Главная / Математика / Конкурс "Ең зерек оқушы"

Конкурс "Ең зерек оқушы"

«Ең зерек оқушы!» атты сайыс


Ойынның I туры «Бәйге».

Бұл турда кез келген тақырыпқа сұрақтар қойылады.Оқушылар қойылған сұрақтарына жылдам жауап беру тиіс.Әрбір сұраққа дұрыс жауап бергені үшін 1 баллдан беріледі.


1.Қақпаға пенальте неше метрден соғылады? (11м)

2.Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранның авторлары кім? (Сөзін жазғандар:Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев; әнін жазған – Шәмші Қалдаяқов)

3.«Қазақ тілі – бай тіл. Оралымды, ырғақты, теңеу – бейнелеулері ерте туған тіл.» Қай жазушының пікірі? (Ғабит Мүсірепов)

4.Қазақстанның солтүстігіндегі ірі жазық (Батыс Сібір)

5.Алғаш рет ғылымға «жасуша» терминін ұсынған кім? (Роберт Гук)

6.Назовите корень, который состоит из одной буквы (Шла, согнул)

7.Жазықтықта координаттарды енгізген француз математигі (Декарт)

8.Күмістің химиялық таңбасы қалай оқылады? (аргентум)

9.Иіс ауада неге тарайды? (Диффузия құбылысы)

10.Телефон желісі арқылы басқа компьютерлермен ақпарат алмасуға негізделген құрылғы (Модем)

11.Футбол добының пішіні қандай? (68-71см)

12.Халық артисі, опера театрнің бишісі? (Шара Жиенқұлова)

13.Етіс түрлерін ата. (Өздік, өзгелік, ырықсыз, ортақ)

14.Қырғыстанның астанасы (Бішкек)

15.Мейоз дегеніміз не?(Пайда болатын әрбір ұрпақ жасушасында саны 2 есе азайған хромосомалардың жиынтығы болатын жасушаның бөліну тәсілі)

16.Какое местоимение можно считать и самым хвастливым и самым скромным? (Я)

17.Дәлелдеуді қажет ететін сөйлем (теорема)

18.Темірдің валенттігі қандай? (II және III )

19.Жылжымалы блок күштен ұтыс бере ме? (береді)

20.Компьютердің миы (Процессор)

21.2008жылы «Қазақстанның үздік футболшысы» атанған еліміздің ең үздік жас футболшысы? (Самат Смақов)

22.Дыбыс саздары әр алуан, құрылысы мен дыбыс реңктері неше түрлі музыкалық аспаптарда орындайтын музыканттар тобы? (оркестр)

23.Сөз және оның мағынасын зерттейтін тіл білімінің саласы (Лексика)

24. Ебі және Сайқан желдері қай жерден соғады? (Жоңғар қақпасы арқылы)

25.Қанның қандай жасушаларында ядро жоқ? (Эритроциттер)

26.Какие 2 местоимения мешают ездить по дорогам? (Я-мы)

27.Шардың шекарасы (сфера)

28.Күкірт қышқылынан түзілетін тұздар қалай аталады? (Сульфаттар)

29.Еркін түсу үдеуінің бағыты (вертикаль төмен)

30.Бір килобайтта қанша байт бар? (1024 байт)

31.Зевс құдайдың қанатты жылқысы (Пегас)

32.“Адам және азамат құқықтарының Декларациясы” қай елде қабылданды? (Франция)

33.Ежелгі Египеттің тұңғыш астанасы? (Мемфис)


(Төрт оқушы ойыннан шығады)






II тур «ЖЕТІ ҒЫЛЫМ»

Бұл турда әр оқушы өзіне ұнайтын бір пәнді таңдайды. Осы пәнге сәйкес тек қана бұл оқушыға сұрақтар қойылады. Әр сұрақтың өзінің баллдар бар. Ал енді пәндерді таңдайық. Алдындағы турда ең көп балл алған оқушы бірінші таңдауды бастайды.


Биология 10. Жасушаны зерттейтін ғылым (цитология)

Спорт 10. Сары және қызыл карточка нені білдіреді? (сары – ескерту, қызыл – қуылу)

Өнер 10. Әншілер тобы (Хор)

Химия 10. Оттек қандай зат? (жай зат)

Тарих 10. Томас Джефферсон Америка Құрама Штаттарының нешінші Президенті болды? (үшінші)

Тілдер 10. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін ата (Толықтауыш, пысықтауыш, анықтауыш)

Математика 10. Дәлеледенбейтін сөйлем (аксиома)


Биология 20. Орамжапырақтың жемісі қандай? (бұршаққын)

Спорт 20. Волейболды неше ойыншы ойнайды? (6)

Өнер 20. Дарынды артист «Қазақтың бұлбұлы» атанған ғажайып әнші? (Күләш Байсеитова)

Химия 20. Қалыпты жағдайда кез келген газдың бір молі қандай көлем алады? (22,4л)

Тарих 20. Бірінші консул атанған Франция қайраткері (Напалеон)

Тілдер 20. Сөз ішінде дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан не жіңішке болып үндесуі қалай аталады? (Буын үндестігі)

Математика 20.Мектеп геометриясының негізін салған грек математигі (Евклид)


Биология 30.Қызылша өсімдігі қай қласқа жатады? (қос жарнақтыларға)

Спорт 30.Ағылшын тілінен аударғанда «Баскетбол» сөзі қандай мағынаны білдіреді? (баскет-корзина, бол-доп)

Өнер 30.Академик, профессор, өнертану ғылымының докторы, қазақтың алғашқы кәсіби композиторы? (Ахмет Жұбанов)

Химия 30.1г темір ауыр ма, 1г мақта ауыр ма? (массалары бірдей)

Тарих 30. Іле өзеніндегі су қоймасы (Қапшағай)

Тілдер 30. Назовите фразеологизм: Хорошо знать (Как свои пять пальцев)

Математика 30.ІХ ғасырдағы өмір сүрген қазақтың тұңғыш математигі (Ғаббас Жауһари)


Биология 40. Жасуша теориясын алғаш рет ұсынған ғалымдар (М.Шлейден, Т.Швенн)

Спорт 40. 29 жазғы Олимпиада ойындары қай мемлекетте өтті? (Қытай)

Өнер 40. Әйелдердің жоғарғы дауысы (Сопрано)

Химия 40. Ас тұзының формуласы қандай? (NaCl (натрий хлор))

Тарих 40. Қазақстандағы қара металлургия орталықтары (Теміртау, Ақтөбе)

Тілдер 40. Какое местоимение требует чистоты? (Мой)

Математика 40. Квадрат пен ромбының периметрі тең. Қай фигураның ауданы үлкен? (Квадраттың)

(Үш оқушы ойыннан шығады)









III тур «СИҚЫРЛЫ ШАРШЫЛАР»

Бұл турда әр түске бір бағыт сәйкес келеді. Алдымен түрлі-түсті кесте шығады. Осы кестеде әр оқушы таңдаған бағытының түстің реттік нөмірлерін есте сақтау керек.(Есте сақтауға 30 секунд беріледі) Сосын кесте бір түске айналады. Оқушылар бір-бірден өздерінің реттік нөмірлерін айтады. Өз сұрақтарына дұрыс жауап берсе - 2балл, қарсыластың сұрағын ашса және дұрыс жауап берсе – 3балл, құпия сұрақты ашса және дұрыс жауап берсе 1балл.


1. НАҚТЫ ҒЫЛЫМДАР: Компьютерді басқаратын және қолданбалы бағдарламалармен байланыстыратын бағдарлам (Операциялық жүйе)

2.ЖАРАТЫЛЫСТАНУ: Биіктігі сегіз /8000/ мыңдық 11 шың орналасқан дүние бөлігі (Азия)

3.ГУМАНИТАРИЯ: Назовите «обиженные» буквы (Ы)

4.ҚҰПИЯ СҰРАҚ: Баскетбол доптың салмағы? (567-650)

5. ЖАРАТЫЛЫСТАНУ: Жетісу өзендері (Есіл, Тобыл)

6. ГУМАНИТАРИЯ: Ғұндардың атақты билеушісі Аттила Рим императорының қызына үйленген,сол сүйген ғашығының аты кім? (Гонория)

7.НАҚТЫ ҒЫЛЫМДАР: Неге темір пеш кірпіш пешке қарағанда бөлмені тез қыздырады, бірақ тез суиды? (тез жылу өткізеді)

8.ЖАРАТЫЛЫСТАНУ: Ұлпаларды зерттейтін ғылым (гистология)

9.НАҚТЫ ҒЫЛЫМДАР: Ақпарат және ақпаратты жинау,сақтау,тасымалдау процестерін зерттейтін ғылыми пән (информатика)

10. ҚҰПИЯ СҰРАҚ: Оркестрдің жетекшісі (Дирижер)

11. ҚҰПИЯ СҰРАҚ: Еуропаның ең үздік футболшы, ең атақты партугалияның жартылай қорғаушысы? (Криштиан Рональдо)

12.ЖАРАТЫЛЫСТАНУ: Сүйек, шеміршек қандай ұлпаға жатады? (дәнекер ұлпасына)

13.ГУМАНИТАРИЯ: Іс-оқиға жайында баяндамай, тек соған қатысты жағдайды атап көрсететін жай сөйлем түрі (Атаулы сөйлем)

14. ҚҰПИЯ СҰРАҚ: Төрт ішекті ысқышпен ойналатын ішекті аспап? (қобыз)

15.ГУМАНИТАРИЯ: Кемінде үш жай сөйлемнен құралып, бір-бірімен салаласа да, сабақтаса да байланысатын сөйлем түрі (Аралас құрмалас сөйлем)

16.ГУМАНИТАРИЯ: Назовите фразеологизм: Быстро бежать (сломя голову)

17. ҚҰПИЯ СҰРАҚ: 29 жазғы Олимпиада ойындарында қазақстандық қанжығаларына неше әр түрлі медальді байлады? (13)

18.ЖАРАТЫЛЫСТАНУ: Адреналин қандай безден бөлінеді? (Бүйрек үсті безі)

19.ГУМАНИТАРИЯ: Оқшау сөздер қызметіне қарай нешеге бөлінеді?Түрлерін ата .(3-ке бөлінеді:қаратпа сөз, қыстырма сөз, одағай сөз)

20.НАҚТЫ ҒЫЛЫМДАР: Екі жазықтықтың қиылысуынан қандай фигура шығады? (Түзу)

21.НАҚТЫ ҒЫЛЫМДАР: Ширек тәуліктің үштен бірінің жартысы неше сағатқа тең болады? (1сағат)

22. ҚҰПИЯ СҰРАҚ: Қашан және қай елде бірінші футбол ережесі пайда болды? (1863 жылы Англия)

23.НАҚТЫ ҒЫЛЫМДАР: Мәтіндік, графикалық кескіндерді компьютерге енгізу құрылғысы (сканер)

24. ҚҰПИЯ СҰРАҚ: 29 жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан нешінші орында болды? (29орында)

25.ЖАРАТЫЛЫСТАНУ: Экватордың ұзындығы (40 000км)


Конкурс "Ең зерек оқушы"
  • Математика
Описание:

«Ең зерек оқушы!» атты сайыс

 

Ойынның I туры «Бәйге».

Бұл турда кез келген тақырыпқа сұрақтар қойылады.Оқушылар қойылған сұрақтарына жылдам жауап беру тиіс.Әрбір сұраққа дұрыс жауап бергені үшін 1 баллдан беріледі.

 

1.Қақпаға пенальте неше метрден соғылады? (11м)

2.Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранның авторлары кім? (Сөзін жазғандар:Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев; әнін жазған – Шәмші Қалдаяқов)

3.«Қазақ тілі – бай тіл. Оралымды, ырғақты, теңеу – бейнелеулері ерте туған тіл.» Қай жазушының пікірі? (Ғабит Мүсірепов)

4.Қазақстанның солтүстігіндегі ірі жазық  (Батыс Сібір)

5.Алғаш рет ғылымға «жасуша» терминін ұсынған кім? (Роберт Гук)

6.Назовите корень, который состоит из одной буквы (Шла, согнул)

7.Жазықтықта координаттарды енгізген француз математигі (Декарт)

8.Күмістің химиялық таңбасы қалай оқылады? (аргентум)

Автор Иванова Валентина Александровна
Дата добавления 22.12.2014
Раздел Математика
Подраздел
Просмотров 561
Номер материала 10487
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓