Инфоурок Другое КонспектыКөктем аруы - 2016

Көктем аруы - 2016

Скачать материал

 
1-жүргізуші. Армысыздар, қадірменді қонақтар, аяулы ұстаздар. Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. Осынау жарқын мерекенің біздің барлық үміттеріміз бен армандарымызды тығыз байланыстыратын көктемнің алғашқы айының басында келуі, жақсылықтың нышаны болса керек. Қашаннан бергі дәстүріміз бойынша біз бұл күні Сіздерге – аналарымыз бен апа-қарындастарымызға, қыздарымызға ең ыстық құттықтауларымыз бен ең ізгі тілектерімізді жолдаймыз.
2-жүргізуші:
Армысың, өнер сүйер асыл халқым,
Мереке құтты болсын ауылдасым.
Тағы да келіп жетті сайысымыз
Жырлайтын қазағымның дәстүр салтын.
Бүгінгі байқауымыздың мақсаты:
1. Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік т.б. негізінде тәрбиелеу.
2. Әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу. Табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына көмектесу.
Байқаудың шарттары төмендегідей:
1. «Мен қазақтың қызымын» таныстыру
(қатысушылар өздерін осы сөзбен, өлеңмен, әнмен таныстырады)
2. «Қыз еркем – кестесімен көркем»
(Әр қыз өзінің қолынан келетін бір ісмерлік өнерін көрсетеді)
3. «Шаш үлгісін көрсету»
4. «Өз өнерін көрсету»

(Ән айту, би билеу, күй тарту)
4. «Сұлулық сыры»
(Музыка ырғағымен сәндік киім және шаш үлгісін көрсету)
5. «Зерделінің ойы озық»
( сұрақтарға жауап беру)
Уа, арулар, арулар! Ешкімің жоқ алалар.
Ару болу үлкен сын, оны қазың бағалар. – деп әділ – қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

 


1-жүргізуші
Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып
Аруларын сыйлаған, халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
(Арулар ортаға шығады)
2-жүргізуші:
Ал, халайық, аруларға тамсанайық,
Қыз қылықты дегенге ән салайық.
Атына заты сай аруларға
Тағы да бір қол соғып қарсы алайық.
1-жүргізуші
Бойжеткен арулар келіп жетті танытуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға.
Қорықпастан сахнаға келіп жетті,
Әдеппен, ізетпенен танысуға.


Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып,
Көрейік, ару қыздарды жарыстырып.
Бұл залда білетін бар, білмейтін бар,
Әрбір ару көрсін өзін таныстырып.
Байқаудың І кезеңі «Мен қазақтың қызымын».
Бағалау
Аруларымыз көрермендерді қолөнерлерімен таңғалдыруға асығады.
Байқаудың ІІ кезеңі «Қыз еркем – кестесімен көркем»
Бұл кезеңде Әр ару қыз өзінің қолынан келетін бір ісмерлік өнерін көрсетеді және қалай жасалғаны туралы әңгімелейді
Бағалау
2-жүргізуші:
Байқаудың ІІІ кезеңі «Шаш үлгісін көрсету»
Сұлу қыздар, ару қыздар
Шашты кеспей күтіп оны қараңдар.
Қыздың көркі шаш екенін түсініп,
Өріп қойып шаш үлгісін жасаңдар, - деп аруларымыз шаш үлгісін көрсетеді
Бағалау
2-жүргізуші:
ІV кезең «Өз өнерін көрсету» Бұл кезеңде арулардың өнері тамашаланады
Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында.
Сайыста ән салайық, би билейік,
Өнермен өрге басып кідірмейік.
(Ән айту, би билеу, күй тарту)
Бағалау
2-жүргізуші:
Қыздарға әсемдік жарасады,
Ай көркі биіктерге таласады.
Болмаса сұлу қыз, ару әйел
Табынып еркіндікпен санасады –деп, аруларымыз сәндік киім үлгісін көрсетсе
 Олай болса «Сұлулық сыры» кезеңінде аруларымыз  сәндік киім үлгісін  көрсету бойынша сынға түседі.
Бағалау
2-жүргізуші:
VI «Зерделінің ойы озық»
(Лездік сұрақтарға жауап беру)

«Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын,
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын» - дегендей, қыздарымыз апаларының өнегелі істерін өз бойларына дарытып өссе екен дейміз. Қыздарымыз ата-бабаларымыздың ықылым заманнан келе жатқан салт-дәстүрін, әдет-ғұрып сөндірмей жалғастыратын өнерлі де ибалы боп өссе дейміз.
Осымен байқауымыз өз мәресіне жетті. Ару қыздарымызға рахмет айтамыз. Мерекелеріңіз құтты болсын!

 

 

 

 


1. «Қыздың жиған жүгіндей»
Бұл теңеу қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін көрсетеді. Өздеріне тән нәзіктілігімен, сүйкімділігімен, сыртқы және ішкі сымбаттылығымен ерекше екендігін айтқан

2.«Қыз өссе – елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі»
Біздің халқымызда «қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданылады. Қыз баланы гүлге теңеп, көрікті болатынын аңғартады. «Елдің көркі» деп қыз баланың айрықша әдептілігіне көңіл бөліп, олардың жүрегін жылылыққа бөлеп, жандарын жаманшылықтан аластап өсірген.
Қыз баланың сүйкімділігінен, жанының нәзіктілігінен шыққан сөздер.

3.«Қызға қырық үйден тыйым»
Қыз бала тәрбиесіне ата-ана ғана емес, көрші-қолаң, туған-туыс, ауыл-аймақ болып сергектікпен қарайтын болған.
4.«Біреудің ала жібін аттама».
Қыз бала үшін өтірік айту, ұрлық істеу және қатыгездік, қулық-сұмдық деген жат қасиет екенін айтып, өтірік өрге бастырмайды, ешкімге қиянат жасама деп адалдыққа тәрбиелеп отырған. Тәрбиенің бұл түрінің әсері сол қыз баланың өмір жолын дұрыс таңдауына зор ықпалы болған.

5.«Шеше көрген тон пішер»
Халқымыз қыз бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Қыз балаға 5 – 6 жасынан-ақ апа-жеңгелері, шешесі мен әжесі үй шаруасын жүргізуді (үй сыпыру, төсек жинау, ыдыс-аяқ жуу, ас пісіру, мал сауу), ою ойып, өрнек, кесте тоқуды үйрете бастаған.
Қыз бала тәрбиесінде шешенің орнын ерекше бағалаған.
Қыз баланың әр іске талапты да алғырлығынан, өнер-білімге бейім тұратын сергектігінен шыққан сөздер.
6. «Қыз жат жұртқа жаратылған»
Қыздарды тұрмыстық мүліктерді даярлауға: жүн түту, жіп иіру, шекпен тоқу, кесте тігу, құрақ құрау, оюлап киіз басу, кілем тоқу, арқан есі, көрпе көктеу, т.б. өнерлерін қыз балалар бөгде босағаға бармай тұрып-ақ үйреткен. Осындай еңбекке баулу нәтижесінде жанұя алдындағы жауапкершілік сезімдеріне бойларын үйретіп, психологиялық жағынан отау тігуге даярлай бастаған.

7.«Қызым – үйде, қылығы – түзде»
Халқымыздың тәрбиесінде қыздардың ерсі қылықтары мен әрекеттеріне үлкендер тыйым жасап отырған, сыпайылыққа, жарасымды мінез-құлыққа тәрбиелеген. Дөрекілікке, менменшілдікке, әдепсіздікке барудан сақтап отырған.




 

 

 

 

 

 

 

 

Сұрақтардың жауабы.
1. Енші деген не? ( балалары ержетіп үй болғанда ата-анасы оған дүние мүлік, мал беріп, отау тігіп жеке шығарады. Бұны енші деп атайды)
Мақалды жалғастыр. Әке көрген оқ жонар..... (шеше көрген тон пішер)
2. Байғазы деген не? ( балалардың, жастардың жаңа киім үшін ( мысалы: жаңа көлік, диплом) берілетін ақшалай, заттай сыйлық.) 
Мақалды жалғастыр. Баланың ұяты әкеге.....( қыздың ұяты шешеге)
3. Ерулік деген не? ( Басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерде бұрынан тұратындар ерулік береді, яғни қонаққа шақырады)
Мақалды жалғастыр. Балапан ұяда не көрсе..... ( Ұшқанда соны іледі)
4. Көрімдік деген не? ( Жаңа туған балаға, жас келінге, құдасына, күйеуге беріледі. Мұның маңызы жақын жуықтың адамгершілігін, ниетін, ашық қолдығын танытудың белгісі ретінде қаралады)
Мақалды жалғастыр. Астың дәмін тұз келтірер..... (Ауылдың сәнін қыз келтірер.)
5. Бастаңғы деген не? ( үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып, жолаушылардың басы ауырмасын және жолдары жеңіл болсын деген ниетпен бас қосып ойын-сауық құрады)
Мақалды жалғастыр. Әдепті бала -арлы бала..... ( Әдепсіз бала –сорлы бала)
6. Сыбаға деген не? ( құрметті қонаққа н\е өздерінің жақын жуығына арнап сақталған кәдені ет мүшелерін сыбаға деп атайды. Үлкен ақсақалдарға, құдаларға, жолы үлкен адамдарға сыбаға әдеті сақталады.)
Мақалды жалғастыр. Атаңның баласы болма.....( адамның баласы бол)

Босаға майлау - жастар жеке отау құрғанда немесе отбасы жаңа үй алғанда жақын-жуықтары үйдің босағасына май жағады. Бұл осы үй берекелі, майдай жағымды, көптің үйі болсын деген ұғымды білдіреді. Босаға майлаған адамға кәде берілуі керек.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Көктем аруы - 2016"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по занятости населения

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Мен, Табылғанова Дәметкен Жайықбайқызы, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Тұрыш селосында "Тұрыш мектеп - балабақша кешені" Кмм - сінде аға тәлімгер болып қызмет етемін. Аталған мектепте қызмет еткеніме, 3 жылдай уақыт болды. Осы уақыт ішінде оқушылармен көптеген қызықты іс - шаралар өткіздім. Маған оқушылармен жұмыс жасаған ұнайды. Өз қызметімді жақсы көремін.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 348 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.05.2020 137
    • DOCX 24.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Герасимова Наталья Викторовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Герасимова Наталья Викторовна
    Герасимова Наталья Викторовна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 67271
    • Всего материалов: 216

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 158 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 499 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 336 человек

Мини-курс

Введение в искусственный интеллект

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 115 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека

Мини-курс

Стратегии и инструменты для эффективного продвижения бизнеса в интернете

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 15 регионов

Мини-курс

Стратегии и инструменты для эффективного привлечения и удержания клиентов

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе