Главная / Начальные классы / Кескіндеме. Көктем мерекесі

Кескіндеме. Көктем мерекесі

Ж.Молдағалиев атындағы №2 жалпы білім беретін мектеп







Ашық сабақ



Тақырыбы:

«Кескіндеме. Көктем мерекесі.»

4 «Б» - сыныбы













Пән мұғалімі: Кабдрахманова Г.Н











Орал 2014-2015 оқу жылы

Ашық сабақ 20.04.2015ж

Бейнелеу өнері

Тақырыбы: Кескіндеме. Көктем мерекесі.

Мақсаты: 1.Сәндік нақыштарды берудегі графикалық біліктерді дамыту.

2. Шығармашылық елестету қабілетін дамыту. Көркемдік талғамының дамуына ықпал ету.

3.Қоршаған шындыққа эстетикалық қарым – қатынастың қалыптасуына ықпал ету, достыққа тәрбиелеу.

Қажетті материалдар: фотосуреттер, ұлттық киімдер суреттер,

альбомдық парақтар, гуашь, жай қарындаштар, қылқалам, суға кішкене ыдыс т.б.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру. Сәлемдесу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  • «Зат бейнеленбеген композиция» түсініктерін айту.

  • Салынған композицияларын әңгімелеу.

Сенің эмоцияң нені білдіреді?

ІІІ.Жаңа сабақ.

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Көктем мерекелерін ата?

  • Биылғы жыл еліміз үшін қандай жыл болып ерекшеленеді?

1.Қазақ хандығының 550 жылдығы.

2.Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы.

3.Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған іс-шаралар Республиканың түкпір – түкпіріне ұйымдастырылуда.



І. Біздің өмірімізде мерекелер өткізудің орны ерекше. Өмірімізді мерекесіз елестету қиын. Олар біздің өмірімізге сән береді, ата – бабамыздың ерлігі, оны жарқын, қуанышты етеді. Адамдарды жақындастырады.

Көшедегі транспаранттар, жалаулар, арнайы түсірілген жарық қаланың мерекеге дайындығын білдіреді.

Әдемі киінген, жүзі шаттыққа бөленген адамдар мерекеге арнайы безендірілген көшелер мен алаңдарда гүл, түрлі – түсті шарлар ұстап, бір – біріне қонаққа барады.

ІІ. Осы көңіл – күйімізді сәтті бейнелейік!

І – топ

1.Бейнелеу өнері дегеніміз не?

–Суретшінің қоршаған өмірді шынайы қабылдап, қағазға түсіруі.

ІІ – топ

2.Бейнелеу өнерінің түрлерін ата?

–Кескіндеме, графика, мүсін, СҚӨ

ІІІ – топ

3.Бейнелеу өнерінің жанрларын ата!

–Пейзаж, портрет, натюрморт, сюжетті картина.

IV – топ

4.Жылы түстерге қайсысы жатады?

–Сары, қызыл, қызғылт сары.



ІV. Тапсырма. Өзіндік жұмыстану.

І топ. 1 – Мамыр.Халықаралық ынтымақ күні.

ІІ топ. 9 – Мамыр. Ұлы Отан соғысы, Жеңіс Күніне – 70 жыл!

ІІІ топ. Көктем мерекесі.

IV топ. «Құстар күні» мерекесі.



V. Жұмыс істеуге дайындық. Сергіту.

Шаршадым – Уһ!

Ренжідім – Туһ!

Қорықтым – Ой!

Өкіндім – Аһ!

Шарасыздандым – Еһ!

Таңырқадым – О!

Біліп алдым – Е!

VI. Сабақты қорытындылау.

1.Салынған композициясы туралы әңгімелеу.

2.Топ оқушылары бір – бірін бағалау.

3.Менің ұлтым – орыс, ал біз қазақпыз!

Бәріміз біріміз үшін,

Біріміз бәріміз үшін.

Сабақ аяқталды.





















Кескіндеме. Көктем мерекесі
  • Начальные классы
Описание:

Тақырыбы: Кескіндеме. Көктем мерекесі.

Мақсаты: 1.Сәндік нақыштарды берудегі графикалық біліктерді дамыту.

2. Шығармашылық елестету қабілетін дамыту. Көркемдік талғамының дамуына ықпал ету.

3.Қоршаған шындыққа эстетикалық қарым – қатынастың қалыптасуына ықпал ету, достыққа тәрбиелеу.

Қажетті материалдар: фотосуреттер, ұлттық киімдер суреттер,

альбомдықпарақтар, гуашь, жай қарындаштар, қылқалам, суға кішкене ыдыс т.б.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру. Сәлемдесу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Автор Есенбаева Захот Болатовна
Дата добавления 21.04.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров 885
Номер материала 58137
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓