Инфоурок Информатика Другие методич. материалыКОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК (9 СЫНЫП)

КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК (9 СЫНЫП)

Скачать материал

КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

 

            Ең қарапайым желі (network-сеть) кем дегенде 2 компьютерден тұрады. Олар мәліметтерді бірігіп пайдалана алатындай кабель (бірнеше сымнан тұратын өткізгіш) арқылы жалғасқан. Барлық желілер күрделілігіне қарамастан бір-бірімен осы  кабельдер арқылы жалғасады.

            Компьютерлік желілердің пайда болуы мәліметтерді бірігіп пайдалануға көп көмегін тигізеді. Дербес компьютер – құжат құруда, кесте дайындауда, графикалық мәліметтер және басқа да ақпараттардың түрлерімен танысуда тиімді құрал. Бірақ ол Сіздің жұмысыңыздың нәтижесін тез арада басқа біреумен бөлісуіңізді қамтамасыз етпейді. Желі болмаған жағдайда жасалынған жұмыспен басқа қолданушылар жұмыс жасау үшін әрбір құжатты қағаз бетіне шығаруға немесе дискетке көшірмесін түсіруге тура келеді. Сонымен қатар барлық қолданушылар құжаттың көшірмелерін өзгертіп-түзеткенде, ол құжатты қайта жинап өңдеу қиындық туғызатын. Жұмыстың мұндай схемасы автономиялық ортадағы (автономная среда) жұмыс деп аталады.

            Егер де осындай ортадағы әрбір қолданушы өзінің компьютерін басқа компьютерлердің желісіне қосса, онда ол қолданушы олардың құжаттарымен де, принтерімен де ортақ жұмыс істей алар еді. Яғни, компьютерлер тобының және басқа құрылғылардың бірігуі желілер деп аталады. Ал біріккен және ортақ қолданылатын компьютерлердің қоры желілер арақатынасы деп аталады. Желіге қосылған компьютерлер келесі мүмкіндіктерді бірігіп пайдалана алады:

·        Мәліметтер қорымен;

·        Ақпараттар қорымен;

·        Принтерлермен;

·        Модемдермен;

·        Басқа да құрылғылармен.

Есептеуіш желілері компьютерлік ақпараттық технологиялардың ары қарай дамуы болып табылады. Қазір есептеуіш желілеріне миллиондаған компьютерлер қосылған. Компьютерлік желілерді барлық жерден кездестіруге болады: үлкен-кіші мектептерде, жоғарғы оқу орындарында, мекемелерде және т.б. Желінің басты мақсаты – бұл ақпаратпен бірігіп жұмыс жасау, яғни тасымалдау, айырбастау, өңдеу, т.с.с. Желілердің екі түрі бар:

1.      Жергілікті есептеуіш желісі - локальня вычислительная сеть (ЛВС) – Local Area Network (LAN);

2.      Жалпы есептеуіш желісі – глобальная вычислительная сеть (ГВС) - Wide Area Network (WAN).

Жергілікті есептеуіш  желілері

Алғашқы компьютерлік желілер шағын, он компьютерге дейін және бір принтермен біріктірілді. Технология желілер өлшеміне, сонымен қатар желідегі компьютерлер санына және оның физикалық ұзындығына шектеу қойды. 1980 жылдардың басында ең танымал желілер түрі 30 компьютерлерден тұрды және оның кабелінің ұзындығы 185 м (600 футтан) аспады. Мұндай желілер үлкен мекеменің бір қабатында немесе шағын ұйымдарда болды. Қазіргі кездің өзінде кішкентай фирмаларға осындай желілерді пайдаланады.  Бұл желілер жергілікті есептеуіш желілері (ЛВС-LAN) деп аталады.

Жалпы есептеуіш желілері

Жергілікті желілердің алғашқы түрлері ірі кәсіпорындарды, әр жерлерде орналасқан мекемелерді қанағаттандырмады. Кейінірек, компьютерлік желілердің басымдылығынан және желілік бағдарламалардың кеңінен пайда болуынан желілерді кеңейту негізгі мақсатқа айналды. Жергілікті желілер негізінде алдыңғыға қарағанда ірі жүйелер пайда болды. Әртүрлі қалалар мен мемлекеттегі қолданушыларды біріктіруде жергілікті желілердің өсуінен, ондаған компьютерден бірнеше мыңдаған компьютерлердің бірігуі арқасында жалпы есептеуіш желілері (ГВС - WAN) пайда болды. Қазіргі кезде көптеген мекемелер осы желілер ортасында өте қажетті мәліметтерін сақтап және оларды бірге пайдаланады.

 

1.1. Желілердің типтері

Барлық желілердің кейбір бөліктері, функциялары және мінездемелері ортақ болып келеді. Олардың құрамында:

·              Серверлер (servers) – бұл өз ресурстарын (қорларын) желілік қолданушыларға ұсынатын компьютерлер;

·              Клиенттер (clients) – серверлер ұсынатын желілік қорларды пайдаланатын компьютерлер;

·              Тасымалдау ортасы (media) – компьютерлерді біріктіру ортасы;

·              Бірігіп қолданатын мәліметтер – серверлердің желі бойынша ұсынатын файлдары;

·              Бірігіп қолданылатын қосалқы құрылғылар, мысалы, принтерлер, CD ROM кітапханасы және т.б. – серверлердің ұсынатын қорлары (ресурстары);

·              Қорлар (ресурстар) – желіде қолданылатын қосалқы құрылғылар мен басқа да элементтер, файлдар.

            Жоғарыда айтылған ұқсастықтарына қарамастан желілердің екі типі бар:

1.      Бірқалыпты (одноранговая – peer-to-peer);

2.      Сервердің негізінде (на основе сервера - server based).

            Екі желінің айырмашылығы – олардың мүмкіндіктеріне байланысты. Желінің типін көптеген факторларына байланысты таңдауға болады:

·        мекеменің өлшеміне;

·        қауіпсіздік жағдайына;

·        жұмыс түріне;

·        жұмыс орнының жауаптылығына;

·        желілік аумақтың көлеміне;

·        желілік қолданушылардың қажеттілігіне;

·        қаражат мүмкіндігіне.

Бірқалыпты желілер

         Бірқалыпты желілерде барлық компьютерлер тең құқылы, яғни олардың арасында жеке алынған компьютер немесе белгіленген сервер (dedicated) жоқ. Бұл жағдайда әр компьютер клиент ретінде де, сервер ретінде де қаралады. Басқаша айтқанда барлық желі үшін жауап беретін арнайы бір компьютер жоқ. Қолданушылар компьютерлеріндегі қай мәліметтерді желі бойынша пайдалану керектігін өздері шешеді. Бірқалыпты желілерде көбінесе 10 компьютерден артық бірікпейді. Бұл желілердің тағы басқаша атауы бар, ол – жұмысшылар тобы (workgroup), яғни шағын қолданушылар ұжымы.

Сервердің негізіндегі желілер

Бірқалыпты желілердегі компьютерлер клиент немесе сервер қызметін атқаратын болғандықтан оннан көп қолданушылар біріккен жағдайда бұл желіге берілген жұмыстың көлемін бірқалыпты желідегі қолданушылар басқара алмауы мүмкін. Сондықтан көп жағдайда желілердің басқа түрін қолданады. Олар белгіленген сервердің негізінде жұмыс істейді. Белгіленген сервер, бұл – клиент ретінде немесе жұмыс станциясы ретінде қолданылмай, тек сервер ретінде ғана қолданылады. Желілердің бұл түрі желідегі клиенттердің сұранысын тез өңдеп, құжаттары мен бумаларын сақтауды жоғарылатады. Желілердің өлшемінің желілік трафик көлемінің өсуіне байланысты серверлердің де саны өседі. Бірнеше серверлердің болуы, ол әрқайсысына берілген тапсырмалардың тиімді орындалауын қамтамасыз етеді. Әрбір сервердің алдына қойылған тапсырмаларды орындау әртүрлі қиындық туғызады. Серверлерді қолданушылардың қазіргі талаптарына сәйкес болу үшін үлкен желілерде олардың әрқайсысын серверлердің түріне арнайды. Мысалы, Windows NT желісінде әртүрлі серверлер жұмыс істеуі мүмкін:

·   Файлдар мен басып шығару сервері – бұл серверлер қолданушылардың файл және принтерлермен қатынасын басқарады;

·   Қосымшалар (приложения) сервері – бұл жерде клиент-серверлер қосымшаларының қолданбалы бөлігі орындалады, сонымен қатар клиенттерге қажетті мәліметтер орналасады;

·  Почталық сервер – желідегі қолданушылар арасында электронды почта ақпараттарын тасымалдауды басқарады;

·      Факс сервер – бір немесе бірнеше факс модемдердегі кіріс және шығыс факстық ақпараттарды реттейді;

·      Коммуникациялық серверлер - өз желісі мен басқа желі арасындағы модем мен телефон желісі арқылы өтетін мәліметтер мен почталық ақпараттарды басқарады;

·      Каталогтардың қызмет сервері – қолданушыларға қажет серверлер туралы мәліметтер орналасады, желіде ақпараттарды сақтауға және қорғауға көмектеседі. Windows NT Server компьютерлерді логикалық топта – доменде (domains) біріктіреді, яғни әр қолданушыға желі қорларымен жұмыс істеуде әртүрлі (бірдей емес) мүмкіндіктер береді.

Аралас желілер

         Бірқалыпты және сервер негізіндегі желілердің жақсы сапаларынан құрылған желілердің аралас түрі бар. Көптеген қолданушылардың айтуы бойынша осы аралас желілер жұмыс істеуде қазіргі талаптарды қанағаттандырады. Аралас желілер – желілердің кең тараған түрі.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК (9 СЫНЫП)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

SMM-менеджер

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Ең қарапайым желі (network-сеть) кем дегенде 2 компьютерден тұрады. Олар мәліметтерді бірігіп пайдалана алатындай кабель (бірнеше сымнан тұратын өткізгіш) арқылы жалғасқан. Барлық желілер күрделілігіне қарамастан бір-бірімен осы  кабельдер арқылы жалғасады.

 

            Компьютерлік желілердің пайда болуы мәліметтерді бірігіп пайдалануға көп көмегін тигізеді. Дербес компьютер – құжат құруда, кесте дайындауда, графикалық мәліметтер және басқа да ақпараттардың түрлерімен танысуда тиімді құрал. Бірақ ол Сіздің жұмысыңыздың нәтижесін тез арада басқа біреумен бөлісуіңізді қамтамасыз етпейді. Желі болмаған жағдайда жасалынған жұмыспен басқа қолданушылар жұмыс жасау үшін әрбір құжатты қағаз бетіне шығаруға немесе дискетке көшірмесін түсіруге тура келеді. Сонымен қатар барлық қолданушылар құжаттың көшірмелерін өзгертіп-түзеткенде, ол құжатты қайта жинап өңдеу қиындық туғызатын. Жұмыстың мұндай схемасы автономиялық ортадағы (автономная среда) жұмыс деп аталады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 610 477 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.01.2015 688
    • DOCX 16.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Махамбетова Газиза Ерсалатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 19006
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 18 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Математика и информатика")

Учитель математики и информатики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 16 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Информатика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель информатики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 485 человек из 71 региона

Курс повышения квалификации

Использование компьютерных технологий в процессе обучения информатике в условиях реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 141 человек из 44 регионов

Мини-курс

Психологическая работа с эмоциональными и поведенческими проблемами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 67 человек из 34 регионов

Мини-курс

Современные направления в архитектуре

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Архитектурное творчество для подростков (обучение детей от 12 лет и старше)

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе