Тәрбие сағаты:
"Жігіт сұлтаны"
Мақсаты: Болашаққа сеніммен қадам басқан халқымыздың салт -
дәстүрі, әдет - ғұрпы, жөн – жоралғыларын оқушылардың бойына сіңіру, батыл,
намысты ұлдарды тәрбиелеу.
Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар!
Сіздер бүгін жігітке жеті өнер де аз дегендей 2 - сынып оқушыларының «Жігіт
сұлтаны» сайысына қош келіпсіздер.
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін қорғамақ.
Жігіттер шықсын ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ.
Құрметті көрермен қауым, ендеше сайысқа түсетін жігіттерімізді
қол соғып қарсы алайық. Бүгін міне, біздің сыныптағы сегіз жігіт өз
өнерлерін көрсетпек.
-
Сайысымызды бастамас бұрын, бүгінгі сайысымызды
саралап, таразылап жігіттеріміздің өнерін тамашалап, әділ бағасын
беретін әділқазылар алқасымен танысайық.
Таныстыру
Жүргізуші: Жігіттер келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дамытуға,
Жігерленіп келіп жетті,
Әдеппен, ізетпен табысуға.
Қуантады білімімен бізді Айбол
Қол соғып қарсы алайық, енді оны біз.
Білімің серік болсын талабыңа,
Бүгінгі қабыл болсын тілегіміз.
Өнер қуған жасынан
Өнері судай тасыған
Келесі біздің Алихан
Көрінген күштің басынын
Сүрінбей сыннан өтемін
Мақсатыма жетемін деп келе жатқан Асанәли
Жігіттің дара туған
ірісіндей
Жүрісі батырлардың жүрісіндей
Келбетті батыр тұлға
Сом білек
Қажымұқанның немересіндей
Алдияр
Қанымда ата салтымыз
Бойтұмар болған ғұрпымыз
Аманат болған дәстүрді
Қастерле йік қастерле йік
Аян
Сыйлаған ата - анасын
Үлкеннің алған батасын Алмас
Арман бар биік шыңға шықсам деген
Қыран боп көк әлемге ұшсам деген
Бүгінгі сайыста жеңіп шығып
Кең сермеп қанатымды ұшсам
деген
Никита
Ақынның тұяғымын сартылдаған
Асылдың сынығымын жалтылдаған деп келе жатқан Арлан
2 - кезең «Білгенге маржан»
Ал, кәнеки қырандар
Босқа қарап тұрмаңдар.
Бастап жігіт өнерін
Алыстарға самғаңдар
«Біреу білмегенді біреу біледі» дегендей салт - дәстүрге байланысты сұрақ -
жауап.
1. Төрт түлік малды ата.
2. Түйенің сүтін ата.
3. Киіз үйге жарық қайдан түседі?
4. Сәби баланың төсегін ата.
5. Ер жігіттің бес қаруын ата.
6. Қазақтың ұлттық ойындарын ата.
7. Ұлыстың ұлы күні жасалатын тағам
3- кезең. «Құралайды көзге атқан»
Бәйгеге түсіп жарыспай
Қоян қолтық алыспай
4- кезең. Өнер көрсету
Кедеймін деп қысылма
Өнерің болса қолыңда
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында – кезекті өнер сайысына берейік.
1. Асанәли «Тұлпарым» әнін орындайды
Никитатның орындауында
«Қара жорға»
«Қара жорға»
|
|
2. Никита «Қара жорға» биі
3. Аян «Қазақстан » тақпақ
4. Алихан «Сиқырлы сандық» сиқыр көрсету
5. Арлан «Анашым» әні
6. Алдияр тақпақ
7. Алмас«Ауылым» әні
8. Айбол «Алға Қазақстан» тақпақ
5 – кезең «Шебердің қолы ортақ» Қамшы өру
/ бұл сайыста аналарымен бірлесіп қамшы өру/
Шеберлерім өнер тамып қолынан
Жаңылмаған ата - баба салтыны
Шебер қолдар өз өнерлерін көрсетсін
Біз айталық төрелігін соңынан
6 - кезең.Тас қала
/асықпен ойын, ұпай жинау/
Ат өнері білінбес
Бәйгеге
түсіп жарыспай
Қоян қолтық алыспай
Алмас ең көп ұпай
жинады
6 - кезең. Сән үлгісі
/Жігіттер ұлттық киім үлгілерін көрсетеді/
Алдияр өз ұлттық киімін қорғап шықты
Қортынды.
Жеңімпазға «Жігіт сұлтаны» деген атақ беріліп, қатысқан оқушылардың
барлығына сыйлықтар және мақтау қағаздарымен марапатталады.
Ата-аналармен
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.