- Учебник: «Информатика», Семакин И.Г., Залогова Л.А., Русаков С.В., Шестакова Л.В.
- Тема: § 8. Что такое программирование
- 31.12.2020
- 499
- 5
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері.Сабақтың мақсаты:Білімділік:Оқушыларға ОЖ - і бақарудың негізгі тәсілдерін түсіндіре отырып, объектілермен жұмыс жасай білуге үйрету.;Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, информатика кабинетіндегі техникалық құралдармен жұмыстар жасап танысқан кезде және практикалық жұмыстар жасаған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу;Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық –абстракциясын дамыту.Сабақтың типі: жаңа материалды үйрену сабағыСабақтың түрі: аралас сабақСабақта қолданылатын көрнекті құралдар: ДК, ж/дәптері, слайдтар, тапсырмалар. Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі2.Үй тапсырмасын тексеру.3. Жаңа тақырыпты түсіндіру4. Сабақты бекіту5. Сабақты қорытындылау 6. Бағалау7. Үй тапсырмасы I. Ұйымдастыру кезеңі: -оқушылармен сәлемдесу -оқушыларды түгелдеу -сабаққа дайындықтарын тексеру -зейіндерін сабаққа аударып, сабаққа мұқият қатысуын бақылау.II. Үй тапсырмасын тексеру:Біз өткен сабақта ОЖ дегеніміз - ол есептеу процестері мен компьютерді басқару және пайдаланушы мен аппаратураны байланыстыратын жинақталған бағдарлама екендігін. Сонымен қатар ОЖ - нің міндеттері:1. пайдаланушымен диалогті жүзеге асырады;2. басқа программаларды орындауды іске қосады;3. компьютердің ресурстарын (жедел жад, дискідегі орын, т. б.) үлестіреді деген болатынбыз.Ауызша, сұрақ – жауап. Операциялық жүйе дегеніміз не? Операциялық жүйе не үшін қажет? Операциялық жүйелер қалай жіктеледі? Бір міндетті және көп міндетті операциялық жүйелердің айырмашылығы қандай? III. Жаңа сабақ:Windows операциялық жүйелерінің сипаттамаларын кез келген компьютерде өзгертуге болады. Пайдаланушының көрсетуімен сипаттамаларды өзгерту операциялық жүйелерді баптау деп аталады. Шартты түрде баптауды үш топқа бөлуге болады1. буманың терезелерінің параметрлерін баптау;2. негізгі менюді баптау;3. басқару тақтасының көмегімен жүйені жалпы баптау.Біз енді осы үш топқа жеке - жеке тоқталып өтейік.1. Буманың терезелерінің параметрлерін баптауды Түрі/Вид/→Параметрлер... командасы бойынша орындауға болады. Осыдан кейін экранда екі немесе үш қосымша беттен тұратын диалогтік терезе ашылады. Олар: Бума/Папка/, Қарап шығу /Просмотр/, Параметрлер.Бума /Папка/ қосымша бетінен біз бір бумадан екінші бумаға өту үшін экранда буманы «алмастыру» режімін таңдаудың батырмалар жұбын көреміз. Қарап шығу /Просмотр/ қосымша бетінде көрінбейтін файлдарды бейнелеуге тыйым салуға болады және ол бума терезесі басында файлдың толық адресін бейнелейтін жалаушаларды қосады және өшіреді.Параметрлер қосымша беті файлдардың жаңа типтерін қосуға мүмкіндік береді.2. Негізгі менюді және Тапсырмалар тақтасын баптауды Негізгі меню /Баптау/Настройка/ →Тапсырмалар тақтасы/Панель задач/ немесе Тапсырмалар тақтасы контекстік менюінің қасиеттер командалар көмегімен орындаймыз.Бірақ әрбір пайдаланушы Windows операциялық жүйесін қалауымызша баптауымызға болады. Ол үшін:1. Терезелердің түсін өзгертуге;2. Жұмыс үстелінің бетінде өрнекті таңдап алуға;3. Команда мәтінінің қаріп өлшемін үлкейтуге немесе кішірейтуге;4. Тышқанның қозғалу жылдамдығын тағайындауға;5. Жұмыс үстел бетіне өзіміз салған суретті орналастыруымызға;6. Қондырманы тағайындауға болады.Windows операциялық жүйесінің барлық баптауы дерлік Басқару панелі деп аталатын қапшық арқылы орындалады. Бұл қапшықты мына жолмен ашамыз:Іске қосу → Баптау → Басқару панеліКүнді және уақытты баптау.Біз енді Күн мен уақытты Басқару панелі арқылы қалай баптауға болатынын қарастырайық. Ол үшін мына тапсырмаларды рет - ретімен орындасақ, экрандағы есептер тақтасының төменгі оң жақ бұрышында қойған уақыттарымыз көрінеді.1. Іске қосу батырмасын басып Бас менюден→ Баптау → Басқару панелі командаларын таңдайық;2. Басқару панелі қапшығының терезесіндегі Күн/Уақыт белгісін тышқанмен шертеміз;3. Екі қосымшасы бар Қасиеттер(Свойства): Күн/Уақыт терезесі пайда болады.4. Міне біз ашылған терезеден өзімізге қажетті күнді және уақытты таңдай аламыз, таңдап болған соң Қабылдау/Применить/ батырмасын, содан кейін ОК батырмаларын шертеміз.Windows жағдайындағы дыбысты тағайындау.Компьютермен жұмыс жасаған кезде Windows-тің жұмыс процесіне әр алуан дыбыс – шиқыл, сықыр, лепті үн және т. с. с күйін келтіруге болады. Ол үшін мына тапсырмаларды ретімен орындасақ жеткілікті:1. Іске қосу батырмасын басып Бас менюден→ Баптау → Басқару панелі командаларын таңдайық;2. Басқару панелі қапшығының терезесіндегі Дыбыс белгісін тышқанмен шертеміз;3. Қасиеттер(Свойства): Дыбыс терезесі пайда болады.Бағдарламаланған оқиғалар бөлімінде оған белгілі бір дыбыс меншіктейміз немесе Обзор... батырмасын шертіп ашылған Дыбысты іздеу терезесінде берілген оқиғаға сәйкес келетін дыбысты таңдаумызға болады, содан кейін ғана алдымен Қабылдау/Применить/ батырмасын, содан кейін ОК батырмаларын шертеміз.Сонымен қатар оқиғаға ішінде бар дыбыстардан дыбыстық схема таңдап, содан кейін оған ат қойып және Қалай сақтаймыз... батырмасында шертіп, жаңа дыбыс тағайындаумызға да болады.Тышқанды баптау.Тышқанның жүрісін баптау үшін мына әрекеттерді орындау керек:1. Іске қосу батырмасын басып Бас менюден→ Баптау → Басқару панелі командаларын таңдайық;2. Басқару панелі қапшығының терезесіндегі Тышқан белгісін шертеміз;3. Қасиеттер(Свойства): Тышқан терезесі пайда болады.4. Араластыру /Перемещение/ қосымшасын екпінді етіп, онда орналасқан Шлейфті көрсету /Отображать шлейф/ опциясына жалауша орнатамыз, сонда тышқанды жылжытқанда, оның шлейфі пайда болатынын көреміз, содан кейін ғана алдымен Қабылдау/Применить/ батырмасын, содан кейін ОК батырмаларын шертеміз.IV. Жаңа сабақты бекітуКомпьютердегі тәжірибелік жұмыс жасау.Оқушылар оқулықтағы деңгейлік тапсырмаларды орындайды. V.Сабақты қорытындылау :Сұрақ-жауап: 1.Windows операциялық жүйесінің барлық баптауын қалай ашамыз? 2.Басқару панелі командасының ашылу жолын көрсет. 3.Күн мен уақытты қалай баптаймыз?VI. Бағалау VII. Үй тапсырмасы§ 9 тақырыптарды оқу, тестке жауап жазу.
6 661 534 материала в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Михненко Ирина Александровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс профессиональной переподготовки
300/600 ч.
Курс повышения квалификации
72 ч. — 180 ч.
Курс повышения квалификации
72 ч. — 180 ч.
Мини-курс
4 ч.
Мини-курс
4 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.