Главная / Информатика / Интерактивті сабақ "Операциялық жүйе"

Интерактивті сабақ "Операциялық жүйе"


2 орта мектеп












Интерактивті сабақ



hello_html_22faab6b.gif







Абдикадиров Д.С.

Пәні: Информатика Сынып: 8 сынып Өтілетін мерзімі: 27 қараша 2009 жыл


Тақырып: Операциялық жүйе


Мақсаты:

а) Біліміділік: Оқушыларды операциялық жүйе түрлерімен таныстыру. Оқушылар жаңа сабақта Windows жүйесінің түрлерімен таныстыру арқылы білімін көтеру.


б) Дамытушылық: Оқу есептеуіш техника кешені, Windows 98. Windows XP операциялық жүйеесі .


в) Тәрбиелік: Оқушыларды, өмірге және білім алуды жалғастыруға тәртіпке, еңбекке баулу.


Сабақтың типі:.


Сабақ түрі: Жаңа сабақты меңгеру.


Сабақтың әдісі: проблемалық оқыту, түсіндірмелі - көрнекіліктік, зерттеу-іздену, деңгейлеп-саралау әдісі.


Құрал – жабдықтар, көрнекті құралдар: Компьютерлік сынып, мультимедиялық проектор, интерактивті тақта, презентация, үлестірмелі карточка.


Сабақ барысы.


I Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.

Сабаққа дайындықтарын тексеру

Проблемалық сұрақ: Бүгінгі сабақта нені білеміз? Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай?

II Психологиялық дайындық

III Жаңа білімді меңгеруге дайындық

IV Жаңа сабақты өздігінен меңгеру

V Жаңа сабақты қорытындылау

VI Жаңа сабақ бойынша алған білімді тексеру

VII Үйге тапсырма беру

VIII Бағалау


ІІ. Үнемі өз білімінің кемшілігін сезетіндей әрі білімін жоғалтып алудан қорқатын адамша оқыңыздар.

Конфуций


ІІІ.










1

м

о

н

и

т

о

р












2

п

р

и

н

т

е

р







3

д

и

с

к

е

т














4

п

е

р

н

е

т

а

қ

т

а









5

б

а

й

т











6

а

б

з

а

ц
















7

б

и

т







8

к

о

н

ъ

ю

н

к

ц

и

я












9

п

и

к

с

е

л

ь















10

т

ы

ш

қ

а

н













11

қ

ұ

ж

а

т














ж


















ү


















й


















е










  1. Мәтіндік және графикалық ақпаратты кескіндеуге арналған құрылғы

  2. Ақпаратты парақ бетіне шығаратын құрылғы

  3. Иілгіш дискі

  4. Ақпараттар мен басқару командаларын енгізетін негізгі құрылғы

  5. 8 биттен тұратын ең кіші өлшем бірлік

  6. Мәтіннің құрылымдық элементі

  7. Екілік санау жүйесінің цифры (0 немесе 1 мәнін қабылдайды)

  8. Логикалық көбейту амалы

  9. Экрандағы графикалық кескіннің ең кіші элементі (нүктесі)

  10. Графикалық курсормен басқарылатын құрылғы

  11. Қосымша программалар өңдейтін объект


Бүгінгі сабақтың тақырыбы Операциялық жүйе


Мақсатымыз Windows операциялық жүйесінің түрлерімен танысу, операциялық жүйемен жұмыс жасау, тақырып бойынша алған білімдеріңді тест арқылы тексереміз,


IV

Жаңа сабақ


Жаңа сабақты бастамас бұрын мынадай сұраққа жауап берейік. Айталық бізде маңызды ақпарат бар делік, оны компьютерге енгізіп, сақтап қоюымыз керек. Алдымызда компьютер бар, айтылған ақпаратты сақтай аламыз ба? Компьютеріміз жұмыс істей ме? Жұмыс істеуі үшін тағы не қажет?

Дұрыс. Программалық қамсыздандыру дегеніміз не? (слайд №3) Дәптерлеріңе жазыңдар.

Қазіргі компьютерде пайдаланатын программалардың бәрі программалық қаматамасыз ету (ПҚ - software) деп аталады. ПҚ – ның құрайтын программаларды үш топқа бөлуге болады: жүйелік ПҚ, программалау жүйесі, қолданбалы ПҚ (слайд №4). Бұлардың алғашқы екеуін кейде базалық ПҚ деп атайды (слайд №5). Жүйелік ПҚ ядросы операциялық жүйе (ОЖ) болып табылады (слайд №6)


Операциялық жүйе – компьютерді қосқан кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы программа. (слайд №7)

ОЖ – компьютердің техникалық жабдықтарымен (hardware) ең тығыз байланысты ПҚ бөлігі.


Операциялық жүйенің негізгі міндеттері:

1) компьютер ресурстарын: процессорлық уақыты, ішкі жадты, файылдарды, сыртқы құрылғыларды басқару; 2) пайдаланушымен диологті ұйымдастыру. (слайд №8)

ОЖ – ның резиденттік бөлігі (ОЖ ядросы) компьютердің жедел жад бөлімінде тұрақты орын алады. Оған ол машинаны іске қосқан кезде жүйелік дискіден жүктеледі. Бұл процедура бастапқы жүктеу деп аталады. (слайд №9) Компьютердің бұдан кейінгі жұмысшының бәрі ОЖ – ның бақылауымен және басқаруымен жүргізіледі. Операциялық жүйе барлық программаларды жедел жадтқа жүктеуді жүзеге асырады, олар жұмыс бастағанда соларға басқаруды береді, орындалатын программалар шақыруы бойынша әр түрлі әрекеттерді орындайды, программалар жұмысын аяқтаған кезде жедел жадтағы олардың орындарын босатады


ОЖ - ның ең маңызды міндеті – файылдармен жұмыс жасау болып табылады. Сыртқы тасығыштағы файылдарда программалар, деректер, ОЖ – ның өзі сақталады. Операциялық жүйе жабдықтары арқылы сыртқы тасығыштарға файылдар құрылымымен анықталатын файылдық жүйе жасалады. Файылдармен орындалатын әрекеттердің бәрін (жасау, өшіру, көшірмелеу, атау және т. б.) пайдаланушы операциялық жүйенің көмегімен жүргізеді.


ОЖ – ның пайдаланушымен қатынас жасауы үшін арнайы командалық тіл ОЖ (ОС) пайдаланылады. Дербес падаланылатын компьютерде бұндай қатынас жасау диологтік режімде өтеді. Операциялық жүйе белгілі түрде экранға пайдаланушыны шақыруды шығарады, пайдаланушы жауап ретінде анықталған әрекет (программаны іске қосу, дискінің директриін шығару, файылды өшіру және т. б.) жасау ұйғарылған


Операциялық жүйелерді кластарға бөлу (слайд №10)


Операциялық жүйені кластарға бөлу параметрлері

Операциялық жүйе түрлері

Бір мезгілде орындайтын міндеттер саны бойынша

Бірміндетті

Көпміндетті

Компьютерде бір мезгілде жұмыс істейтін пайдаланушылар саны бойынша

Бір адам пайдаланатын

Бірнеше адам пайдаланатын

Интерфейс, яғни пайдаланушының компьютермен қатынас жасау тәсілі бойынша

Командалық интерфейс

Графикалық көптерзелі интерфейс


V


1. Windows – бұл …

а) амалдық жүйе

b) қосалқы бағдарлама

c) ортақ міндеттер атқаратын қолданбалы десте

d) кеңселік бағдарламасы


2. Амалдық жүйе ... міндеттерін атқарады.

a) файлдарды сақтау және ұйымдастыруды қамтамасыз ету

b) ақпаратты енгізу/шығару құрылғыларын қосу

c) компьютерлер арасында мәліметтер алмасуды ұйымдастыру

d) пайдаланушылармен сұхбат ұйымдастыру, компьютердің құрылғылары мен қор көздерін басқару


3. “Интерфейс” термині ... деп түсінідіріледі.

a) пайдаланушымен сұхбатты қамтамасыз етуге арналған бағдарламалық ортаның сыртқы көрінісі

b) мәтіндік өңдегіштің баспа құрылғысымен байланыс

c) бір қаталогтағы файлдар жиынтығы

d) сызбалық ақпаратты сақтау құрылғысы


4. Windows амалдық жүйесінде жұмысты дұрыс аяқтау үшін ...

a) бағдарламаның бәрін жабу, Бастау әмірін таңдау және Өшіру батырмасын басу керек

b) бағдарламаның бәрін жабу, Өшіру батырмасын басу керек

c) Бастау мәзірінен Өшіру әмірін таңдау керек

d) Power батырмасымен компьютерді өшіру керек


5. Windows Бас мәзірін ... ашу керек.

a) Менің компьютерім батырмасын басып

b) Бастау батырмасын басып

c) Файл батырмасын басып

d) Power батырмасын басып


6.Драйвер – бұл...

  1. Компьютер құрамына кіретін әр түрлі құрылғыларды басқаруға арналған арнайы программа.

  2. Компьютер құрамына кірмейтін арнайы программа.

  3. Компьютерді іске қосуға арналған программа

  4. Компьютер құрамына кіретін құрылғыларды басқармайтын арнайы программа.


7. Бір мезгілде орындалатын процесстердің санына байланысты операциялық жүйелер қандай екі топқа бөлінеді?

  1. Біртапсырмалы, көптапсырмалы

  2. Бірпайдаланушылы, көппайдаланушылы

  3. Әмірлік

  4. Әмірлік, графиктік


8. Қолданушы режиміне қарай қандай топтарға бөлінеді?

  1. Біртапсырмалы, көптапсырмалы

  2. Бірпайдаланушылы, көппайдаланушылы

  3. Әмірлік

  4. Әмірлік, графиктік


9hello_html_m52e40bf8.png. Суреттегі операциялық жүйенің тілдесу түрі

  1. Әмірлік

  2. Терезелік

  3. Графикалық

  4. Дұрыс жауабы жоқ


1hello_html_5f781daf.png0. Суреттегі операциялық жүйенің тілдесу түрі

  1. Әмірлік

  2. Терезелік

  3. Графикалық

  4. Дұрыс жауабы жоқ


VІ Сабақты қорытындылау: Сабақты қорытындылау барысында сабаққа белсене Қатысқан оқушыларды мадақтап, қалыс қалып отырған оқушыларға ескертпелер беру арқылы оқушылардың білімін бағалау.


VІІ Үй тапсырмасын беру:

6.1 тақырып.Операциялық жүйесі дегеніміз не?


Бағалау:

Интерактивті сабақ "Операциялық жүйе"
  • Информатика
Описание:

Тақырып: Операциялық жүйе

 Мақсаты:

а) Біліміділік: Оқушыларды операциялық жүйе түрлерімен таныстыру. Оқушылар жаңа сабақта Windows жүйесінің түрлерімен таныстыру арқылы білімін көтеру.

 б) Дамытушылық: Оқу есептеуіш техника кешені, Windows 98. Windows XP операциялық жүйеесі .

 в) Тәрбиелік: Оқушыларды, өмірге және білім алуды жалғастыруға тәртіпке, еңбекке баулу.

 

Қазіргі компьютерде пайдаланатын программалардың бәрі программалық қаматамасыз ету (ПҚ - software) деп аталады. ПҚ – ның құрайтын программаларды үш топқа бөлуге болады: жүйелік ПҚ, программалау жүйесі, қолданбалы ПҚ (слайд №4). Бұлардың алғашқы екеуін кейде базалық ПҚ деп атайды (слайд №5). Жүйелік ПҚ ядросы операциялық жүйе (ОЖ) болып табылады (слайд №6)

Автор Абдикадиров Досжан Сарсенбаевич
Дата добавления 03.02.2015
Раздел Информатика
Подраздел Конспекты
Просмотров 733
Номер материала 55498
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓