Главная / Школьному психологу / Конспект урока "Зейінді дамыту"

Конспект урока "Зейінді дамыту"

Зейінді дамытуға араналған тренинг: «Мергендер»


Мақсаты: Зейін процессінің ерекшелігімен танысу. Зейінді оқушыны анықтау, зейінділікті дамыту.

Жабдықталуы: қызыл – қара таблица, Мюнхенбергтің әдісі бойынша ақ параққа жазылған әріптер, қалам, дәптер.


  1. Тренингкке қатысушыларға, ойынның мақсаты және шарттары түсіндіріледі.

  2. «Сөзді бұзу» жаттығуы.

Мақсаты: зейіннің концентраты мен тұрақтылығын жаттықтыру.

Нұсқау: қазір біз кемі екі ойыншыдан тұратын екі команда құрамыз. Екі команданың ішінен бірінші нөмірлі ойыншы мен екінші нөмірлі ойыншыны анықтаймыз. Бірінші ойыншылар бір-біріне бетпе-бет қарап тұрулары қажет және дауыстап біреу 100-ге дейін жұп сандарды айтса, екіншісі 99-ға дейін тақ сандарды айтып шығулары тиіс. Ал екінші нөмірлі ойыншылар бірінші нөмірлі ойыншылардың шатасып кетпеуін бақылап отыру қажет. Егер шатасқан болса, ол туралы жүргізушіге хабарлаулары тиіс. Осылай кімде-кім жаңылыспай 100-ге немесе 99-ға дейін бірінші болып санап шығатын болса, сол команда жеңіске жетеді.

10 минут.

  1. «Шыбын» ойыны: Тақтаға тігінен он клеткадан және көлденен он клеткадан тұратын төрт бұрыш сызылады, оның кезкелген жеріне нүкте салынады, Осы нүктені «шыбын» деп атаймыз. Сонан соң жүргізуші шыбын бір клетка жоғары, төрт клетка оңға, бес клетка солға, алты клетка төмен дегендей нұсқау береді, шыбын қонды деген кезде оқушылар «шыбын» қайда қонып тұрғаны туралы айтып нүктені сол жерге ауыстырады, дұрыс тапқан оқушы жүргізушінің орнын ауыстырып өзі «шыбынның» ұшу жолын айтады, қалған оқушылар оны табу керек.

  2. «Пионино» әдістемесі: Оқушылар шеңбер құра отырып, екі жағындағы адамдардың тізесіне қолдарын қояды, Сонан соң жүргізуші қасындағы адамның тізесінен бір рет түртеді, келесі қол екі рет түрту керек, одан кейінгі қайтадан бір рет түрту керек. Ойын осылай жалғасын табады. Шатасып қалған оқушы ойыннан шығып отырады, шеңберде бір адам қалғанша ойын жалғасады, сонына дейін жеткен оқушы ең зейінді оқушы атанады.

  3. «Жануарды қалдырып кетпе (өсімдік, мамандық)»

Сөздер қатары оқылады. Балалардың мақсаты мысалы, мамандық кездескен кезде қолмен шапалақтауы керек. Келесі жолы өсімдікті білдіретін сөзді естіген кезде орындарынан тұрады. Одан кейін екі тапсырманы біріктірсе де болады.

Жаттығу зейіннің ауысу мен бөліну жылдамдығын, ықыластылықты дамытады, одан басқа баланың танымдық белсенділігін және ой-өрісін кеңейтеді.



1-нұсқа Жануарлар

үстел, кітап, жылқы, үстел, есік, жүзім, ит, қайшы, қалам, туфли, қарындаш, доп, терезе, мысық, етік, ешкі,шыны, үй, жол, алма, ағаш, кілем, арыстан, қабырға, шатыр, қарбыз, шыңғы, қар, жолбарыс, жастық, дәптер,қасық, мұз, шырша, қоян, қасқыр, галстук, лимон, аю, анар, шәйнек, тәрелке, сөре, май, күрте, тиін.

2-нұсқа Мамандық

МАШИНА, АЮ, МЫЛТЫҚ, КЕНГУРУ, СЕКІРГІШ, ШӘЙНЕК, ТҮЛКІ, ФОТОГРАФ, КІРПІ, МЫСЫҚ, МУЗЫКАНТ,САМСА, ЖОЛБАРЫС, ӘРТІС, ШАМ, БҰЛАН, МАЙМЫЛ, ГАЗЕТ, МҰҒАЛІМ, ӘЗІЛ, ПІЛ, КҮН, ТЫШҚАН, БАС,ЖАҒАЛАУ, ОРМАН, ИТ, САМАУЫР, ҚАСҚЫР, БАС КИІМ, ӘНШІ, ЖЫЛАН, ҚОЯН, АТ СӨЗДІК, БУХГАЛТЕР, БИ,СИЫР, АТҚЫШ

Вариант 3 Ағаштар

ЖОЛ, ҚАЙЫҢ, ҰШАҚ, БИДАЙ, БӘЙШЕШЕК, ЖЫЛАН, ЕМЕН, ҚУЫРШАҚ, САҢЫРАУҚҰЛАҚ, МЕКТЕП, ИТМҰРЫН,ТАҢҚУРАЙ, ТЕРЕК, ҚҰМЫРСҚА, КЕСЕ, ҚАРАҚАТ, ШЕГЕ, МҰРАЖАЙ, ТЕАТР, ОЙЫН, ШАЯН, ТОРҒАЙ, ПАЛЬМА,ДҮКЕН, КИНО, КЕНГУРУ, ҚЫЗҒАЛДАҚ, ҚАЛА, ИТ, ҚАЛАҚАЙ (КРАПИВА), ШЫРША, ҚҰМЫРА, СҮТ, ТҮЙМЕДАҚ,АСҚАБАҚ, ҮЙШІК, ОРМАН, ҚАРАҒАЙ, ТЕМІРЖОЛ, КҮНДЕЛІК, ӨНЕР, МУЗЫКА, КӨКТЕРЕК, БАЛЕТ, ЖАҢБЫР…

Вариант4. Мамандықтар

ШАМ, ЖҮРГІЗУШІ, ҚАЙШЫ, МАШИНА ЖӨНДЕУШІ, ЕМЕН, КҮЗЕТШІ, АЛМА, СӨЗШЕҢ, АРХИТЕКТОР,ҚАРЫНДАШ, ҚҰРЫЛЫСШЫ, НАЙЗАҒАЙ, ШЕҢБЕР, САТУШЫ, ДИІРМЕН, ТІГІНШІ, ТОТЫҚҰС, АСПАЗ,ШАХТЁР, ПАРАҚ, САЯХАТШЫАУДАРМАШЫ, САБАН, ШЫДАМДЫЛЫҚ, ЖҮРГІЗУШІ, КӨЗІЛДІРІК, ӨЗЕН,ӘНШІ, ДӘПТЕР, ЗАҢ, ШАШТАРАЗБАҒБАН, ҚИЯЛ, ТРАКТОРШЫ

«Ұшады - ұшпайды»

Сөздер қатары оқылады. Балалардың мақсаты ұшатын объектіні естіген кезде қолмен шапалақтауы қажет.

ТЕРЕЗЕ, МҰЗ, ТОРҒАЙ, ӘЙНЕК, КІТАП, МАСА, ШУ, ТЕМІР, ҰШАҚТОҚЫЛДАҚ, СУ, БАҚША, ТІКҰШАҚ, ҚАНАТ,ҚАЛПАҚ, ИНЕЛІКҚАРЛЫҒАШ, СИЫР, САРЫ МАСА, МЫСЫҚ, АРА, ЕДЕН, ҚОЛ, БЕТ, ҮСТЕЛ, ЗЫМЫРАН,ОРЫНДЫҚ, ЫДЫС, КӨБЕЛЕК, САНДЫҚ, НАН, САУЫСҚАН



«Жеуге жарамды – жеуге жарамсыз»

Сөздер қатары оқылады. Балалардың мақсаты жеуге жарамды сөзді естіген кезде қолмен шапалақтауы қажет.

Барабан,кубик, шұжық, тәрелке, ірімшік, орамал, теледидар, мәйке, қолтырауын, торт, қасық,диван,қарбыз, кірпі, нанайран, ақыман, кесе, банан

кәмпит, үстел, сабын, сәбіз, қағаза, йогурт.


  1. Тренингкке қатысушылар ойынды талқылап, жүргізуші кері байланыс орнатады. Әр қатысушы тренингтегі қызықты жерлері және қиын мәселелер туралы айтады.



Конспект урока "Зейінді дамыту"
  • Школьному психологу
Описание:

Ұстаздық киелі әрі өте көне мамандық. Адамзатты ежелден ойландырып, толғандырып келе жатқан, қоғамдық құрылыс өзгеріп жатса да, қажеттігін жоймайтын маңызды мәселе-жас ұрпақты өмір сүруге дайындау. Бұл қиынның-қиыны. Себебі әр адам-қайталанбас жеке тұлға. Әр адамның жан дүниесі өзінше бір әлем.

Қай қоғамда болмасын шешуші фактор-адам және жеке тұлға болып қала бермек. Ғасырлар бойы қалыптасқан рухани құндылықтарымызды, байлығымызды түгендеу, игеру, жас ұрпақ бойына игі қасиеттерді сіңіру-бүгінгі ұстаз психологтардың негізгі жұмыстарының бірі.

Ең бастысы ұстаз адами қасиеті мол, басқаға қайырын тигізуден шаршамайтын, шалдықпайтын өмірінің әр шақтарын қиып, ұрпағының ертеңіне жол ашатын, шуағы мол шапағат иесі. Ұлағатты шайыры, адам жанының адал бағбаны болған жөн.Ұстаз- психолог бойындағы білім мен мінез үйлесімділік тауып, шәкіртке деген ұлы махаббатпен тоғысып жатса, әрбір шәкіртіне жеке тұлға деп қарап, адал жүрегін ұсынса , өз ісін жан тәнімен сүйіп істесе, нағыз ұстаз- психолог болмақ.

Ұстаз- психолог шәкіртіне ана да, әке де болады. Шәкірттерін туған ата – анасындай баурап, оның жанын терең түсінетін балажан, кішірейіл, қайырымды, инабатты, жанын сала жақсылық жасайтын гумманист бола білсе ғана нағыз психолог болмақ деп ойлаймын.

Ұстаз- психолог бен шәкірт арасында шынайы достық қарым – қатынас орнаса бала сенімі нығайып, үй – ішінен жасырған сырын айта алатын сырлас досқа айналады. Оның жан сарайының кілтін тауып сезім құбылыстарын дөп басатын психолог бола алуы керек.

«Әлемніңөзгеруінқаласаң , солөзгерудің алғашқысыөзің бол» дептұжырымдама жасағанМахатма Ганди айтқандай әрбір ұстаз да, шәкірт те өмірдің түрлі өзгерістеріне немесе сынақтарына кезігіп жатады, сол сынаққа дайын болу үшін мен оқу үрдісінің басты кейіперлерінің рухани мықты болуы баста назарда ұстаймын.

Мектеп өмірінде ұстаз- психологтың негізгіжәне аса маңызды атқарар ісі жалпы мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас психологиясын реттеу болғандықтанмен өз тәжірибемде балалар мен ұстаздардың өзара қарым- қатынасын нығайту мақсатында ақпараттық инновациялық технологияларды, ойындық технологияларды, сыни тұрғыдан ойлау технологияларын пайдалана отырып оқушының ұстаздардың жаңа заман ағымының талаптарына сай психологиялық, тұлғалық қасиеттерін арттыруға күш салып келемін.

Мектеп өмірінің басты кейіпкерлері ұстаз бен оқушы болғандықтан, өзарақарым- қатынастарының жағымды болуы, білім сапасыныңарта түсуіне ықпалын тигізетініне кәміл сенімдімін.

Автор Турмаганбетова Асем Бахытжановна
Дата добавления 26.02.2016
Раздел Школьному психологу
Подраздел Конспекты
Просмотров 271
Номер материала MA-065196
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓