Главная / Школьному психологу / Конспект на тему "5 сыныпқа бейімделуі"

Конспект на тему "5 сыныпқа бейімделуі"

5 сыныпқа бейімделуі


Бастауыш мектептен ортаңғы буынға көшу балалықтың ең бір тұрақты даму кезеңінің аяқталуымен тұспа-тұс келеді. Практикадан көріп жүргеніміздей, балалардың көпшілігі бұл оқиғаны өміріндегі ең басты қадамы сияқты қабылдайды. Олар өздерінің «енді бұрынғыдай кішкентай» емес екендіктерін мақтаныш етеді. Олар өздерінің «есейгендерін» талаптары да , мінез-қылықтары да , қарым-қатынасы да әртүрлі мұғалімдердің пайда болуымен байланыстырады. Олар өздерінің ата-аналарына, кіші іні-қарындастарына, достарына маңғазданып, тақтанып «мейірімді» сынып жетекшілері, «қатал» тарихшы, «талап қойғыш» жаратылыстану мұғалімі туралы айта бастайды. Сонымен қатар кейбір балалар бұл жаңа кезеңде мектеп өмірін қайта бастап, педагогтармен бұрынғы болған келеңсіздіктерді түзетуге мүмкіндік туып тұоғанын түсінеді.

Бастауыш мектептен ортаңғы буынға өту оқушының психикасына әсер ететін жүктеменің ұлғаюымен байланысты.

Психилогиялық және психофизиологиялық зерттеулер көрсеткендей, бесінші сыныпта оқудың бастапқы мезгілінде оқудың жаңа шарттарына бейімделу кезеңінен бастарынан өткізеді, бұл кез бірінші сыныптағы оқудың бастапқы тұсына ұқсас.

Оқу шарттарының күрт өзгеруі, әрбір мұғалімнің оқушыға қоятын талаптарының әртүрлілігі мен сапалық күрделілігі, тіпті бастауыш мектепте «ең үлкендері», ал қазір ортаңғы буында «ең кішілері» болып қалуының өзі оқушы психикасына едәуір күш түсереді.

Бейімделу кезеңінде бір балалар жасқаншақтап, үрейленіп жүретін болса, екінші біреулері шамадан тыс улап-шулап, жыбырлақ, тынымсыз болып кетеді. Олардың жұмыс қабілеті төмендеп, ұмытшақ, салдыр-салақ бола бастайды, ұйқылары бұзылып, тәбеттері тартпайды. Бұндай ауытқушылықтар шамамен балалардың 70-80% -на тән құбылыс.

Балалардың көпшілігінде бұндай ауытқушылықтар оқу басталғаннан кейінгі 1 ай немесе ай жарым уақыттан соң өте бастайды. Алайда кейбір балалардың бейімделуі 2-3 ай немесе одан да көпке созылып кетеді.

Бейімделу кезеңінде балалардың ауру-сырқаулары да көбейеді. Бұл аурулар психосоматикалық түрде болады.

Оқушылардың орта мектепке бейімделуін қиындататын не нәрсе? Ең алдымен мұғалімдердің арасында ортақ келісім, ортақ талаптардың болмауы: математика дәптерінде жиек екі жақтан да сызылса, орыс тілі дәптерінде жиек бір жағында, шет тілінен үш дәптер қажет, үшеуі үш түрлі жүргізіледі, тарих пәнінің мұғалімі сабақ айтқанда оқулық шеңберіндегі ғана мәліметтерді баяндауын талап етсе, әдебиет мұғалімі оқушының өз пікірін айтуын қуаттайды, т.б. Бұндай «Ұсақ түйектер» көбінесе оқушының өмірін қиындатады дегенімен де, айырмашылықтардың қарама-қайшылықтардың кейде пайдалы, жарқын жақтары да бар. Оқушы алғаш рет әр түрлі талаптардың ортасында қалып оларды ескеріп, соған байланысты туындаған қиындықтардан шығуды үйренсе, болашақ өміріне қажетті дағдыларды меңгере бастайды.

Сондықтан да ата-аналар балаларына мұндай әр түрлі көзқарастардың неге байланысты екенін түсіндіріп, туындаған қиындықтардан шығу жолдарын іздестіріп, көмектесуі қажет (кесте құрып, оған талаптарды жазып қою, мысалы, «тарихтан-оқулық бойынша жауап жоспарын жасау», «ағылшын тілінен – сабаққа негізгі дәптерден басқа сөздік дәптерін және ауызша тақырыптар жазатын дәптерді апару», т.б).

Нақты ұсыныстар: баланы мектептегі жұмыстарын әңгімелеуге шабыттандырыңыз.

Өз қызығушылығыңызды тек қана «Мектептегі бүгінгі күнің қалай өтті?» деген сияқты қарапайым сұрақпен шектемеңіз. Аптаның бір күнінде уақыт тауып, баламен мектеп жайында мән беріп әңгімелесіңіз.

Баланың әңгімесіндегі жекелеген өсімдерді оқиғаларды, ұсақ-түйектерді мұқият есте сақтап, оларды мектеп жайында толығырақ сұрау үшін қолданыңыз. Сонымен қатар балаңыздан міндетті түрде сыныптастары, сыныптағы іс-шаралар , пәндер, пән мұғалімдері туралы көбірек сұраңыз.

Үнемі мұғалімдермен кездесіп, балаңыздың үлгерімі, тәртібі, басқа балалармен қарым-қатынасы жөнінде біліп тұрыңыз.

Егер сіз балаңыздың мектептегі өмірі, оны мазалап жүрген нәрселер туралы білмейтін болсаңыз, ол жайында мұғалімдерден сұраудан еш қысылмаңыз. Тіпті алаңдауға тұрарлықтай мәселелер болмаса да , балаңыздың мұғалімімен ең болмағанда екі айда бір рет әңгімелесіп тұрыңыз. Әйтпесе сіз өз балаңызды ыңғайсыз жағдайға қалдырасыз, ол өз мұғаліміне деген құрметін немесе сізге деген сенім өзгертуі мүмкін.

Балаңыздың үлгерім бағаларын өзіңіздің мадақтау немесе жазалау жүйеңізбен байланыстырмаңыз.

Балаңыз өзінің жақсы үлгерімін сый ретінде, үлгермеушілігін жаза деп қабылдауы тиіс. Балаңыздың оқуы жақсы жүріп жатса, көбірек қуанышыңызды көрсетіп, тіпті соны сылтау етіп үйде кішігірім мейрам ұйымдастырыңыз. Егер үлгерімі нашарлап бара жатса , алаңдап, сынып және үй жұмыстарын мұқият орындауын талап етіңіз. Мүмкіндік болса , ынталандыру мен жазалауды мүлдем қолданбаңыз: мысалы, жақсы баға алсаң –теледидарды көру уақытын жарты сағатқа ұзартып, нашар баға алсаң, жарты сағат кем көресің деу дұрыс емес. Бұл ережелер эмоциялық келенсіздіктер тудырады.

Балаңызға үй тапсырмасын орындауға көмектесіңіз, бірақ бәрін жасап бермеңіз.

Үй тапсырмасын орындауға белгілі уақытты тағайындап, уақыт кестесін сақтауын қадағалаңыз. Бұл оқудың жақсы дағдыларын қалыптастыруға негіз болады. Балаңыздың тапсырмаларына деген қызығушылығыңызды көрсетіп тапсырманы орындауға қажетті құралдарының түгелдігін тексеріңіз. Егер балаңыздың үй тапсырмасын орындауға көмек сұраса , бәрін өзіңіз айтып бермей, өз бетімен шешім табуына мүмкіндік беріңіз.

Баланың мектепте, үйде алған білімін қолдануға болатын әрбір мүмкіндікті құр жібермеңіз. Мысалы, ас дайындауға қажетті азық-түлік санын есептеуді немесе еденді сырлау үшін кететін сыр мөлшерін есептеуді ұсыныңыз.

Мектептегі өмірінде өзгерістер жүріп жатқан кезде, үйдегі атмосфераның жайлы да қолайлы болуына барынша күш салыңыз.

Мектептегі алғашқы айлар , әрбір оқу жылының басталып, аяқталатын кездері , бастауыш мектептен ортаңғы буынға көшу сияқты оқиғалар мектеп жасындағы баланы стресске шалдықтыруы да мүмкін. Сондықтан осындай оқиғалар кезінде үйдегі жайлылықтың , тұрақтылықтың бұзылмауы өте маңызды. Үйдегі тыныштық баланы мектептегі мәселелерін тиімді шешудің бірден-бір жолы.





































Конспект на тему "5 сыныпқа бейімделуі"
  • Школьному психологу
Описание:

5 сыныпқа бейімделуі

Бастауыш мектептен ортаңғы буынға көшу балалықтың ең бір тұрақты даму кезеңінің аяқталуымен тұспа-тұс келеді. Практикадан көріп жүргеніміздей, балалардың көпшілігі бұл оқиғаны өміріндегі ең басты қадамы сияқты қабылдайды. Олар өздерінің «енді бұрынғыдай кішкентай» емес екендіктерін мақтаныш етеді. Олар өздерінің «есейгендерін» талаптары да , мінез-қылықтары да , қарым-қатынасы да әртүрлі мұғалімдердің пайда болуымен байланыстырады. Олар өздерінің ата-аналарына, кіші іні-қарындастарына, достарына маңғазданып, тақтанып «мейірімді» сынып жетекшілері, «қатал» тарихшы, «талап қойғыш» жаратылыстану мұғалімі туралы айта бастайды. Сонымен қатар кейбір балалар бұл жаңа кезеңде мектеп өмірін қайта бастап, педагогтармен бұрынғы болған келеңсіздіктерді түзетуге мүмкіндік туып тұоғанын түсінеді.

Бастауыш мектептен ортаңғы буынға өту оқушының психикасына әсер ететін жүктеменің ұлғаюымен байланысты.

Психилогиялық және психофизиологиялық зерттеулер көрсеткендей, бесінші сыныпта оқудың бастапқы мезгілінде оқудың жаңа шарттарына бейімделу кезеңінен бастарынан өткізеді, бұл кез бірінші сыныптағы оқудың бастапқы тұсына ұқсас.

Оқу шарттарының күрт өзгеруі, әрбір мұғалімнің оқушыға қоятын талаптарының әртүрлілігі мен сапалық күрделілігі, тіпті бастауыш мектепте «ең үлкендері», ал қазір ортаңғы буында «ең кішілері» болып қалуының өзі оқушы психикасына едәуір күш түсереді.

Бейімделу кезеңінде бір балалар жасқаншақтап, үрейленіп жүретін болса, екінші біреулері шамадан тыс улап-шулап, жыбырлақ, тынымсыз болып кетеді. Олардың жұмыс қабілеті төмендеп, ұмытшақ, салдыр-салақ бола бастайды, ұйқылары бұзылып, тәбеттері тартпайды. Бұндай ауытқушылықтар шамамен балалардың 70-80%
Автор Ойшиева Аля Калкеновна
Дата добавления 10.10.2015
Раздел Школьному психологу
Подраздел Конспекты
Просмотров 1090
Номер материала MA-061149
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓