Главная / Химия / Күкірт қышқылы және оның тұздары

Күкірт қышқылы және оның тұздары

Шығыс Қазақстан облыс,Өскемен қаласы

«Қ.Нұрғалиев атындағы №43мектеп-гиназиясы»

химия-биология пәндері мұғалімі: Ныгызбаева Гулмира Жанымхановна

Сабақ тақырыбы:

Күкірт қышқылы және оның тұздары

Сілтеме:

9 ( жаратылыстану- математикалық бағыт) оқулық. Н. Нұрахметов, К.Жексембина ,Н. Заграничная

Жалпы мақсаттар:

Күшті электролиттердің бірі-екі-негізді күкірт қышқылының құрамы, құрылысы, байланыс типін еске түсіріп, қасиеттерін жоспарлы түрде жүйеге келтіру. Қышқылдарға тән ортақ қасиеттері мен ерекше қасиетін тотығу-тотықсыздану тұрғысынан және иондық тұрғыда жаза білуге үйрету.

Талдау, жүйелеу дағдыларын қалыптастыра отырып дамыту,есте сақтау қабілеттерін дамыту,сөздік қорын молайту.

Сабақ уақытын бағалауға үйрету, еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.

Күтілетін нәтиже

Қышқылдарға тән ортақ қасиеттері мен ерекше қасиетін тотығу-тотықсыздану тұрғысынан және иондық тұрғыда жаза білуі.

Оқушылар диалог әдісі арқылы сыни тұрғыдан ойлана алады. Критерий арқылы оқушылар бір- бірін бағалайды. Көшбасшылық айқындалады

Түйінді идеялар

Күкірт қышқылы және оның тұздары. Диалог әдісі арқылы оқушылар сыни тұрғыдан ойлану. Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар бір-бірін критерий арқылы бағалау. Топтық жұмыста көшбасы оқушылардың айқындалуы.

Сабақтың әдісі

Топтық, жұптық тапсырмалар, диалог әдісі,

Сабақтың көрнекілігі

Концентрациялы және сұйылтылған H2SO4, Na2CO3, лакмус, метилоранж, NaOH ерітінділері, CuO, Fe2O3, Cu(OH)2 қант ұнтағы, металл мыс, сынауықтар.


Ұйымдастыру кезеңі


  • Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

  • Оқушыларды топқа бөлу.

  • Оқушыларға бағалау парақшалары таратылады.

Үй тапсырмасын сұрау

Үйге берілген жаттығу жұмыстарын тексеру

І деңгей
1. Күкірттің химиялық таңбасы.
2. Электрондық формуласы.
3. Мүмкін болатын валенттілігі. Валенттілігі Атом құрылысы

4. Мүмкін болатын тотығу дәрежесі.
5. Күкірттің _______________________ түрлі аллотропиялық ____________________ болады. Олар ________________________ күкірт, ____________________ күкірт.
6. Мына физикалық қасиеттердің қайсысы күкіртке тән?

Жылу өткізеді.
Суда ериді.
Кристалды зат.

ІІ деңгей
1. Мына заттардың қайсысымен әрекеттескенде күкірт тотықтырғыш қасиет көрсетеді?
а) активті металдар; ә) сутегі; б) мыс
Реакция теңдеуін жазып, күкірттің тотығу дәрежесін көрсетіңіз.
2. Жоғары температурада күкірт мына заттардың қайсысымен әрекеттеседі?
а) оттегі; ә) сутегі
Қандай қасиет көрсетеді: тотықтырғыш немесе тотықсыздандырғыш?
3. Күкірттің қосылыстарының ішінен сульфидтердің атын жазыңыз:
а) PbS; ә) CaSO
4; б) CuS; в) ZnS, г) GeS; д) Na2SO4
4. Күкірт (VI) ____________ оксид деп аталады. (қышқылдық немесе негіздік)
5. Күкірттің (VI) оксиді сумен әрекеттесіп, ____________ түзеді.

ІІІ деңгей
Мына айналымды жүзеге асырыңыз:
а) S → SО
2 → SО3 → Н24 → К24
ә) SО
3 → Н24 → КНSО4
ІІІ. Оқушылардың алған білімдерін тест жұмысы арқылы бекіту. (Тест жұмысын әр оқушы өзі тексеріп, бағалайды)
1. Күкірт периодтық жүйеде:
а) ІІІ период және VI топтың негізгі топшасында;
ә) ІІ период, І топтың қосымша топшасында;
б) ІІІ период, ІV топтың қосымша топшасында орналасқан.

2.Күкірт атомындағы нейтрондар саны:
а) 16;
ә) 32;
б) 3.

3.Күкірттің тұрақты тотығу дәрежесі:
а) +6;
ә) +4;
б) - 2.

4. Күкірттің табиғатта 2 түрлі аллотропиялық ____________ және ____________ түр өзгерістері болады.

5. Күкірттің физикалық қасиеттері:
а) сары түсті кристалл зат;
ә) өзіне тән иісі бар;
б) суда ериді

6. Күкірттің (VI) оксиді:
а) негіздік;
ә) қышқылдық;
б) амфотерлі.

7. 6 - топтың негізгі топшасындағы элементтер қандай элемент типіне жатады?
а) s - элемент;
ә) p - элемент;
б) d - элемент.


«Ой қозғау»

Бір кездерде химия патшалығында Су Ханшайым мен Күкірт алты валентті Ханзада отбасында жас сәби дүниеге келіпті. Барлығы қуанып, көптен бері өзінің артынан мұрагер болып қалатын ұлды асыға күтіп жүрді. Медбике келіп ұл деп оған көк лента таққанда бірден қызарып кетті, дүниеге қыз келгенін жанындағылардың бар

 Сынауықтағы күкірт қышқылына лакмусты тамызды. Түсі қызыл түске өзгерді.
Қыздың атын- Қышқыл қойды, әкесінің фамилиясы – Күкірт еді. 
Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Күкірт қышқылы.лығы үнсіз түсінді.


Жаңа сабақ





Мағынаны тану . Мәтінмен жұмыс

1-топ Күкірт қышқцлцның физикалық қасиеттері

2- топ Күкірт қышқылының химиялық қасиеттері

3- топ Қүеірт қышқылының тұздары

Топтар постер қорғайды. Топтағы оқушылар бір- бірін екі жұлдыз бір ұсыныс арқылы бағалайды.

Тапсырмалар

Тапсырма «топтық жұмыс»

I нұсқа. Сұйылтылған күкір қышқылының негіздік оксидпен, негіздермен, карбонаттармен әрекеттесу теңдеуін жазыңдар.

II нұсқа. Концентрациялы күкірт қышқылының сынаппен Hg әрекеттесу теңдеуін тотығу-тотықсыздану теңдеуі түрінде жазыңдар.

III нұсқа. Концентрациялы күкірт қышқылының мыс пен Cu әрекеттесу теңдеуін тотығу-тотықсыздану теңдеуі түрінде жазыңдар.

Кейінгі тапсырмалар

Оқулықтағы жаттығу жұмыстарын орындау.

Бағалау

Формативті бағалау:

Топтағы оқушылар бағалау парақшаларына критерий арқылы бағалайды.


Кері байланыс

Бүгінгі сабақта не үйрендім? Оқушы рефлексиясы стикерге жазу.

Үйге тапсырма

§16Бүгін сабақта” эссе жазу.



Күкірт қышқылы және оның тұздары
  • Химия
Описание:

Күшті электролиттердің бірі-екі-негізді күкірт қышқылының құрамы,  құрылысы, байланыс типін еске түсіріп, қасиеттерін жоспарлы түрде жүйеге келтіру. Қышқылдарға тән ортақ қасиеттері мен ерекше қасиетін тотығу-тотықсыздану тұрғысынан және иондық тұрғыда жаза білуге үйрету.

Талдау,  жүйелеу  дағдыларын   қалыптастыра отырып дамыту,есте сақтау қабілеттерін дамыту,сөздік қорын молайту.

Сабақ уақытын бағалауға үйрету, еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.

Автор Рахышова Мадина маратбековна
Дата добавления 18.12.2014
Раздел Химия
Подраздел Планирования
Просмотров 2009
Номер материала 7475
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓