Главная / География / "Климат қалыптастырушы факторлар. "

"Климат қалыптастырушы факторлар. "

hello_html_1d9aa904.gifhello_html_m7c7e6a78.gifhello_html_6c0859b4.gifhello_html_m12d63cfb.gifКүні__________ Сыныбы: 7 «А», «Ә», «Б» 10-сабақ Бекітемін___________


Тақырыбы: § 8 Климат қалыптастырушы факторлар.

Мақсаты:

Білімділік: Оқулықтың тақырыбы бойынша алған білімдерін тексеру, ойлау қабілеттерін арттыру.

Дамытушылық: Жаңа технологияларды пайдалана отырып, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру, білімге құштарлығын, ізденімпаздылығын дамыту

Тәрбиелік: Оқушыларды табиғаты, елін жерін сүюге оны құрметтеуге, аялауға тәрбиелеу

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, іздену

Көрнекілік: Оқулық, кескін карта, дүние жүзінің картасы, атлас карта, глобус

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылар мен мұғалімнің сәлемдесуі.

ә) балаларды түгендеу.

б) сынып бөлмесінің тазалығын қорғау.

в) оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру.

г) оқушылардың назарын сабаққа аудару.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

§ 7 оқушылардан сұрау.


ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру кезеңі

Өтілген тақырыптар бойынша «Кім алғыр» ойынын жүргізу.


ҮІ. Мақсат қою кезеңі

Бүгінгі сабақта Климат қалыптастырушы факторлар және Жер шарындағы климаттық белдеулермен танысамыз.


Ү. Жаңа білімді меңгерту кезеңі

Жер шарының климаты алуан түрлі. Ол Жер бетінде Күннің жылуы мен атмосфералық жауын-шашынның әркелкі таралуына байланысты болады. Белгілі климат зерттеуші ғалым Б.П. Алисов Жер шарында бір-бірінен температуралық жағдайлары және ауа массаларының қасиеттері мен әсер ету аймақтары арқылы айырмашылық жасайтын 13 климаттық белдеуді ажыратқан.

Климаттық белдеулер негізгі және өтпелі болып бөлінеді. Негізгі климаттық белдеулер төрт ауа массаларына бөлінеді:

1. Экваторлық белдеу – қысым төмен, жыл бойы экваторлық ауа массалары әсер етеді. Күн сәулесінің мол түсуіне байланысты бұл белдеуде бүкіл жыл бойы ауа температурасы жоғары болады. Жауын-шашщын мол түседі, ауа райы ыстық, ылғалды әрі қапырық болады.

2. Тропиктік белдеу – жыл бойы тропиктік ауа массаларының ықпалында болады. Сондықтан бұл белдеуде тұрақты жоғарғы қысым мен төмен бағытталған ауа қозғалысы басым. Жазда температурасы өте жоғары, ал қыста салқын болып келеді. Тропиктік ауа массалары әдетте өте құрғақ

3. Қоңыржай белдеу – жыл бойы қоңыржай ауа массалары мен батыс желдері басым болады. Мұнда едәуір салқын, жыл мезгілдері айқын байқалады. Жауын-шашынның жылдық мөлшері жалпы алғада біршама мол болғанымен, белдеу ішінде әркелкі таралады.

4. Арктикалық және антарктикалық белдеу – жыл бойы арктикалық ауа массалары әсер етеді. Жыл бойы ауа температурасы төмен болады. Полюске жақындаған сайын табиғат жағдайы қолайсыз сипат алады.

Өтпелі климаттық белдеулер негізгі белдеулердің аралығында орналасқан. Олардың аттарындағы «суб» сөзі латынның «таяу, маңы» деген мағынаны білдіреді.

Өтпелі климаттық белдеулер: субэкваторлық, субтропиктік, субарктикалық және субантарктикалық.



ҮІ. Оқушылардың жаңа білімді меңгеруін тексеру кезеңі

а) бүгінгі тақырыптан не білдіңдер?

ә) тақырыпты түсіндіңдер ме?

б) бүгінгі тақырыпқа байланысты сұрақтарың бар ма?


ҮІІ. Оқушылардың білімін бекіту кезеңі


Климат қалыптастырушы факторлар





Мұхиттардың ықпалы

Жер бедерінің сипаты

Ауа массалары

Географиялық ендік





1. Жер шарындағы климаттық белдеулерді көрсетіңдер

2. Олардың қайсылары солтүстік және оңтүстік жарты шарларда қайталанып отырады

3. Өздерің тұрған жерде қандай ауа массалары, желдердің басым болатынын, ауа райы сипатының белгілерін және оның қандай климаттық белдеуге сәйкес келетінін анықтаңдар.


ҮІІІ. Қорыту

а) үйге тапсырма беру: § 8 оқу.

ә) оқушыларды бағалау


"Климат қалыптастырушы факторлар. "
  • География
Описание:

Тақырыбы: § 8 Климат қалыптастырушы факторлар.

Мақсаты:

Білімділік: Оқулықтың тақырыбы бойынша алған білімдерін тексеру, ойлау қабілеттерін арттыру.

Дамытушылық: Жаңа технологияларды пайдалана отырып, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру, білімге құштарлығын, ізденімпаздылығын дамыту

Тәрбиелік: Оқушыларды табиғаты, елін жерін сүюге оны құрметтеуге, аялауға тәрбиелеу

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, іздену

Көрнекілік: Оқулық, кескін карта, дүние жүзінің картасы, атлас карта, глобус

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылар мен мұғалімнің сәлемдесуі.

ә) балаларды түгендеу.

б) сынып бөлмесінің тазалығын қорғау.

в) оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру.

г) оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

§ 7 оқушылардан сұрау.

Автор Калкаева Асем Талимжановна
Дата добавления 03.04.2016
Раздел География
Подраздел Другое
Просмотров 553
Номер материала MA-066148
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓