Главная / Классному руководителю / Классный час на тему "Жыл басы-наурыз"

Классный час на тему "Жыл басы-наурыз"

Тақырыбы: Жыл басы - Наурыз!

Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру, алаларды елін , Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу, имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру. Балалардың шығыс күнтізбесі жайлы түсініктерін жетілдіру. Шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жыл
22- наурыздан басталып, күн мен түннің теңесетінін
түсіндіру. Наурыз мерекесінің басқа мерекелерден айырмашылығын білуге үйрету. Халқымыздың салт - дәстүрлерін сақтауға, балаларды еңбексүйгіштікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Мейрам өтетін жер салт –дәстүрге байланысты жабдықталады.Балалар ұлттық киімдерімен келеді. Киіз үй керегесінен сахна жасалынады.
Залда әсем әуен ойнап тұрады.
1-тәрбиеші: Жер әлемді жайнатып, әнші құстар сайратып, наурыз тойын тойлатып, Ұлыстың ұлы күні келді ағайын. Той құтты болсын! Ақ мол болсын! Армысыздар құрметті қонақтар.
2- тәрбиеші: О, жарандар, жарандар,
Бермен қарай қараңдар.
Наурыз тойы басталды.
Құттықтаймын бәріңді
Үлкен - кіші, кәріңді
Ақ дегенің мол болсын,
Қайда барсаң жол болсын.
Алла қолдап ісіңді,
Қадамың басқан оң болсын!
Ортаға екі бала шығады.
1-бала : Ассалаумағалейкум
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын!
2-бала: Уағалейкумассалам
Ұлыс оң болсын
Пәле – жала жерге енсін!
Екі бала төс қағыстырып аман – саулық сұрасады.
2-жаршы: Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді.
Соны тойлар ел енді.
Наурыз тойы салтымыз,
«Көгерсін!» деп халқымыз,
Көшеге тал егеді.
Бабалардың үмітін,
Жас ұрпақтар ақтаймыз.
Қыдыр атаны шақырып,
Наурыз тойын бастаймыз.
Көрініс: күн мен түн ортаға шығады.
Күн: Сәулесі мол Күнмін,
Түн: Жұлдызы көп Түнмін
Екеуі бірігіп: Бүгін біздер бірдей боп,
Теңелеміз бүгін біз.
Түн: Ал ертең күн ұзақ.
Күн: Түн қысқарар бірақ.
Екеуі бірігіп: Ұйқы қанбай қалып,
Жүрмеңдер бірақ.

3.Қыдыр ата сөзі:Армысыңдар халайық,
Армысыңдар балалар!
Сендерге арнап көктемде,
«Қарғалдақты» өсірдім.
Белгісі болсын көктемнің
Берекесін берсін өткеннің.
Наурыз көже сыйлықпен,
Сендерге бүгін жеткенмін.
Ал, балалар, балалар,
Би билеп, ән салайық,
Наурыз тойда, думандап.
Ән: «Домбыра сазы».
1-тәрбиеші: Ұлыс күндеріңіз құтты болсын!
Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Халқы сүйген мейрамды
Қарсы алайық Наурызды!

(Әжесі мен Наурыз қыз ортаға келеді. Әжесі шашу шашады)
Әже: Наурызым , құт әкелсін елімізге
Береке, ырыс кірсін жерімізге
«Қоянды» қуанышпен шығарып сап
Бақыт боп «Ұлу » кірсін елімізге
Жаңа жыл елімізді жарылқасын
Қиналып әр отбасы тарықпасын
Ата – әже келгенде қуанғандай
Немерелерім сендерді қуаныштан арытпасын.
Наурыз қыз:
Жасай бер жаңа күн!
Туа берсін жаңа күн
Дүр сілкінсін дала бір
Құтты болсын жаңа жыл!!
Құтты болсын Наурыз – той,
Құтты болсын Жаңа жыл!

1 бала: Қош келіпсің Наурыз!
Арман тойы халықтың.
Қуанышы халықтың,
Құтты болсын қадамың!

2- бала: Сені тойлап қарсы алып,
Бар әлемге жар салып,
Сәлем бердік, біз сізге!

3-бала: Наурыз тойы - береке,
Наурыз тойы - жыр аңыз.
Қызып дулы мереке
Қызық думан құрамыз.

Би:«Қаражорға»
ІІ. Негізгі бөлім:
Құрметті қонақтар, сіздерге арналған бақша бүлдіршіндерінің «Алтын сақа » ертегісінің желісімен қойылған «Жыл басы - Наурыз» атты ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз.
Көрініс.
(Шал қолында қамшысы бар, қой жайып жүреді)
Шал: Шек, шеку , ей кебенек! Мына ешкілер әбден мазамды алды. «Қой бақтым қоңырау тақтым, ешкі бақтым еңіреп бақтым » деген осы екен ғой. Уһ, әбден шаршадым, дем алайыншы,- деп малдас құрып отыра кетеді.Сол кезде артынан Мыстан кемпір келіп шалды қылқындыра бастайды.
Мыстан: Уһ, бәлем қолыма түстің бе?
Шал: Ойбай, ойбай жіберші, қылқынып барамын.
Мыстан: Сен маған не бересің?
Шал: Бір отар қой беремін.
Мыстан: Жоқ маған қой керек емес, балаңды бер әйтпесе жібермеймін.
Шал: Жарайды, жалғыз Асанәлі деген ұлым бар еді , соны ал.
Мыстан: Онда келісімін, оны қалай бересің?
Шал: Баламның жақсы көретін алтын сақасы бар , соны саған беріп кетейін, балам алтын сақасын іздеп келгенде өзің ұстап ал.
Міне, алтын сақа,- деп қалтасынан алтын сақасын алып береді де өзі кетіп қалады.
Мыстан алтын сақаның жанында отырады.
( Бала сақасын іздеп шығады)
Бала: Апа, апа анау сақамды алып беріңізші?
Мыстан: Ой, мен отырсам тұра алмаймын, тұрсам отыра алмаймын, өзің ал.
Бала еңкейіп сақаны ала бергенде мыстан оны шап беріп ұстап алады. Осы кезде қыздар Асаналіні іздеп шығады.
Қыздар: Асанәлі, Асанәлі, қайдасың? Біз сені іздеп жүрміз.
Осы кезде ортаға Мыстан атын шығып, қыздарды қорқытады. Қыздар қорқып бірінің артына бірі тығылады.
Мыстан: Сендерге Асанәлі керек болса , менің шартымды орындаңдар.
Қыздар: Орындаймыз, апа орындаймыз.
Мыстан: Онда маған Наурыз туралы тақтақ айтып беріңдер.

(Балалар Наурызға байланысты жаттаған тақпақтарын айтады)

1- бала: Ұлы күні кәрі - жас,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өсірген.
Наурыз той құтты болсын!

2- бала: Қуанайық халайық,
Келді міне жар салып.
Жаңа жылмен тойлайық,
Би билейік, ән салып.

3- бала: Сәнді көктем - Наурыз!
Наурыз тойы - жырымыз.
Көңіл гүлдей жайнасын.
Құлпырсын күн мен ай.
Құтты болсын Наурыз!

4- бала:Бүгін күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа көгереді,
Соны тойлап ел енді.
Қуанышқа кенеледі

5-бала: Наурыз той салтымыз,
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Бағымызда бұлбұлымыз сайрайды.

6-бала: Қуанайық халайық,
Келді міне жар салып.
Жаңа жылмен тойлайық,
Би билейік, ән салып.
Ән: «Төлдер».


Мыстан: Жарайсыңдар!
Қыздар: Апа ,енді Асанәліні жібересіз бе?
Мыстан: Жоқ, маған енді өнерлеріңді көрсетіңдер
Қыздар биі: «Қазақ биі»

Мыстан: Ой, рахмет, көңілім көтеріліп қалды ғой.
Қыздар: Апа Асанәліні жібересіз бе?
Мыстан: Жоқ әрине осығанда жіберем бе кәне ұлдар жылдам ба. қыздар жылдам ба соны көргім келіп тұр.
Ойын: «Қыз қуу»
Қыздар: Енді, жібересіз бе?

Мыстан: Жоқ, маған сендер ұнап қалдыңдар, тағы қандай өнерлерің бар екен, көрейін.
Жылдар:
Тышқан: Мен тышқанмын, тышқанмын,
Көбейгенмін , өргенмін
Кішкене қандай болсам да,
Жылды бұрын көргенмін.
Сиыр: Уа, халайық жиылған,
Бір сәлем келген сиырдан.
12 жыл бойы жол жүріп,
Келдім алыс қиырдан.
Барыс: Шыңда жүрген барыспын,
Ертеден жылмен таныспын.
Қарлы тауда жүремін,
Жердегіден алыспын.
Сиырдан ұлықсат сұрайын,
Биылғы жыл мен болайын.
Қоян: Мен қоянмын, қоянмын,
Бүгін ерте ояндым.
Аппақ едім қыс бойы,
Қоңыр түске бояндым.
Ұлу: Мен ұлумын, ұлумын,
Теңізден келген сұлумын.
Қамын ойлап келген ем,
Ойын - сауық құрудың.
Жылан: Армысыңдар халайық,
Армысыңдар балдырған.
Қарды түгел кетіріп,
Жердің бетін жайнатам.
Жылқы: Мен жылқымын желдім ғой
Іздеп жүріп келдім ғой.
Қолыңды соқ қарсы алып,
Жылды маған сендің ғой.
Қой: Қой едім елге ұнайтын,
Бірінен бірі сұрайтын.
Мен боламын білсеңіз,
Малдың басын құрайтын.
Мешін: Мен, Мешінмін, мешінмін,
Көптен келмей кешіктім.
Мың құбылып, түрленіп,
Жайнасын жылым, жайнасын!
Тауық: Менде құспын, тауықпын,
Көркімін ойын - сауықтың.
Күнделікті жемімді,
Шоқып жүріп тауыппын.
Ит: Ит болғанда Құмаймын,
Бір орында тұрмаймын.
Аңды алыстан көремін,
Қуып жетіп төнемін.
Доңыз: Доңызды білсең майлымын,
Халыққа сондай жайлымын.
Берекелі жыл болар,
Шаруаға сайлымын.
Қоян жылы жыл таяғын ұлу жылына тапсырады.
Ендеше, Ұлу жылымыз құтты болсын!
Ұлыс оң болсын, қайда барсақ жол болсын!
Мыстан: Өй, сендерде өнерлі балалар көп екен ғой.
Қыздар: Асанәліні енді жібересіз бе?
Мыстан: Жібермеймін, (ойланып тұрып) қане ұлдарыңның күшін сынып көрейінші( белінен арқан шешіп береді)
Ұлттық ойындар . «Арқан тартыс»
Мыстан: Қандай күшті балалар. Бірақ мен Асанәліні жібере алмаймын, менің қарным ашты.
(Қыздар жиналып ақылдасады)
Қыздыр: Апа, мынау ұялы телефон , мұнымен барлық жермен сөйлесе
аласың,өлең тыңдайсың, ойын ойнайсың, суретке түсесің.
Мыстан: Қане, әкел бері көрейін.
Мыстан телефонды алып бұрышқа қарай барғанда қыздар Кенжебекті алып шығып кетеді.
Мыстан: Әй,әй тоқтаңдар..
Алло, Таусоғар, Желаяқ ұстаңдар аналарды! Мыстан өзі де шығып кетеді.

Тәрбиеші: Балалар мінекей әрқашанда жамандық жасаған адамдар өзі ұсталып қалады көрдіңдер ме барлығымыз бірігіп Кенжебегімізді де шығарып алдық, барлықтарыңда көп жақсылық жасауға тырысыңдар. Балалар бүгінгі мейрамға бізге келген Қыдыр атамыздан бата сұрайық.
Азамат боп ержетіңдер,
Ақылды болып ержетіңдер
Азамат болыңдар көрікті,
Ғұмырың болсын берікті
Азамат болыңдар ардақты
Мінездерің болсын салмақты
Өнер болыңдар жан – жақты
Осы айтқанның бәрі қабыл болып
Алла берсін сендерге зор баққты! Аумин.

Тәрбиеші: Наурыз құтты болсын!
Дендеріміз сау, мықты болсын!
Наурыз тойы келе берсін!
Барлық халық бақытты болсын,
Қош ,сау болыңыздар, халайық!
Көріскенші күн жарық болсын!
Ән. «Наурыз»
Барлықтарыңызды Наурыз дастарханына шақырамыз.
Көжеден дәм татыңыздар.



























































«Ана» деп көркем жыр төккен,

Армысың, ару, нұр – көктем.

Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналармен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.

1-жүргізуші: Аса қадірлі ақ жаулықты әжелер, отбасының алтын діңгегі – аяулы аналар, көктем гүліндей жайнаған ару қыздарымыз! Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі бұл.

Бірге: Бүгінгі «Ана деп көркем жыр төккен,

Армысың, ару нұр көктем!» мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

1-жүргізуші: Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды

Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды

Қуандым ба, өзің бар деп қуандым,

Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды.

Бәрі де, ана бір өзіңнен басталды.

Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды

Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,

Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым.

2-жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті асыл жанды аналар мен қыр гүліндей құлпырған қыздар! 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз. Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.

Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр нұр көктем.

Жарығыңмен, шуағыңмен, Күн – Ана,

Алып келдің жер бетіне гүл көктем!

Армысыздар, ару қыздар, абзал ана,

Анаға тең келетін бар ма дана?

Мерекең бүгінгі күн құтты болсын,

Қуанышпен құшақтарға гүлдер толсын!- дей отырып, мерекелік құттықтау сөзді мектеп директоры Дусипова Миргул апайға береміз.

 

1-ж: Анам менің, асылым, лағыл әнім,

Кең кеудеңе гүл болып тағыламын,

Жұлдызындай көгінде жағыламын.

Алыс кетсем аңсаймын сағынамын.

 

2-ж: Анам менің, асылым, лағыл әнім.

Баулуға мені сан азап көріп шыдадың.

Тілерің болса алдағы жерде анашым,

Үмітіңді ақтап, арналсын саған жыр – әнім! – дей отырып, әнге кезек берейік.

Мектебіміздің жас әншісі Ержанов Нурлатты «Анашым» әнімен ортаға шақырамыз.

 

1-жүргізуші: Сағындық, аналар туралы ақын-жазушыларымыздың ұлағатты сөздерін білесің бе?

2-жүргізуші: Әрине, мысалы, «Әйелдер адамды бесігімен баулиды… Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады» деген екен орыс жазушысы Пирагов.

1-жүргізуші: сөзің орынды, Орыс жазушысы Максим Горький: «Адамдар-әрқашанда өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды»,- деген екен, осыдан ананың өмірімізде қаншалықты орын алатындығын білуге болады.

 

2-жүргізуші: Мұхаммед пайғамбардың хадистерінен мынандай жолдарды оқуға болады:

«Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп, Ислам дінінде әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі деп көрсеткен екен.

1-жүргізуші: Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры арқылы аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құдіретті сезімдеріне арналған әсем әнді қабыл алыңыздар.

 

Қажығалиев Наурыздың орындауында «Жеңешем» әнін қошеметпен қарсы алайық.

1-жүргізуші:

Аналар ау, менің шалқар көлдерім,

Көлдерім мен асқар –асқар белдерім.

Мына өмірде қуанышты жүргенім

Сенің арқаң мына өмірге келгенім.

 

2-жүргізуші:

Десек те уақытпен жарыспайды,

Қиялға қиялменен қарыштайды.

Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,

Өнерін аналарға бағыштайды,-дей отырып, келесі кезекті тамашаға береміз.

 

1-жүргізуші: Ана -әрбір адамның ең жақын жанашыры, қомқоршысы, қадірлісі, жанын да аямаған ардақтысы.

Ана алса міндетті өз басына,

Дүниенің мен кепіл тозбасына.

Бақытың да, сорыңда сыйып кетер,

Аналардың бір тамшы көз жасына

 

2-жүргізуші:

Ана- жүрек, жүректі құдіретте!

Ана- тірек, тіректі құрметте!

Ана- шыңың, шыңыңа сағынып жет!

Ана- күнің, күніңе табынып өт!

Расында да, адамның әдептілігімен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтінен, ана жүрегінің жылуынан дарыған. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдыменанадан тарайды.

 

1- жүргізуші: Әр адам көзін ашып, дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол – Ана! Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да – Ана.

2-жүргізуші: Ана – бұл жел жағымызға пана, біріміз үшін дара, дана тұлға. Әрбір ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбидің жыламауын, сұм соғыстың болмауын, қызыл гүлдің солмауын тілейді.Олай болса, аналардың құрметіне мектебіміздің алғашқы әскери даярлық пәнінің мұғалімі Өтепберген Айбек ағайды «Анашым» әнімен қошеметтеп қарсы алайық.

 

1- жүргізуші: Сағындық, дүниедегі ең сұлу қазақ әйелі екенін білесің бе?

Өйткені, Қазақ әйелі – бар мұратын отбасының игілігіне байлаған әдемі ізгі адам.

 

2-жүргізуші: Дұрыс айтасың, менің ойымша қазақ әйелі – бар тілегін перзентінің жолына арнаған әлемдегі ең мейірімді ана, ұлттың ұйытқысы, ұрпақтың анасы.

1-жүргізуші:

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,

Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.

 

2-жүргізуші:

Қалайша аяулы ана тына алармын,

Ән болып сағыныштан ақтарылмай – деп, сіздердің қошеметтеріңізбен ортаға мектебіміздің әнші жігіті 10-сынып оқушысы Рахатов Исламбекті «Анашым» әнімен шақырамыз.

 

1-жүргізуші: Сағындық, осы ана деген қандай адам, білесің бе?

 

2-жүргізуші: Әрине, Ана дегеніміз – өмірдің бастауы мен таусылмайтын жалғасы. Ана – тіршілік көзі, үлкен тағдыр, махаббат пен шабыттың нәрі.

 

1-жүргізуші: дұрыс, Ана махаббаты адамға қанат бітіреді, күш береді, ерлікке шақырады.

 

2-жүргізуші: олай болса, Ана – өмірдің гүлі. Ана деген сөз барлық халықтың тілінде де жылы естіледі.

 

1-жүргізуші: иә, Ана – сұлулықты, жарасымдылықты, көріктілікті, барша игілікті бойына сіңірген тұлға.

2-жүргізуші: сонымен, әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам – ана екен.Ана – ақылшың, әке – қамқоршың, аға – қорғаушың, іні – сүйенішің, қарындас – қанатың екенін ұмытпағайсың!

 

Аналар, ұстаздар мен қыздарға әрдайым құрмет көрсетіп жүрейік. Ортаға тамашатарландарын шақырамыз. Қошеметпен қарсы алайық!

 

1-жүргізуші:Қыздарға арнап жыр жазбаған ақын жоқ, ән шығармаған сазгер жоқ. Қызыл гүл, қарақат көз, қиғаш қас, алма мойын – бұлардың барлығы біздің қыздарымызға айтылған теңеулер.

 

2-жүргізуші: Қазақ елі қызды сұлулық, әдептілік және нәзіктік белгісі деп білген. Қызды көктемнің күлімдеген күніне теңеген.

 

1-жүргізуші: Қыздар-ай, қызыл жалау түзге ұстаған,

Қорғап тұрған шырылдап қызғыш далам.

Сендер гүлге керемет ұқсағанмен,

Гүлдер бірақ көбірек қызға ұқсаған.

 

2-жүргізуші: Қыздар, қыздар, көңілдің көк гүлдері,

Көк гүлдердің көзге ыстық кептерлері.

Азаймаңдар, арулар – жауқазындар,

Азаймасын өмірдің көктемдері! – дей отырып, «қыздар -ай» әнімен мектебіміздің әнші, сері жігіттерін шақырайық!

Ән: «Қыздар ай» Жігіттер тобы.

 

1-жүргізуші: Ана деген – асыл жандар болаттай,

Ана деген – мөлдір жандар бұлақтай.

О, адамдар, қадірлей біл ананы,

Жат қылыққа ақыл – ойды тонатпай.

 

2-жүргізуші: Ана десем сезім билер тым ыстық,

Жарасымды адамдарға туыстық.

Берсе барлық адамға ана мейірін,

Орнар еді бар әлемге тыныштық.

 

Мәдениет үйінің меңгерушісі Жұмабаев Асланның орындауында Ана туралы жыр әні

 

1-жүргізуші:

Өнеріміз өрде тұрса байқарсыз,

Таңданыстан басыңызды шайқарсыз.

Қалжыңменен өнерлері сай келген

Мектебіміздің тарландарын айтарсыз.

Күлкі естілсе барлығы жалт қарасар,

Қалжыңменен жараспаққа таласар.

Қошеметпен қарсы алайық жігіттерді

Өмір бойы мақтанышпен айтатын.

 

2-жүргізуші: Әзілі мен әні, қалжыңы мен қимылы жарасқан мектебіміздің дарынды шәкірттерін шақырайық. КВН

 

1-жүргізуші: Аналар жөнінде күн сайын қаншама жаңа жырлар, әсем әндер өмірге келуде. Әйтсе де, осылардың ешқайсысы да ақ жаулықты аналардың толық болмыс бітімін суреттеп бере алмайды. Ана деген күллі тіршіліктің иесі болғандықтан, олар жөніндегі әңгіме- жырлармен, қанатты да, шабытты да, ұлы да киелі әндермен аяқталуы мүмкін емес. Ол ғасырлар бойы жалғаса беруі тиіс.

 

2-жүргізуші: Сағыныш толы жүректің нәзік қылын шертетін, жаны жайсың, көңілі дарқан, пәк сезімді асыл аналар жөніндегі әдемі әуендер үздіксіз шырқалып, әрбір адамның жүрегінің төрінен орын алып, мәңгілік сарқылмауы тиіс. Өйткені, «Ана- таусылмас жыр, сарқылмас дастан, аяқталмайтын ән».

Ортаға мектебіміздің музыка пәнінің мұғалі Сағынов Дидарбекті «_____________»әнімен шақырамыз.

 

1-жүргізуші: Ана-өмір қолдаушысы әлемнің

Шаңырақтың шаттығы мен шуағы

Сейілмесін жанарынан ананың

Тіршілікке төккен нұрлы шуағы

 

2-жүргізуші: Аялайық аналарды әрдайым

Қуанышқа бөлейікші өздерін

Әжелердің,аналардың,қыздардың

Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін

 

 

1-жүргізуші:

Әйел-Ана, Әйел-Өмір, Әйел-тіршілік өзегі. Өмір бесігінде іңгә тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі-өсиет, тұғыры биік. Алтын құрсағынан адамзаттың алабы жаратылған асыл ананың жүрегі үлкен, жүзі мейірімді, қолы қайырымды. Адамзат жүріп өткен небір ауыр жол, алмағайып заманнан ұрпағын аман-есен бүгінгі күнге жеткізген әйел-ана құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес.

 

2-жүргізуші:

Халқымызға билік айтар даналар,

Даналардың өзі анадан жаралар.

Жүрегінің бір бөлшегі бала үшін

Сізден жақын адам бар ма аналар?!

 

1-жүргізуші: Балаға ең жақыны сіз ғой ана,

2-жүргізуші: Сіздің ыстық құшағыңыз бізге пана.

1-жүргізуші: Сіздерге теңестірер еш нәрсе жоқ,

2-жүргізуші: Теңесе алар бір-ақ нәрсе Отан ғана!

 

1-жүргізуші: Тәуелсіз Қазақстанның тұғыры биік болуының негізі ана тәрбиесімен бастау алады. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген көреген сөзі ХХІ ғасырда мәнін жоймасы анық.

 

2-жүргізуші:Анасы бар адамдар, ешқашан қартаймайды. Анасы бар адам – асыл қазынасы бар адам. Құрметті ұстаз – аналар, сіздерге бар жақсы игілікті тілейміз. Ғұмырларыңыз ұзақ болғай.

 

1-жүргізуші: Біз, Сіздердің еліміздің дамуына қосқан үлестеріңізді жоғары бағалаймыз. “Барлығы адамның қолында, ал адам – әйелдің қолында”,- деп бекер айтпайды.

2-жүргізуші: Сол себепті, бұл гүлге және ғажайып көңіл-күйге толы көктем мерекесінде Сіздерге тілерім: бақыт, денсаулық және махаббат. Табысты болыңыздар, рухани жастық пен әдемілік, аналық бақыт пен отбасылық қуаныш, бейбітшілік пен ынтымақ әрқашан жандарыңыздан табылсын!

Бірге: Мерекелеріңіз құтты болсын, аяулы аналар, сүйікті ұстаздар, сүйкімді қыздар!-дей отырып, бүгінгі «Ана деп көркем жыр төккен,

Армысың, ару нұр көктем!» атты мерекелік кешімізді аяқтаймыз!

Келгендеріңізге көп-көп рахмет!



Классный час на тему "Жыл басы-наурыз"
  • Классному руководителю
Описание:

1-тәрбиеші: Жер әлемді жайнатып, әнші құстар сайратып, наурыз тойын тойлатып, Ұлыстың ұлы күні келді ағайын. Той құтты болсын! Ақ мол болсын! Армысыздар құрметті қонақтар.
2- тәрбиеші: О, жарандар, жарандар,
Бермен қарай қараңдар.
Наурыз тойы басталды.
Құттықтаймын бәріңді
Үлкен - кіші, кәріңді
Ақ дегенің мол болсын,
Қайда барсаң жол болсын.
Алла қолдап ісіңді,
Қадамың басқан оң болсын!
Ортаға екі бала шығады.
1-бала : Ассалаумағалейкум
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын!
2-бала: Уағалейкумассалам
Ұлыс оң болсын
Пәле – жала жерге енсін!
Екі бала төс қағыстырып аман – саулық сұрасады.
2-жаршы: Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді.
Соны тойлар ел енді.
Наурыз тойы салтымыз,
«Көгерсін!» деп халқымыз,
Көшеге тал егеді.
Бабалардың үмітін,
Жас ұрпақтар ақтаймыз.
Қыдыр атаны шақырып,
Наурыз тойын бастаймыз.

Автор Сагидуллина Даригуль Саиновна
Дата добавления 09.01.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел
Просмотров 818
Номер материала 47501
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓