Главная / Классному руководителю / Классный час по ЧС

Классный час по ЧС

Сынып сағаты: «Қауіп-қатерлермен бірге өмір сүруге үйренеміз»(жер сілкінісі,өрт,су тасқыны кезінде не істеу керек?)

Мақсаты: төтенше жағдайларда іс-қимылдарын ұйымдастырудағы білімді үгіт-насихаттауды, күшейту мақсатында – болуы ықтимал табиғат апаты кезінде оның салдарын тиімді жолдармен жеңілдету үшін қажетті білім беріп, әдіс-тәсілдерін үйрету.

Тәрбиелік: Қауіпсіздік ережелерін сақтауға, тәртіплікікке, ұқыптылыққа, сабырлыққа, батылдыққа тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, презентация, «Жер сілкінісі, өрт және су тасқыны кезінде не істеу керек?» бейнефильмі, оқушыларға арналған жадынамалар

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру

ІІ. Сабақтың тақырыбын, мақсатын айтып кету

ІІІ. Жер сілкінісі, өрт және су тасқыны жайлы айтып өту. Бұл жағдайдағы іс-қимылдар, көрсетілетін алғашқы көмек.

«Жер сілкінісі, өрт және су тасқыны кезінде не істеу керек?» бейнефильмін көрсету

Жер сілкінісі – жер асты қыртыстарындағы дүмпулер мен жердің жоғарғы беттерінің тербелуі. Жер сілкінісі кенеттен пайда болатын және тез таралатын табиғи апат.

Жер сілкінісі нәтижесінде сан түрлі зардаптан – ғимараттардың бұзылуы, өрттер, су тасқындары опырылып құлаулары және көшкіндер туындайды.

Өрт – бұл заттың құндылықтарды жоятын және адамдардың өміріне қауіп-қатер туғызатын жанудың бақылауға алынбайтын үрдісі.

Өрттен адам өміріне қатер төндіріп, үлкен залал әкеледі.

Өрттің себептері:

- Байланыс желілерінің ескіруі

- Өңделмейтін электр өткізгіштер

- Тыйым салынған орандарда темекі тарту

- Электр аспаптарын қараусыз қалдыру немесе тұрмыс техникасын дұрыс қолданбау

- Отты және химиялық заттарды дұрыс пайдаланбау.

Су тасқыны – судың өз деңгейінен көтерілген кезде біршама жердің су астында қалуынан пайда болады. Су тасқыны – қардаң еруі немесе жаңбырдың құюы, дамбаларды қоршап тұрған қақпалардың қирауы, желдің әсерінен су деңгейінің көтерілуі және жердің қозғалуы салдарынан болады.

ІV.Сұрақ-жауап әдістемесі

Оқушыларды 3 топқа бөліп отырғызу.



1 топқа: Жер сілкінісі дегеніміз не?
Жер сілкінісіне қалай дайындалуға болады?

Қандай заттар құлауы мүмкін?

Ең қауіпсіз жерлерді атаңдар?

Өз жолқапшаңа қандай қажетті заттарды саласыңдар?

Егер сенің жолқапшығың дайын болса, оны қайда қалдыру керек?

Егер жер сілкінісі кезінде бөлмеде болсаң ше?

Егер жер сілкінісі кезінде көшеде болсаң ше?

Көшедегі қауіпсіздік орындарды атаңдар?

Жер сілкінісінен кейін не істеу керек?

2 топқа: Өрт неліктен болады?

Өрт кезінде не істеу керек?

Өрт кезінде ұсынатын негізгі ережелер қандай?

3 топқа: Су тасқыны деген не?

Су тасқыны неден пайда болады?

Су тасқыны кезінде қалай аман қалуға болады?

Су тасқыны болатын жағдайда нені дайындап қою керек?

Музыкалық ойын. Табиғат құбылыстары туралы әндерден үзінділер тындалады. Оқушылар қандай апат түрлері туралы айтылғанын табады.

V. Сабақты қорыту.

Сонымен, біз бүгін төтенше жағдайлар кезінде не істеу керек екенімен таныстық.
Табиғат апаты болған жағдайда, оның салдарын тиімді жолдармен жеңілдету, әдіс-тәсілдерін үйрендік.
Оқушыларға жадынамалар таратылады

Классный час по ЧС
  • Классному руководителю
Описание:

Классный час на тему: "Қауіп - қатерлермен бірге өмір сүруге үйренеміз". Жер сілкінісі, өрт, су тасқыны кезінде не істеу керек?

 Тәрбиелік мақсаты: қауіпсіздік ережелерін сақтауға, ұқыптылыққа, сабырлыққа, батылдыққа тәрбиелеу.

 Сынып сағатынын барысында "Жер сілкінісі, өрт және су тасқыны кезінде не істеу керек?" бейнефильмі көрсетіледі.

 Оқушылар топпен жұмыс жасайды. Музыкалық ойын ойнатылады. Табиғат құбылыстары туралы әндерден үзінділер тындалады. Оқушылар ол қандай апат түріне жататының айтады.

 Сынып сағатының соңында балаларға төтенже жағдайларда не істеу керек екені туралы жадынамалар таратылады.

Автор Жансултанова Жанар Наурызбаевна
Дата добавления 06.01.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел
Просмотров 599
Номер материала 36584
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓