Главная / Начальные классы / конспект урока по казахскому языку по теме "Уакыт" (3 класс)

конспект урока по казахскому языку по теме "Уакыт" (3 класс)

Сабақтың тақырыбы: Сағат неше?


Сынып: 3


Сабақ мақсаттары:

Білімділік: Оқушыларды уақыт тақырыбына байланысты сөздермен таныстыру,сағаттардың өзіндік ерекшеліктері туралы түсінік беру.


Міндеттер: -ойларын жинақтап айтуға үйрету;

-оқушыларды саналылыққа,ұқыптылыққа баулу.


Сабақтың түрі: Жаңа сабақ


Құралдар: оқулық,видеокамера, фотоаппарат, үлестірме А-4 парақтар, бағалау парағы, көңіл-күй дидары, қабырға сағаты, дәптер, интербелсенді тақта, флипчарт, маркерлер, фломастер.


Әдіс-тәсілдер: Жұппен, топпен жұмыс,диалог, АКТ, қалай оқу керектігін үйрету,өзіндік реттелу әдісі,мозаика құру әдісі, «Топтастыру» стратегиясы.


Оқыту нәтижесі: -мәтін құрастыра біледі;

-өздері ұнататын жыл мезгілдері туралы әңгімелеп береді;

- ауызша тілдесімде жаңа сөздерді қолдана біледі.


Сілтеме: 3- сынып Қазақ тілі, А.Қайырбекова «Атамұра» 2010ж.


Сабақ кезеңдері

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың

іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі:

2 мин

Сәлемдесу:

Салем достым! (амандасады)

Сен қалайсың? (иықтарынан қағады)

Қайда болдың? (құлақтарынан тартады)

Мен сені сағындым! (қолдарын жүректеріне қояды)

Сен келдің (қолдарын жаяды)

Жақсы болды (құшақтайды)

Оқушылар көрсетілген іс-қимылдарды қайталайды.

Қағазға жазылған сандарды таңдап алуларына байланысты «Құм сағат» алғандар 1-топқа «Су сағат» алғандар 2-топқа, «Қол сағат»алғандар 3-топқа орналасады.

3 топқа оқушылар топтасады.




ОүБ.

Білу

8 мин




Аудиотаспаны қосу. Жұмбақты шешу арқылы жаңа сабақты ашу.

Бұрасаң тетігін,

Соғады жүрегі.

Өлшемін түн мен күн,

Әркім-ақ біледі.

Дұрыс балалар.Бұл-сағат.Сағаттың пайда болу тарихынан не білесіңдер?

Аудиотаспадан жұмбақты тыңдайды,ойлайды, шешуін табады. Бұл-сағат.Сағат уақытты білу үшін керек.






АКТ, ДО, СТО

Жаңа сөздермен таныс-

тыру,айтылуын,жазылуын үйрету

Сағат – часы

Сағат неше? – Который час?

Таңертең – утром

Түсте – в полдень

Қол сағат –наручные часы

Кешке – вечером

Ертең – завтра

Бүгін – сегодня

Кеше – вчера

Уақыт қанша, айтыңызшы? –скажите,пожалуйста, который час?

Қазір уақыт қанша? – Сколько сейчас времени?

Көрсетеді – показывает (о времени)

Сөздерді айтады,жазады.Сөз тіркестерін құрастырады.

Сұрақ:

Сендер сөйлемді құрастыру үшін жаңа сөздерді қалай қолданар едіңдер?Как бы вы могли применить новые слова для составления предложений? Үш сөйлем жазыңдар (+,?,-) Напишите три предложения (+,?,-)

Өлшем:

-тақырып бойынша жаңа сөздерді білемін.

-қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға үйренемін.

-мен жаңа сөздермен сөйлем құрастыра аламын.

Топтар өзара бір-бірлерін смайликтер арқылы бағалайды.


ОүБ, СТО, ДО

Түсіну

5мин

Мозаика құрастыру.
Мозаиканы дұрыс құрастырсақ С дыбысының элементін жазамыз.
1. «С» дыбысын қай сандыққа салдық? – сары
2. «С» дыбысы қандай дыбыс? –дауыссыз
3. «Са» буынынан басталатын адам атын ата – Саша,Самал
4. Біздің сыныпта С дыбысынан басталатын оқушы аты бар ма?- Сергей,Санжар
5. Сүт сөзіне дыбыстық талдау жаса – с-дауыссыз,қатаң, ү- дауысты, жіңішке, т-дауыссыз, қатаң
6. «Сағат» сөзіне сөйлем ойла:
7. «С» дыбысынан келетін сандарды ата: - сегіз, сексен
8. Бүгін қандай мәтінмен таныстық? –Уақыт
9. Біз уақытты неге қарап білеміз? –сағатқа

- Жұппен жұмыс



ОүБ, СТО, ТжД, ОмОЖТ




Қолдану


8 мин

Топпен жұмыс

Оқушылардың сыни ойлауын дамыту мақсатында 1-топқа «Топтастыру стратегиясы» беріледі. Сағаттардың түрлерін және олардың қасиеттерін жазу қажет.

2-топқа Кестемен жұмыс

Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қой. Менің дәптер... , үй... терезесі, Абзал... сұрақ қой, Асан... шақырып кел,Мен үшінші сыныпта оқи...

3-топқа Мәтіннен қанша? сұрағына жауап беретін сөздердің астын сыз. Дүкенде жейде сатылады. Жейде екі мың теңге тұрады. Көйлек үш мың теңге тұрады.Түрлі түсті қарындаштар жүз елу теңге тұрады.Дәптер он сегіз теңге тұрады.

Оқушылар жазғандарын жұбына береді.Қателерін түзетеді.

Сұрақ: Сендер оқытылып жатқан материалдан негізгі ақпаратты ұсына және таңдау жасай аласыңдар ма? Смогли бы вы выбрать и представить ключевую информацию из изученного материала?

Өлшем:

- мен сөйлемді қалай құрастыру керектігін білемін.

- ақпараттың негізгісін таңдай білемін.

Топтар өзара бір-бірлерін бағдаршам арқылы бағалайды.


СТО,ОүБ, ДО, ОЖЕСОжО,

ОмОЖТ

Сергіту сәті

2 мин

Баяу музыка қойып мен жасаған қимылды оқушылар қайталайды.

Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Бесті беске қосайық
Қатты-қатты соғайық.
Орнымыздан тұрайық
1,2 деп бастайық,

Топ-топ басайық
Сәл дем алып болған соң
Орнымызға барайық.


Талдау




8 мин

Құм сағаты мен қол сағаттың айырмашылығын мен ұқсастығы қандай? Флипчарт жасайды.


1361856371


1353990209

Жеке орындап сосын жұбына,тобымен талқыға салады.Ойланады,салыстырады,

талқылайды.Флипчарт жасайды. - Топпен жұмыс.

Сұрақ: Ненің көмегі арқылы құм сағаты мен қол сағаттың айырмашылығы мен ұқсастығын бейнелей аламыз?

  1. Суреттерді қарайды.

  2. Жоспар суретін салуда қажет болатын белгі (шарттарын) ауызша сөйлеседі.

  3. Жоспар құру.

Өлшем (критерии) :

- Мен белгі (шарттарын) білемін.

- Мен жоспарға сәйкес сурет сала аламын.

Бағалау: Екі жұлдыз, бір ұсыныс.


ОүБ, СТО, ОЖЕСОжО,АКТ,БжК, ТжД

Жинақтау

8 мин

«Менің бос уақытым» тақырыбына шағын шығарма жазыңыздар.

Бағалау қағазындағы өлшемдер бойынша жұп жұмысын бағалайды.

ОүБ, СТО.

Бағалау

4 мин

Өзге елдердің сағаттарындағы уақыт айырмашылығын салыстыру.

Осы тақырып бойынша не білді және сабақ барысында жауап ала алмаған сұрақтың жауабын алу үшін бір сұрақ әзірлейді. Бағалайды,талқылайды.

СТО,ОүБ, ДО


конспект урока по казахскому языку по теме "Уакыт" (3 класс)
  • Начальные классы
Описание:

Сабақтың тақырыбы: Сағат неше?

Сынып: 3

Сабақ мақсаттары:

Білімділік: Оқушыларды уақыт тақырыбына байланысты сөздермен таныстыру,сағаттардың өзіндік ерекшеліктері туралы түсінік беру.

Міндеттер: -ойларын жинақтап айтуға үйрету;

-оқушыларды саналылыққа,ұқыптылыққа баулу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Құралдар: оқулық,видеокамера, фотоаппарат, үлестірме А-4 парақтар, бағалау парағы, көңіл-күй дидары, қабырға сағаты, дәптер, интербелсенді тақта, флипчарт, маркерлер, фломастер.

Әдіс-тәсілдер: Жұппен, топпен жұмыс,диалог, АКТ, қалай оқу керектігін үйрету,өзіндік реттелу әдісі,мозаика құру әдісі, «Топтастыру» стратегиясы.

Оқыту нәтижесі: -мәтін құрастыра біледі;

-өздері ұнататын жыл мезгілдері туралы әңгімелеп береді;

- ауызша тілдесімде жаңа сөздерді қолдана біледі.

Сілтеме: 3- сынып Қазақ тілі, А.Қайырбекова «Атамұра» 2010ж.

Автор Бейсембаева Аян Сейтмуханбетовна
Дата добавления 29.05.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров 876
Номер материала 59753
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓