Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыКлассный час на 1 сентября

классный час на 1 сентября

Скачать материал

Тақырыбы: Менің тұңғыш Президентім
Мақсаты: 1. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
3. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу
Көрнекілігі:слайдтар көрсету, үнтаспа, шарлар, суреттер, буклет « Нұрсұлтан Назарбаев-тұңғыш президент» 1 желтоқсан-Президент күніне орай өткізілген тәрбие сағаты.
Біздің Президентіміз –Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.

Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді

Қ.Аманжолов:
Қазақстан дейтін менің бар елім .
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған, 
Бұл далада атам қолға ту алған, 
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

1-оқушы:
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.

2-оқушы:
Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

3-оқушы:
Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.
4-оқушы:Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
5-оқушы.1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.

6-оқушы:1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.
7-оқушы:1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.
Елтаңба авторлары:Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов.

8-оқушы: Шаңырақ –Отан отбасынан басталады.ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынаны, ал уықтар –үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді.Ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгіздің қара күшін, еліктің шапшаңдығын, қырмызы қызыл түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді .Бес бұрышты жұлдыз  «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр.

9-оқушы:Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып, 6-маусымда күшіне енді.Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі бар.Жалаудың ұзындығы -2 метр, ені-1метр. Жалаудың жобасын жасаған –суретші Шәкен Ниязбеков.

10-оқушы:1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға енді.
Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет, 
Білдім дербес елімнің үлгісі деп.
Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым, 
Беттерінен көз тартып тұрды сурет.
Теңдікті айтып тұр аты теңге деген, 
Құт-береке болшы бір елге келген.
Өз туы, елтаңба, әнұраны бар
Айтыңдаршы, енді елім кем де неден?
11-оқушы:
1995 жылы 28-қаңтарында тәуелсіз ҚР –ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.
«Ата Заң»
Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді, 
Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің.
Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз, 
Ата-баба мұра еткен, тұтастығын жеріміз.
Халық сенген заңымыз әділдікті қолдайды, 
Жақсарсын деп халіміз адам құқын қорғайды.
Дейді заңы мемлекет үлкенге де, балаға:
“Оқу оқы, еңбек ет, кәсіп жаса қалаған!”
Әрбір бабы маңызды, әр көңілдің жыры бір, 
Бізде 30 тамыз – Ата Заңның күні бұл.

12-оқушы:Астана-ҚР-ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.

13-оқушы: 1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды.Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.
Көтереді шаңырақ Астанам асқақ, 
Жаңарып қалам, жасарып далам!
Басыңнан серпі бодандық жүгін, 
Кетпейді ойдан Отандық ұғым.
Арыстан жүрек, айбынды елім, 
Таниды сені бар әлем бүгін.
Ән: “Астана – бас қала”
14-оқушы: 2006 жылы 7-қаңтарда әнұран қабылданды.
Егемен елім әнұраны жанарды, 
“Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды.
(Әнұран айтылады)
15-оқушы: «Елбасына»
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген, 
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп, 
Жас Отанның өмірін де түсініп, 
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай, 
Бір керемет жасады-ау кісілік!

16-оқушы:
Елбасымыз саған мәңгі разымыз, 
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан, 
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.
17-оқушы:
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын, 
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай, 
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!

18-оқушы: Төле би сөзімен сынып сағатымызды аяқтаймыз.
Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім, 
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар, 
Тау көтерген елім бар.
Қол бастайтын ерім бар, 
Атадан қалған сара жолым бар.

Ән: «Елім менің» (сөзі: Н.Назарбаев, әні: Б.Тілеуханов)
Ән: «Жаса Қазақстан!»

Сол жылдары
оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.

4-оқушы:Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.

5-оқушы.1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.

6-оқушы:1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.

7-оқушы:1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.
Елтаңба авторлары:Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов.

8-оқушы: Шаңырақ –Отан отбасынан басталады.ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынаны, ал уықтар –үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді.Ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгіздің қара күшін, еліктің шапшаңдығын, 
қырмызы қызыл түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді.Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр.

9-оқушы:Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып, 6-маусымда күшіне енді.Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі бар.Жалаудың ұзындығы -2 метр, ені-1метр. Жалаудың жобасын жасаған –суретші Шәкен Ниязбеков.

10-оқушы:1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға енді.
Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет, 
Білдім дербес елімнің үлгісі деп.
Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым, 
Беттерінен көз тартып тұрды сурет.
Теңдікті айтып тұр аты теңге деген, 
Құт-береке болшы бір елге келген.
Өз туы, елтаңба, әнұраны бар
Айтыңдаршы, енді елім кем де неден?

11-оқушы:
1995 жылы 28-қаңтарында тәуелсіз ҚР –ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.
Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді, 
Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің.
Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз, 
Ата-баба мұра еткен, тұтастығын жеріміз.
Халық сенген заңымыз әділдікті қолдайды, 
Жақсарсын деп халіміз адам құқын қорғайды.
Дейді заңы мемлекет үлкенге де, балаға:
“Оқу оқы, еңбек ет, кәсіп жаса қалаған!”
Әрбір бабы маңызды, әр көңілдің жыры бір, 
Бізде 30 тамыз – Ата Заңның күні бұл.

12-оқушы:Астана-ҚР-ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.

13-оқушы: 1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды.Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.
Көтереді шаңырақ Астанам асқақ, 
Жаңарып қалам, жасарып далам!
Басыңнан серпі бодандық жүгін, 
Кетпейді ойдан Отандық ұғым.
Арыстан жүрек, айбынды елім, 
Таниды сені бар әлем бүгін.”

14-оқушы: 2006 жылы 7-қаңтарда әнұран қабылданды.
Егемен елім әнұраны жанарды, 
“Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды.

15-оқушы: «Елбасына»
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген, 
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп, 
Жас Отанның өмірін де түсініп, 
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай, 
Бір керемет жасады-ау кісілік!

16-оқушы:
Елбасымыз саған мәңгі разымыз, 
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан, 
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

17-оқушы:
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын, 
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай, 
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!

18-оқушы:

Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім, 
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар, 
Тау көтерген елім бар.
Қол бастайтын ерім бар, 
Атадан қалған сара жолым бар.

Тақырыбы:     « Менің Қазақстаным» білімпаздар бәйгесі

Мақсаты:        1.Оқушылардың білімге деген құштарлығын,ізденісін,   

                           қызығушылығын арттыру,логикалық ойлау қабілетін

                             дамыту.

                           2.Оқушыларды еркін сөйлеуге,өз білімін көрсетуге

                            шығармашылықпен еңбек етуге дағдыландыру.

                           3.Топпен жұмыс жасауға,ұйымшылдыққа баулу.

Барысы:

Армысыздар құрметті сынып  оқушылары.

Адамзат тарихында қай кезеңде болмасын ғұламалар ғылым мен білім мәселелеріне ерекше көңіл бөлген.Қазіргі ғаламдық заманда 50 елдің қатарына қосылу үшін білімнің аса қажет екенін Елбасы Н.Назарбаевта жолдауларында баса көрсетті. Қазақстан Республикасы өркениетті ел болу үшін ең бастысы-білім. Білімді болу жүйелі түрде үйренудің, оқығанды,зердеге тоқудың нәтижесі.

Ендеше  бүгінгі сайысымыздың ұраны:

Білекті бірді жығады,

Білімді мыңды жығады.

Олай болса «Білімділер бәйгесіне» қош келдіңіздер!  Ортаға оқушыларды  шақырамыз.

1-кезең. «Ұшқыр ойдан,ұтымды жауап»мақал мәтелдер мен жұмбақтар беріледі.

Конверттен сұрақтар алу, жауап беру

 І топ

 1)Жүз мүйізі бар

Үстінде киізі бар  (киіз үй)

2)Күш-білімді

Білім-   (кітап)

3.Бір санға өсірді

Өзі қалып орнында,

Бізді алға көшірді (сынып )

4.Талабы жоқ жас-қанаты жоқ   (құс )

5.Сақталады 6 ай жаз,Сандығымда сары аяз  (тоңазытқыш)

ІІ топ

 6.Бас кеспек болса да, ...    кеспек жоқ (тіл)

7.Екі аяқпен кезек-кезек тебеді,

Ол  тынымсыз домалап

Зыр жүгіре береді.  (доп)

8.Білім-теңіз,    -кеме.  (мектеп)

9.Ағайынды бес туыс

Жамылатын тоны бар,

Бесеуінде бір қуыс  (қолғап)

10.Көсем ел бастар,шешен...бастар.  (сөз)

ІІІ Топ

11.Қалқиып екі құлағы

Елеңдеп қорқып тұрады.   (қоян)

12.Өнер алды –.... тіл(қызыл)

13.Бір қораға қамалғандар,

Жану үшін жаралғандар  (сіріңке)

14.....-көңілі балада. (ана)

15.Болса да көкте мекені

Кездеспейді екеуі  (ай мен күн )

ІҮ топ

16.Білекті бірді жығар,.....мыңды жығар  (білімді)

17.Тіріден өлі туады,

Өліден тірі туады (жұмыртқа)

18.Досы жоқ адам,

....жоқ тағам (түз)

19.Сырты қызыл,іші тәтті,

Жеген жанды таңыртқатты.  (алма)

20.......-мектеп жүрегі (МҰҒАЛІМ)

 2- кезең  Сұрақ –жауап

І топ

1.     Жапырақ қай кезде сарғаяды? (күзде)

2.     Қазақтың ұлттық аспабы не? (домбыра)

3.     Қазақстан Республикасының Президенті кім? (Н.Назарбаев)

4.     Қазақтың билері (Әйтеке би, Қазыбек би, Толе би)

5.     Тудың түсі (көгілдір)

ІІ топ

6.     Қазақ халқының ұлы ақыны (Абай)

7.     30 тамыз қандай мереке?  (Конституция күні)

8.     Ата Заң қай жылы қабылданды ? 30 тамыз 1995 жыл

9.     Қасиетті тағам (Нан)

10. Білім бұлағы не? (кітап) ()

ІІІ топ

11. Қазақтың тұңғыш ғарышкері (Т.Әубәкіров)

12. Қазақтың атақты суретшісі (Әбілхан Қастеев)

13. Күйді орындаушы адам (күйші)

14. Еліміздің рәміздері (Елтаңба, ту, әнұран)

15. Білім ұясы (мектеп)      

ІҮ топ

16. «Кел балалар оқылық!» кімнің өлеңі? (Ы.Алтынсарин)

17. Қазақстанның оңтүстік астанасы? (Алматы)

18. Қазақстандағы мемлекеттік тіл? (қазақ тілі)

19. Заттың санын білдіретін сөз табы? (сан есім)

20. Абай Құнанбаев кім? (ақын)

Қосымша

21. Қазақстанның астанасы? (Астана қаласы)

22. Сенің Отаның? (ҚазақстанРеспубликасы)

23. Ы.Алтынсарин кім? (ағартушы, ғалым)

24. 1-қыркүйек қандай күн? (білім күні)

3- кезең  Топпен әріпті әшекейлеу

1т –О  2 т-Т  3 т-А   4 т- Н

ІҮ. Сабақты қортындылау

 1)Жүз мүйізі бар

Үстінде киізі бар  ( ...)

2)Күш-білімде .   Білім-   (. .. )

3.Бір санға өсірді

Өзі қалып орнында,

Бізді алға көшірді ( . . .  )

4.Талабы жоқ жас-қанаты жоқ   ( . . .  )

5.Сақталады 6 ай жаз,

Сандығымда сары аяз  (. . . )

 6.Бас кеспек болса да, ...    кеспек жоқ ( . . .)

7.Екі аяқпен кезек-кезек тебеді,

Ол  тынымсыз домалап

Зыр жүгіре береді.  ( . . .)

8.Білім-теңіз,    -кеме.  ( . . . )

9.Ағайынды бес туыс

Жамылатын тоны бар,

Бесеуінде бір қуыс  (. . . )

10.Көсем ел бастар,шешен...бастар.  (. . . )

11.Қалқиып екі құлағы

Елеңдеп қорқып тұрады.   (. . . )

12.Өнер алды –.... тіл        (    ...)

13.Бір қораға қамалғандар,

Жану үшін жаралғандар  ( . . . )

14.....-көңілі балада. ( . . . )

15.Болса да көкте мекені

Кездеспейді екеуі  ( . . .  )

16.Білекті бірді жығар,  .....мыңды жығар  ( . . . )

17.Тіріден өлі туады,

Өліден тірі туады (. . . )

18.Досы жоқ адам,

....жоқ тағам ( . . . )

19.Сырты қызыл,іші тәтті,

Жеген жанды таңыртқатты.  ( . . . )

20.......-мектептің  жүрегі ( . . . )

«Қарабалық ауданы әкімдігі білім бөлімінің

 № 3 Қарабалық орта мектебі» ММ

« Менің Қазақстаным»

білімпаздар бәйгесі

Сынып жетекшісі: Шишимбаева Г.Б

2014-2015 оқу жылы

ОТАН

4-кезең  «Тамаша төрттік» Пәндер бойынша сұрақтар.Экранға назар аударайық.

5-кезең  Көрермендермен жұмыс. «АЙНА»ойыны  Бір-біріне қимыл көрсету.

1.Түйме тігу

2.Сурет салу

3.Цирктегі  ойын

4.Жолға шығу

5.Кітап оқу

6.Би билеу

7.Ән салу

6-кезең.  «Сиқырлы сөздер әлемі»  (капитандар сайысы)

Қораптағы сөздерді алып,сол сөзді жұмбақ түрінде тобына жасыру.

1-ж.Сайыста жеңіс те бар,жеңіліс бар            

        Қуанып шаттанып,күлу де бар.

       Білімдерін тамашалап,отыр қауым, 

        Сайыста әділқазы тағы да бар.

2.ж.«Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар»демекші,бүгінгі сайысымыздың таразылап әділ бағасын беретін әділқазылар алқасына сөз береміз.

1-ж.Адамға ең керегі білім деген,

       Білімсіз ол қатарға ілінбеген.

       Ойлама білім алсам қор болам деп,

       Тұрғанда мына заман күлімдеген.

2-ж Бір қала,бір мектептің түлегіміз,

        Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.

        «Бірлік барда-тірлік бар»деген бабам,

          Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз.

1-ж.Осымен  «Білімділер бәйгесі»өз мәресіне жетті.Қатысқандарыңызға рахмет, Сау болыңыздар

1-ж.Армысыздар құрметті ұстаздар мен 4-класс оқушылары.

2-ж.Адамзат тарихында қай кезеңде болмасын ғұламалар ғылым мен білім мәселелеріне ерекше көңіл бөлген.Қазіргі ғаламдық заманда 50 елдің қатарына қосылу үшін білімнің аса қажет екенін Елбасы Н.Назарбаевта жолдауларында баса көрсетті.

1-ж. Ия,Қазақстан Республикасы өркениетті ел болу үшін ең бастысы-білім. Білімді болу жүйелі түрде үйренудің, оқығанды,зердеге тоқудың нәтижесі.

2-ж. Ендеше  бүгінгі сайысымыздың ұраны:

Білекті бірді жығады,

Білімді мыңды жығады.

1-ж..Олай болса «Білімділер бәйгесіне» қош келдіңіздер!  Ортаға сайысқа қатысушы 4  «а»және 4 «ә»класс оқушыларын шақырамыз.

2-ж.Бүгінгі  сайыста әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.

1-ж.Сайыс  кезеңдерімен таныстырып өтейік:

1.Ой жүйрігі (Сұрақтарға жауап беру)

2. «Ұшқыр ойдан,ұтымды жауап»

3. «Әуенді тап»

4. «Тамаша төрттік» (пәндер бойынша сұрақтар)

5.Көрермендермен жұмыс.

6. «Сиқырлы сөздер әлемі»  (капитандар сайысы)

7. «Қалдық затты іске асыр»шығармашылық жұмыс

2-ж  -Енді сайысқа қатысушылар өздерін таныстырып өтсе.

1-ж.Сайыста жеңіс те бар,жеңіліс бар             

        Қуанып шаттанып,күлу де бар.

       Білімдерін тамашалап,отыр қауым, 

        Сайыста әділқазы тағы да бар.

2.ж.«Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар»демекші,бүгінгі сайысымыздың таразылап әділ бағасын беретін әділқазылар алқасына сөз береміз.

1-ж.Адамға ең керегі білім деген,

       Білімсіз ол қатарға ілінбеген.

       Ойлама білім алсам қор болам деп,

       Тұрғанда мына заман күлімдеген.

2-ж Бір қала,бір мектептің түлегіміз,

        Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.

        «Бірлік барда-тірлік бар»деген бабам,

          Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз.

1-ж.Осымен  «Білімділер бәйгесі»өз мәресіне жетті.Қатысқандарыңызға рахмет, Сау болыңыздар

Интелектуалды ойын

Тақырыбы: Бүгінгі білімім – ертеңгі байлығым

Мақсаты: 1. Дүниетану пәні бойынша алған білімдерін тексере отыра, ақыл-ой өрісін жан-жақты дамыту.

                     2. Елін, жерін қастерлеп, қорғауға тәрбиелеу

                3. Оқушыларды өз ана тілін сүюге, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, бабалардан қалған ұлағатты ғибрат сөздерді түсіндіріп, содан үлгі өнеге алуға баулу, аталы сөзді түсінуге үйрету.

Барысы:

Жер үстінде адам өмір өткізер

Бар нәрсеге білім қолды жеткізер

Бар ізгілік тек білімнен алынар

Білімменен аспанға жол салынар

І. – Армысыздар ұстаздар, оқушылар!

- бармысыздар болашақтың бастауы

Балғын шақты балалар!

ІІ. Қазір сіздер осы уақытқа дейінгі алған білімімізді көрсетіп, өнерімізді ортаға салайық. Біліміміздің артып, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік. «Бүгінгі білімім – ертенгі байлығым» атты интелектуалды ойынымызды тамашалайсыздар.

Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жана ма

Білім мен өнер жарысып

Тәрбие, тәлім табар мән

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға, сол алға – дегендей ойын «жарыс» түрінде өтеді.

І. Таныстыру:

1. командаға бөліну

2. «Алғырлар» мен «Тапқырлар»

3. Ұрандары а) тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ

ә) Егеменді елдің тірегі – оқу мен білімнің тереңділігімен өлшенуі

ІІ. Әділқазыларды таныстыру

Ашық жарқын жүзді

Әділ қазылар біздің

Таңдап баға берерге

Шақырайық төрге.

      Мұғалімнің түсіндірмесі Жарыс 4 бөлімдерден тұрады. Ұпай саны төмен оқушы әр бөлімнен кейін шығып отырады. Сайысқа қатысатын 8 оқушы. Іске сәт!

Бәйге

Мақалдар жарысы

Ұйқасын тап

Тапқырлық

І. Бәйге

І оқушы:

бір сағатта неше минут бар? (10 мин)

 жапырақ қай кезде сарғаяды? (күзде)

Қазақтың ұлттық аспабы не? (домбыра)

Алфавиттің ең бірінші әрпі? (А)

Жыл неше мезгілден тұрады? (4)

Жердің неше формасы бар? (домалақ, шар тәрізді)

Сиырдың төлі қалай аталады? (бұзау)

Қой баласын (төлін) қалай сүйеді? (қоңырым, момыным)

Қазақстан Республикасының Президенті кім? (Н.Назарбаев)

Әкенің шешесі қалай аталады? (әже)

ІІ оқушы:

Сөйлеу түрлерін ата (ауызекі, жазбаша)

Ешкінің төлі (лақ)

2+2 – нің жауабы: (төрт)

Қазақтың билері (Әйтеке би, Қазыбек би, Толе би)

Тудың түсі (көгілдір)

Қазақ халқының ұлы ақыны (Абай)

Қасиетті тағам (Нан)

Білім бұлағы не? (кітап)

Самолёттің қазақшасы не? (ұшақ)

Мүсін неден жасалады (ағаш, саз, тас, металл, ермексаз, гипс)

ІІІ оқушы бір-бірімен

Адамның қатынас құралы (тіл)

Адам қанын соратын жәндік (маса)

Ұзындық өлшем бірлігі (см)

Қазақтың т.ңғыш ғарышкері (Т.Әубәкіров)

Жан-жануарлар, аңдарға қойылатын сұрақ? (не?)

Қазақтың атақты суретшісі (Әбілхан Қастеев)

Жер бетінің өсімдік өсетін қабаты (топырақ)

Тарихта болған адамдар төңірегінде құрылған жанр (аңыз)

Күйді орындаушы адам (күйші)

Еліміздің рәміздері (Елтаңба, ту, әнұран)

ІV оқушы                                                                                                                     

Қыстың көркі (қар)

Ең қымбатты есім (ана)

25- қазан қандай күн? (республика күні)

Торғай шырылдайды, қаз ... (қаңқылдайды)

Жылдан құр қалған жануар  (түйе)

Ұя салмайтын құс (көкек)

Судың түсі (түсіз мөлдір)

Көру мүшесі (көз)

7 күн (апта)

Білім ұясы (мектеп)

V оқушы

Көшет қай мезгілде отырғызылады? (көктем)

Қазақ алфавитінде неше әріп бар? (42 әріп)

Заттың атын білдіретін сөз табы? (зат есім)

Бір жылда қанша ай бар? (12 ай)

Жылқы иесі (пірі)? (Қамбар ата)

Бір тәулікте неше сағат бар? (24 сағат)

Түйенің төлі қалай аталады? (бота)

Қар қай мезгілде болады? (қыс)

Аспан түсі қандай? (көк, көгілдір)

Түн ұйқысын төрт бөлген адам? (ана)

VІ оқушы

Мұсылман халықтарының жыл басы (наурыз)

Бір минутта қанша секунд бар? (60 сек)

200 тенгелік ақшада кімнің бейнесі бейнеленген (Әл-Фараби)

«Кел балалар оқылық!» кімнің өлеңі? (Ы.Алтынсарин)

Біз қай мектепте оқимыз («Горный» орта мектебі)

Қазақстанның оңтүстік астанасы? (Алматы)

Қазақстандағы мемлекеттік тіл? (қазақ тілі)

Ешкінің баласы (төлі) қалай аталады? (лақ)

Алфавиттің ең соңғы әрпі? (я)

Заттың санын білдіретін сөз табы? (сан есім)

VІІ оқушы

Жұлдыздар қай кезде пайда болады? (түнде)

Үй жануарларын ата? (ит, мысық, шошқа, есек т.б.)

Заттың сынын, түсін білдіретін сөз табы? (сын есім)

Жемістер қай мезгілде піседі? (күзде)

25 санында неше ондық неше бірлік? (2ондық, 5бірлік)

Екі өркешті жануар? (түйе)

Адам өміріне не қажет? (ауа, су, тамақ)

Жаяу жүргінші бағдаршамның қай түсі жанғанда жүреді? (жасыл)

Абай Құнанбаев кім? (ақын)

Қызанақтың түсі қандай? (қызыл)

8 оқушы

Бір айда неше күн бар? (30-31 күн)

Іс-қимылды білдіретін сөз табы? (етістік)

Жылдың ең соңғы айы? (желтоқсан)

Бір ғасырда неше жыл болады? (100 жыл)

Қазақстанның астанасы? (Астана қаласы)

Салмақтың өлшем бірлігі? (кг)

Неше жуан дауысты дыбыс бар? (4)

Жылқының төлі? (құлын)

Кемпірқосақ қай кезде пайда болады? (жаңбырдан соң)

Жемістерге не жатады? (алма, алмұрт, жүзім)

9 оқушы

Көктемде қар қайтеді? (ериді)

Нанға не жағады? (май)

Балық қайда болады? (суда)

Т – кандай дыбыс? (дауыссыз, қатаң)

«Күз» кімнің өлеңі? (А.Құнанбаев)

5+5 неше? (10)

Сенің Отаның? (ҚазақстанРеспубликасы)

Адам жылу, ауа, суды қайдан алады? (табиғаттан)

Топырақтың қандай түстері бар? (қара, қоңыр, сұр)

Ы.Алтынсарин кім? (ағартушы, ғалым)

10 оқушы

Асханада не істейсің (тамақ ішем)

 Ақтөс ит, ал Марат ше? (адам)

Көктемнен кейін қай мезгіл? (жаз)

Информатика пәнінен кім береді? (Арай апай)

Әкеңнің әкесі саған кім болады? (ата)

«А» қандай дыбыс? (дауысты, жуан дыбыс)

10-нан қай санды азайтсаң 5 болады? (5-ті)

Кешкі сағат -де не істейсің? (ұйықтаймын)

Сыныпта неше оқушы бар? (9)

Гүл қай мезгілде болады? (жазда)

11 оқушы

Атаңның есімі кім? (Мазан)

Дәрігер не істейді? (емдейді)

Судың пішіні бола ма? (пішінсіз)

Биенің төлі? (құлын)

Адамға қандай сұрақ қойылады? (кім?)

Бүгін аптаның қай күні? (сенбі)

Қасиетті тағам? (нан)

Қой маңырады, сиыр... (мөңіреді)

1-қыркүйек қандай күн? (білім күні)

1-ден 0-ді азайтсаң не болады? (1 болады)

І турдан әр баланың алған баллдарын есептеу. (төменгі, жауап бермегені ойыннан шығады)

Ән тыңдау

ІІ тур. Мақалдар жарысы

Өлең, мақал, жаңылтпаш, ертегі жыр

Мұның бәрі жанды сөз, ішінде сыр.

І. 1. Досы жоқ адам ...         (Қанаты жоқ құспен тең)

2. жері байдың - ...               (елі бай)

3. таза ауа - ...                       (жанға дауа)

4. тазалық – саулық негізі, ... (саулық – байлық негізі)

1. Ұшып жүрген гүл көрдім

Қонғанда ұстап үлгердім. (Көбелек)

2. Қалқиып ұзын құлағы

Елеңдеп қорқып тұрады  (Қоян)

3. Дәмі де жоқ, түсі жоқ

Пайдаланбас кісі жоқ. (Су)

4.Аспанда бір ана бар

Маңы толы балалар    (ай, жұлдыз)

Елдің сәні сақталар жақсы сөзбен,

Қай жұрт болсын талассыз осыған құл.

ІІ. 1. Найзасыз ер болмайды...  (батырсыз ел болмайды)

2. Ақылды қария ... (Ағып жатқан дария)

3. Тозған жерде... (Тоқшылық болмайды)

4. Жер ана ... (Ел бала)

1. Үш көзі бар қырағы

Жол тәртібін ұғады

Өткендерге көшеден

Көзін қысып тұрады   (бағдаршам)

2. Білімнің жол басшысы

Шәкірттің қолбасшысы   (мұғалім)

3. Жуынам деп жазған-ай

Күннен күнге азғаны-ай     (сабын)

4.Жазу жазып жалықпаған

Жаза жаза арықтаған   (бор)

ІІ турдан әр баланың алған баллдарын есептеу. (төменгі, жауап бермегені ойыннан шығады)

 Ән тыңдау

ІІІ тур. Ұйқасын тап

Шарты: мұнда өлең жолдары берілген. Сол өлең жолындағы қалдырып кеткен жерге сөздер қою арқылы өлеңді ұйқастыру керек жәнеде астында шашыраған дыбыстардан әр түрлі сөздер құрайды. Құраған сөздер 5-ке дейін жетсе, балл жоғары қойылады.

Жоғары балл – 40

Төменгі балл – 20

Уақыты – 1 минут

Маң – маң басқан маң басқан,

Шудаларын                            .

Арба сықырлап жүрді

Ит арсылдап                           .

Мектепке күнде                     .

Кілең               аламын.

Төмендегі дыбыстардан сөз құра  Б, Ұ, Ж, А, Қ, М.(Жұмбақ)

ІІ. 1. Оқысаңыз балалар,

Шамнан шырақ                 .

2. Жемістерде пісіпті

Жерге үзіліп                        .

3. Қызыл                    жинаймын

Анама әкеп                                .

4.Төменгі дыбыстардан сөз құра. Ә, Д, П, Р, Е, Т. (Дәптер)

ІІІ. 1. Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан

Күз болып, дымқыл тұман жерді             .

2. қалың қарды күрейік

Коньки теуіп                  .

3. Қарындашты қолға аламын

                    сурет                   .

4.Төменгі дыбыстардан сөз құра Ж, Қ, А, Ы, Р. (Жарық)

ІІ. 1. Кел, балалар, оқылық

                        көңілге

Ықыласпен                   .

2. Нұрлан тойға барады

Көптеп кәмпит               .

4.Төмендегі дыбыстардан сөз құра Ю, Р, О, А, Л (оюлар)

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей                        .

Жеймін деп көп қуанды

Менің інім                      .

                      дүкенге барамын

                      сатып                 .

Төмендегі дыбыстардан сөз құра Қ, А, Р, Т, А (тарақ)

Білім таппай мақтанба

Орын таппай                 .

Бала ойнады

Ойынға            .

               келді,құс келді

гүлдер жапты                   .

Төменгі дыбыстардан сөз құра Т, Е, Р, І, Г, Е (ертегі)

ІІІ турдан әр баланың алған баллдарын есептеу. (төменгі, жауап бермегені ойыннан шығады)

Тапқырлық

Сағыз сатып алу үшін Ерланға 1 теңге жетпеді. Ал Темірланға 2 тенге. Сонда Ерлан Темірланға екеуміз қосып бір сағыз алайық десе, бәрі бір олардың бір теңгесі жетпей тұр. Бұлардың әрқайсысында неше теңгеден ақша болды? Сағыз қанша тұрады? (Ерланда – 1тг, Темірланда – 0тг. Сағыз – 2тг)

Аңсар 9сағат ұйықтап, келесі жылы таңертең сағат 8-де тұрды. Бұл қалай болғаны? (31 қаңтар күні сағат 11-де ұйықтап, 1 қаңтар күні таңертең 8де тұрған)

Жұмыртқаны қайнап тұрған суда 4 мин пісіру керек. 7 минуттық және 3 минуттық және 7 минуттық және 3 минуттық құмсағаттарды пайдаланып оны қалай істер едің?

  (Екі құмсағатты қатар пайдалану керек. 3 минут өткен соң, қайнап

       тұрған суға жұмыртқаны салу керек. Қалған 4 минутта жұмыртқа

       піседі.)

Семей полигонын жабу жөнінде ең алғаш ұран көтерген кім? (О.Сүлейменов)

Мыс пен мырыштың қосындысы нені береді? (жез)

Түссіз бояуларды ата? (ақ, сұр, қара)

Күннің түі қандай түске жатады? (суық түстер)

Туымыздың түсі қандай? (көк)

Адамды адам еткен? (еңбек)

Қазақстан жерінің көлемі қанша? (2млн 700мың км)

Өзен, көл, жер бедері бейнеленген карта қалай аталады? (физикалық карта)

Өлі табиғатқа не жатады? (

Жер бетінің ең биік бөлігі? (тау)

Жанғыш пайдалы қазбаларға не жаталы?(көмір, мұнай, газ)

Үстінде жүк артқан екі ат келе жатты. Біреуінің үстінде тұз, екіншісінің

үстінде мақта болатын. Олар терең өзеннен өту керек болды. Үстіне тұз артқан ат содан шығысымен бүлкілдеп жорта жөнелді. Ал мақта артқаны аяғын арең басып, қабырғасы қайысып кетті. Неге? Оларға не болды?

Бәйге

Мақал-жұмбақ

Ұйқасын

тап

Тапқыр-лық

І

ІІ

ІІІ

Инт.ойын

Жеңімпазы

Тақырыбы:   «Қазақстан – татулығы жарасқан шаңырақ»

Мақсаты:  жас ұрпақты бейбітшілікті сақтау және нығайту, өз Отанын сүюге, еліміздің саясатын 

                  қолдауға, ерлікке, интернационализмге тәрбиелеу; оқушыларды адамгершілік, бауырлақ, 

                  отансүйгіштік қасиеттерге баулу.

Оқушылар сап түзеп тік тұр! Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні орындалып, көкбайрағы әкелінсін.

1-жүргізуші:     Құрметті ұстаздар, оқушылар!  1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні   

                         мерекесіне арналған «Қазақстан – татулығы жарасқан шаңырақ» атты салтанатты жиынды 

                         ашық деп жариялаймыз.

2-жүргізуші:      Бейбітшілік. Осы бір асыл сөз қазір бүкіл дүниеге тарап, әрбір ізгі ниетті, адал ойлы 

                         адамның жүрегінен құрметті орын алады. Қазақтың барлығы бір-біріне бауыр.

                            Бейбітшілік – адамзат өмірінің бүгінгі мен ертеңі. Оның шайқалмай, сынбауы үшін 

                         бейбітшілік құсы аспан көгінде қалықтай береді.

1-жүргізуші:  Бірлік пен ынтымағы халықтың,

                        Көгімізде жарқыраған жарық күн.

                        Ырыс дәулет, бақыты халықыңның,

                       Жайнай берсін, жайнай берсін, алтын күн!

2-жүргізуші:       Бүгінгі саланатты жиынымыздың қонақтары құрметті орындағы ұстаздарымызды

                        таныстырып өтсек.

Мектеп директоры:                                 Н.О.Нұрмағамбетов

Оқу-тәрбие ісінің орынбасары:             Ж.М.Ақбисенова

Кәсіподақ төрағасы;                                Н.Т.Жабаев

Қазақ әдебиетінің мұғалімі:                   Б.Е.Ұлықпанова

Математика пәнінің мұғалімі:               К.Қ.Түймебаева

Бастауыш сынып мұғалімі:                    З.С.Мерғалиева

1-жүргізуші:   Көп ұлттың құт дарыған мекеніміз,

                          Достық күйін мақтаныш етеміз біз.

                          Бейбітшілік бүгінгі ұрпағымыз,

                          Мүдделі мұраттарға жетеміз біз.

2-жүргізуші:   1-мамыр- бұл баршамыздың ынтымағымыз бен өзара түсіністігімізді, достығымыз бен 

                        бауырластығымызды жарқыратып көрсетер кемел күн!

1-жүргізуші:     Қазақстан – татулығы жарасқан шаңырақ. Осында өмір сүріп жатқан 130-дан астам 

                         ұлт  пен ұлыстар достығының, өзара келісімі арқасында қоғамдағы саяси тұрақтылықты, сындарлы қалпын сақтап келеді.

2-жүргізуші:    Ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдері бір шаңырақ астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны баршамызға мәлім. Олай болса, ортамызға өзге ұлт өкілдері мен мектеп оқушыларын шақырамыз.

1-жүргізуші: Келесі кезекті мерекелік баяндамаға береміз. Баяндаманы оқитын бастауыш сынып жетекшісі Мерғалиева Злыха Смайлқызына беріледі.

2-жүргізуші:

Бейбіт күн тыныштық,

Біз үшін тым ыстық.

Ырыс-құт тұтқасы,

Ынтымақ туыстық.

Мерекелік құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Н.О.Нұрмағамбетовке беріледі.

1.

2.

1-жүргізуші:

Мамыр қандай шіркін-ай, мамыр қандай,

Айнала жасыл кілем жамылғандай.

Алатаудың басына ақ шәлі орап,

Мойынына гүлден алқа тағылғандай.

2-жүргізуші:

Мамыр қандай шіркін-ай құлпырады,

Күй толқып, көңіліңе жыр тұнады.

Жыл еркесі гүл мамыр, сұлу мамыр

Секілді адамзаттың ынтымағы.

1-жүргізуші:

Кезекті оқушылардың мерекелік құттықтауына береміз.

Тәуелсіздік кіндігін,

Кескен халық бірлігі.

Ынтымағы барша ұлттың,

Нұрын шашқан күн бүгін.

Ортаға қазақ биімен 4-сыныптың қыздарын шақырамыз.

2-жүргізуші:

Достық бізге тым ыстық,

Бірлік, байлық, ырыс-құт.

Жарқырасын күніміз,

Жаса, жаса тыныштық.

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін» орындайтын: 5-сынып оқушылары

Арухан:

Жалауымда нұрлы күн,

Нұрын шашып тұр бүгін.

Паш етеді ол халқымның,

Құқығы әр ұлттың тең,

Ада күңкіл-шүңкілден.

Жүз түрлі ұлт пен ұлыстар

Ұғысады бір тілмен.

Ортақ-дәстүр, ғұрып бай,

Ынтымағын суытпай.

Шаңырақты көтерген,

Жүз түрлі ұлт-жүз уықтай!

Шыңға тартса салып жол,

Қиналмайды талып бел.

Жүз иыққа сүйенген,

Қазақстан –

Алып ел!...

Асылхан:

Ұлы Отанын бақыт теңдік ордасы,

Болашаққа бастайтұғын жол басы.

Жүректе бір, тіректе бір бауырмыз,

Барлық ұлттың ұл-қыздары жолдасын.

Дана:

Достық менің бағын да, қуатын да,

Биіктетіп, бойыңда тұратын да.

Достық әні қосылып шырқайтынын,

Достық сөзі-таусылмас жыр ақынға.

Ақниет ұл:

Сүйемін адамдарға досым деген,

Шырқаймын дауысына қосып өлең.

Сүйемін ақ пейілмен гүлдей нәзік,

Достықты мызғымайтын асыл-берік.

Ақниет:

Енді бүгін қарасам

Айналам бақыт кең жатыр

Бірімен-бірі туысқан

Қолыстасқан ел жатыр

Қырғыз, қазақ, өзбектер

Маңғол, ұйғыр, дүнгендер,

Армиян, тәжік, грузин,

Орыс пенен терезесі тең жатыр

Алатау, кавказ ұласып

Баурайы бұйра кең жатыр

Бақыттың әні асқақтап

Құлаққа даусы кеп жатыр

Батырхан:

Қазақ жері достықтың гүлстаны,

Дархан өлкем-мерейлі ырыс бағы.

Күрестерде, еңбекте, мерекеде,

Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады.

Құндыз:

Ортаймасын, ортаймасын, сол даңқың,

Достық барда бар деп түсін қолда алтын.

Досы жоққа қара түнек орнар күн

Байлығыңа берік, бекем бол халқым.

Ақтілек:

Жазира өлке, гүл маусым,

Жасыл әлем, саған мәңгі нұр жаусын.

Қарсы алдыңнан тарқамасын тыңдаушың,

Мың құбылтқан бұлбұл болсын жырлаушың.

Сен бар жерде аспан ашық, тауда асқақ,

Саған барып, жарасамыз даулассақ,

Қасиетіңе құдай қызыр дарытып,

Мерейіңе үстем еткен әу баста-ақ.

Хор:

Достығымыз жарасқан

Ақпыз, қара, сарымыз.

Қара жермен көк аспан

Ортақ дала тауымыз

Арухан:

Қазақ қырғыз бір сананың егізі,

Екі жұрттың бірге екен негізі,

Қазақ озса ол қырғыздың мерейі

Қырғыз өссе ол қазақтың жеңісі.

Қазақ қырғыз туыссыңдар-доссыңдар.

Бір тамырдан сендер өскен қос шынар

Дос туыстар көп болса да дүниеде

Нақ сендердей нағыз туыс жоқ шығар.

Асылхан:

Ұйғыр қазақ тамыр болған ежелден

Кімдер қашсын қазақтайын әр елден

Достығымыз ғасырларға жарасқан.

Туған елім, шарықтай кемелден.

Дана:

Жырласа қазақ түркімен

Молдаван, тәжік үн қосқан.

Дос жүректер біріккен

Мейірлері жарасқан.

Ақниет ұл:

Сүйсеңде өз еліңнің жерін, суын

Жайнасын десең өлкең, орман нуың

Тамырын татулықтың жайып терең

Жоғары көтерейік биік туын.

Ақниет:

Кім сүймейді ет жақын туысын

Украина туысымның бірісің.

Тұрды биік туымыздай бұл достық,

Ел басы төнгенде де ұлы сын

Батырхан:

Тыңда, тыңда, тыңда мені

Ұлы жұртым, орыс халқым

Сен тербетіп өсіргенсің

Сенің даңқың менің даңқым.

Құндыз:

Әрқашан достар біргеміз,

Ажырамас іргеміз

Ілгері жүріңдер

Достық жырын біліңдер

Ту ғып ұстап бірлікті

Ерлікті сүйіңдер

Хор:

Дос болайық бәріміз

Жарасып тұр сәніміз.

Тыныштықты сақтаймыз

Атсын күліп таңымыз

Ән: «Ақ көгершін»

1-жүргізуші:

Қазақстан – осы ұлан байтақ өңірді мекендеп жатқан барша ұлт пен ұлыстың Отаны деген қарапайым да қастерлі қағиданы бүгінгі адамдардың да, келер ұрпақтың да санасынан бір сәтке шығармауымыз керек. Ендеше басымызға қонған бақытымыз бен бірлігіміздің берекесі арта берсін деп тілейміз.

2-жүргізуші:

Ендігі кезекті ескертулер мен хабарландыруларға береміз.

1-жүргізуші:

Бүгінгі 1-мамыр ынтымақтастық күніне арналған «Қазақстан – татулығы жарасқан шаңырақ» атты салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.

Оқушылар сап түзеп тік тұр! Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні орындалсы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Классный час на 1 сентября"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Культуролог-аниматор

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тақырыбы: Менің тұңғыш Президентім
Мақсаты: 1. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
3. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу
Көрнекілігі:слайдтар көрсету, үнтаспа, шарлар, суреттер, буклет « Нұрсұлтан Назарбаев-тұңғыш президент» 1 желтоқсан-Президент күніне орай өткізілген тәрбие сағаты.
Біздің Президентіміз –Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.

Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді

Қ.Аманжолов:
Қазақстан дейтін менің бар елім .
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған, 
Бұл далада атам қолға ту алған, 
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

1-оқушы:
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.

2-оқушы:
Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

3-оқушы:
Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.
4-оқушы:Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
5-оқушы.1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.

6-оқушы:1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.
7-оқушы:1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.
Елтаңба авторлары:Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов.

8-оқушы: Шаңырақ –Отан отбасынан басталады.ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынаны, ал уықтар –үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді.Ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгіздің қара күшін, еліктің шапшаңдығын, қырмызы қызыл түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді .Бес бұрышты жұлдыз  «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр.

9-оқушы:Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып, 6-маусымда күшіне енді.Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі бар.Жалаудың ұзындығы -2 метр, ені-1метр. Жалаудың жобасын жасаған –суретші Шәкен Ниязбеков.

10-оқушы:1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға енді.
Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет, 
Білдім дербес елімнің үлгісі деп.
Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым, 
Беттерінен көз тартып тұрды сурет.
Теңдікті айтып тұр аты теңге деген, 
Құт-береке болшы бір елге келген.
Өз туы, елтаңба, әнұраны бар
Айтыңдаршы, енді елім кем де неден?
11-оқушы:
1995 жылы 28-қаңтарында тәуелсіз ҚР –ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.
«Ата Заң»
Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді, 
Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің.
Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз, 
Ата-баба мұра еткен, тұтастығын жеріміз.
Халық сенген заңымыз әділдікті қолдайды, 
Жақсарсын деп халіміз адам құқын қорғайды.
Дейді заңы мемлекет үлкенге де, балаға:
“Оқу оқы, еңбек ет, кәсіп жаса қалаған!”
Әрбір бабы маңызды, әр көңілдің жыры бір, 
Бізде 30 тамыз – Ата Заңның күні бұл.

12-оқушы:Астана-ҚР-ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.

13-оқушы: 1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды.Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.
Көтереді шаңырақ Астанам асқақ, 
Жаңарып қалам, жасарып далам!
Басыңнан серпі бодандық жүгін, 
Кетпейді ойдан Отандық ұғым.
Арыстан жүрек, айбынды елім, 
Таниды сені бар әлем бүгін.
Ән: “Астана – бас қала”
14-оқушы: 2006 жылы 7-қаңтарда әнұран қабылданды.
Егемен елім әнұраны жанарды, 
“Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды.
(Әнұран айтылады)
15-оқушы: «Елбасына»
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген, 
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп, 
Жас Отанның өмірін де түсініп, 
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай, 
Бір керемет жасады-ау кісілік!

16-оқушы:
Елбасымыз саған мәңгі разымыз, 
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан, 
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.
17-оқушы:
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын, 
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай, 
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!

18-оқушы: Төле би сөзімен сынып сағатымызды аяқтаймыз.
Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім, 
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар, 
Тау көтерген елім бар.
Қол бастайтын ерім бар, 
Атадан қалған сара жолым бар.

Ән: «Елім менің» (сөзі: Н.Назарбаев, әні: Б.Тілеуханов)
Ән: «Жаса Қазақстан!»

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 286 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.01.2015 473
    • DOCX 100.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шишимбаева Гульнара Батырхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 58202
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания предмета «Родной (русский) язык» с учетом реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 235 человек из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 168 человек

Курс повышения квалификации

Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 172 человека

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО для слепых и слабовидящих детей

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Мини-курс

Введение в инвестиции и инвестиционный процесс

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 13 регионов

Мини-курс

Классики и современники: литературные портреты и психология творчества

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Основы психологических трансформационных игр

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 56 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 33 человека