Главная / Другое / Қиял әлеміне саяхат оқушылармен тренинг

Қиял әлеміне саяхат оқушылармен тренинг



Қызылорда облысы,Қазалы ауданы,Әйтеке би кенті

Б.К.Мергенбаев атындағы №226 гимназия






hello_html_m1c0317f6.png



hello_html_5e9dc56b.gif

Оқушылармен тренинг










Педагог-психолог

Аманкелдіқызы Надира






Мақсаты: Оқушылардың таным процестеріндегі қиялын,шығармашылық

қабілеттерін машықтау арқылы жан-жақты дамыту.

Міндеттері:

- Психологиялық жаттығулар арқылы білімін арттыру;

- Шығармашылық белсенділіктерін дамыту;

- Ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Кіріспе сөз:

Сәлеметсізде ме,оқушылар?

Бүгінгі тренинг сабағымыздың ерекшелігі «Қиял әлеміне саяхат» деп аталады.Сіздерді қиялдың түрлерімен таныстырып өтейін.

Қиял түрі: Жасампаз,ырықсыз (енжар),ырықты (белсенді),арман,шығармашыл болып бөлінеді екен.

Барысы: Тренингтің ережесін бекіту.

  1. Тыңдау әдебін сақтау

  2. Өз пікірін ашық білдіру

  3. Белсенділік таныту

  4. Сөзді бөлмеу

  5. Күлімдеу

  6. Мадақтап отыру

Танысу тренингі «Менің есімім»

Мақсаты:

Әрбір жеке тұлғаның өзін-өзі бағалауын,құрметтей алуын,өзіне деген сенімділігін артып,бір-бірімен жағымды қарым-қатынаста орнату.

Нұсқау:

Өз есімдеріңізді табиғаттың бір бөлшегіне теңеп,оның сурет салу арқылы бейнелеп таныстыру қажет.Мысалы: Мен өзімді биік тауға теңеймін,өйткені биік шыңдардан көрінгім келеді. т.б


Тренинг «Бірақта » сөйлемін аяқтау

Мақсаты: Жылдамдыққа, ұшқыр ойға мүмкіндік беру.

Нұсқау: Балалар сіздерге карточка таратамын,сол карточкада аяқталмаған сөйлем бар өз ой,қиялдарыңыз арқылы тиісті сөзді құрастыруларыңыз керек. Мысалы: «Мен көп сөйлеймін, бірақ та бұл өзіме өте ұнайды»

Менің бойым аласа, бірақ та…

Мен ұялшақпын, бірақ та…

Мен білімгермін, бірақ та…

Мен өлең айта алмаймын, бірақ та…

Мен шаршадым, бірақ та…

Мен бақылау жұмысын екіге жаздым, бірақ та…


Тренинг: «Болады,болмайды»

Мақсаты: бала қиялын дамытуға арналған.

Нұсқау: Ал балалар солай болу мүмкін болса, онда қолдарыңды шапалақтайсыңдар,егер ондай мүмкін болмаса-онда аяқпен топылдайды.

Қасқыр орманда кезіп жүреді –(алақандарын шапаттау);қасқыр ағаш басында отыр-(аяқтарын шапаттайды); мысық үйдің төбесінде қыдырып жүр-(алақан соғады); ит аспанда жүзіп келеді-(аяқтарын шапаттайды); қыз үйдің суретін салып отыр-(қолдарын шапаттайды) ер бала қыздың көйлегін киеді-(аяқтарын шапаттайды);

Психолог: көңіл-күйлеріңіз көтеріліп қалды ма?


Шығармашылық жұмыс


Мақсаты: Балаларды ізденімпаздыққа,ойлау,қиялдау шеберлігін байқау.

Нұсқау: Кез-келген бір бейнені өз қиялдау арқылы кез-келген бейнеге айналдыру қажет.


Релаксация. «Сарқырама»

Жайланып отырыңыз және көзіңізді жұмыңыз.2-3 рет деміңізді шығарыңыз.Терең тыныс алыңыз.Өзіңізді сарқыраманың жанында тұрмын деп елестетіңіз.бірақ бұл басқа сарқырамаларға ұқсамайтын ерекше сарқырама.Судың орнына бұл сарқырамадан жұп-жұмсақ аппақ жарық ағуда.Енді өзіңізді осы сарқыраманың астында тұрмын деп ойлаңыз және осы сарқырамадан сіздің басыңыздан төмен қарай ақ жарықтар ағып жатыр деп ойлаңыз....Өзіңіздің маңдайыңыз,аузыңыз,беріңіз бен мойныңыздан ағып жатқан ақ ұлпа жарықты сезініңіз....Ақ жарық сіздің иықтарыңыз бен арқаңыздан ағып жатыр,бұл сізге өзіңізді жайлы,сергек сезінуіңізге көмектеседі.Арқаңыздан аққан ақ жарық сіздің бойыңыздағы ауыртпалық пен жағымсыз эмоцияларды алып кеткендей болады.

Сонымен қатар жарық сіздің қолдарыңыз бен алақандарыңыздан және саусақтарыңыздан ағып жатыр.Сіз өзіңіздің қолдарыңыз бен алақандарыңыздың жұмсақ әрі сергек болғандағын сезіндіңіз.Жарық сіздің аяқтарыңыз бен өкшеңізден ағып кетіп жатқандығын сезіндіңіз.Бұл жарық сіздің денеңіздегі қысымды өзімен бірге алып кетіп,денеңізді жұп-жұмсақ әрі сергек етуде.Сіз өзіңізді жайлы сезінудесіз,сіздің денеңіз жағымды күштер мен қуаттарға баюда....

Ал енді,сіздің бойыңызды тазартқан сарқырамаға өз алғысыңызды білдіріңіз.

Денеңізді тік ұстап,терең тыныс алыңыз.Көзіңізді ашыңыз.


Психолог: * Қандай сезімде болдыңыздар?

* Жалпы бүгінгі тренингтен алған әсерлеріңіз?


Қорытынды:

Бүгінгі теренингіміз осымен аяқталды,сіздерге осы білім кемесінде,шығармашылық ізденістеріңді әрі қарай жалғастырып жоғары жетістіктерге жете берулеріңізге тілектеспін.Сау болыңыздар!

Қиял әлеміне саяхат оқушылармен тренинг
  • Другое
Описание:

Мақсаты:      Оқушылардың  таным процестеріндегі қиялын,шығармашылық  

                   қабілеттерін  машықтау   арқылы  жан-жақты  дамыту.

Міндеттері:

- Психологиялық жаттығулар арқылы  білімін  арттыру;

- Шығармашылық белсенділіктерін дамыту;

- Ізденімпаздыққа  тәрбиелеу.

Кіріспе сөз:

    Сәлеметсізде ме,оқушылар?

Бүгінгі тренинг сабағымыздың  ерекшелігі «Қиял әлеміне  саяхат» деп аталады.Сіздерді қиялдың түрлерімен таныстырып  өтейін.

Қиял түрі: Жасампаз,ырықсыз (енжар),ырықты (белсенді),арман,шығармашыл болып бөлінеді  екен.

Барысы: Тренингтің ережесін  бекіту.

1.     Тыңдау әдебін сақтау

2.     Өз пікірін ашық білдіру

3.     Белсенділік  таныту

4.     Сөзді бөлмеу

5.     Күлімдеу

 

6.     Мадақтап отыру

Автор Амангелдіқызы Надира -
Дата добавления 09.01.2015
Раздел Другое
Подраздел
Просмотров 2811
Номер материала 48589
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓