Инфоурок Другое КонспектыКонспект урока: "Мақта қыз бен мысық"

Конспект урока: "Мақта қыз бен мысық"

Скачать материал

МАҚТА ҚЫЗ БЕН МЫСЫҚ

Екеуі дос болып жүреді. Бір күні Мақта қыз үйін жинап жүрсе, бір мейіз тауып алады. Мысықты шақырады. Шақырады – келмейді,  шақырады – келмейді, сосын «келмесең, келме», – деп, мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң мысық келіп: – Неге шақырдың? – деп сұрайды. Мақта қыз айтпайды. Сосын мысық айтады: «Ендеше қатығыңды төгем», – дейді. Мақта қыз: «Мен құйрығыңды кесіп аламын», – дейді. Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады. «Апа, апа, құйрығымды берші», – дейді. Сосын Мақта қыз: «Менің қатығымды төлеп бер», – дейді. Мысық сиырға барады. «Сиыр-сиыр, маған қатық берші», – дейді, сиыр айтады: «Менің қарным ашып тұр, маған жапырақ әкеліп бер», – дейді. Мысық ағашқа барып: «Ағаш, ағаш, жапырағыңды берші!» – дейді. Ағаш айтады: «Мен шөлдеп тұрмын, су әкелсең, жапырақ беремін», – дейді. Суға бара жатса, су әкеле жатқан қыздарды көріп: «Қыздар, қыздар, маған су берші», – дейді. Қыздар: «Бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз», – дейді. Мысық дүкенге барады. «Ай, дүкенші, маған сағыз берші», – дейді. Дүкенші: «Маған тұқым бер», – дейді. Мысық тауыққа барады: «Тауық, тауық, маған тұқым берші», – дейді. Тауықтар айтады: «Бізге дән әкеліп берсең, біз саған тұқым береміз», – дейді. Мысық: «Енді не қыламын», – деп бара жатса, бір ін қазып жатқан тышқанды көреді. Мысық тышқанды қорқытып: «Жаның барында айт, үйіңде не бар?», – дейді. Тышқан қорыққанынан: «Үйімде бір батпан тарым бар», – дейді. Мысық айтады: «Маған бір уыс тары бер», – дейді. Тышқан үйіне барып, бір уыс тары береді. Тарыны апарып тауыққа береді, тауық тұқым береді, тұқымды апарып дүкеншіге береді, дүкенші сағыз береді, сағызды апарып қыздарға береді, қыздар су береді, суды апарып ағашқа береді, ағаш жапырағын береді. Жапырақты апарып сиырға береді, сиыр қатық береді, қатықты апарып Мақта қызға береді. Мақта қыз мысықтың құйрығын береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ШАЛҚАН

Баяғы бір заманда шал мен кемпір болыпты. Олардың бақшасы бар екен. Бірде шал шалқан отырғызады. Шалқан үп-үлкен боп өседі. Бір күні шал шалқанды жерден суырып алмақшы болады. Ары тартады, бері тартады. Бірақ шалқанды шығара алмайды.

Шал көмекке кемпірін шақырады. Кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Бірақ орнынан қозғалта да алмайды. 
Кемпір көмекке немере қызын шақырады. Немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Тағы да суырып шығара алмайды.
 Немере қызы итін шақырады. Ит қыздың етег інен, немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Шалқанды суыра алмайды. Енді ит көмекке мысықты шақырады. Мысық иттің құйрығынан, ит қыздың етегінен, немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары жұлқиды, бері жұлқиды. Шалқан шықпайды.

Мысық болса, тышқанды шақырады. Тышқан келіп мысықтың құйрығынан, мысық иттен, ит немересінің етегінен, қыз кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстайды. Олар тарта-тарта ақыры шалқанды суырып шығарады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БАУЫРСАҚ

Ертеде бір Шал мен Кемпір болыпты. Кемпір бір күні қаймаққа нан илеп, оны майға қуырып бауырсақ пісіріпті. Оны терезенің алдына суытып қойыпты.

Бауырсақ суып тұрып тұрып, бір кезде домалай жөнеледі. Домалап келіп терезе алдындағы орындыққа, орындықтан еденге, еденнен дәлізге, дәлізден аулаға, ауладан сыртқа, одан әрі, одан әрі домалай береді, домалай береді.

Бір кезде оған Қоян жолығып:

-   Бауырсақ, Бауырсақ! Мен сені жеймін! – дейді.

-   Қоян, сен мені жеме. Мен саған өлең айтып беремін: «Менің атым Бауырсақ, Бауырсақ! Қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам. Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме. Ұстатпаймын Қоян саған да!».

Содан Бауырсақ қара жолмен домалап кете барады. Оған Қасқыр кездесіп, оның да жегісі келеді.

Бауырсақ өзінің әнін Қасқырға айтып беріп, одан әрі домалай береді.

 

Бір кезде Аю жолығады:

ертегі бауырсақ ертегісі колобок на казахском сказки казахский язык для детей-  Бауырсақ, Бауырсақ! Мен сені жеймін! – дейді ол.

-  Сендей майтабанға мені жеу қайда? Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме, Қоян менен Қасқырға ұстатпағам ендеше.

-   Ал сендей ұстатпаймын мүлде де!

Сөйтіп домалай жөнеледі. Аю тек көзімен шығарып салады.

 

Бауырсақ домалағаннан домалап келе жатса оған Түлкі жолығады:

-  Бауырсақ, Бауырсақ, қайдан домалап барасың? - дейді ол.

-  Жолмен домалап барамын.

-  Бауырсақ, Бауырсақ, маған өлең айтып берші!...

ертегі бауырсақ ертегісі колобок на казахском сказки казахский язык для детей- Содан Бауырсақ: «Менің атым Бауырсақ, Бауырсақ! Қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам. Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме. Ұстатпай кеттім Қоян менен Қасқырға. Ұстатпай кеттім Аюға, ұстатпаймын саған мүлде де!» деп өлеңін айтып береді.

Түлкі оған:

- Әнің өте жақсы екен. Бірақ жөнді ести алмай тұрғаным. Бауырсақ, сен менің тұмсығыма шық та, әніңді тағы бір рет қаттырақ айтшы, - дейді.

Бауырсақ Түлкінің тұмсығына домалап шығып алып бар даусымен әнін айтады. Сол кезде Түлкі ұстап алады.

 

- Түлкі, сен мені жеп қайтесің! – дейді Бауырсақ. Жүр одан да біздікіне, Атам мен Әжеме барайық. Олар сені тойғызады.

ертегі бауырсақ ертегісі колобок на казахском сказки казахский язык для детейТүлкі келіседі. Жолшыбай өздерімен бірге Қоян, Қасқыр мен Аюды ертіп алады. Олар келсе Әжесі көп қаусырма пісіріп қойыпты. Қоянға орамжапырақ салған, Қасқыр мен Түлкіге ет салған, Аюға таңқурай салған қаусырма тиеді. Ал Бауырсақ терезенің алдында өзінің әнін айтып отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АЛДАР КӨСЕ МЕН ШЫҚБЕРМЕС ШЫҒАЙБАЙ

 

 

Ерте заманда, құйрығы келте заманда Шықбермес Шығайбай дейтін бай болыпты. Төрт түлігі сай болыпты. Қөңілі жай болыпты. Сол Шықбермес Шығайбай үйіне ешкімді қондырмайды екен, қондырса, дәм бермейді екен. Тіпті тастан да қатты сараң, өзі тойса да, көзі тоймайтын адам екен. Үйіне кісі келсе оның жауабы:

— Шық, әй! — екен. Осыдан жұрт оны Шығайбай атап кеткен екен. Шықбермес Шығайбайдың аты естілмеген ел болмайды екен. Оның «Шық-әйін» естімеген жан болмайды екен.

Қайтсем де, қалай болса да Шығайбайдан дәм татам деген талайлардың тауы шағылған болады екен.

Алдар қу! Алдардың алдамайтыны, арбамайтыны жоқ деген атақ ел-елге жайылды. Ел аузындағы мәтелге айналады.

Әй, Алдарың қанша қу болса да, Шықбермес Шығайбайды алдай алмас, — дейді жұрт. Осы сөз Алдарға жетеді. Шықбермес Шығайбайдың атын Алдар да есітеді.

— Шықбермес Шығайбайды мырза бай етпесем Алдар деген атым құрысын, — деп, Алдар аттанады. Шықбермес Шығайбайдың елін іздеп сапар шегеді. Күн-түн жүреді. Ақырында елден іргесін аулақ салған, ен далада жалғыз үй қонған Шығайбайдың үйіне келеді.

«Не істеп отыр екен бұл қу» деп, атын алысқа тұсап, өзі білдірмей келіп, жабықтан сығалайды. Сығаласа: Шығайбай қазы тіліп отыр екен. Бәйбіше нан илеп отыр екен. Тоқалы бас үйтіп отыр екен, қызы тырнаның жүнін жұлып отыр екен.

«Осыдан татпасам Алдар атым құрсын», — деп жылмаң етіп; — Кеш жарық! — деп кіріп барады.

Бұлар да жылдам екен, Алдар «кеш …» дегенді айтып болғанша қолдарындағыларын жасыра-жасыра қойып, Шығайбай таспаны, бәйбіше ұр-шықты, қызы тігіліп жатқан көйлекті, тоқалы көсеуді қолдарына алып отырыса қалады, Түк білмегенсіп, қолдарындағы іспен болып отырғансып, жайбарақат бола қалады.

«Әй, әбден-ақ әккістеніп алған екенсіндер, мызғымас қу екенсіңдер», — дейді Алдар ішінен. Амандасқансып, қол алысқансып, байға сүйкене барып төр алдына отырып алады.

«Ай көсе екенсің, жұртты құртқан қу ма екенсің! Жүрісің жылмаң екен. Жырынды болған сұм ба екенсің! Қу болсаң да, сұм болсаң да менен дәм тата алмассың», — дейді бай ішінен.

— Қайдан жүрген сұмсың? Қайда барасың? Не естіген-білгенің бар? —дейді бай Алдарға. Алдар көтеріле түсіп, күлімдеп, желдірте жөнеледі.

— Көрген білгенім көп. Жолда келе жатып үл кен сары жылан көрдім. Жуандығы тап өзіңнің астындағы қазыдай.

Артық-кем қып асырмай,

Шын айтқанда жасырмай:

Таспен ұрдым жіберіп,

Күң астындағы басындай.

Былыш етті иленіп,

Бәйбіше астындағы нанындай.

Өтірік болса сақал жұлынсын,

Қыз астындағы тырнадай.

Бәрін де осының көріп келдім,

Асыңды асшы ұрламай.

Осыны айтқаннан кейін бай:

— Шоқ түссін тіліне! — деп, астындағы қазысын лақтырып тастайды.

— Тілің кесілсін! — деп, бәйбіше астындағы нанын лақтырады.

—     Жағың қарыссын! — деп, тоқал басты лақтырады.

—     Ішің толсын, — деп, қызы тырнаны лақтырады.

—     Қазыңды аса бер бәйбіше, — дейді бай: «амал қайсы» деген пішінмен.

Бәйбіше қазанға ас салады да,

— Піс қазаным бес ай – десе.

— Отырайын он ай! — дейді Алдар, етігін шешіп тастайды да.

— Кер тағының терісін келер жылы киермін, – деп төрге орнығып отырады.

Қазан түнімен қайнайды, бірақ түсірілмейді. Алдар да отырады. «Мынау кәпір қашан жатады» деп, үн жоқ қасарып бай да отырады. Ақырында ұйқыдан шаршап шыдай алмай:

— Әй кемпір төсек сал, — дейді. Бәйбішесі төсек салады. Үй ішімен ұйықтаған кезде Алдар орнынан тұрып, қазандағы етті сүзіп алып, оның орнына тулақты турап салып қояды.

Бір уақытта бай тұрып бәйбішесін оятады:

— Мына ит ұйықтады білем. Түсір асыңды тез. Уақытымен асымызды жегізбеді-ау иті — деп сыбыр етеді.

Бәйбіше қараңғыда асты түсіреді. Бай пышақты қолға алып жіберіп.

— Жат жігітім, жат! Сазайың осы! — деп, аузына бір кесегін асап жіберсе, тісі өтпейді. Олай қыйдалайды, бұлай қыйдалайды, болмайды.

— Етін не болып кеткен. Өңкей шандыр!—деп, қатынына ұрсады. Түйіліп қалып, май сұрайды.

Ақыры Алдардан келгенін біліп, амалсыз аштан-аш жатады.

Таңертең Шығайбай жолға кетпек, болып, бәйбішесіне қонаққа көрсетпей маған нан беріп жібер, — дейді. Әйелі ошақта пісіп жатқан нанды оттан ала салып байдың қойнына тыға қояды, Мұны көре салып Алдар жүгіріп шығады.

— Е, байеке! Енді будан бұлай жолығамыз ба, жоқ па? Ақтық рет қазақ дәстүрімен достарша көрісіп айрылысалық,— деп, бара сала байды құшақтайды. Оттан жаңа шыққан нан байдың кеудесін күйдіріп кетеді.

— Ау, жарайды енді! — деген сайын қаттырақ қыса түседі.

— Ау, мына ит жегірді ит жесін! Мә деп, қойнынан нанды лақтырып тастайды.

— Ә, байеке, ит жегенше мен жейін, — деп, Алдекең барып нанды қолына алады. Бай дүзге аш кетеді.

Бай екінші күні тағы жолға шығарда бәйбішесіне бір торсық айран құйғызып, оны, көрсетпей ішінен байлап алады. Бай енді шығуға ыңғайланғанда Алдар:

— Байеке, мен сіз келгенше жүретін шығармын амандасып қалайын дейді де, құшақтаса амандасқан болып  торсықтың тұсынан қысады. Торсықтағы айран төгіліп Шығайбайдың мазасын кетіреді. Торсықты амалсыздан Алдарға беріп Шығай бұл жолы да аш кетеді.

Қөседен құтыла алмаған соң, бай Қөсенің атын сойып алмақ болады. Байдың мұнысын тағы естіп қойып, атына барады. Атының қасында байдың да аты тұр екен. Өз атының маңдайындағы қасқасы болмаса, екеуінің ешбір айырмашылығы жоқ екен. «Маған ойлайтын зиян болса өзіне тисін» деп, өз атының қасқасына сыйырдың шикі боғын жағып, жоғалтады да, бай атының басына бор жағып, қасқа ат қылып қояды. Сөйтеді де, орнына келіп жатып ұйықтап қалады.

Алғашқы күнгі етті жеп қойған да Алдар екенін біледі. Біледі де ішін ыза кернеп: «Тура тұр ,бәлем!» — дейді. Алдар ұйықтады-ау деген кезде сыртқа шығып, Алдардың атын жарып тастайды.

— Міне жігітім сазайың! — деп, өзінің істеген ісіне көңілі толып қуанып, төсегіне келіп жатып, ұйқыға кетеді.

Таңертең бай орнына« турып жатып, Алдарға айтады:

— Мына кемпір қасқа ат өліп жатыр дейді. Сенің атың болу керек жарылып қалған. Сорлы, атыңды бақпай қазан бағып жүрген не қылған адамсың! — деп қарқ-қарқ, күледі.

— Алдар тұрып:

— Қандай қасқа екен? Боқ қасқа болса менікі болар, бор қасқа болса сіздікі болар, — дейді,

Бай құдайдың ұрғанын біледі де, орнынан тура жүгіреді. Жүгіріп барса, айтқанындай өліп жатқан байдың бор қасқасы екен.

Бай күйіп кетіп, Алдарға келіп:

— Жоғалт қараңды сұм! Мен сені енді көрмеймін, — деп шығып кетеді. Сыртқа шығысымен қатынына:

— Тез жөнелт, — дейді. Бай анадай, жерге шыққан кезде жақындап барып, Алдар:

— Етігім жыртылып шұлғауым шығып жүр, Бізіңді беріп кет дейді Байдың бергісі қелмейді. Алдар жабысып жібермейді: Ақыры болмаған соң:

— Ә, алсаң алшы, аңтұрған! Ал да қараңды жоғалтшы, кәпір — дейді.

Алдар «алғысты жаудырмалатып, күліп, қала береді. Бай кетісімен оның бәйбішесіне жүгіріп келіп:

— Ал қызыңыз «Бізбикені киіндіріңіз, — дейді.

— Е, не үшін?

— Баймен келісіп, мен қызыңызды алып кететін болдым.

— Жоғал әрі, сұм! Саған қыз беретін бе еді бай, — дейді.

— Әйтпесе өз құлағыңмен естіп қал деп, сыртқа шығып, көп жерге барып қалған байдың артынан айқайлайды:

— Әй, бай! Бізбикені бермей жатыр мына бәйбішең, — дейді.

— Әй, қатын! Бер бізді! Жоғалт сол кәпірдің көзін, — деп айқайлайды бай.

— Әні, естідің бе? — дейді Алдар қасында тұрған әйелге.

— Мына кәрі ит алжыған ба өзі! Елді құртқан бір қуаяққа беріп құтырған ба? — деп, таң қалады әйелі.

Қатын-қалашқа бой берген Алдар ма? Анау-мынау дегенге көнбестен жасауын буып, қызды атқа мінгізеді.

«Алдардың ойыны осылай болады» деп, еліне тартып отырады.

 

ҚАНБАҚ ШАЛ

 

Бар екен де, жоқ екен,

Ертек-ертек, ерте екен.

Ешкілері бөрте екен,

Қырғауылы қызыл екен,

Құйрық жүні ұзын екен.

Бұрын, бұрын, бұрында Қаңбақ шал деген шал болыпты. Мал мен басқа зар болыпты. Кедейліктен шықпапты. Ол ау салып, балық ұстап, тамақ асырапты. Жел соқса, шал домалап жөнеледі екен. Содан оған Қаңбақ шал деп ат қойылған екен.

Күн сайын ауына ілінген екі балығының біреуін бір түлкі, әлімжеттік қып тартып жей береді екен. Түлкінің қорлығына шыдай алмай, шал бір күні екінші жерге көшем деп, дүние-мүлкін арқалап, жолға шығыпты. Шаршаған соң, оны бір жерге көміп кетіпті; бір жерге елдің сойған малынан жинап алған ішек-қарнын көміп кетіпті; бір жерге қарындағы айранын көміп кетіпті. Жүктің салмағымен Қаңбақ шал ұшып кетпей келеді. Жүктен арылған соң, желмен ұшып, бір жерге түсіпті. Қараса, бір дәу екі тауды біріне-бірін шақпақ қылып, ұрып тұр екен.

Дәу:

– Қайда бара жатқан шалсың? Кел, екеуіміз күш сынасайық!– деп, қазандай бір қара тасты көтеріп, аспанға лақтырып жібереді де, қайта қағып алып:– Ал, шал, сен де осылай қақпақыл етші!– дейді.

Шал сасқалақтап, қайтерін білмей, тасты құшақтап аспанға бір, тасқа бір қарап, күнімен тұрады.

Сонда дәу:

– Е, неғып тұрсың? Лақтыр!– дейді.

Шал тұрып:

– Аспанға лақтырсам, «аспан айналып жерге түседі-ау!» деп, жерге қақпай түсірсем, «жер ортасынан ойылып түсе ме?» деп, қауіп қылып тұрмын!– дейді.

Сонда дәу келіп, шалдың қолынан ұстай алады да:

– Ақсақал, лақтырмай-ақ қой, текке қырылармыз!– деп жалынып қойғызады.

Дәудің ақылы таяздығын біліп, шал ерленіп, оған:

– Кел, жердің ішек-қарнын шығарайық!– дейді.

Дәу жүгіріп келіп, жерді теуіп қалады. Жер тізеден ойылады. Ештеңе шықпайды. Шал өзі бұрын көміп қойған, қан-жыны арылмаған ішек-қарын жатқан жерді жүгіріп барып, теуіп қалса, ішек-қарын шыға келеді. Дәу жаман қорқады.

Сосын шал:

– Кел, енді жердің миын шығарайық,– дейді.

Дәу пәрменімен келіп, жерді теуіп қалады. Жер тағы да тізеден ойылады. Ештеңе шықпайды. Шал манағы айранын көміп кеткен жерді жүгіріп барып теуіп қалса, бырқ етіп айран шыға келеді. Дәу одан бетер қорқады. «Мына шал не деген орасан күшті»,– деп, шалдың айтқанын істей береді. Ақыры, шал одан қалай құтыларын білмей:

– Енді кайт! Ертең бізге қонаққа кел,– дейді.

Дәу:

– Жарайды,– деп кетіп қалады.

Шал үйіне келіп, кемпіріне:

– Ертең дәу қонаққа келеді,– дегенде:

– Ойбай, немізді береміз?–деп сасады кемпір.

Шал тұрып:

– Ертең дәу келеді. Мен есіктің алдында отырармын. Сонда сен оның көзінше: «Не істеймін, шал?»– деп маған қара, мен не десем, соны істемекші болып, пышақты алып, тұра ұмтыл!– деп, кемпіріне үйретіп қояды.

Ертеңіне үш дәу келіп, досының үйінде отырады. Сол кезде кемпір отырып:

– Шал, нені асамын үйдегі қонаққа? Түк жоқ! – депті.

Сонда шал тұрып:

– Басқы дәудің басын ас, ортаншы дәудің төсін ас, ол жетпесе, досым дәудің өзін ас!– дегенде, кемпір пышағын алып, тұра ұмтылады.

Үш дәу тым-тырақай қаша жөнеледі. Досы лашық үйін басымен көтеріп, алып кетеді. Шал айқайлап:

– Әй, досым, лашығымды тастап кет! Қайда барсаң да, құтылмайсың!– дейді.

Дәу лашықты тастай сала, қашып бара жатса, баяғы әлімжеттік қып балығын тартып жей беретін түлкі жолығады.

– Тақсыр, қайдан қашып келесің?– дейді түлкі.

– Бір пәле шалдың қырсығынан құтыла алмай қашып келеміз,– дейді дәулер.

Түлкі:

– Сол Қаңбақ шалдан қорқып жүрсіңдер ме? Менімен жүр, мен сенің өшіңді алып берейін,– деп, дәуді ертіп, шалды іздеп қайта келе жатса, шал лашықтың жанында тұр екен. Түлкінің ертіп келе жатқанын көріп, шал айғай салады:

– Ей, түлкі-ау? Арғы атаңда алты атамның құны бар, бергі атаңда бес атамның құны бар, өзіңде бітіспейтін кегім бар еді, үш дәуді соның үшін бергелі келе жатырсың ғой! Бәрібір онымен бітпеймін!– деп дауыстайды.

Сонда дәу қорқып: «Бұл бізді сол аталарының құнына беруге алдап алып келе жатыр екен ғой!»– деп ойлап, түлкіні құйрығынан алып жерге бір ұрып өлтіріп, алды-артына қарамастан қаша жөнеледі. Сөйтіп, Қаңбақ шал дәулер мен түлкіден осылай құтылған екен дейді.

 

 

ӘДЕПТІЛІК

 

Біз әдепті баламыз

Айтқан тілді аламыз

Үлкендерге жол беріп

Біз ақылды боламыз

 

КІШКЕНТАЙ БАЛА

 

Мен кішкентай баламын

Кітап оқи аламын

Дәптер, қалам, сызғышты

Сөмкеме өзім саламын

 

Балықтар

 

Су астында балықтар

Сазан, шортан, бекіре

Неше түрлі балық бар

Шошытасын секірме

 

Ағаш егу

 

Жақсылықты қолдаймыз

Табиғатты қорғаймыз

Гүл егеміз бақтарға

Айналасын қоршаймыз

 

 

 

ҚУЫРМАШ

 

Қуыр, қуыр, қуырмаш

Қуыр, қуыр, қуырмаш,

Мен айтайын қолыңды аш!

 Мынау тұрған бас бармақ,

Жұмыс содан басталмақ.

 

Алақанның тұңғышы

Болсын осы жылқышы.

 Балаң үйрек жанында,

Бейім сиыр бағуға.

 

Отран терек - ұзыны,

Түйе бақсын, қызығып!

 Шылдыр шүмек - бұл саусақ,

Қой бағуды тұр аңсап.

 

Титтей бөбек-шынашақ,

Сен дайында жер ошақ.

 Білекке енді барайық,

Онда не бар табайық:

 

Мына жерде күн болар,

Мына жерде түн болар.

 Мына жерден ай шығар,

Мына жерден май шығар.

 

Бәрін айтып болдық па?

Келіп қалдық қолтыққа!

 Қытық, қытық, қызық-ай,

Міне, өрік, міне, май!

 

Қуыр, қуыр, қуырмаш,

Бидай салам, қолыңды аш.

 Төгіп алмай, күлем деп,

Балапанға барып шаш

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспект урока: "Мақта қыз бен мысық""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог-консультант

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

МАҚТА ҚЫЗ БЕН МЫСЫҚ Екеуі дос болып жүреді. Бір күні Мақта қыз үйін жинап жүрсе, бір мейіз тауып алады. Мысықты шақырады. Шақырады – келмейді, шақырады – келмейді, сосын «келмесең, келме», – деп, мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң мысық келіп: – Неге шақырдың? – деп сұрайды. Мақта қыз айтпайды. Сосын мысық айтады: «Ендеше қатығыңды төгем», – дейді. Мақта қыз: «Мен құйрығыңды кесіп аламын», – дейді. Мысық қатықты төгеді.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 650 435 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.04.2020 641
    • DOCX 342.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Семенова Вера Александровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Семенова Вера Александровна
    Семенова Вера Александровна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 73612
    • Всего материалов: 223

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 473 человека из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 319 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 283 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 846 человек

Мини-курс

Искусственный интеллект: тексты и креативы

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 238 человек из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 21 человек

Мини-курс

Психология расстройств пищевого поведения

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 163 человека из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 84 человека

Мини-курс

Технологии и автоматизация в машиностроении

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе