Инфоурок Другое КонспектыКонспект "Бесеудің хаты"

Конспект "Бесеудің хаты"

Скачать материал

Атақты “бесеудің” бірі туралы 

 

 

Сталинге жазылған атақты “Бе­сеу­дің хаты” туралы осы күні көзі қарақты оқырманның бәрі біледі. Туған елінің қиын жағдайын ойлап өз бастарын қатерге тігіп, шыбын жандарын шүберекке түйіп шық­қан­дар Мүсірепов, Ғатаулин, Алтын­бе­ков, Қуанышев, Дәулетқалиевтар еді ғой. Олардың жарқын есімдерін жер бетінен жоғалып кетпесе қазақ ұмытар ма?

Бірақ, солар туралы тереңірек біл­гісі келген оқырманға дерек тап­шы болушы еді. Бір Ғабеңнен бас­қа­сының атын білгеніміз болмаса, затын біле қоймайтынбыз. Осы ол­қы­лықтың бір парасын тарихшы, Алаштың ардақтыларын көптен бері зерттеп жүрген Өмірзақ Озғанбай толтырыпты. Оның “Рухы биік тұл­ға” атты жаңа еңбегі атақты “бе­сеу­дің” бірі Мүтәш Дәулетқалиевқа ар­нал­ған. Шерхан Мұртазаның алғы­сөзі­мен жарық көрген бұл кітаптан көзі ашық оқырман М.Дәулетқалиев өмірінің көптеген деректерімен те­реңнен танысады. Оның Батыс Қа­зақ­стан облы­сын­дағы Орда өңірінде өмірге келгенін, 1930 жылы Мәс­кеу­дің Пле­ха­нов атындағы Халық­ ша­­руа­шылығы инсти­ту­тын бітіргенін, содан елге келіп түрлі салада бас­шы қызметтер ат­қар­ға­нын біледі. Ал “Бе­сеудің хаты” жа­зыл­ған 1932 жылғы 4 шіл­де­де ол Ком­ВУЗ-дың (кейін­нен жоғары пар­тия мек­тебі болған) рек­торы қыз­метінде болған екен. Әлі 1937 жыл бол­ма­ған­дықтан, Голощекин қан­ша тісін қайраса да олардың басын жойып жіберуге құдіреті жет­пей, тек “оп­пор­ту­нис­тер” деп қуда­лау­ға ұшыратады. Сол себепті Мүтәш ағамыз Арал қа­ла­сы парткомының бірінші хатшысы қызметіне “жібе­рі­леді”. Одан қай­та­дан Алматыға келіп, Қазақ өлкелік ко­митетіндегі мәдениет бөлімін басқарады. Бұл қызметте де шыдатпай, Қордай аудандық партия комитетіне хатшы боп кетеді.  Әйтеуір, 1935 жылы Қазақстаннан кетіп, көзі жоғалғанша Голощекин оның соңына әбден түскен екен.

1938 жылы Мүкең “халық жауы” деген жаламен ұс­та­лады… Қалған өмі­рін кітап­тан оқыр де­ген ниет­пен әрі қа­рай жаз­ба­дық. Тек он­ың, 1982 жылы Ал­ма­ты қа­ла­сын­да өз ажа­лы­нан дүниеден озғанын біл­діре ке­те­лік. Атал­мыш кітапта оның ата-бабасы, ту­ған-ту­ыс­тары, бала-ша­ғасы туралы да мол дерек­тер бар. Бір сөз­бен айтқанда, Алаш­тың бір арысын та­нытуда кітаптың пай­да­сы зор. Соны­мен бір­­ге, “Бе­сеу­дің хаты­ның” Пре­зидент мұ­ра­­­ғаты­нан алынған түп­нұс­қа­сы да осы ең­бек­те еш өзге­ріссіз жарияланған.

Әттең, осындай дерек кітаптар “сол бесеудің” басқалары туралы да болса ғой. Соның ішінде хатқа: “1-й секретарь Акмолинского райкома партий Мансур Гатаулин” деп қол қойған ақмолалық азамат туралы кім не біледі екен?..

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТРОЦКИЙДІҢ ХАТЫ немесе Алаш арыстары айтқан ақиқат

 

 

 

Ерлан Сыдықов

Семей мемлекеттік педагогика институтының ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Газетіміздің белсенді авторы. Ерлан Бәтташұлы бұл күндері ердің жасы елуге толып отыр. Төменде ғалымның бір зерттеуін оқырмандар назарына ұсындық. Қазақ халқы үшін Кеңес өкіметі тұсындағы ең ауыр кезең Ф.Голощекин Қазақстанды бас­қарған 1925-1933 жылдар болды. Бүтіндей бір халықтың тағдырын саяси ойынға айналдырған ол “Қазақстандағы қазіргі қалыптасқан жағдай кіші Октябрьді қажет етеді” деді. 1927 жылы қазақ ауылдарында басталған конфискелеудің зардабы халықты ашаршылыққа әкеп ұрындырды, ал оның ақыры ұлт зиялыларын жаппай қудалауға ұласты. Голощекиннің қысымымен Алаш көсемі Әлихан Бөкейханов еріксіз Мәскеуге кетуге мәжбүр болды. Ел басына қатер төнген осындай қиын-қыстау кезеңде Ж.Мыңбаев, Т.Рысқұлов, Ы.Мұстан­баев және т.б. ұлт зиялылары үндемей қалма­ды, Ф.Голощекиннің саясатына үзілді-кесілді қарсы шықты. Сол сияқты республи­каның бір топ қайраткерлері Ғ.Мүсірепов, М.Ғатауллин, М.Дәулетқалиев, Е.Алтынбеков, Қ.Қуанышев­тың аштық және оның себептері туралы БК(б)П – өлкелік комитетіне, тікелей Ф.Голо­щекинге жазған ашық хаты, бүгінде “Бесеудің хаты” деген атпен мәлім екені белгілі.

 1927 жылы 11 наурызда Л.Троцкий өзіне Қазақстаннан келген екі адамның әңгімесін айтып, Лениннің сенімді серіктерінің бірі, қарт большевик Г.Я.Сокольниковке “Национальные моменты политики в Казахстане” деген хат жазады. Онда:

 “В беседе по поводу своих дел казахские товарищи выдвигали следующие соображения.

 1. Окраины отстали. Нужно их развитию придать такой темп, чтобы они приближались к Москве, а не еще более отставали от нее. Мы имеем здесь, следовательно, своеобразное переломление общего вопроса о темпе развития.

 2. Капитальные вложения в отсталых час­тях Союза обещают дать плоды не скоро. Отсюда пассивное, отчасти и активное соп­ротивление центральных учреждений против таких вложений.

 3. Участие Казахстана в руководящих учреждениях РСФСР “совершенно не чувствуется”. По-видимому, есть тенденция к выделению в самостоятельную республику.

 4. Жалобы на переселенческую политику центра: казахские массы были привлечены к советской власти земельной революцией; “покушение” на казахские земли вызывает немед­ленно тревогу. “Мы не против пересе­лен­ческой политики, но нужно, прежде всего, удовлетворить землею туземное население”.

 5. “Когда мы ставим вопросы о земельных и иных интересах Казахстана, нам отвечают: это вы хотите мстить за царскую политику. Мало верят, что как коммунисты способны подходить к вопросам с общегосударственной точки зрения”.

 6. В ведомствах преобладает точка зрения старых спецов, которые живут традициями прошлого при решении всех хозяйственных и культурных вопросов на окраинах.

 7. Национальные коммунисты поднялись, но присылаемые из центра руководители не дают им хода. “Считают, что мы не доросли”.

 8. Между европейскими и казахскими ком­мунистами-стена. Живут совершенно раз­дельно. Даже в шахматы не играют совместно.

 9. Европейские коммунисты ведут общую линию центра. Ни прений, ни столкновений на принципиальной почве у них нет, что обьсняется их “безучастием”.

 10. Националы, наоборот, кипят. Среди националов-группировки.

Эти группировки поддерживаются и даже культивируются присланными из центра руководителями. Какая цель? “Во-первых, чтобы упрочить свое господство; во-вторых, чтобы внутренними разногласиями отвлечь внимание от вопросов, связанных с политикой центра”.

 11. Среди казахских коммунистов три группировки: одна-вокруг Голощекина,- это люди, всегда и во всем послушные указаниям сверху; другая — “левая”, также поддерживаю­щая Голощекина, но, насколько я понял, несколько независимая: третья — “правая”, к которой принадлежали мои собеседники; впрочем, представители “левой” иногда примыкают к “правой”.

 12. В чем же разногласия? “Нас упрекают в том, что мы противники бедноты, покро­вители баев, но мы готовы провести любые разумные меры против баев, пусть нам ясно и точно их предложат”.

 13. Голощекин в одной речи сказал: “Надо пройтись маленьким октябрем по Казахстану”. Что это значит? — он не обьяснил; никаких конкретных мер он не предлагает. Во внутрен­ней политике в Казахстане мы не видим ни принципиальных, ни даже практических разногласий. Все это выдвигается искусственно для того, чтобы маскировать вопрос об отношении к РСФСР.

 14. Второй из собеседников говорит: “Центр тяжести вопроса- в разном отношении группы Голощекина к аулу и к русской деревне. По мнению Голощекина, русский ку­лак достаточно ослаблен и унижен; бай зат­ронут мало. Поэтому нужно пройтись октябрем по аулам”. Другими словами, Голощекин проповедует гражданский мир в русской деревне и гражданскую войну в ауле.

 15. Нас душит бюрократизм, который принимает тем более отталкивающие формы, что между европейскими и казахскими коммунистами стоит стена. Страх, лицемерие, доносы играют большую роль.

 (Архив Троцкого. Коммунистическая оппо­зиция в СССР. 1923-1927. Том-2. “ТЕРРА”-1990. С-197).

 АҚШ-тың Гарвард университеті кітап­ханасы әкімшілігінің келісімімен Л.Троцкий мұрағаты құжаттарын төрт томдық кітап етіп шығарушы Ю.Фельштинский бұл хатқа байланысты берген ескертпесінде: “Дату можно до некоторой степени установить в связи с началом работы Голощекина в Казахстане (Рукописное примечание Л.Троцкого)” деп көрсетеді, өкінішке қарай хаттың жазылуына себепкер болған адамдардың аты аталмайды.

 Дегенмен, осы хатта Л.Троцкийдің “казах­ские товарищи” деп отырған адамдарының бірі Алаш көсемі Әлихан Бөкейханов емес пе екен деген ойдамыз. Олай дейтін себебіміз, біріншіден, бұл хатта көтерілген қадау-қадау өткір мәселелер негізінен Қазақстанның саяси-экономикалық жағдайын жетік білетін тәжірибелі саясаткерлер­дің ғана аузынан шығатын пікір, тұжырымдар екенін аңғартады. Троцкий кейбір мәселелерде Ленинмен жекелеген көзқарасы келіспесе де, қиын-қыстау кезеңде Ресей революциялық әскери комитетін басқарып, Ұлы Қазан төңкерісі жеңістерін жанталаса қорғап, Қызыл армияны белсене құруға ат салысқан аса көрнекті тұлға болды. Бұл арада үнемі Ленинмен айтысып-тартысып, Сталинмен жағаласып-жұлқысып жүретін “тентек мінез” Троцкийге, анау-мынау емес, тек Әлихан Бөкейханов тәрізді терезесі тең дәрежеде тұрып сөйлесіп, сөз таластыра білетін беделді тұлғаның ғана батып сөз айта алатынын атап айтуымыз керек.

 Екіншіден, Л.Троцкийдің Голощекин саясатын жергілікті жерде белсене қолдаушылар мен оған ашықтан-ашық қарсы шығушылар туралы “Среди казахских коммунистов три группировки: одна-вокруг Голощекина, — это люди, всегда и во всем послушные указаниям сверху; другая — “левая”, также поддерживаю­щая Голощекина, но, насколько я понял, нес­коль­ко независимая: третья — “правая”, к которой принадлежали мои собеседники” — деп жазуына қарағанда, олардың Қазақстанда “ұлтшыл”, “байшыл” атанып қуғындалған кешегі Алашорда үкіметінің қайраткерлері, байырғы қазақ интеллигенциясының өкілдері екендігіне еш шүбә келтірмейсіз. Бұл пікірді Ф.Голощекин Қазақстан өлкелік партия ұйы­мының басында сегіз жыл еңбек етіп, қоштасар кезінде өзі де мойындап айтқан еді. Ол қазақ коммунистерінің бір тобын ешбір тәрбиеге көнбейтін, пайдалануға мүмкін емес ұлтшыл уклонистер қатарына жатқызды. Екінші категориясын жағдайға қарай терісін өзгертіп отыратын хамелеонға теңеді. Ал үшінші бір топты орын алған қателіктер үшін барлық жауапкершілікті бір ғана Голощекинге аударғысы келетіндер деді (Қараңыз, Қозыбаев М. Ақтаңдақтар ақиқаты. Алматы, 1989. 90-б.).

Сондай-ақ хаттағы “Жалобы на переселен­ческую политику центра: казахские массы были привлечены к советской власти земельной революцией; “покушение” на казахские земли вызывает немедленно тревогу. “Мы не против переселенческой политики, но нужно, прежде всего, удовлетворить землею туземное населе­ние” деген пікірдің өзі-ақ Ә.Бөкейхановтың 1927 жылы одақтық егіншілік комиссариатында профессор Швецов ұсынған жер нормасын қолдап, Қазақстанға қоныс аудару бағытын жақтаған оқымысты ғалым Верещагинге: “Профессор Верещагин бұрын да қазақтардың жерін тартып әперіп, орыс помещиктері мүддесін қорғаған еді. Егер ол айтқандай, Тула шаруалары шынымен де жерге мұқтаж болса, біз қазақтар олармен Верещагин сияқтылар арқылы емес, тікелей келіссөз жүргізуді қалаймыз. РСФСР Егіншілік комиссариаты ұсынып отыр­ған жер нормасы қазақтарды қанағаттан­дыра алмайды, өйткені ол көбірек артық жер шығаруды көздейді. Сондықтан да бұл нормалар болашақта Қазақстанда жаңа отарлау саясатын жүргізуге бағытталған” деген жауабымен тікелей үндесіп жатқан жоқ па?.. (Қараңыз, Қойгелдиев М. Ұлттық саяси элита. Алматы. “Жалын баспасы” ЖШС, 2004. 164-б.).

 Үшіншіден, саяси қысым көрген Әлихан Бөкейхановтың 1926-1927 жылдары мәскеулік ескі таныс, достары, академик А.Ферсман, про­фес­сор-оқымыстылар С.Швецов, В.Бонч-Бруе­вич, Л.Чермак, т.б. көмегімен Ресей Ғылым академиясына қызметке шақырылып, ғылыми жұмыстармен айналысып жүрген кезі, осы хаттың жазылу уақытымен дәлме-дәл келеді. Біз республика қайраткерлерінің бір тобы —“Бесеудің” Голощекинге, Т.Рысқұловтың Сталинге хаттары бұдан көп кейін, 1932-1933 жылдары жазылғанын білеміз. Қысқасы, бұл хаттың жазылуына Ә.Бөкейхановтың тікелей қатысы барына жоғарыда айтқан фактілер-ақ  көз жеткізе түсетін тәрізді.

Ал енді Алаш көсемі Әлихан Бөкейха­нов­пен бірге Л.Троцкийге барған екінші адам Әлім­хан Ермеков болуы мүмкін. Алаш қозға­лы­сының алғашқы күндерінен бастап Әлихан­мен жұбы жазылмай қатар жүрген Әлімхан Ермековтің көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері ретінде 1920 жылы Қазақ КСР-ін құруға белсене араласып, В.И.Лениннің бас­шы­лығымен Мәскеуде өткен үлкен партиялық жиында баяндама жасағаны, Қазаткомның мүшесі болып сайланғаны, сондай-ақ одан кейінгі саяси қуғын-сүргін кезінде, яғни 1926-1927 жылдары Ташкенттегі Қазақ халық ағарту институтында оқытушылық қызмет атқарғаны мәлім. 1927 жылы Ә.Бөкейханов Мәскеуде қызметте жүрген кезде Әлімхан Ермековтің де Л.Троцкийге барып жолығуы сөзсіз. Мысалы, оның жауабын жазушы Ж.Бектұровтың “Енеден ерте айырылған төл секілді...” кітабынан тапқандай боламыз. Автор онда маған Ә.Ермеков “Екінші бір мойныма алған айыбым: 1928 жылы қазақ байларының мал-мүлкін тәркілеп, конфискелеу тарихи теріс іс деп білгендігім. Бүгін байлардың малын сыпырып алсақ, ертең мұның теріс әсері күллі еліне тиеді. Бірте-бірте малды адамдардың бәрі де қара тізімге ілігеді. Сонсоң малдың сүмесімен күн көріп отырған, егіншілік кәсібі жоқ көшпенді халық ашаршылыққа душар болады, азып-тозады, бет-бетімен ыдырап кетеді деп ойладық. Міне, өзімнің осы ой-пікірімді іс басында болмаса да, Мәскеуде отырған ұлықтар алдында ертеден беделі бар Ә.Н.Бөкейхановқа хат арқылы жеткізіп, оның орталық үкімет басшыларына барып, Қазақ­стан­дағы асыра сілтеушілікті бөгейтіндей ық­пал жасауын өтіндім. Алайда, біздің мұны­мыз­дан ештеңе шықпады. Бізді шетімізден көген­деп, тұтқындап соттағанда менің әлгі Ә.Бөкей­хановқа жазған хатым өзіме үлкен айып, қылмыс болып саналды...” деп айтып еді дейді.

 Осы арада Троцкий өзімен әңгімелескен екі қазақтың аты-жөнін неге жасырмай ашық айтып жазбады деген сұрақ туындайтыны түсінікті.

Ленин қайтыс бола салысымен бар билікті қолына жинап алған компартияның бас хатшысы Сталиннің беделі күшейе түскен кез еді, бұл. Тіпті, Сталиннің әмірінің күштілігі сондай, 1924 жылы 12 мамырдағы БКП(б) Орталық Ко­митетінің пленумында жариялануға тиісті Н. Крупская өз қолымен ресми түрде табыс еткен Лениннің хаты оқылмады. Сталин өз қарсыластарының көзін біртіндеп құрта бастады. Ел ішінде “қызыл террор” өршіді. 1927 жылы Мәскеуде өткен БКП(б)-ның XY сьезінде Лениннің “Сталин слишком груб и этот недостаток, вполне терпимый в среде и в общениях между нами, коммунистами, ста­новится нетерпимым в должности генсека” деп айтылатын әйгілі сьезге хаты тағы да жария­ланбай қалды. Керісінше осы сьезде Троцкий, Зиновьев секілді оппозиция көсем­дері партиядан қуылды. Бәлкім, сол себепті алдын ала қауіпсіздік шараларын сақтау үшін Троц­кийдің хатында қазақ өлкесіндегі оппозиция­лық топтың басшылары Ә.Бөкейханов пен Ә.Ермековтің есімдері әдейі жазылмай қалды ма екен?

 1927 жылдың 1 қазанынан бастап Әлихан Бөкейханов Мәскеуде ОГПУ органдарының бақылауы астында тұруға тиіс болды. Содан Мәскеуде қызмет ету мүмкін болмағандықтан Қазақстанға қайтып оралады. 1928 жылы Ә.Бөкейханов Алматыда ҚазМУ-да, ал Ә.Ер­меков ҚазПИ-де сабақ береді. 1929 жылы 2 маусымда 43 Алаш қозғалысының қайрат­керлерімен бірге ол Алматыда тұтқынға алы­нып, осы жылдың соңына қарай Мәскеудегі Бутырка абақтысына жөнелтіледі (Қараңыз, Қазақстан Ұлттық Энциклопедиясы. Том-2. Алматы, 1999. 76-б.).

 Тағдыр деген қызық қой. 1920 жылдардың соңына қарай Троцкийдің өзі қазақ елінің сол кездегі астанасы Алматыға саяси жер аударылып келді. Оның осы “қазақ достары” арасына келуінде де үлкен сыр бар секілді. Ол кезде Орта Азия республикалары ішінде қазақ ұлттық саяси элитасының беделі өте зор еді. Троцкий өзінің Мәскеуде іске асыра алмаған оппортунистік идеяларын Қазақстанда, атап айтқанда алашордашылар деп аталатын ұлттық интеллигенцияның көрнекті өкілдерінің көмегімен жүзеге асырғысы келді ме, кім білсін... Бірақ олардың іс-әрекеттері әрдайым қатаң бақылауда болды.

 Алаш көсемі Әлихан Бөкейханов 1929 жылы Алматыда қамауға алынып, Мәскеуге Бутыркаға тергеуге түскенде, КСРО Халық ко­мис­сарлар кеңесі жанындағы ОГПУ “үшті­гінің” оған “1921 жылы Орынборда контррево­люциялық ұйым құрды, ортаазиялық пантүрік­шіл ұйымның басшысы Валидовпен байла­ныста болды. 1927 жылы қазақ даласында қарулы көтеріліс даярлау әрекетіне қатысты” деп айып тағып, РСФСР Қылмыстық Кодек­сінің 58-бабының 2,4 және 11-тармақтары бойынша ату жазасына кесілуі тегін емес еді. Алайда, ОГПУ “үштігі” қазақ ұлты зиялыла­рының көсемі Ә.Бөкейхановтай үлкен тұлғаны құртып жіберуге қорықты. Оған берілген өлім жазасы абақтыда өтеуіне ауыстырылды. Ақыры ол ОГПУ органдарына ұлт зиялыларының наразылық білдіруіне байланысты түрмеден босатылды. Өкінішке қарай, оның сонау бір жылдары Семейде “Алаш” партиясының облыстық комитетін, Алашорда үкіметін бірге құрысып, қызметтес болған сенімді серіктері Халел Ғаббасов, Жүсіпбек Аймауытов және т.б. Мәскеудегі Бутырка түрмесінде жазықсыздан жазықсыз атылып кете барды.

 Троцкийдің хатындағы Алаш арыстары айтқан ақиқаттың ақыры, міне осындай оқиғалармен аяқталды...

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспект "Бесеудің хаты""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Менеджер по управлению сервисами ИТ

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сталинге жазылған атақты “Бе сеу дің хаты” туралы осы күні көзі қарақты оқырманның бәрі біледі. Туған елінің қиын жағдайын ойлап өз бастарын қатерге тігіп, шыбын жандарын шүберекке түйіп шық қан дар Мүсірепов, Ғатаулин, Алтын бе ков, Қуанышев, Дәулетқалиевтар еді ғой. Олардың жарқын есімдерін жер бетінен жоғалып кетпесе қазақ ұмытар ма?Бірақ, солар туралы тереңірек біл гісі келген оқырманға дерек тап шы болушы еді. Бір Ғабеңнен бас қа сының атын білгеніміз болмаса, затын біле қоймайтынбыз. Осы ол қы лықтың бір парасын тарихшы, Алаштың ардақтыларын көптен бері зерттеп жүрген Өмірзақ Озғанбай толтырыпты. Оның “Рухы биік тұл ға” атты жаңа еңбегі атақты “бе сеу дің” бірі Мүтәш Дәулетқалиевқа ар нал ған. Шерхан Мұртазаның алғы сөзі мен жарық көрген бұл кітаптан көзі ашық оқырман М.Дәулетқалиев өмірінің көптеген деректерімен те реңнен танысады. Оның Батыс Қа зақ стан облы сын дағы Орда өңірінде өмірге келгенін, 1930 жылы Мәс кеу дің Пле ха нов атындағы Халық ша руа шылығы инсти ту тын бітіргенін, содан елге келіп түрлі салада бас шы қызметтер ат қар ға нын біледі. Ал “Бе сеудің хаты” жа зыл ған 1932 жылғы 4 шіл де де ол Ком ВУЗ-дың (кейін нен жоғары пар тия мек тебі болған) рек торы қыз метінде болған екен. Әлі 1937 жыл бол ма ған дықтан, Голощекин қан ша тісін қайраса да олардың басын жойып жіберуге құдіреті жет пей, тек “оп пор ту нис тер” деп қуда лау ға ұшыратады. Сол себепті Мүтәш ағамыз Арал қа ла сы парткомының бірінші хатшысы қызметіне “жібе рі леді”. Одан қай та дан Алматыға келіп, Қазақ өлкелік ко митетіндегі мәдениет бөлімін басқарады. Бұл қызметте де шыдатпай, Қордай аудандық партия комитетіне хатшы боп кетеді. Әйтеуір, 1935 жылы Қазақстаннан кетіп, көзі жоғалғанша Голощекин оның соңына әбден түскен екен. 1938 жылы Мүкең “халық жауы” деген жаламен ұс та лады… Қалған өмі рін кітап тан оқыр де ген ниет пен әрі қа рай жаз ба дық. Тек он ың, 1982 жылы Ал ма ты қа ла сын да өз ажа лы нан дүниеден озғанын біл діре ке те лік. Атал мыш кітапта оның ата-бабасы, ту ған-ту ыс тары, бала-ша ғасы туралы да мол дерек тер бар. Бір сөз бен айтқанда, Алаш тың бір арысын та нытуда кітаптың пай да сы зор. Соны мен бір ге, “Бе сеу дің хаты ның” Пре зидент мұ ра ғаты нан алынған түп нұс қа сы да осы ең бек те еш өзге ріссіз жарияланған.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 650 787 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.09.2020 812
    • DOCX 73 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нагишева Мария Витальевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Нагишева Мария Витальевна
    Нагишева Мария Витальевна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 98462
    • Всего материалов: 220

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 151 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 283 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 846 человек

Мини-курс

Музыкальная культура: от истории до современности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Рациональность и творчество в педагогике

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные тенденции в архитектуре

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе