1-жүргізуші:
Армысыздар, қымбатты ханымдар мен мырзалар.
2-
жүргізуші: Қайырлы күн, ұлағатты ұстаздар, ата –аналар, жалынды
да, жігерлі жас достарым мен қонақтар.
Кездескен соң
күзімен
Бұтағынан үзілген
Ақ жапырақ – сары
алтын
Айналаның бәрі
алтын .
Берекелі де,
мерекелі алтын күз мерекелеріңіз құтты болсын.
1-жүргізуші:
Қош келдіңіз
көрермен,
«Күзгі бал»
сын-кешіне
Отырыңыз қол
соғып,
Шат күлкіге
бөлене.
Көбейді
құт-береке,
Астық толы
қоймамыз
Құтты болсын
мереке,
«Алтын күзді»
тойлаймыз.
2-
жүргізуші:
Алтын күз біз бен
сізге шуақ шашсын,
Көңілді серіппелі
күйін ашсын.
Бақ пенен шаттық
бірге қатар қонып,
Береке бірлікпенен
ортақтассын.
1-жүргізуші:
Уа, халайық,
халайық.
Мұнда назар
салайық!
Мерекесі халықтың
Алтын күзге
арналған
Кешімізді
бастайық.
2-
жүргізуші:
Ал енді бүгінгі «Арайлы алтын күз»
кешінің сұлу, сүйкімді жас ханшайымдар мен салмақты да сымбатты
ханзадаларымызды қошеметпен ортаға шақырайық.
Күз келіп, хан мен
ханшайым
Өткізді күзгі бал
айын
Ханшайым тапқыр
қыз болды,
Ағызар сөйлеп сөз
майын
Ал ханымыз ақылды,
Барша жұртты
шақырды
Би де билеп, ән
айтты,
Қуаныштан
шалқыды.
1-Жүргізуші:
Әділ қазы, ақ
қазыға бір сәлем
Әділдікке бас иеді
күллі әлем
Жүйрік озар
сайыстарда неше бір
Сарапқа сал,
әділдікпен шеше біл деп, бүгінгі әділ – қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2-
жүргізуші: Бүгінгі «Алтын күз»! мерекесінің бағдарламасымен
таныс болыңыздар. Бағдарламада:
1. Таныстыру,
құттықтау
2. Өнерлі
өрге жүзер /ән немесе би/
3. Бес әзіл
/КВН/
4. Үй
тапсырмасы /қабырға газеті/
5. Қызықты
ойын
6. Флешмоб
7. Ас адамның
арқауы /дастархан мәзірі/
8. Күзгі
вальс
1-Жүргізуші:
Таныстыру
Ендеше, құрметті
көрермендер қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, «Арайлы алтын күз» атты
сайысымыздың бірінші бөлімді таныстыруға кезек берейік. Қол соғып қошеметтеп
қарсы алыңыздар, біздің сұлу да сүйкімді ханшайымдарымыз бен салмақты да
сымбатты ханзадаларымыз өздерін таныстырсын. (қатысушыларға сөз беріледі)
Ортаға 8- сынып
ханшайымы мен ханзадасын шақырамыз. (рахмет сіздерге)
Ортаға 9- сынып
ханшайымы мен ханзадасын шақырамыз.
Ортаға 10- сынып
ханшайымы мен ханзадасын шақырамыз.
2-
жүргізуші:
Өнерлі
өрге жүзер /ән немесе би/
Ал кімнің өнері
бар қаншалықты,
Би билеп, ал
біреуі ән салыпты.
Бүгінгі сайыста
бәйге алуға
Үміткерлер аянбай
жан салыпты, енді әр ханзада мен ханшайымның өз өнерін тамашалайық.
Ортаға 8- сынып
ханшайымы мен ханзадасын шақырамыз. (рахмет сіздерге)
Ортаға 9- сынып
ханшайымы мен ханзадасын шақырамыз.
Ортаға 10- сынып
ханшайымы мен ханзадасын шақырамыз.
1-Жүргізуші:
Бес әзіл
/КВН/
Жайдарман- ау,
жайдарман
Күлкі толы бұл
алаң
Жасы мен қарттарын
Жинап алған ду-
думан, дей келе келесі кезекті 5 әзіл.
Ортаға 8- сынып
ханшайымы мен ханзадасын шақырамыз. (рахмет сіздерге)
Ортаға 9- сынып
ханшайымы мен ханзадасын шақырамыз.
Ортаға 10- сынып
ханшайымы мен ханзадасын шақырамыз.
2-
жүргізуші:
Үй
тапсырмасы /қабырға газеті/
Ақ қағаз, түрлі –
түсті бояу алып
Қызыл- жасыл
қағазын тағы алып
Күз мейрамын ақ
қағазға саламыз
Сыныптар
фантазиясын аямапты дей отырып келесі кезек қабырға газеті. Әділ – қазылар
алқасы ілінген қабырға газеттерін бағап өтсеңіздер.
1-Жүргізуші:
Қызықты
ойын
Қазақтың түрлі –
түрлі ойыны бар
Оның сырын ашқанға
жұрт қызығар
Ойын ойнап
көрермендер қатыссын
Сол себептен әр
сыныптың дайындаған ойыны бар деп, ортаға әр сыныптың көрермендерге дайындаған
ойындары бар. Ойын ойнайық.
Ортаға 8- сынып
(рахмет сіздерге)
Ортаға 9- сынып
Ортаға 10- сынып.
2-
жүргізуші:
Флешмоб
Хашайыммен
ханзадамыз қосылып
Би билесін
думандатып шырқатып
Әр қимылы бізге қызық
ағайын
Қол соғып,
қошеметтеп қояйық. деп Флешмобты тамашалайық.
Ортаға 8- сынып
ханшайымы мен ханзадасын шақырамыз. (рахмет сіздерге)
Ортаға 9- сынып
ханшайымы мен ханзадасын шақырамыз.
Ортаға 10- сынып
ханшайымы мен ханзадасын шақырамыз.
1-Жүргізуші:
Ас адамның
арқауы /дастархан мәзірі/
Ортаға 8- сынып
ханшайымы мен ханзадасын шақырамыз.
Ортаға 9- сынып
ханшайымы мен ханзадасын шақырамыз.
Ортаға 10- сынып
ханшайымы мен ханзадасын шақырамыз.
2-
жүргізуші:
Күзгі
вальс
Күзгі вальс -би
билейді айнала
Күзгі вальс
-әуеніне толғана
Күзгі вальс
-ханшайыммен ханзада
Бұл вальс тек сіздерге арналған
деп, ортаға 8-9-10 сынып ханшайымы мен ханзадасын ортаға шақырамыз «Күзгі вальс
биіне». Ал әділ – қазылар алқасы сіздер ерекше билеген ханшайыммен ханзадаға
әділ бағаларыңызды берсеңіздер.
1-Жүргізуші:
«Арайлы
алтын күз»
байқауының нағыз ханзадасы мен ханшайымын жариялау үшін ортаға қазылар алқасын
шақырымыз.
2-
жүргізуші: Қымбатты көрермендер! Жеңіпаздарымызға биік шындарды
бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсін дей отырып кешімізді осымен
аяқтаймыз.
1-
жүргізуші: Тамашалағандарыңызға рахмет, сау-саламат
болыңыздар.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.