Главная / Классному руководителю / Классный час на тему: Чума XXI века

Классный час на тему: Чума XXI века

#Admin##################################################A#d#m#i#n#############################################��+#ӝ##�##���##########�##�c##��>##########;-#####
Классный час на тему: Чума XXI века
  • Классному руководителю
Описание:

Мақсаты: Оқушыларға «ЖҚТБ дегеніміз не, ЖҚТБ қандай жолдармен жұғады, қандай жағдайда жұқпайды, ауру қалай асқынады, адамның АҚТҚ-мен зақымданғанын қалай білуге болады?» деген тақырыптар арқылы түсініктерін ашып көрсету.

                 

ЖҚТБ-ның адам өміріне зиянды әсерін аша отырып, олардың сана – сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір суруге азаматты жауапкершілітерін орнықтыру.

Көрнекіліктері: интерактивті тақта, плакаттар, суреттер, нұсқаулық-кітапшалар, нақыл сөздер.

Қатысушылар:5  -сынып оқушылары, тәрбие ісінің меңгерушісі-Нурумова Ж.Д., медбибі-Исжанова  Д.Ж., биология пәні мүғалімі-Болатова М.К.

Өткізген: 5 «к» сынып жетекшісі Ахметбекова Б.С.

Жоспар:

 1.ЖҚТБ туралы мұғалімнің алғы сөзі

 2.Оқушылардың дайындаған мәліметтері

  4. Тест орындау «Сіз ЖҚТБ туралы не білесіз?»

 5. Ойын жүргізу

 

 

    Мұғалім сөзі:Қош келдіңіздер, бүгінгі тәрбие сағатына жиналған қауым! Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болуы тиіс» деп атап көрсеткен болатын. Сол бағдарламаны негізге ала отырып өткізгелі отырған 5к сыныбындағы «Әлемді жайлаған аждаһа» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. ХХІ ғасырдың тажалы атанған дертпен жұмыр жер күресіп-ақ келеді. Бірақ одан ол азайып отырған жоқ. Керісінше өршуде. Адамдар саналы түрде бастарын бәйгеге тігуде. Не үшін? Ақыл-естен жұрдай етер есірткі мен бір сәттік қызыққа бола. Екеуі де ЖҚТБ-ға соқтырып өмірін жалмарын біле тұра соған баратындар қандай ақымақтық жасағанын сезбейтін де шығар.

   Әлемде ЖҚТБ тұмсығын сұқпаған елдер жоққа тән. Бұл тажалдың тырнағынан жыл сайын 3 млн. адам өліп отырады. Оның 92 мыңы араб елдерінен. Бар-жоғы 700 мың халқы бар Бахрейнде 23 адам, Мысырда 1500 адам қатерлі дертті жұқтырған. Демек, бұл ислам әлемінің де одан сақтандырылмағанын көрсетеді. Жалпы бүгінде күллі әлемде ЖҚТБ (СПИД) ауруына шалдыққандар саны 50 миллионға жетіпті. Жыл сайын көрсеткіш те өсе түсуде. Дүниежүзілік ЖҚТБ-ға қарсы күрес орталығының деректеріне сүйенсек, күні бүгін бұл сырқаттың таралуы жағынан бірінші орында Тайланд келеді. Екінші орын Ресейге тиесілі. Үшінші, төртінші кезекте Австралия мен АҚШ тұр. “Сынықтан басқаның бәрі жұғады” дегендей, Қазақстанға 32-ші орын тиген екен. Осы тізімнің ең соңғы қатарында Польша бар. Бір қызығы мәліметтерге көз жүгіртсек Монғолия, Қытай және Кубада ЖҚТБ жоққа тән екен. Осы ұйымның хабарлауынша 2015 жылға қарай бұл аждаһадан 75 млн. адам ажал құшатын көрінеді. Қазақстанда 1 шілдедегі дерек бойынша АҚТБ/ЖҚТБ дертіне шалдыққандар саны 14812 адамға жетіпті. Оның ішіндегі 334-і 14 жасқа дейінгі балалар. Бұл жөнінен көршілес Өзбекстанды басып озыппыз (12816 адам). Иә, қорқынышты-ақ.

  Енді еліміздегі жағдайға тоқталайық. Бұл жерде біз Республикалық АҚТБ/ЖҚТБ дертінің алдын алу және онымен күрес орталығының мәліметіне жүгінеміз. Аурудың таралуы жағынан алғашқы орын “түнгі көбелектер” мекені – Алматы қаласыныкі. Мұнда ұзын саны 3010 адам болса, соның 25-і балалар. Соңғы қатар Қызылорданыкі (59 адам). Бұл дерттің балалар арасында таралуы да жиі кездесуде. Атап айтар болсақ, бірінші орында Оңтүстік Қазақстан облысы келеді (214 бала). Қарағандыда, Павлодарда тиісінше 58,3 % және 13%. Бір қуаныштысы  Атырау облысының балалары бұл дерттен құлан таза. Республикалық АҚТБ/ЖҚТБ алдын алу және онымен күрес орталығының мәліметінше тажалды жұқтырғандардың ішінде 71%-ы (10646 адам) ерлер, 28,1 пайызы немесе 4166-сы әйелдер. 2010 жылдың 1 шілдесіндегі дерек бойынша АҚТБ/ЖҚТБ жұқтырғандардан 2507( 843-і биыл) адам өлген, оның ішінде 5-еуі 14 жасқа дейінгі балалар.

  Әрине өзге өркениетті елдер тәрізді бізде де ЖҚТБ-мен күрес жолға қойылған. Осы мақсатқа 2006 жылы 949,87 млн. теңге бөлінген екен. Бұл ақша 2008-де 1,2 млрд-қа, 2009-да 1985,16 миллионға жетіпті. Биыл 1 млрд.206,241 мың теңге қаржыға артса, оның 804,492 миллионы республикалық бюджеттен. Қалған 401,749 млн. теңгесі елімізге ЖҚТБ-ға қарсы әлемдік қордан түскен. Қазір Қазақстанда 250-ге тарта нашақұмарлармен жұмыс жүргізілуде. Себебі қауіпті дерттің 67,1 пайызы солар арқылы, ал, 24,4% – ы жыныстық жолмен таралғаны анықталуда. Аурудың алдын алу мақсатында 2010 жылы жеңіл жүріспен айналысатын 7872 адаммен түсінік жұмыстары жүргізілген.

  Республикамызда 362 кеңес беру және 299 анонимді түрде тестіден өткізу бөлімшелері жұмыс жасап тұр. АҚТБ/ЖҚТБ дертінен емдеу де жүргізілуде. Биылғы жылдың алғашқы жарты жылдығында ем алуға тиістілердің ішінен 91 пайызы (1071 адам) емделген. Оның ішінде 201 бала бар. Емдеу тегін жүргізіледі. АҚТБ/ЖҚТБ сырқатынан бір адамды жеңіл түрде емдеуге 900, күрделісіне 5-7 мың АҚШ доллары жұмсалады екен.

   “Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде” дейді ғой қазақ. Есірткіге жолаған жастың өмірі құздың жиегінде тұрады. Адамшылықтан айрылып, сана сезімнен жұрдай жан мақұлыққа айналады. Өз тағдырын отқа тастап қана қоймай, соның жалынымен айналасын шарпып ЖҚТБ жұқтырады. Жеңілтек бойжеткен де түбі соған ұрынары хақ. Қазақтың қыз-жігіті осы екеуінен қашық жүрсе құрдымға кетуден аман болады. Осыны естен шығармайық. Ел тағдыры да, өз тағдыры да жастардың қолында. ЖҚТБ сені ғана құртып қоймай ұрпағыңа да көр қазады. Оған шалдығушылар қатарында балалардың кездесуі өкінішті-ақ. Өмірге енді қадам басқан жасөспірімдер арасында бұл қатерлі дерттің таралуымен көп болып күрессек қана жеңіске жетеміз.

  Жыл сайын елімізде 1 қарашадан 1 желтоқсанға дейін Дүниежүзілік ЖҚТБ-мен күресу күніне арналған АҚТҚ/ЖҚТБ-ның алдын алу бойынша республикалық айлық өткізіледі.  АҚТҚ/ЖҚТБ бүгінгі таңда ең өзекті және маңызды инфекция, бүкіл әлем бойынша қоғамның барлық секторларында теңдессіз алдын алу шараларын талап ететін мәселе болып отыр. Дүниежүзілік ЖҚТБ-мен күресу күнінің мақсаты АҚТҚ/ЖҚТБ туралы халықтың білімін арттыру және пандемия алдында халықаралық ынтымақтастық таныту болып табылады. Осы күні мемлекеттік және жеке сектордан шыққан серіктестер үшін пандемия статусы туралы ақпаратты тарату мен АҚТҚ/ЖҚТБ алдын алу және емдеуде, сондай-ақ науқастарды күтуде прогресске ықпал етудің шынайы мүмкіндігі туындайды. ЮНЭЙДС бағамдауы бойынша, 15-49 жас аралығына дейінгі 35,7 миллион адам АҚТҚ инфекциясын жұқтырған, оның 26 миллионы – жұмыс жасайтын адамдар. Қазіргі уақытта ЖҚТБ-ны жұқтыру және одан көз жұму оқиғаларының үштен бірі дерлік Сахарадан оңтүстікке қарай орналасқан сегіз африкандық елде орын алады. Барлығы әлемде 2 миллион бала АҚТҚ/ЖҚТБ-мен өмір сүреді, олардың 90% бұл вирусты жүктілік, босану не емізу кезінде жұқтырған. Қазақстан Республикасындағы АҚТҚ/ЖҚТБ бойынша эпидемиологиялық жағдай. 2010 жылдың 1 қыркүйегінде АҚТҚ-инфекциясын жұқтырған 15151 адам тіркелген, ал 1151 адам ЖҚТБ-мен ауырады. АҚТҚ-инфекциясын жұқтырушылардың негізгі контингенті 20-39 жас аралығындағы бала босануға қабілетті жасқа тиесілі болып келеді және бұл барлық АҚТҚ жұқтыру оқиғаларының 77,8% құрайды. Жүкті әйелдердің скринингтік зерттеулерінің нәтижелері бойынша АҚТҚ-инфекциясының анықталу оқиғалары айтарлықтай көбейді. Эпидемия кезінде АҚТҚ-жұқтырған әйелдерден 851 бала туылса, оның 463 бақылау мерзімінің аяқталуына және АҚТҚ зертханалық тексерулерінің теріс нәтижелеріне байланысты диспансерлік тіркеуден шығарылған. АҚТҚ-инфекциясы диагнозымен тіркеуге 257 бала алынған, ЖҚТБ-дан 36 бала көз жұмған. Әрбір жүкті әйел саналы түрде кеңес алып, АҚТҚ-ға тестілеуден өтуі қажет. Жүкті әйелдерде АҚТҚ-инфекциясын ерте анықтау, дер кезінде емді бастау, кесарь операциясы арқылы босандыру, бала емізуді болдырмау баланың дүниеге аман-сау келу мүмкіндігін арттырады.

 ЖҚТБ – ауру емес, ол тек басқа жұқпалы аурулардың жұғуына жағдай жасайды. Яғни адамның қорғаныш қабілетін төмендетеді.

Оқушылардың дайындаған мәліметтері

 1-оқушы (Ержан): Ғалымдардың есептеуі бойынша ЖИТС (СПИД) ең алғаш 20 ғасырдың 70 жылдары АҚШ, Гаити, Африкада тіркелген, 1979-81 жылдары Нью-Йорк пен Лос-Анжелес дәрігерлері адамдардан иммунитеттің нашарлығын байқаған. Олар қан тамырының ісігі (саркома Капоши) және пневманияның сирек формасымен ауыратын адамдар.

 

 2-оқушы (Даяна): 1982 жылы ауруларды бақылау орталығы жаңа ауру ЖИТС-ты тіркеді. 1983 жылы француз Люком Монтанье мен американдық Роберт Галло ауру қоздырғышы туралы алғашқы мәлімет айтты.

Біз ЖҚТБ-ға қарсымыз!

 Бүкіл әлем күресуде

 Індетімен ғасырдың,

 Емін әлі  таппады ешкім,

 Сол бұл зұлым пақырдың.

 3-оқушы (Адина): 1981 жылы Америкада (Атланта) ауруды бақылау комитетінің баяндауы бойынша гомосексуалистер арасында өкпе қабынуынан және сирек болатын жаңа түзінді /денеде/ сияқты бұрын таралмаған түсініксіз аурулардың көбеюі үреймен баяндалған.

 Мұғалім: Осыдан соң олардың иммунитеттері әлсіреп, әртүрлі қатты аурулардың себебінен өлім жиіленгені туралы мақалалар жарық көрді. Бұл ЖИТС еді.

 

СПИД деген – ғасыр уы, зобалаңы,

 Сан адамға жазылмас жара салды.

 Сан адамды өмірден алып кетті,

 Мамандар да бір емін таба алмады.

 Ей, адамзат, бұл дертке мойынсұнба!

 Өлмейсің сен үміт пен сенім барда!

 Салауаттылық – жарқын өмір кепілі,

 Көтер басты тағы айтамын, мұңайма!

 

 4-оқушы (Әлімжан): Бұл аурудағы иммундық жүйені толық жоятындығынан бұл вирус АИВ (адамның иммунитет тапшылық вирусы) деп белгіленеді.

 5-оқушы (Әнел): ЖИТС – бірте-бірте дамитын, кейде 5 жылға созылып, адамды ақыры өлімге жеткізетін кесел.

Бұл тірлікте не тыңдырдың, не көрдің?

 Құрбанысың ЖҚТБ деген кеселдің.

 Ақталмай-ақ кетіп барады арманы

 Жалғыз бала деп өсірген әкенің.

 Кім кінәлі аялаған анаң ба,

 Бар қажетті даярлаған қоғам ба?

 6-оқушы (Нарина): ЖИТС-пен ауру-өлім жазасына кесілгенмен бірдей. Себебі дүние жүзінде осы уақытқа дейін әлі оны толық жазатын ем жоқ. Тек қана бірақ жол-ол сақтану, алдын алу.

 Диас: Есірткі қабылдау да өте қауіпті. Себебі нашақорлар пайдаланылған шаншу инелерін бөліскенде қауіпті аурулар жұғуы мүмкін. Мысалы, СПИД пен гепатит осылай тарайды.

 Ержан:

 Ей, ұрпағым, есіңді жи, азбаңдар

 Қиыршық құмдай үгітіліп тозбаңдар.

 Бойыңдағы қуатыңды жоғалтып

 Жақсы үмітпен, сеніміңнен таймаңдар

 Салауатты өмір салтын сақтаңдар

 Болашаққа нық қадам бастаңдар!!!

 Элмира: Денсаулық тәрбиесі – ортақ мәселе. Елімізде ғасыр індетіне айналған жат қылықтарды жасөспірімдер бойынан алшақтату әр адамның өз еркіне, біліміне байланысты.

 Даяна: Жер үстіндегі байлық – адам, оның білімі мен іскерлігі, таланты мен мәдениеті, денсаулығы қоршаған орта мен дос-жолдастарына байланысты

Жігерің бар, талабың бар, қайратың,

Мақсат тұтсаң қанатың бар талмайтын

Өз-өзіңді ұстай білсең тартынып,

Өмірің бар алда әлі солмайтын-дей отырып, жаман әдетке жақын болып, өмірін өксікке толтырып солдытқан жастарымыздың мына бір қиын тағдырына назар аударайық.

Ән: « СПИД жойылсын »

 

.(Осыдан кейін , бәрі бірге шығып, қол ұстазып, басын иеді ).

Ән: « ЖҚТБ жойылсын »1.

Жойылсын жалғыз сөз ЖҚТБ деген

Жойылсын мәңгілік жойылсын.

Вируспен ауырған адамдарға

Ем – дәрі тезірек табылсын.

 

Қайырмасы:

Кел достарым, үн қосайық,

Көтеріп жаңғыртып.

Анасын бала

Баласын ана

Жоқтамасын мәңгілік

2. Есірткі құрысын

Ішімдік жойылсын

Дені сау қазақтың

Ұл – қызы көбейсін.

Қайырмасы:

3.Мәдениет өркендеп,

Табиғат көркейіп.

Қазақтың сымбатты

Ұрпағы көбейсін

Ойын жүргізу

 1. Ауырып ем іздегенше , (Ауырмайтын жол ізде )

 2. Шылымқор өзін ғана емес, (өзгелерді де улайды)

 3. Темекінің көк түтіні (Екі өкпеңді ыстайды)

 4. Ұзартқың келсе ғұмырды, (Таста арақ пен шылымды)

 5.  Ішпеген, шылым тартпаған – (Денсаулығын сақтаған)

 6. Жасында темекісін будақтатқан – (Күркілдеп қартайғанда құлап жатқан)

 7. Көзге түскен қауыз жаман, (Шылым шеккен ауыз жаман)

8. Шылымды жерге тастама, (Айналаңды ластама)

 9. Түтіні тісіңді сарғайтады, (Уы ерте қартайтады)

 10. Темекінің кермегі, (Еріккеннің ермегі)

 11. Қайғы қартайтады. (Қуаныш марқайтады)

 12. Тыста ұзақ жүргенің, (Ұзақ өмір сүргенің.)

Алдын ала 5-сынып оқушыларынан  «Сіз ЖҚТБ туралы не білесіз?» деген тест алынды

 «Д» – дұрыс, «Қ» – қате

 1. ЖҚТБ-мен ауыратын адамды құшақтау қауіпті 

 Д     

 Қ     

 2. Жұртшылық пайдаланатын дәретханада ЖҚТБ-ны жұқтырып алуға болады.        

  Д    

 Қ     

  3. Күре тамырына дәрілік препараттар қабылдайтын адамдар басқалардың инесін пайдаланбауға тиісті  

  Д    

 Қ     

 4. ЖҚТБ-мен ауырған адаммен бір стаканнан ішсең немес бір бутербродты тістесең ЖҚТБ вирусын жұқтыру мүмкін емес. 

  Д    

 Қ     

  5. Егер мектепте біреу жарақат алып онан қан кетсе, қанды қолмен тоқтату керек.   

  Д    

 Қ     

  6. Егер сырқат саған қарай жөтелсе немесе түшкірсе, ЖҚТБ-ны жұқтыруға болады.

 Д     

 Қ     

 

 7. Жыныстық қатынас, есірткі және ЖҚТБ мәселелерін мектепте талқылау – дұрыс идея.          

 Д     

 Қ     

 

 8. ЖҚТБ-ны вирус қоздырады.   

  Д    

 Қ     

 

 9. ЖҚТБ қызыл қан түйіршектерін зақымдайды.   

 Д     

 Қ     

 10. ЖҚТБ денеден бөлініп шығатын барлық сұйық заттар арқылы жұғады.      

 Д     

 Қ     

 11. ЖҚТБ-ға тесттер әдетте сенімді.     

 Д     

 Қ     

 12. ЖҚТБ негізгі 3 түрлі жолмен беріледі: жыныстық қатынас кезінде, қанмен түйісу кезінде (мысалы: ортақ инемен пайдаланғанда), анадан сәбиге ана құрсағында даму кезінде және туған кезінде.  

 Д     

 Қ     

  13. ЖҚТБ-ның көптеген белгілері басқа аурулардың белгісіне ұқсас.      

 Д     

 Қ     

 14. ЖҚТБ-ға байланысты проблемалардың бірі – жұқтыру мен аурудың біліну мезетінің аралығында бірнеше жыл өтуі мүмкін. 

 Д     

 Қ     

 15. Дүние жүзілік СПИД – пен күрес күні – 1 желтоқсан.        

 Д     

 Қ     

 

Мұғалім:

 Салауатты өмір салтын қолдайық!

 Әдеттен жаман әманда аулақ болайық!

 Өз өмірің өз қолыңда, ей жастар,

 Су ішпеген гүлдей болып солмайық!

 

Мұғалімнің  сөзі:

 Міне, балалар ауруды  жұқтырмау  өз  қолымызда,  «Ауырып  ем  іздегенше, ауырмайтын  жол іздейік!»

Автор Ахметбекова Бакыт Сериковна
Дата добавления 25.11.2014
Раздел Классному руководителю
Подраздел Планирования
Просмотров 440
Номер материала 5341
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓




Похожие материалы