Главная / Другое / Кассный час на тему «Жирен-жаман әдеттен»

Кассный час на тему «Жирен-жаман әдеттен»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі

РМҚК «Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі»













«Жирен-жаман әдеттен» әңгіме топ сағатының әдістемелік әзірленімі








Топ жеткшісі: Мамаева А.Т.













2015-2016 оқу жылы

Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін және сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік: Жаман әдеттен аулақ болуға, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Міндеттері: Жақсы, жаман туралы түсінік беру;

жақсы мен жаманды салыстыра білу іскерліктерін дамыту;

жақсы істер мен әрекеттер жасауға тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері.

- Балалар, шеңбер құрып, өлең жолдарын айтайық.

Жақсылықтан үйреніп,

Боламыз біз жақсы адам.

Жамандықтан жиреніп,

Үлгі аламыз жақсыдан.

- Балалар, кәне, бір - бірімізге жақсы лебіздерімізді білдірейікші.

- Қайырлы күн,

- Сабағымызды жақсы оқиық

- Әрқашан күн сөнбесін,

- Аспанымыз ашық болсын.

- Аман болайық.

- Деніміз сау болсын.

- Бәріміз дос болайық. Тату болайық. т. б сөздер айтады.

- Балалар, бізде бүгін «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» атты тәрбие сағаты болмақ. Жақсы, жаман, әдептілік туралы мақал - мәтелдерімізді айтайықшы.

- Жақсы болу өзіңнен

Жаман болу өзіңнен

Өзіңді өзің ая да,

Өзің үйрен өзіңнен.

Жамандық көрсең біреуден

Мен қандаймын деп ойла.

Жақсылық көрсең біреуден

Мен қандаймын деп ойла!

- Жарайсыңдар, балалар. Балалар, бір - біріне лебіз білдіруі сәлемнен басталады. Сәлем - сөз анасы, сөздің қасиеті, сондықтан оның мағынасына мән беру әдептіліктің, адамгершіліктің баспалдағы. Олай болса амандасудың қандай ережелерін білесіңдер?

Аружан: - Таныс адам алыс жерден келсе, оған барып амандасқан жөн.

Рауан: - Ассалаумағалейкум, деп амандасқанда қолғапты шешу керек.

- Дұрыс, ендеше балалар, барлығымыз бірге «Ізгі сөздер» өлеңін айтайық.

Ұл - қыз сәлем береміз

Өнегелі өренбіз.

Білер қазақ баласы:

«Сәлем - сөздің анасы».

- Балалар, қозғалмалы ойын ойнайық. (Онда үлкен көрнекілік автобус көлігі, оның ішінде жүргізуші, отыратын екі - үш бала және де әже рөлінде ойнайтын қыз бала).

Ойын: Қозғалмалы ойын. Автобус ішіндегі көрініс.

- Балалар, сендердің үйлеріңде әжелерің бар ма?. Ендеше, мынау біздің әжеміз, ол сендерге базардан алма сатып әкелмекші. Ол үшін қандай көлікке отыруы керек?

- Автобус көлігіне.

- Ендеше, аялдамадан автобус күтейік.(Әже аялдамада тұрады).

Автобус жүргізушісі аялдамаға келіп тоқтайды. Ішіне әжей кіреді. Сол кезде оған ешкім орын бермейді.

- Балалар, қараңдаршы осы көрініс дұрыс па?, әлде бұрыспа?

Балалар еркін түрде өздерінің ойларын айтуға тиіс.

- Жоқ дұрыс емес, үлкен кісіге орын беру керек. Біз үлкендерді сыйлауымыз керек. Амандасуымыз керек. Орнымыздан тұрып: «Сіз отырыңыз» деуіміз керек деп көптеген сөздер айтып, өз ойларын білдіреді.

- Дұрыс айтасыңдар балалар, біз үлкендерді сыйлауымыз керек, амандасып, орнымыздан тұрып орнымызды ұсынуымыз керек - деп тұрып тұрған әжейге орын беріп, отырғызу.

Автобусымыз баратын жеріне жетіп, әжеміз автобустан түсіп базарға келеді. Базардан алма сатып алады.

- Міне, балалар, сендерге әжелерің базардан алма сатып әперді. Енді барлығымыз бірге «Не деу керек?» өлеңін айтайық.

Апаң сенің базардан,

Алма сатып әкелді.

Ең үлкенін, жақсысын,

Саған таңдап әперді,

Не деп барып, жеу керек?,

- Рахмет, сізге деу керек.

- Өте жақсы. Енді бәріміз сергіту сәтін орындайық.

- Балалар, сендер осы Абай аталарыңның нақыл өлеңін мәңгі жадыларыңда сақтап, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиреніп, әрқашанда білімді, еңбекқор, өтірік айтпай, мақтаншақ болмай, тәрбиелі азамат пен азаматшалар болып өсулеріңе тілектеспін.



Топ жетекшісі:__________А.Т. Мамаева

Кассный час на тему «Жирен-жаман әдеттен»
  • Другое
Описание:

Балаларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін және сөздік қорын молайту.

Жаман әдеттен аулақ болуға, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Жақсы, жаман туралы түсінік беру; жақсы мен жаманды салыстыра білу іскерліктерін дамыту; жақсы істер мен әрекеттер жасауға тәрбиелеу.

Автор Мамаева Айгерим Талгатовна
Дата добавления 23.04.2016
Раздел Другое
Подраздел Другое
Просмотров 214
Номер материала MA-066564
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓