінде не туралы айттық?

- Бұл оқу іс-әрекетінде ненің суретін салдыңдар?

Балалардың жауабы.

- Балалар бүгінгі оқу іс- әрекетіне барлығың да жақсы қатыстыңдар.


Балалар қорытынды сұрақтарына толықтай жауап беруге ат салысады.



Орындарынан тұрып, « Сау болыңыз!» айтады.





Күтілетін нәтиже: Тәрбиешінің айтқандарын есте сақтап түсіне білу.


Білуі керек: Жыл мезгілдерін, тақпақтар білу.


Болуы керек: Суреттер, теледидар.


Баланың қолынан келуі: Қойылған сұрақтарға толық жауап беруі.

















Конспекты сурет салу. Тақырыбы: "Көктем келді"
  • ИЗО, МХК
Описание:

Конспект на казахском языке. ПО рисованию в детском саду. Бұл материалда көктем мезгіліндегі табиғаттағы өзгерістер туралы, балалардың сөздік қорын байыту; түстерді ажыратып, топтастыра білу қабілеттерін дамыту, көктем мезгіліне деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу жөнінде жазылған.

Заранее огромное спасибо вам за публикацию материала.

Автор Чувакбаева Айжан Юрьевна
Дата добавления 21.11.2016
Раздел ИЗО, МХК
Подраздел Конспекты
Просмотров 33
Номер материала MA-068656
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓