Интеллектуалдық
ойын
Тақырыбы:
«Металдар мен бейметалдар»
Мақсаты:1.Оқушылардың металдар мен бейметалдар туралы
білімдерін
кеңейту.
2.Оқушылардың ой-өрісін ,ойлау,сөйлеу қабілетін ашатын
сұрақтар қою арқылы дамыту.
3.Оқушылардың
пәнге деген қызығушылығын арттыру,жерін
сүйетін отансүйгіш,дарынды ұрпақ тәрбиелеу.
Жүргізуші. Құрметті оқушылар,бірінші және екінші бағам
оқушыларының арасында өтетін «Металдар мен бейметалдар» интеллектуалдық ойынын
ашық деп жариялаймын.
Тапқыр,білгір дарынды
Жарыс бар бүгін
арынды.
Химия пәнін сүйсең
сен
Ортаға сал барыңды.
Кел,келіңдер,сайыскер,
Көрермендер,жанкүйер.
Әділдікпен жарысайық,
Бұл сайыстан
қалыспайық.
Өнерлі топтар бүгін
ортамызда,
Командалар сәлем
берер баршамызға.
Қол соғып біз оларды
қарсы алайық ,
Айтқандарын
тыныштықпен біз тыңдайық!
Интеллектуалдық ойын 7 кезеннен тұрады:
1.Кім жылдам
2.Сұрақ – жауап
3. Валентілікті анықтау
4. Химиялық элементтерге сипаттама беру
5. Сөзжұмбақ
6. Жұмбақтар
7. Мақал –мәтелдер
Жүргізуші : Ойынды бағалау үшін әділ қазылар
тағайындалады.
Командалардың
сәлемдесуі (әр команда
атын,ұранын қорғайды.)
1 кезен Кім жылдам
Команда болып
химиялық элементтердің таңбаларын жазыңыз
1команда : натрий, азот, хлор, оттегі, йод, хром, литий Na/N/Cl/O/I/Cr/Li
2команда:
марганец,кремний,бор,күміс,сынап, барий,бром
Mn/Si/B/Aq/Hq/Ba/Br
2 кезен Сұрақ-жауап
1команда
1. Өнеркәсіптің
негізгі металы? Темір
2. Металдардың кернеу қатарын кім жасады? Н.Н.Бекетов
3. Тайқазан 7 металдан құйылған, ол қандай металдар?
Темір,мырыш,қалайы,қорғасын,мыс,күміс,алтын
4. Алғашқы көмекке пайдаланатын бейметалл? Йод
5. Ең қатты металл? Вольфрам
6. Шаршамайтын металл?
Бериллий
7. Азотты ашқан ағылшын ғалымы? Резерфорд,1772жыл
8. Қай элементтің таңбасы айдаһар бейнесіне Күкірт
ұқсайды?
9. Индекс, коэфициент нені көрсетеді?
Элементтердің атом санын,коэффициент моль санын көрсетеді
10. Мырыш сульфидінің қандай қабілеті бар?
Люминесценттік
–электрондардың әсерінен суық жарық шығаруы
2 команда
1.Ең жеңіл металл
Литий
2. Ең ауыр металл Осмий
3. Ең тез балқитын металл Цезий
4. Ауада жанатын сілтілік металл Цезий
5. Қанның құрамына кіретін металл Темір
6. Тыңайтқыш ретінде қолданылатын сілтілік
металл
Калий
7. Қиын балқитын, қатты ақ түсті металл Алюминий
8. V топтың металл элементі Висмут
9. Металлургияны грек тілінен аударғандағы
қазақша баламасы. Металдарды
өндеу
10. Өнеркәсіптік әдіспен алынатын минерал-
дарды не деп атаймыз Кендер
3 Кезен Валентілікті анықтау
1команда : КМnO4, KClO, KCl, KClO2, HBr,
NaOH,CaCO3.
2 команда: HClO3,
Mn2O3, MnCl2, MnO2, H2SO4,
Ca3(PO4)2, Al(NO3)3,
4 Кезен Химиялық
элементтерге сипаттама беру
1 команда Си (мыс)
2 команда Сl (хлор)
Д.И.Менделеевтің
периодтың жүйесін қолданып,химиялық элементтеріне сипаттама беріңіздер
1. Химиялық
элементтің аталуы, символы.
2. Атомдық массасы.
3. Реттік (атомдық)
нөмірі.
4. Атом ядросының
заряды.
5. Электрондар саны.
6. Үлкен (кіші)
периодтың нөмірі.
7. Топтың нөмірі.
8. Атом құрылысың
схемасы.
9. Атомның
электрондық формуласы.
10. Металл
(бейметалл)
11. Ең үлкен тотығу
дәрежесі.
12. Оксиді.
13. Гидроксиді
(қышқылы)
14. Ең кіші тотығу
дәрежесі.
15. Ұшқыш сутекті
қосыластары.
5 Кезен
Сөзжұмбақ
1
команда
1. Бактерицидтік
қасиеті бар металл. күміс
2. Алақанда балқитын металл. цезий
3. Қан құрамындағы металл. темір
4. Металдар патшасы атанған металл. алтын
5. Ең қиын балқитын металл. вольфрам
6. Шойын өндіретін пеш. домна
7. Фотографияда қолданылатын металл. магний
8. Ең қатты металл. хром
2 команда
1. Азотты ең алғаш
сипаттаған ғалым Резерфорд
2. Ауаның 78% құрайтын элемент азот
3. NaNO3 , KNO3 жалпы атауы селитра
4. Атмосфераға азот бөліп жанатын газ. торф
5. Азот диоксиді адам қанында нені азайтады. гемоглобин
6. Азоттың металдармен қоспасы нитрид
6 кезен Жұмбақтар
1 команда
1. Осы затпен ескі үйді аластайды. Түсіне қарасаң алтынға
ұқсайды. (күкірт)
2. Бірінші буыным жалқы есімге қойылатын сұрақтан тұрады,
екінші буыным сан есім. Өзім қай элементпін?
(HeOH)
3. Бірінші буыным тасқын су, екіші бөлігім мал құлағына
салынатын белгі. Қандай химиялық элементпін?
(Селен)
4. Бірінші бөлігім көп емес, екенші бөлігім тілсіз жау деген
мағынада, химиялық қай элементпін? (Азот)
5. Бірінші буыным Мария Складовская ашқын элементтің
алғашқы екі әріпі, екінші буыным Еуропадағы өзен, өзім
радиоактивті құбылыстан түзілетін элементпін. (Радон)
2 команда
1. Кең әлемді
кернейді, Көзің бірақ көрмейді Ауа
2. Құрғақ жерде
сақтайсың,
Онсыз тамақ татпайсың Тұз
3. Қыздырып соқсаң иленеді,
Балға мен төстен именеді темір
4. Галоген дәрігерге қызмет етеді,
Крахмалмен достасады – ол не? Йод
5. Ұстасаң - ұннан майда
Ұстатсаң - тастан берік Цемент
7 Кезен Мақал-мәтелдер.
1 Команда
1. Темірді қызған кезінде
соқ.
Түйменің
инесіз күні жоқ
2. Пәлен жерде бақыр бар,
Іздеп барсаң мыс та жоқ
3. Болат бүгілмес, Морт сынар
4. Тауып сөйлесең -
күміссің
Таппай сөйлесең -мыссың
5. Жүзігің алтын болғанша,
Жүзің жарқын
болсын
2 Команда
1.Күміс тозса – күл,
Жігіт арыса - құл
2. Жақсы жастан шығады.
Темір тастан шығады
3. Алтын жерде жатпайды,
Жаман ұста суын таппайды.
4. Ақыл арымас,Алтын шірімес
5. Теміршінің қолында,Темір тозбайды.
Қорытындылау:
Командалардың жинаған баллдарын санау, марапаттау.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.