Главная / Физика / конспект "Ньютонның екінші заңын. Масса" 9 -сынып

конспект "Ньютонның екінші заңын. Масса" 9 -сынып


9 сынып №11 сабақ Адилбек Жарганат


Сабақтың тақырыбы: Ньютонның екінші заңы. Масса.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Ньютонның екінші заңымен таныстырып, масса жайлы түсінік қалыптастыру.

  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.

  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.

Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,

Сабақтың барысы:

І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу;

2. Оқушыларды түгендеу;

3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;

4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);

5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

А) теориялық білімдерін тексеру.

Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.

Б) есептерін тексеру.

ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.

Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша Ньютонның екінші заңымен танысамыз.

  1. Күш нені сипаттайды?

  2. Күш неліктен векторлық шама болып саналады?

  3. Денеге түсірілген күш үдеу туғызатынын көрсететін тәжірибені сипаттаңдар.

  4. Күш пен үдеудің арасында қандай байланыс бар?

  5. Күштің қандай түрлерін білесіңдер?

V. ДК.Жаңа материалды меңгерту:

1. Денелердің инерттілік қасиетінің мәні.

2 Дененің массасы.

3. Ньютонның екінші заңы, оның формуласы.

4. SI жүйесіндегі күш бірлігі.

hello_html_mf577e3.png

VІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.

§12 дайындық сұрақтарын талдау.

  1. Денелердің инерттілік қасиетінің мәні неде?

  2. Дененің массасы дегеніміз не?

  3. Ньютонның екінші заңы қалай тұжырымдалады?

  4. Әртүрлі денелердің инерттілігі бірдей ме?

  5. Бірнеше күш әрекет еткенде дененің үдеуін қалай табуға болады?


hello_html_169f824a.png







VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.


1К.

  1. Санақ жүйесі теміржол тіркемесімен байланысқан. Ол қандай жағдайда инерциялық болады: а)пойыз станциада тұр; ә) пойыз станциядан жүріп кетті; б) пойывз станцияға жақындады; в) пойыз жолдың түзусызықты бөлігінде бірқалыпты қозғалады.

  2. Бала таудан сырғанап келеді. Мына төмендегі қайсы денелердің әрекеттері теңгеріледі: а) жер мен қардың әсері; ә) жер, қар және ауаның әсері; б) денелердің әсерлері теңгерілмейді.

10-жаттығу (1,2)

VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §12 , 10-жаттығу (3,4)

конспект "Ньютонның екінші заңын. Масса" 9 -сынып
  • Физика
Описание:

Ұстазболу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Ұстаз болу – адамның асылдығы,

Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық.

Жалпы білім беретін мектептегі физика пәнінің бастауыш білім беру сатысындағы дүниетану пәні негізінде құралады. Бұл пән бойынша оқушыларға еліміздің табиғаты, табиғи байлығы, экономикасы, ғылымы мен мәдениеті, этика, әдеп, эстетика, адам-адам, адам қоғам, адам табиғат арасындағы қарым қатынас түрлері жайында ғылыми сарамандық ұғымдар беріледі. Пәнді оқып үйрену барысында оқушылар дүниенің үш құрамдас бөлігі: адам, қоғам, табиғат саласынан білім алады. физика, биология, химия, география пәндерінің бастамасы негізі қаланып, соның ішінде қоршаған дүние заттары, құбылыстары, табиғат және адам туралы ғылыми түсінік қалыптасады.
Физика - бұл орта буында алғаш қосылатын пән. Сондықтан орта буында табиғат пен адам, қоршаған орта туралы білім берудің алғашқы баспалдағымен танысады. Осы пәнді оқытуда жаңа технологиялардың тиімді әдісін алып жетілдіру барысында есте сақтауға негізделген ақыл ойын дамытатын оқуға көшу, мұғалім мен оқушының тең субьектіге түсіп, ынтымақтастықта болуын қажет етеді. Ынтымақтастық идеяларында тұжырымдамада қаралған азаматтастыру мәселесі еркін білім беруде оқушының және тұлғалық күшінің дамуына және шығармашылық деңгейінің өсуіне көмектесетін жоба қажет болады. Осы тұрғыда сын тұрғысынан ойлауды дамыту жобасы оқушылардың тұлғасын дамытуға зор үлесін қосады.
Сын тұрғысынан ойлау жобасы арқылы стратегияларды пайдалануда оқушылардың ізденушілік, зерттеушілік әрекетін ұйымдастыруға жол ашады. Оқушы жүрегіне жол тауып, оның білімге деген құштарлығын арттырып, өзін-өзі тәрбиелеуін ғылыми деңгейде ұйымдастыру үшін, әр оқушының дара ерекшеліктерін ескере білім алуға қабілетін зерттей отырып, тұлғалық негізінің ашылуына жол ашатын- ұстаз.
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан жобасымен танысып, оның стратегияларын өз тәжірбиелеріңізде қолданудан өзіңіздің біліктілігінздің арта түскендігін аңғарасыз. 7 сыныпта «физика және астрономия» тақырыптардағы сабақтарда осы технологиялардың тиімді әдістерін қолдануға болады. Сонымен қатар сабақтарда «кубизм», «топтастыру», «бес жолды өлең», «түртіп алу жүйесі», «венн диаграммасы» стратегияларын жиі пайдалануға болады.
Автор Адилбек Жарганат
Дата добавления 29.04.2015
Раздел Физика
Подраздел Конспекты
Просмотров 646
Номер материала 58636
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓