Инфоурок Математика КонспектыКонспекты "Сын тұрғысынан ойлау"

Конспекты "Сын тұрғысынан ойлау"

Скачать материал

6-нұсқа.

Сын тұрғысынан ойлау

         "Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту" -  педагогикалық технолгияның бір саласы болып табылады. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түпкір-түпкірінен жиналған білім берушілердің еңбегі. Бұл технологияны жүйеге келтірушілер: Джинни Стил, Курт Мередит, Чарлз Темпл.

         Мақсаты. Барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйретеді. Сын тұрғысынан ойлау ұғымын белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы кµзқарастарды тепе-теңдікте ұстап зерттеу. Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау тек ересек адамдарға немесе жоғарғы сынып оқушыларына ғана тән емес. Яғни, жас балардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда µз даму деңгейіне  сәйкес ойы шыңдалып белгілі бір жетістіктерге жетері сµзсіз.

         Сын тұрғысынан  ойлау дегеніміз (СТО)  - ақпартты қабылдаудан бастау шешім қабылдаумен аяқталатын ойлаудың күрделі процесі.

СТО оқушылардың мәтінмен жұмыс дағдыларын дамытуға ауызша және жазбаша тілдің барлық түрімен қарым-қатынас дағдыларын меңгертуге бағытталған педагогикалық тәсіл.

          Чарлз Темпл бойынша мектепте оқытудың белсенді түрлерін қолданудың дәлеледері.

         Белсенді түрде ойлау мен сыни тұрғыдан ойлау  µмірде қолданыс табатын білім береді. Кµп жылдар бұрын филососф Алфред Норт Уайтхэд (1910-1957) жазғандай, ал бұл тұжырымды кейініректе психолог  Ховард Гарднер (1991) дәлелденген, тәжірибе жүзінде кµрсеткен, білімнің ырықсыз, пассив күйде қабылданатын түрін (мектептік білім) тәжірибеден ойланбай алынатын білім (интуитивтік білім), және әлемді түйсініп, ақпаратты алумен қатар оны игеру арқылы проблемаларды шешуді меңзейтін ғылыми түрде дәлелденген тұжырымдамалар мен ойлау процесте құралған ( жүйелі білім мен ойлау) білім түрін ажырату керек.

         Жүйелі ойлау тек қана белсенді түрде ғана сіңіріледі.  Ал егер де оны игермесек, онда  біз  күнделікті   проблемалар  туралы  тек   интуитивтік    білім (оның кемшіліктерінің баршылық екендігін мойындауымыз керек) арқылы ғана ойланатын боламыз да, мектептік білім негізінде емтихан мен тесттерді тапсырып, жаңа таныстарымыз алдында сол білімімізбен мақтанатын боламыз. Жүйелі білім мен ойлау дегеніміз ғалымдар, әдеби сыншылар мен әлеуметтік философтар қолданатын ойлау түрі, ол жоғарғы білім беру жүйесінің ең ылайықты және үйлесімді мақсаты болып табылады. Біз оқушыларымыздың тек жеке пәндердің негізгі тұжырымдарын біліп қана қоймай,  сонымен бірге алған ақпарат негізінде жүйелі түрде ойлай білетін дағды алуын қалаймыз, яғни олар осындай терең тұжырымдамаларды құрастыруға әкелетін білікті меңгеруі керек: кейініректе бұл дағды оқушыларға бұдан да кµлемді жаңа білім құрастырып, бүгінгі күні оқытушылар болжап біле алмайтын проблемалардың шешімін табуға мүмкіншілік туғызады.

         Парасаттық (интеллектуалды) дамудың ең танымал сипаттамасы Жан Пиаженің қаламынан туындаған. Ол оқушылар парасаттық дамуының шегіне мектептің соңғы сыныптарында ( 16-18 жаста) жетеді деп тұжырымдаған. Алайда мектеп оқушылары парасаттық µсуін жалғастыра береді  және де тек білім алу тұрғысынан емес – олар ақиқатқа қол жету жолдарын кеңейтіп, парсатты ізденістерін тереңдете түседі.

Сын тұрғысынан ойлау оқыту тәсілінің бір ерекшелігі бұл құрылым үш деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің модельі. Білімнің болашақта пайдаға асуы қажетке жарауын қалыптастырады. Кµп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді.Бұлар оқушылардың µздері оқытудың мақсатын анықтауға, ақпаратты іздеуге белсенді кірісуге және алған білімдері туралы ойлануға мүмкіндік береді. СТО бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны ашу, ой толғаныс кезеңдерінен тұрады.

I  ҚО – қызығушылықты ояту.

‡йрену процесі – бұрынғы білетін мен жаңа білімді  ұштастырудан тұрады.Осы арқылы  ойды қозғау, ояту, ми қыртысында  тітіркенгіш  арқылы әсер ету жүзеге асады. Оған мысалы ретінде  ой шақыруды алуға болады.

II МА – мағынаны ашу – бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады. Тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оқушылар арасында оқуға жеңіл желпі қару салдарынан  түсіне алмау, µмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Бұл инсертті ұйымдастыру аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден бір кепілі. ‡йренушілер білетінін анықтап, білмейтінін белгілеп сұрауға  әзірленеді. Бұл әрекет арқылы  жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында кµпірлер құрастыруға ұмтылады

III  ОТ Кесте 1– ой толғаныс.

Қызығушылықты ояту

Мағынаны ашу

Ой толғаныс

Ой шақыру

INSERT

Бес жолды µлең, Т-кестесі, Эссе, дµңгелек үстел, Пікірталас және т.с.с

 

 Ой шақыру немесе жұптағы ой қозғау ( brainstorming) – оқушылар қандай да болмасын ақпарат (мәлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін уақыт өте (2-4минут), оқушылар өз жазғандарымен бөліседі, сұрақтарға жауап береді, тізімдерін толықтырады.

                    Белгі қойып оқу немесе INSERT ( Interaktive Nothing System for Effective reading and thinking – тиімді ойлау мен оқуға аранлған белгілеудің итербелсенді жүйесі) – жаңа мәліметтерді игерудің интербелсенді тәсілдері.

          Білемін, білгім келеді, білдім бұл тәсіл Жұптағы ой қозғауға ұқсас. Бұл тәсілдің алғашқы екі тапсырмасы сабақтың бастапқы бµлімінде орындалады. Оқытушы сабақ басында оқушылардың жаңа тақырып бойынша білгендерін жазбаша айқындауын сұрайды: оқушылар алдымен жекеше, содан кейін жұптасып білгендерін келтіреді. Оқушылардың жазбалары талқыланғаннан кейін, оларға «Осы тақырып бойынша не білгіңіз келетінді жазыңыздар!» деген келесі жазба тапсырмасы беріледі. Бұл тапсырма да осының алдындағыдай  орындалады.

         Сабақ барысында оқушылар жазғандарын тақырып мазмұнымен  салыстырып, «Менің сабаққа дейін білгенім дұрыс\бұрыс па екен? Менің білейін дегенім сабақта қарастырылды ма?» деген сұраққа  жауап беріп отырады. Сабақ аяқталысымен оқушылар «Мен не білдім?» деген сұраққа жазбаша жауап береді, жауаптарын жұптасып немесе топ ішінде талқылайды. Оқытушы бүкіл аудиторияның пікірін білгені дұрыс. Егерде оқушылардың білейін деген сұрақтары сабақта қарастырылмаса, оқытушы оларды бұ мәселелерді µздігімен  игеруі сұрауы мүмкін.

         Оқушылар сонымен сабақ барысында келесідей кестені толтырып шығуы қажет (оның оң жағына олар  өз ойларын келтіреді):

                                                БББ-кестесі                                        Кесте - 2    

Білемін

Жаңа ақпаратты айқындауға дейін

Білгім келеді

Жаңа ақпаратты айқындауға дейін

Білдім

Лекциядан кейін

Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңдеудің түбірлерінің формулалары тақырыбына есептер шығару.

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тереңдетіп жинақтау, жүйелеу.

2. Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеттерімен дағдыларын жетілдіру.

Белсенділіктерін арттыру, сабаққа қызығушылықты қалыптастыру, ұзақ есте сақтауына дағдыландыру.

3. Тәрбиелілік: Оқуға, саналы сезімге, жауапкершілікке, өз бетімен еңбектенуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Қайталау - толықтыру.

Сабақтың типі: жүйелеу сабағы.

Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар, формулалар, тест.

Сабақтың барысы: І. ұйымдастыру (топқа бөлу)

Білімге жетілмейтін үш жол бар:

Еліктеу жолы – ең жеңіл жол,

Ойлау жолы – ең игілікті жол,

Тәжірибе жолы – ең қиын алыс жол.

 

Конфуций

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Сабақтың жүру жоспары.

1. Ой қозғау

2. Қайталау – оқу анасы

3. Кім жылдам? (Топтық есеп)

4. «Білімдіге биіктегі орын» (Сандық мақал - мәтел)

5. Өзіндік жұмыс

6. Ребус, сөзжұмбақ

7. Бағалау

8. Үйге тапсырма

Квадрат теңдеу

1. Толық квадрат теңдеу.

2. Толымсыз квадрат теңдеу.

3. келтірілген квадрат теңдеу.

4. бөлшек – рационал теңдеу.

5. Би квадрат теңдеу.

Қайталау - оқу анасы.

1. Қандай теңдеу квадрат теңдеу деп аталады?

2. Квадрат теңдеудің неше түрі бар?

3. Квадрат теңдеудегі а, в, с – сандары қалай аталады.

4. Келтірілген квадрат теңеу дегеніміз не?

5. Толымсыз квадрат теңдеу дегеніміз не?

6. Д>0, Д=0, Д<0 болғанда неше түбірі болады?

7. Квадрат теңдеуді шешіп, шыққан мәніне байланысты мақал – мәтел айт.

х2 - 10 х+24 =0

1. Квадрат теңдеудің формасын жаз.

2. Дискриминантты қандай әріппен белгілейміз, формуласын жаз.

3. Квадрат теңдеудің түбірлерінің формуласын жаз.

4. Келтірілген квадрат теңдеудің формуласын жаз.

5. Толымсыз квадрат теңдеудің формуласын жаз.

6. Квадрат теңдеудің коэффицентін ата:

а, в, с

1) х2 + х =0

2) 3х2=2

3) – 2х2+3х - 5=5х

4)– 7х+х2=0

5) 8 - х2 =5х

6)– х2 - 3х+3=0

 

Теңдеудің түрін және коэффиценттерін ата

1 3х2 - 8х - 3=0

2 х2+2х - 9=0

3 2х2+6х=0

4 7х2=0

5 х2 - 16=0

Мына теңдеулер қандай теңдеулер?

1) ах2+вх=0

2) ах2+с=0

3) ах2=0

4) х2+рх+q=0

5) ах2+вх+с=0

Кім жылдам?

І топ

1) 2х2 - 2х - 35=0

2) 2х2+4х+3=0

ІІ топ

1) х2 - 3х+7=0

2) х2+10х - 11=0

Тест есептері

1. Жалпы квадрат теңдеудің формуласы.

А) х2+Рх+q=0 Б) ах2+вх+с=0 С) ах2+с=0

2) Квадрат теңдеудің коэффиценттерін ата.

х2+6х - 7=0

А) а=0, в=0, c=- 7

Б) a=l, в=6, c=- 7

С) a=l, в=0, c=1

3. теңдеуді ах2+вх+с=0 түбірінде жазыңдар

х(2х - 3)=5 - 4х

А) 2х2 - 7х - 5=0

Б) 2х2 - 2х+5=0

С) 2х2+х - 5=0

4. теңдеуді шеш. 7х2 - 21х=0

А) 0: 7

Б) 0: 2

С) 0: 3

5. Теңдеуді шешіп сандық мақал - мәтел айту.

1) х2 - 70х - 1500=0

2) х2 - 1001х+100=0

 

«Білімдіге биіктегі орын» (Сандық мақал - мәтел)

1. х2 - 8х+7=0

2. х2 - 11х+10=0

3. х2 - 9х+8=0

Өзіндік жұмыс. Жауаптарын тап

№ Теңдеулер Жауаптар

1 2х2 - 8х - 10=0

2; 1, 6

2 - 2х2+6х+16=0

5;- l

3 5х2 - 18х - 16=0

- 2; 8

Өзін - өзі бағалау парағы.

№ Сабақтың кезеңі

Баға

1 Үй тапсырмасы

2 Ауызша сұрақтар

3 Деңгейлік тапсырмалар

4 Тест

5 Логикалық тапсырма

6 Практикалық жұмыс

7 Қортынды баға

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспекты "Сын тұрғысынан ойлау""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Интернет-маркетолог

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 839 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.11.2015 859
    • DOCX 19.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мендигазиева Гульмира Максутовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5174
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Развитие предметных навыков при подготовке младших школьников к олимпиадам по математике

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 16 регионов

Курс повышения квалификации

Применение возможностей MS Excel в профессиональной деятельности учителя математики

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 19 регионов

Курс повышения квалификации

Применение математических знаний в повседневной жизни

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инновационные технологии для бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Концепции управления продуктом и проектом: стратегии и практика.

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Раннее развитие: комплексный подход к развитию и воспитанию детей от 0 до 7 лет.

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 22 регионов