Инфоурок Иностранные языки СтатьиҚазақ жазушыларының шығармаларындағы табу және эвфемиздер, научная статья по изучению имен казахского народа

Қазақ жазушыларының шығармаларындағы табу және эвфемиздер, научная статья по изучению имен казахского народа

Скачать материал


К. Қазыбаевтың әдеби мұрасы

Белгілі журналист, жалынды публицист, қоғам қайраткері, жазушы Кәкімжан Қазыбаев ер жасы алпыстан сәл асқанда бұл фәниден озды. Жан-жақты толысқан, кемелденген, «толғамалы ақ балта толғап ұстар күн қайда, алты құлаш ақ найза ұсынып шаншар күн қайда» (Доспамбет жырау) деген шақ алаулап атып келе жатқанда, тұлпары Ту түбіне жығылды. Елінің тағдыры мен талайын, қасиеті мен қасіретін өз мүмкіндігінше толғап, көкірегін кеміріп жеген азаматтық, перзенттік арыз-арманын, асау әрі момын, күшті әрі сорлы, мәрт әрі нәмәрт халқын отаршылдықтың сауыс-сауыс қамыты тұралатып шеккен азабын, жабыға айналған күйін ащы тіл, улы сиямен кектене шығармаларына арқау етті. Көп біліп, дөп сөйлеген шешендігімен артқыға өнеге септі. Ақылгөй аға жасына жетіп, алқынбай, өмірден өксіп өткен Қазыбаевтың арманы көп болғанымен, оның ұлтжандылығы шұғыласын шашып тұрған шығармаларынан жұртының алғаны, алары көп.

Өз мамандығын түгел меңгерген адам өзіне де, өзгеге де халықтың ісі ақсамай,көптің көкейінен шығуы үшін аянбайды,бойындағы барын сарқып беруге бас тартпайтын кіді келеді.Кәкімжанның кейінгілер афоризмге айналдырған «Лениншіл жасқа» шашымды»,«Жетісуға»жүрегімді бердім» дейтін имандай сыры оның еңбек қаранары болғаны ғана емес, мамандығына адалдығын, қоғам,әлеумет алдындағы міндетін жеке бас мүдісінен жоғары қойған кісілігін, тектілігін аңғартса керек.

Оның қадамы да,қиялы да,қаламы да ұшқыр жорналшы болғанын «еңбек-адам шырайы», «Шынығу»,»Рухы күшті адам», «Болгар әсердері», «Жұмыр жер мұны ұмытпа», «От лаулаған жүректер»т.б. оченректеріне аңдау қиынға түспейді. Осылардың бәрінде адамды адам еткен еңбектің құдіреғтті күші бірінші орынға қойылып,бақытын еңбекпен тапқан қарапайым әйел Татьяна Васильевна Воронцова, қойшы таяғы биік тұғырға көтерген озат шопан Дәулетбек Әміренов, сұрапыл соғыс сынынан өтіп,екі қолы шынтағынан жоқ болса да,басқаға міндетін артпай, бейбіт күнде өмір үшін күресіп,үлкен кеңшарда есепші қызметін үн-түнсіз атқарып, бақыт тапқан тұрсын Мыңбаевтың екінші еерлігін тамсандыра,табындыра жазады.Олардың көргенін көсілте баяндаған қарадүрсін мақала,очерек деуге аузың бармайды. Төгіліп тұрған зерлі тіліне елтіріп,азаматтық қасиеті асқақ, абзал замандастарымыздың жарқын обрызын жасап,қилы тағдырмен жүздестіреді. Шетел өмірінен жазылған очеректерінде де деталь, факті,деректер лықсып төгіліп,ғайып болмай,әр деталь, факті,деректер «сөйлеп»,тұтас бір халықтың тарихы,мәдениеті ,эканомикасы менелді салты этнографиясына шекті парасат-пайымы терең суреткерлікпен,әрі нәзік саясакер,әрі ептесіні мол дипломатиялық жытылықпен байыпталғанына тәнсіз.Ізнәһәр коммунистік идиологияның өкілі бола тұра, партиялық функционер,идиологиялық ортодоксальды психологиямен саяси құрлысы бөтен бөтен елді жатырқап,қарғайтын емес,алғайтын кемелділіктің иісін сезінеміз.

Саяси сауатты, ұстамды,білімі терең,білгі жоғары, ұжымның ұйытқысы,жаңалықтың жаршысы, «бар ғұмырын кеңестік идиология солдаты болып»өткеріп келе жатқан Кәкімжан Қазыбаев қызмет баспалдағымен жедел көтеріледі. «Жетісу» газеті редакторының орынбасарлығынан жоғарлатылып,ҚКП Орталық Комитеті нұсқаушылығына бекітті,сосын Мемілекеттік Баспа комитеті төрағасының орынбасары,ҚазТАГ-тың директоры,ҚКП Орталық Комитетінің хатшысы, онан босаған соң «Қазақстан коммунисі» (қазіргі «Ақиқат») журналының бас редакторы,республика Журналистер одағының хатшысы,Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды.Қоғамдық-мемлекеттік қызметте құдай сыйлаған әдептілігі,инабатты,биязылығы,қарапайымдылығынан таңбай,азаматтық борыш таразысын тең ұстады.Қай мәнсаптың жалына қолы тисе де ешкімнен ықтамай,көкірегін көтеріңкі ұстады.Қай салаға басшылық жасаса да ақылы асқар,дарыны дарқан,ойы биік,барға қанағат тұтпай,жоқты жонып жасаған Қазыбаевтың «бадырайған»ізі жатты...

Қолына қалам ұстаған шақтан Кәкімжан 207 рет қанды соғысқа бастап кіріп,көзсіз ерліктің ғажайып үлгілерін көрсеткен қазақтың хас батыр ұлы Бауыржан Момышұлына Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп,әділеттілік салтанат құруын көксеген қаншама іс-әрекеттердің жуан ортасында жүрді.Жеңістің тағдырышешілер сәтте нөсерлеп жауған оққа кеудесін төсеп,дұшпанының ақырғы табан тіреген бекінісі-Рейхстагқв бірінші болып Ту тіккен летинант Рахымжан Қошқарбаев пен өмірден өкініші улап,мезгілсіз көз жұмған жауынгер Болатовтың әлемге әйгілі соғыс тағдырын шешкен, жанынан безіп жасаған шешушіқимылдарын дәлелдеп, ерлігін мойындаған ақиқатты қалпына келтіру үшін «шындықтың жолы жабықтығына»қарамай,қаншама емен есіктерді күзетіп, архивтерді сүзіп, «адалдықтың ақ уызын емгендігін»дәлелдеп,күллі Қызыл иперияға дабыл қақты. К. Қазыбаевтың ұзақ жылғы ізденістері, табанды еңбегі ақталып, Рахымжан Қошқарбаев ағамыз Тәуелсіздік таңы атқан соң барып «Халық Қаһарманы» атағына ие болды,өз елі өз ерлерін осылар ескерді.ҚКП Орталық Партия Комитетінде хатшылық қызметте жүргенде оның елдің есінен кетпес ерен ісі-алашордашылардан кейін қазақ тілін мемлекеттік тіл ету мәселелесін қайта көтеруі еді.Өзі әкімшіл-әміршіл жүенің Бас идологі болса, қазақ мектептері біртін-біртін жабылып,орыс тілі Одақта жеке дара өмір сүрудің мүмкіндігіне ие дәрежеге жетсе, бүйректен сирақ шығарып, «ұлтшылдықты қоздырып»,отқа май құйып жүрген Хатшының адамы өрге басуы қиын ғой.

Журналист ссанатында өмірден әділет таппаған, табуға табанын тоздырмайтын ары,ұяты бекем жандардың көзіне үңіліп мұңын, «сыр сандығын басып»,көңілдегі уайым-қайғысын,басқадан шеккен жапасын, жүрегін сыздақтатқан сырын ұғуға, көмек көрсетуге ақыл-кеңесін аямайды.

Кәкімжан Бауыржанның тапсырмасымен Көкібаев Темірбектің жауып тұрған оқты әнімен жауынгерлер денесіне дарытпай,фашизмге тажал,өрт боп тигізген өнер қуатын «Өшпеген от» атты көлемді очеркіне арқау еттіп,өшпес ерлікті насихаттаса; «Махаббат құдіреті»әңгімесімен мұхиттан да терең, Мәңкүр-Нәңкүрің жүрегінен жұлып алып кете алмайтын әйел сезімі,махаббаты күш-қуатының шексіздігін дәріптейді.

«Отпен жазылған өмірбаян» документті жанрда жазылған эссесі,бірнеше тақырыпшалардан тұрады.Әрбір тақырыпшаға эпиграфтар беріліп,сол арқылы «кеудесі кесілсе де бас қалған айдаһардың «Қызыл Армия Берлинге жақындаған сайын қалай айбат шегіп,Ұлы Жеңістің әр адамы қаншама жазықсыз жандардың қанын судай ағызып,көз жасынан көл тұрғызғанына ортақтастырады.1941жылдың күзінде бақайшағына дейін қаруланып,күллі Еуропа,таяу Шығыстағы жаулап алынған елдерінің қарулы күшіне өз күшімен біріктіріп,құлақ естіп көрмеген алып соғыс машинасымен СССР-ға төнген фашистердің танкісі Москва көшесін басуға қауқары жетпес,Қызыл Армияның болат сауыт танктері Берлинің көшесін саз балашықтай илеген күн де туды...

Озбырлық, әпербақандық,адамды қорлау,әлсіз,нәзік жандардың тағдырын табанға таптау,әсіресе,аласапыран,ел басна күн туған ауыр шақтарда бас көтерері заңды.Сөйтіп, ол «Аманаттан»кейін «Құпия құтыға» қаламы төселген,өмір материалдарынан ең керектісін дәл сұрыптап алып,негізгі кейіпкерлерінің мінездерін айқын көрсететін типтерді жасауға мүмкіндігі мол жазушы боп жеткенін аңғартты.Кәкімжан Қазыбаевтың «Қышыма» повесі-социалистік реализм емес реализм әдісімен жазылған, оны жазушы ретінде жұртқа риясыз мойындатқан келісті туындысы. Оған дейін бірде-бір оқырман қараптан-қарап жүріп еңбек а д а м ы н ы ң мұндай сорақы, қышыма ауруына шалдыққанын оқып, естіп те көрмеген шығар.

Билікке жылпостықпен қолы жеткен,төңірегіне жағымпаздар мен мансапқорларды жинайды.Даналықты халықтың өз бойынан іздеп,проблеманы халықтың мұң-мұқтажынан, көкірегінен іздегендер білімі, білігі,өнері,кеменгерлігі асып жатса да қоғамның азы мен тозы саналады. Білім, білігі, тәжірбиесі, іске жауапкершілігі,кемшілікке төзімсіздігі, принципке беріктігі, адамға жақсылық жасауға жақын тұратындығы жағынан повестің кейіпкерлерінің бірі Қасымның аудан тіпті облыс басшысынан имиджі, рейтенгі жоғары.Бірақ жиналыстарда істің ыңғайына қарай қарсы пікір айтамын деп әркез көз түрткі боп жүргені. «Сөйлетпесі сөйлетпей», «барғызбасы барғызбай», «қарсыласпасы қарсы келтірмей»түбіне жетіп жүр.

Әйелі Керімбала: «Принцип,принцип! Не таптың сол принципіңнен. Өзіңдейлер баяғыда-ақ үлкен қызметке жоғарылап, ішкені алдында,ішпегені артында рахат өмір сүріп жатыр. Астында машина,ақ дешені алғыс,қара дегені-қарғыс.Ал сен болсаң,ферма басқарғаныңа мәзсің.Осы ма принципіңнің жеткізген жері. Жұрт майлы қасықтай жылпылдап, бастықтардың іші-бауырына кіріп кетеді, сен одырайып, мені таны дейсің де жүресің.Ел құсап артын бағып сөйлеу деген және жоқ, төбесінен қойып қалып отырғаның... Сенің осы тік бақайлығың түбіңе жеткен,пәс ұста өзіңді,пәс ұста,ауданың,облыстың шешетін мәселесінде нең бар ей,сенің»,-деп жаны ашығандықтан «кінәсіз жазалы» күйеуін «ар ойламай, пайда ойлаған» қулардың жолсыз жазасынан сақтандырады.

«Ызғар» романы «тың тақырыптағы» алғашқы эксперимент деп қабылдасақ,оның қалай шыққаны жайлы белгілі журналист,әдебиетші Сарбас Ақтаев: «Әр алуан адамдардың, сан қилы кейіпкерлердің мінез-құлқы, қаракет –қимылы арқылы тыл өмірінің өзі бір жақтан мылтықсыз майдан екенін,күркіреген соғыс алаңындағыдан кем түспейтін қиындықтары барын,сол ауыртпалықты қайыспай көтеріп, жеңісті жақындатысқан жалаңтөс жандардың ерлігін жырдай баяндап, көркем кестелейді»,-деп толғайды. Ұлы Отан соғысы басталғанда Кәкімжан -12 жасар бала. Өзі туып-өскен «Алғабас» ауылының әр адамын,тыныс-тіршілігінен толық хабардар. Романның басты кейіпкері Нәшекен өмірде болған кісі. Шағын ғана ауылдың тепсе темір үзетін 110 азаматы майданға аттанып,ақсақ-тоқсақ,Төлештей миына зақым кеп,қайтып оңалмас мүгедек жарым жанды боп 30-ақ адам ауылға оралады.Бір ауыл адамдарының ғана көзінен аққан қанды жас, бір көлдің суын толтырғанмен,соғыстың аты-соғыс.

К.Қазыбаевтың суреткерлік тұлғасын жарқырата танытқан туындысы- «Сұрапыл» романы. «Сұрапыл» романында шолақ белсенділердің халыққа оба ауруынан кем тимеген кесірі қылықтарын тамырын жалаңаштап ашып,қасқырға қой бақтырған бейдауа уақытты сынға алады. Қазақ ауылының қансыратып өткен аштық,тәркілеу, күштеп ұжымдастыру, «ұлтшылдарды әшкерлеу», «тап дұшпандарын табу»науқанының басы-қасында елді білім білікпен басқармай, таяқпен басқарған сол шолақ белсенділер «патшалық» құрды. Таптады, езді, итжеккенге айдады,қорлады,түрмеде шіртті... «Сұрапыл» романының стилінде полифонизм жетекші орынға шыққанын аңғарамыз.Заман,уақыт,қоғамының әлеуметтік-саяси,рухани-эканомикалық жай –күйі кейіпкерлер образын қалыптастыруда материал ретінде пайдаланылатындықтан,полифония шығарманың ішкі принциптерін жүзеге асыруда жетекші орынға ие. Сонымен, ХХ ғасырдағы тарихын асырып аптықпай,не жасырып жармасқанбай,не ақкөз қыжылдың жетегінде кетпей, бәрін орын-орнымен қаз-қалпында көркемдік қалабынан үлпілдетіп пісіріп шығарған қайсар,ұлт жанды жазушы,баянды азамат,табанды күрескер,ажал сағаты соққанша қаламы қолынан түспеген Жетісудың жалынды жыршысы-Кәкімжан Қазыбаев.



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ жазушыларының шығармаларындағы табу және эвфемиздер, научная статья по изучению имен казахского народа"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Промышленный дизайнер

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 998 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.03.2016 624
    • DOCX 43 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Хусаинова Алмагуль Куанышбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 698
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Современные методы развития навыков эффективного и уверенного общения на английском языке у старших школьников

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 133 человека из 39 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика билингвального обучения иностранным языкам

Учитель иностранного языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 28 регионов

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания немецкого языка с учетом требований ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 16 регионов

Мини-курс

Стартап: от идеи к успеху

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

ФАОП: регулирование образовательного процесса и программ

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инновационные технологии для бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе