Главная / Иностранные языки / Кембридждік оқу бағдарламасының тиімділігі

Кембридждік оқу бағдарламасының тиімділігі

ШҚО Көкпекті ауданы Преображенка орта мектебі

















Баяндама тақырыбы:

Оқушылардың оқу мотивациясын арттыруда Кембридждік оқыту бағдарламасының тиімділігі
















Дайындаған: Преображенка орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ниязбаева Динара Амангелдіқызы



2015 жыл

Мен өз баяндамамды Ж.Аймауытовтың «Сабақ беру –үйреншікті жай шеберлік емес,ол-үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деген нақыл сөзімен бастағым келеді.

Бүгінгі біздің алдымызда тұрған келелі міндет-оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, рухани бай, саналы, салауатты, жан-жақты дамыған, бүгінгі қарыштап дамып келе жатқан ғылыми-техникалық үдерісте көштен қалмайтын,заман талабын орындай білетін тұлғаны тәрбиелеп дамыту. Әбу Насыр Әл-Фараби:«Сен маған жастарыңды көрсет,мен еліңнің болашағы   қандай болатынын айтып берейін» - деген болатын. Сондықтан да, Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде елімізде білімнің жаңа жүйелері құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие жұмысында нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды саралауды, шәкірттердің шығармашылық әлеуметін дамытудағы іс-әрекеттерді тиімді ұйымдастыра білуді талап етеді.

Оқушы өзін оқушы ретінде танып білуі үшін оқыту мен оқып -үйренудің мақсаттарын анықтап, оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану талап етіледі. Оқушы білім алудағы мақсатын біліп, оған жетудегі іс-әрекетін түсінуі керек. Оқудың мақсатын және не үшін оқып жатқандығын оқушыға ұғындыру - ұстаздың басты міндеті. Нәтижеге жету- пәнді оқытудағы тосқауылды жеңе білу. Демек, менің сыныбымда пәнге қызығушылығы төмен, енжар, білім алуда қалыс қалып отыратын оқушы болмауы тиіс.

Кембридждік оқу бағдарламасын тәмамдағаннан кейін, 2013-2014 оқу жылының қаңтар айынан бастап оқу іс-әрекетін зерттеу мақсатында ұзақ мерзімді жоспар құрдым. Ондағы мақсатым - оқу үдерісіне жаңашыл педтехнологияларды енгізе отырып, оқушы құзыреттілігін арттыру еді. Менің алдымда әр оқушының қабілетін анықтау, олардың білімді алып қана қоймай, өз өмірінде де пайдалана алуына жол ашу еді. Мектеп оқушыларының коммуникативтік құзыреттіліктерін түрлі әдіс-тәсілдер арқылы дамыту, әр сабаққа пайдаланатын әдіс-тәсілдердің тиімділігін бақылай отырып, диагностикалау жүйесін енгізу қажет болды.

Қарапайым топқа бөлудің өзінде де мұғалімнің шеберлігі қажет. Топқа бөлуде түрлі-түсті суреттер, есімдері жазылған парақшалар, кір қысқыштар, туған айлары сияқты тәсілдерді түрлендіріп отырамын. Оның барлығы мұғалімнің қиялына байланысты.

Әлеуметтік дәрежелері тең емес оқушылардың кереғар пікірлері, іс-әрекеттері кейде топқа бөлуге кедергі келтіреді. Осындайда құпия сауалнама, кері байланыс әдістерінің көмегі зор. Ескеретін жай: оқушының жазғанын ешкімге жарияламау. Сабақтан тыс уақытта кері байланыс тәсілі арқылы анықталған жекелеген оқушылармен еркін түрде өткізілген сұхбаттар да нәтижелі болды.

Сабақ құрылымын дұрыс жоспарлау, пайдаланатын тәсілдерді саралау үлкен күшті қажет етеді. Ол үшін мұғалімнің алдында мынадай алғышарттар туындайды: ғылыми-әдсітемелік, оқыту-әдістемелік материалдарды оқу, зерттеу, саралау, әр сабаққа пайдаланатын материалдарды іріктеу, оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай оңтайландыру жатады. Пайдаланатын тәсілдер бірнеше рет тәжірибеде қолданылып, соның ең тиімдісі екшеленеді. Менің пайдаланып жүрген осындай әдіс-тәсілдеріммен бөліссем деймін.

Менің жиі пайдаланатын тәсілдерім:

ДЖИГСО-мозаика. Шарты: тақырып бірнеше бөліктерге бөлінеді, оқып шығуға белгіленген уақыттан кейін, бөлщектерден тұтас тақырыпты құрап шығу тапсырылады. Бұл әдіс көлемді шығармаларды оқу кезінде өте тиімді. Құрылған әр топқа дәстүрлі тапсырма беріледі. Тапсырма үлестірме материалдар түрінде таратылады. Күрделілігі бойынша оқуға арналған материалдің тиісті күрделілік деңгейі сақталуы керек. Егер топ төрт адамнан тұратын болса, басты тапсырманың ішінде топтың әр мүшесіне бір сұрақтан төрт сұрақ немесе тапсырма болады. Сұрақтар немесе тапсырмалар топ ішінде оқушылардың өзара келісуі арқылы бөлінеді.

Нақты бір сұрақты немесе тапсырманы таңдаған оқушылардың барлығы Сарапшы топ деп аталатын жаңа топ құрылып, ортақ проблеманың шешімін табу үшін олар бірлесіп жұмыс істейді. Тапсырманы орындаудың бұл кезеңінің соңына қарай оқушы өзге «сарапшылармен» өзара қарым-қатынас жасап, мәселені талқылаудың арқасында өз сұрағы бойынша сарапшы болып қалыптасады.

Оқушылар бастапқы топтарына қайтып оралады. Материалдар таратылады да, бастапқы топтарға ақтық тапсырма беріледі. Ол ұжымдық қорытынды шығару немесе жеке тапсырма болуы мүмкін. Бұл тапсырманың көздегені: тапсырманы сәтті аяқтау үшін оқушылар әрқайсысының сарапшы топта болған кезде алған мәліметтерін ескере отырып, бастапқы топтың бірлескен «ақылына» сүйенуін қамтамасыз ету

Ал, «Қатені тап» тәсілі оқушылардың өздерін басты рөльге шығаруға мүмкіндік береді. Бұл тәсілде жаңа тақырыпты түсіндіргенде негізгі идеялардан әдейі қателер жіберіп түсіндіріледі немесе қате жазылған парақтар үлестіреді. Мысалы: «Зат есім - кім?не? деген сұрақтарға жауап беріп, заттың сынын, санын білдіреді». Оқушылар қатені өздері табу арқылы қажет түсінікті анықтайды, талқылайды.

Балалар бір-бірінің тілін жақсы түсінеді, яғни дұрыс бағыт бере алған жағдайда, бір-бірін оқытады. Сондықтан жұптық әңгіме – сынып оқушыларының арасында әріптестік пен тіл табыса білуге итермелейтін тәсіл. Оқушылармен жаңа тақырыпты талқылау үшін ынталандыру мақсатында арнайы сұрақтар мен тақырыптарды қолданамын. Белсенді тыңдап, жауап беруге жетелеп отыру қажет. Тақырыпты белгілеу үшін А мен Б атайсыз, оқушылардан олар жеке жауап алғысы келетін сұрақ қоюды сұрап, кейін бұл сұрақ жұпта талқыланады. Мысалы: Қодардың Қозыны өлтіруіне тек өзі кінәлі ме? Тағы кімді кінәлі санауға болады?

Оқушыларға ұнайтын тағы бір тәсіл ретінде «Өкіл» тәсілін айтуға болады. Бұл тәсіл оқушы көшбасшылығын жүзеге асыруға көмектеседі. Тәсілдің мақсаты: бір-бірін белсенді тыңдау, қауым алдында сөйлеу және анық баяндау, тәжірибе алмасу және өзара байланысты болу.

Топтар сынып бойынша үш-төрттен орналастырылады. Жаттығудың сипаттамасы:

Топтар тапсырмаларды орындап болғаннан кейін топтың бір адамы «елші» болып сайланады да, зерделенген материалды түсіндіру және жинақтау, бұл туралы жаңа топтың ойын, бір шешімге келгенін немесе жетістікке жеткенін білу үшін басқа топқа барады. Бұдан кейін елші өз тобына қайтып оралып, білгендерін айтып береді. Бұл – шаршататын және бір сарынды «баяндама жасалатын», мезі қылатын сабақтардан құтылуға мүмкіндік беретін тамаша әдіс. Сондай-ақ бұл әдіс елшінің тілді қолдану шеберлігін көрсетеді, әрі белсенді тыңдаушылар тобын қалыптастырады.

«Ыстық орындық» тәсілі. Мақсаты: Біреуге алаңдаушылық танытуды ынталандыруға, мазмұнды «түсінетіндігін» түсінуге арналған драмалық тапсырма. Сұрақтарды зерделеп, ұстанымдарды негіздеуге мүмкіндік береді.

Ұйымдастыру кезінде бір оқушы алдыңғы жақта, орындықтар доға болып қойылады. Жаттығудың сипаттамасы:

Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады. Мысалы, оқушылар белгілі бір рөлді немесе адамды сомдай алады (мысалы, басын көкке қаратқан бидай, бақа).

«Өкіл» тәсілі оқушылардың белсенді тыңдау, қауым алдында сөйлеу және анық баяндау, тәжірибе алмасу және өзара байланысты жүзеге асыруда тиімді тәсіл.

Топтар сынып бойынша үш-төрттен орналастырылады. Тапсырмаларды орындап болғаннан кейін топтың бір адамы «елші» болып сайланады да, зерделенген материалды түсіндіру және жинақтау, бұл туралы жаңа топтың ойын, бір шешімге келгенін немесе жетістікке жеткенін білу үшін басқа топқа барады. Бұдан кейін елші өз тобына қайтып оралып, білгендерін айтып береді. Бұл – шаршататын және бір сарынды «баяндама жасалатын», мезі қылатын сабақтардан құтылуға мүмкіндік беретін тамаша әдіс. Сондай-ақ бұл әдіс елшінің тілді қолдану шеберлігін көрсетеді, әрі белсенді тыңдаушылар тобын қалыптастырады.

Өз сабағымда сонымен қатар үрленген шар арқылы ойналатын «Серпілген сауал», қағаз ұшақты ұшыру арқылы «Әуежай», «Жіпке тізіл», «Стикердегі сауал», «Құпия конверт», «Балық аулайық», «Допты ұстап ал», т.б. тәсілдер оқушылардың қызығушылықтарын арттырып қана қоймай, оларды ынталандырып, келесі сабаққа дайындықпен келулеріне серпін болады. Себебі, өткен тақырыпты білмейтін оқушы бұл ойындарға қатыса алмай қалатындығы белгілі. Сондықтан әр оқушы үй тапсырмасын орындап қана қоймай, ережелерді де қайталап келетіндігіне қол жеткіздім. Жаңашыл педтехнологиялардың тағы бір тиімділігі – оқушылардың сөз саптауына, өз ойларын еркін білдіруіне жол ашуы. Бұл әсіресе, «Екі жұлдыз, бір пікір», дебат құру, елші болып барған кездерінде, бір-бірінің жұмыстарына сын айтуда айқын көрінеді.

Тақырыптан ең бастыны ажырату, негізгі идеяларды түсінуде, оқығандарын сараптауда «Түртіп ал», «Т кестесі», «ББҮ» кестесі,«+ -», «Синквэйн», «Акросөз», «Тұжырымдамалық карта» т.б. пайдаланамын.

Әдебиет пәні арқылы оқушылардың рухани дүниесі байиды, туған елін, тілін сүюге машықтанады, адамзатты құрметтеуге, туған тілдің тарихын білуге үйренеді. Әдебиет пәнін меңгертуде ұлағатты ұстаз Қ.О.Бітібаеваның әдебиетті оқыту әдістемесін басшылыққа аламын. Сабақ сапасы әрі жоғары, әрі оның нәтижесінің жақсы болуы-сабақтың ғылыми тұрғыдан, теориялық жағынан жоғары дәрежеде болуына, мазмұны ғылыми жаңалықтарға сай болуына тиімді технология. Ең бастысы- ұлағатты ұстаздың әдіс-тәсілдері ұлттық құндылықтарымызды жас ұрпақ бойына дарытудың тамаша тәсілі. Осындайда ғалымның сөздік диктанттары, проблемалық, ұжымдық, шығармашылық және дамыта оқыту технологияларын әдебиет пәнін меңгертуде пайдалануға арналған әдістемелік әдебиеттері көмекке келеді.

Сабақтың мазмұнды өтуіне ақпараттық технологияның да көмегі зор. АКТ маған өзара бағалау, сергіту сәттері мен материалды көрнекі түрде беруге, қорытынды сынық кезінде көмектеседі. АКТ-ны пайдалана отырып, мұғалімнің жеке қоржыны да толығады.

Қорыта айтқанда, 2013-2014 оқу жылының білім сапасының мониторингісіне қарасақ, деәуір өсу динамикасы байқалады. Қазақ тілі пәнінен білім сапасы 74-тен 80 пайызға дейін, қазақ әдебиеті пәнінен 65-тен 80 пайызға дейін өскендігін көресіздер. ҰБТ нәтижесі 100 пайызды құрады.

Жаңашыл педтехнологиялар дарынды оқушыларды анықтауға әрі олардың қабілетін одан әрі дамытуға мүмкіндік берді. «Мен көшбасшымын» жоба сайысы- 2013 жыл Аубакирова Назерке 1-орын, «Туған өлкемнің табиғаты» эссе сайысы - 2013 жыл Амангельдиева Луиза 3-орын, аудандық қазақ тілі мен әдебиетінен олимпиада- 2014 жыл Аубакирова Назерке 1-орын, ШҚМУ ұйымдастырған шығарма сайысы 2014 жыл - І дәрежелі диплом, Аубакирова Назерке -аудандық қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен олимпиада – 2014 жыл Амангельдиева Сабина 2-орын.

2014 жыл Қ.Алтынбаев оқуларында Қарпықова Сымбат 2-орын иегері атанды.

Атақты психолог Пажарес «Мұғалімнің оқыту стилін таңдауы оның білімділігіне емес ұстанымына негізделген»-деген ой-тоқтамы әр ұстазға байланысты деп ойлаймын. Себебі, өз тәжірибесін өзгертіп, жаңашыл педтехнологияларды оқыту үдерісіне батыл енгізген мұғалімдердің сыныбында пәнге қызығушылығы төмен, енжар, білім алуда қалыс қалып отыратын оқушы болмауы тиіс.







Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. МАН, І деңгей мұғалімдеріне арналған нұсқаулық, 10-бет. «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2012.

  2. Қ.О.Бітібаева. «Қазақ әдебиетін тереңдетіп оқытудың әдістемесі мен технологиясы», бірінші кітап, «Алматы», 2012.

  3. Таратпа материалдар топтамасы, 2-апта материалдары,

  4. «Made by Mike Gershon – mikegershon@hotmail.com»

Кембридждік оқу бағдарламасының тиімділігі
  • Иностранные языки
Описание:

 

Мен өз баяндамамды Ж.Аймауытовтың «Сабақ беру –үйреншікті жай шеберлік емес,ол-үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деген нақыл сөзімен бастағым келеді.

 

Бүгінгі біздің алдымызда тұрған келелі міндет-оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, рухани бай, саналы, салауатты, жан-жақты дамыған, бүгінгі қарыштап дамып келе жатқан ғылыми-техникалық үдерісте көштен қалмайтын,заман талабын орындай білетін тұлғаны тәрбиелеп дамыту.     Әбу Насыр Әл-Фараби:«Сен маған жастарыңды көрсет,мен еліңнің болашағы   қандай болатынын айтып берейін» - деген болатын. Сондықтан да, Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде елімізде білімнің жаңа жүйелері құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие жұмысында нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды саралауды, шәкірттердің шығармашылық әлеуметін дамытудағы іс-әрекеттерді тиімді ұйымдастыра білуді талап етеді.   

 

Автор Ниязбаева Динара Амангельдиновна
Дата добавления 10.01.2015
Раздел Иностранные языки
Подраздел
Просмотров 835
Номер материала 52730
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓