Главная / Начальные классы / конспект урока по математике "Повторение" (1 класс)

конспект урока по математике "Повторение" (1 класс)

hello_html_m6f200c64.gif













Нурпеисова Жибек Сакеновна

Учитель начальных классов

Категория:вторая

Стаж: 19

КГУ «Средняя школа №18»

акимата города Рудного.

Сынып: 1

Пән:математика

Тақырыбы: Өткенді қайталау. Өрнектер. Салыстыру.






















Сабақтың тақырыбы: Өткенді қайталау. Өрнектер. Салыстыру. (Жеті лақ ертегісін пайдалану)
Сабақтың мақсаты:  Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімдерін жүйеле, тиянақтау. 
Сабақтың міндеттері:

Білімділігі: Оқушының білімге деген құштарлығын арттыру.
Дамытушылығы: Ойлау қабілеттерін дамыта отырып, ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорларын молайту, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру, сөйлеу мәдениетін дамыту. 
Тәрбиелігі: Өз білімдерін пайдалана білуге, ізденімпаздыққа, еңбек етуге тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ (дүниетану, еңбек, музыка, сауат ашу, бейнелеу өнері, өзін-өзі тану, дене шынықтыру)
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,ертегі 
Сабақтың көрнекілігі: презентация.
Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі 1. Сабаққа назарын аудару. 
Бүгін бізде ерекше сабақ болады.Сендердің білімдеріңді көруге қонақтар келіп отыр.Бір сабақта бірнеше пәннен білімдерімізді қайталап ертегілер еліне саяхатқа шығамыз.Сабағымыздың мақсаты:Өткен тақырып бойынша білімдерін жүйелеу, тиянақтау Сабақта алаңдамай,еркін еңбек етіңдер.Өз ойларыңды қысылмай,ашық айтыңдар.Мен сендерге сәттілік тілеймін. 
2. Психологиялық дайындық. 
Мұғалім: - Екі көз не үшін керек ? 
Балалар: - Жақсылықты көру үшін. 
Мұғалім: - Екі құлақ не үшін керек? 
Балалар: - Ақыл-кеңес тыңдау үшін. 
Мұғалім: - Екі қол не үшін керек? 
Балалар: - Елге көмек беру үшін. 
Мұғалім: - Екі аяқ не үшін керек? 
Балалар: - Шетте жүрсең, 
Туған жерге жету үшін. 

Мұғалім:

-Ал жүрегің не үшін керек?

Балалар: - Бар жақсыны сезініп, ал қиналғандарға көмек қолын беру үшін.
- Балалар, бір-біріңнің қолдарыңнан ұстап, көздеріңді жұмып, бүгінгі сабаққа сәттілік тілейік. Бір-бірлерімізге жақсы тілектер айтсақ бүгінгі сабағымызда «Жеті лақ» ертегісіндегі ешкінің лақтарын қорғауға көмектесеміз. Сендер ертегіні білесіңдер сол ертегі аздап өзгеріске ұшырап тұр, ондағы қасқыр ешкіге оңайлықпен лақтарын беретін түрі жоқ. Оған 6 лағын құтқару үшін 6 түрлі тапсырмалар беріп отыр соларды орындауға көмектесе аласыңдар ма?

Ендеше 1-тапсырма (еңбекке баулу)
Сәуір айында болған мерекені еске түсірейікші.Дұрыс 12 сәуір ғарышкерлер күні.Ең бірінші ғарышқа Ю.А.Гагарин ұшты,ал қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров,Талғат Мұсабаев екен. Ойын «Құрастыр» геометриялық пішіндерден зымыран (ракета) құрастыр

2-тапсырма (сауат ашу)
Буындардан сөз құраймыз Ай, дар, гүл, ман, ша, наш, бар, нұр, шат.
-Неше адамның аты құралды? 
-Сегіз (8) 
-Ендеше 8 санының құрамын айта қойыңдаршы. 
3-тапсырма (дүниетану)
-Балалар қасқырдың ендігі тапсырмасы есеп. Есептің неше құрамды бөліктері бар,атаңдаршы. 
- Дұрыс шарты,сұрағы,шешуі,жауабы. 
- Олай болса мен есепті оқимын сендер мұқият тыңдаңдар. 
Балалар мектеп жанына 6 үйеңкі және 4 емен ағаштарын отырғызды. Балалар мектеп жанына неше ағаш отырғызды? 

Үйеңкі-6 
Емен-4 
Барлығы-? 
Шешуі:6+4=10 
Жауабы:10 ағаш 

Ағаштарды не үшін отырғызамыз? Ағаштарға нелер зиян келтіреді? Оларды қандай құс емдей алады? (тоқылдақ)

Сергіту сәті

Балдырған баламыз (өздерін көрсетеді) 
Досты көп табамыз (құшақ жаяды) 
Өзара достасып, (бір-біріне қарайды) 
Сенімді боламыз. (қол алысады) 
4-тапсырма (дүниетану)

-Балалар біз сәуір айының мерекелерін білдік, енді келесі мамыр айының алғашқы мерекесін кім біледі? Сол мерекені қасқыр білмейді екен.
-1-мамыр достық,бірлестік,ынтымақтастық күні. Біздің Республикамызда көп ұлттар тұрады. Қазақта мақал бар «Бірлік болмай-тірлік болмас» ендеше қазір бірігіп ойланып мына мысалдарды шығарып, салыстырайық. Әйтпесе қасқыр ашуланып, ешкіге лақтарын бермей қояр.
2*9-2 3+5*5 2*4+5 
1*6-2 4-2*3 9*5-4 
2*5+1 2+2*5 5*4+5 
5-тапсырма (дүниетану)

  1. Қасқыр сендерген өзі мағынасын білмей мынандай тапсырма әкеліпті. Есеп құрастыр. Балалар қасқырға алдымен өзге аңдар немен қоректенетінін білгізейікші, мүмкін сонда қатесін түсінетін шығар.
    (Аңдардың дұрыс қоректенуін сәйкестендірейік)

  2. Түлкі 6 жаңғақ 
    Қоян 5 өсімдік 
    Тиын 4 сәбіз

6-тапсырма: (бейнелеу)

Қасқыр келесі тапсырмасын мынандай конвертке жасырып қойыпты. Мұнда не бар екен?!

Карточкамен жұмыс делінген. Берілген суреттегі бөлме өсімдіктерін тауып, боя. Боялмаған суреттер мен боялған суреттердің санын салыстыр.

http://allmum.ru/uploads/gallery/main/31/trees_and_flowers_coloring_pages_14_2.pnghttp://101coloringpages.com/wp-content/uploads/2010/02/Flower2.jpghttp://sunduchock.ladybye.ru/wp-content/uploads/2011/03/22363690_oduvanchik.jpg http://img1.liveinternet.ru/images/attach/c/1/57/754/57754678_1271234983_26192531_1212265007_45621_33116318423634631.jpg http://go2.imgsmail.ru/imgpreview?key=354a2bc4cc57ba5f&mb=imgdb_preview_1732

ІІІ.Қортындылау 
-Алақай қасқырдың берген барлық тапсырмаларын орындадық ол лақтарды босатты, ешкіге көп көмегімізді тигіздік. Ешкі тәрізді тағы көмек сұрағандар болса көмек көрсетеміз бе?
 
-Иә,міне бүгінгі сабағымызда қасқырдың тапсырмаларын орындадық. Тапсырмалар қиын болды ма? 
-Қай тапсырма қиын болды? 
ІҮ. Рефлексия 
-Сабақ сендерге ұнады ма? Несімен ұнады? 

Сабақ ұнаған жағдайда көгалға қолдарыңдағы ешкінің суретін, ұнамаған жағдайда қасқырдың суретін іліңдер.

http://img-fotki.yandex.ru/get/5814/89635038.619/0_6fb11_2b7c0dc2_XLPIC_0067

Ү. Бағалау. Сабаққа қатысқан балаларды бағалау
-Балалар осы тапсырмаларды орындауды қайдан үйрендіңдер?

-Әрине мектептен. Ендеше барлығымыз орнымыздан тұрып музыкадан өткен «Үйретеді мектепте» әнімен сабағымызды аяқтаймыз. 




конспект урока по математике "Повторение" (1 класс)
  • Начальные классы
Описание:

Бұл 1 сыныптың математика пәнінен жасалған сабақ жоспары. Сабақ кіріктіріліп жасалған. Дүниетану, әдебиеттік оқу, музыка пәндерімен пәнаралық байланыс бар. Бастауыш сынып оқушысының білім алуына бағытталған сабақ. Оқушының ойлау қабілетін арттыруға бірнеше тапсырмалары бар. Оқушылардың сөздік қорын дамыту. Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, алғырлыққа, ұқыптылыққа баулу. Өз бетімен жұмыс істеуге үйрету, математикалық логикалық тапсырма, ойын лабиринттері арқылы ойлау қабілеттерін арттыру. Суретпен жұмыс істеу арқылы өз беттерімен сөз тіркестерін қалыптастырып сөйлемдер, әңгімелер құрай білу деңгейіне жеткізу.

Автор Нурпеисова Жибек Сакеновна
Дата добавления 27.12.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров 484
Номер материала MA-063448
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓