Главная / Начальные классы / Көктем келді далама

Көктем келді далама

Пәні: көркем әдебиет

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Көктем келді далама

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: көктем мезгілінде болатын озгерістер жайлы балаларға түсіндіру; табиғаттағы құбылыстарды бақылай отырып, сүйіспеншілікке, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Сөздік жүмыс: Шуақты, жер көйлегі.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Көктем мезгілінің суреттері.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

1.Кіріспе әңгіме:Бастаушы:

- Күн, Күн, сен неге күлімдейсің?

Балалар: Көктем келді.

-Жаңбыр, жаңбыр, сен неге сыртылдайсың? (Жауынның жауған дыбысы) Көктем келді.

-Бұлақ, бұлақ, сен неге сылдырайсың? (Судың дыбысы)

-Көктем келді.

-Құстар, құстар, сендер неге сайрайсыңдар? (Құстардың сайраған дыбысы)

Көктем келді.

Балалар бір-біріне: «Досым, біз де күлімдейікші», - деседі.


  • Көктем мезгілі неше айдан тұрады?

  • Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?

- Көктем мезгілінде ең алғаш өсетін гүлді білесің бе?


2. Дәптермен жұмыс: Н. Мұқатовтың көктем мезгіліне арналған өлеңін жаттау.

Күншуақты кез келді,

Көп көрініс көзде енді.

Жерге сіңіп қалың қар,

Жер көйлегі өзгерді.

(Балалар хормен қайталайды)


  • Көктемде қандай өзгерістер болады?

  • Қар еріп, қайда сіңеді?

  • Жер қандай түске өзгереді?

- Жерде не өседі?


3.Тыныштық сәті: Баяу әуенмен балалар көздерін жұмып, терең тыныс алады. Жасыл желек жамылған шөптерді, бүршік атқан ағаштарды, сайраған құстарды, гүлге қонған көбелектерді көз алдарына елестетеді. Гүлдердің иісі қандай әдемі! Иіскейді. Терең тыныс алады.


4.Дидактикалық ойын: «Гүлдер».

Ойын шарты: Тақтаға гүлдердің суреті ілінеді. Балалар көздерін жұмады, көздерін ашқанда гүлдердің біреуі жоқ болады. Қай гүлдің жоқ екенін табу.


Сергіту сәті: Шаршағанда ырғалып,

Гүлге ұқсап демалам.

Қанатымды бір қағып,

Гүлдей болып жайқалам.

(Қимылмен көрсетеді)


5.Дәптермен жұмыс: «Көктемгі еңбек» суреті бойынша әңгіме құрастыру. Жұмбақтың шешуін тап.

Күн ұзарып, қар еріп,

Су сайларға толады.

Бөбектерім, айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады? (Көктемде)


Қорытынды:

  • Көктем мезгілі несімен ерекшеленеді?

  • Ауа райын бақыла.

  • Ағаштар қалай өзгереді?

































Көктем келді далама
  • Начальные классы
Описание:

Бұл сабақтың мақсаты оқушыларды жыл мезгілдерімен таныстыру. Оның ішінде көктем мезгілінің ерекшеліктері , табиғатта болатын құбылыстарды балаларға көз алдыларына елестете отырып сезіндіру.Сабақта түрлі әдіс-тәсілдер мен дидактикалық ойындар қолданылған. Бұл сабақ арқылы балалар көктем мезгіліндегі табиғат құбылыстарының ерекшеліктерін білді, көктемдегі гүлдейтін өсімдіктер туралы мағлұмат алды.

Автор Сламбек Назерке Болатқызы
Дата добавления 11.05.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другое
Просмотров 105
Номер материала MA-066864
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓




Похожие материалы