Инфоурок Информатика Другие методич. материалыИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ДӘСТҮРЛІ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ДӘСТҮРЛІ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

Скачать материал

ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ДӘСТҮРЛІ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ

 

­Жумабаева У.Ж., информатика пәні мұғалімі

№51 гимназия

 

Қазақстан ұлы держава болу үшін бізге күш-қуаты, қажыр-қайраты мол, ақылды да ойлы, дарынды жастар керек.

Н.Ә.Назарбаев

 

«Білімді ұрпақ тәуелсіздігіміздің алтын діңгегі» - деп Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаев қолдап айтқандай, ХХІ ғасырдың ғажайып жетістіктерін игеру білімді, іскер, жас ұрпақтың еншісінде. Тарихы терең мұрамызды зерттеп зерделеу арқылы ұлттық дәстүрден, түп-тамырымыздан ажырамай, өркениет көшіне ілесу – бүгінгі күннің басты талабы. Педагогикалық технологиялардың қайсысы болсын оқытудың тың әдістемесі немесе мүлдем жаңаша жолдарын қарастырады деп түсінбеу керек. Керісінше, адамзат баласының өз ұрпағын оқыту мен тәрбиелеудегі ең озық, тиімді ізденістерін тәжірибелерін жалғастырып, тың жолдарын іздеу классикалық педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту болып табылады. Қазіргі таңда еліміздің білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, нарықтық экономикада бәсекеге қабілетті, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу.

            ХХ ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер», - деген екен. Сондықтан қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын пән ерекшелігіне қарай қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы. Ұстаздық тәжірибемде алдыма қойған мақсатым – баланы қалайда қызықтыратын, қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Оның басты үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу үдерісінде бірлесе әрекет ету. Қазіргі кезде білім берудің әлемдік озық тәжірибелерін саралай отырып, бүгінгі оқытуда жас өспірімдерден күтілетін нәтиже, негізгі құзыреттіктердің қалыптасуымен айқындалады. Мұны көрнекі түрде былай көрсетуге болады: Құзырет  Білім, білік (әрекет), дағды, әрекет  Құзыреттіліктер игерілген іс-әрекет тәсілдері Өз-өзін басқару  Субъективтілік. Педагогикалық сөздікте құзыреттілік үш түрлі ұғымда - әлеуметті жалпы мәдени және мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі – педагогикалық әрекетінің қарым-қатынасының қалыптасуы және педагогикалық сана-сезім, мұрат, құндылықтар идеясын қолданушы мұғалім тұлғасын анықтайтын ұстаздық білім, білік және дағдының қажетті жиынтығын игеруі.

            Мұғалім мен оқушы арасындағы бірлескен қарым-қатынастың маңызы ерекше. Оқушының ой-пікірі мен бастамасы, ұсынысы мен тапсырманы орындау шеберлігі, сөйлеу мәдениеті мен ой-тұжырымы, пайымдаулары, талпыныстар мен ізденістері, қызығушылығы мен байқампаздығы, іскерлігі мен дағдысы, іске батыл, сеніммен кірісу жүзеге асады. Ал бағыт-бағдар беру істің дұрыс-бұрыстығын анықтау педагог тарапынан шарт. Оқушыларды шығармашылық жұмыстарға баулу, сенімділігін, тәуекелділігін арттыру, ұжымдық қарым-қатынас негізінде ортақ шешім табуға үйрету тұлғаның дүниетанымын кеңейтіп, рухани дамуына жағдай жасай алады. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы - әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту жобасымен жұмыс істеу үшін осы ұғымның сырын түсініп алуымыз керек. Көптеген зерттеуші ғалымдар «Сын тұрғысынан ойлау» ұғымын белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу сол идеяларға қарсы көзқарастарымен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді. Сыни ойлауға ғалымдар әр түрлі анықтамалар береді. Солардың ішінде  психолог ғалым В.Г.Крутецкийдің: «Ойдың сыншылдығы дегеніміз – адамның өзінің және басқалардың ойларын белсенді бағалау дағдысы, барлық ұсынылған ережелер мен қорытындыларды нақты және жан-жақты тексеру», - деп анықтама береді. Сыни тұрғыдан ойлау – шыңдалған ойлау. Қазіргі қолданылып жүрген «Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» бағдарламасын бастауыш сыныпта пән ерекшелігі қарай қолдана білу, оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы. Бұл бағдарлама – ұстаз бен оқушыны ізденуге жетелейтін, шығармашылық қабілетін дамытатын ойлап, толғанып жүрген мәселелерді шешуге бағыт беретін болашаққа деген үмітін арттыратын сәуле. Ол кез келген мұғалімге сапалы сабақ өткізуге мүмкіндік береді.

            Сонымен, педагогикалық технология дегеніміз мұғалім мен оқушылардың өзіндік дамуын, танымдық қабілетін арттыруын қамтамасыз ететін тұтас педагогикалық үрдісті басқарудағы диагностикалық мақсаттарға жетудегі әдіс-тәсілдер кешені. Педагогикалық технологияларды оқыту әдістемелерімен салыстырмалы түрде қарастыратын болсақ, олардың негізгі айрықша белгісі – процессуалдық бөлігі. Педагогикалық технологиялар іс-әрекетті жүйелендіріп, бір логикалық тізбек ретінде құралады және соңғы нәтижеге жетуге кепілдік бере алады. Яғни, олардың басты мақсаты – оқушыларға қажетті оқу материалдарын жеткізу ғана емес, сонымен қатар мамандыққа қызығуын, тұлға ретінде қалыптасуын, әлеуметтік ортаға бейімделуін қамтамасыз ету. Қазіргі кезде педагогикалық технологиялар бірнеше түрге жіктеледі. Г.Селевко педагогикалық технологиялардың өзіндік жіктелуін төмендегінше ұсынады:

-          педагогикалық қарым-қатынас ізгілендіру мен демократияландыруға негізделген технологиялар;

-          оқушылардың іс-әрекетін белсендіру мен күшейтуге негізделген технологиялар;

-          оқу материалдарын әдістемелік жетілдіру және дидактикалық қайта құру негізіндегі технологиялар;

-          кешенді технологиялар;

-          баламалы технологиялар.

Оқу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарында мына мәселелерге назар аударылады:

-          сабақты белсенді  өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау;

-          оқушының қиялын дамыту үшін «Менің ойымша» деп дағдыландыру;

-          тіл байлығын дамыту үшін, оқушы жауабын соңына дейін тыңдау;

-          әр сабақта баланың дүниетанымы кеңейюіне жағдай жасау.

Бұл жобада барлық стратегиялар үш кезең бойынша қолданылады.

1. Қызығушылықты ояту, яғни кез келген істі бастамас бұрын баланың қызығушылығын оятып алу. Бұл кезеңде оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындай отырып, қызығушылықтарын арттырудың әр түрлі амалдары қарастырылады. Мысалы, «Шаттық шеңбері» немесе қызықты сұрақтар қою арқылы, сөзжұмбақтар, ребустар шешу, топтастыру арқылы оқушыларды өтілетін сабаққа тарту. Жаңа білімге көпір салу.

2. Мағынаны тану кезеңінде мәтінді жан-жақты талдау жұмысы жүргізіледі.  Оны іске асыру үшін бірнеше әдіс-тәсілдер қолдануға болады. Олар болжау стратегиясы, жұппен, топпен жұмыс, INSERT әдісі, т.б. осы әдіс-тәсілдерді қолдану бұл кезеңді оқушының өздігінен білім алу, танымдық қабілеттерінің дамуы, шығармашылық іс-әрекеттерінің оянуы, өзіндік еңбек ету кезеңіне айналдырады.

3. Ой-толғаныс. Бұл оқуды қорытындылау кезеңі. Оқушы алған білімін пайдалана отырып шешім қабылдайды. «Эссе жазу», «Бес жолды өлең», «Венн көрсетуі», «Кейіпкерге хат», «Автор орындығы» стратегияларын пайдалана отырып берілген тапсырмаларды өздері дәлелдейді, көрсетеді, бағалайды және өз ойларын еркін білдіреді.

            «Білім туралы» Заңда оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген. Ал тиімділігіне қарай өзіне оңтайлы нұсқаны таңдай білу мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді.

            СТО-ның әдіс-тәсілдері оқушыларды тынымсыз ізденімпаздыққа баулиды. Баланың еркін де, терең ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады. Оқушының ізденісі жеміссіз болмақ емес. СТО – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге көмектесетін бағдарлама.

            Білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдері мен инновациялық педагогикалық технологияларды игерген, технологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан, бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашылық педагог-зерттеуші ойшыл мұғалім, зерделі оқытушы болуын қажет етеді. Өйткені, еліміздегі дүбірлі өзгерістер, қайта жаңғырулар білім беру жүйесіне де айтулы реформалар мен мақсаттар әкелді. Білім стандартының жасалуы, төл оқулықтарымыздың жазылуы, жаппай компьютерлендіру, инновациялық технологиядағы іздену, білім мазмұнын байыту, әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатындағы жұмыстар – сол өзгерістердің куәсі.

            Инновациялық технологиялардың бірі – ақпараттық технология. Яғни, ақпаратпен жұмыс жасау үшін қолданылатын арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар бағдарламалық және техникалық құралдар. Мысалы, күнделікті сабаққа бейне, аудио қондырғылар мен теледидарды, компьютерді, интерактивтік тақта мен мультимедиялық проекторларды пайдалану үлкен нәтижелер беретініне әр мұғалім көз жеткізіп отыр.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз. Қазіргі таңда ақпараттық-коммуникативті технологиялар біздің елімізде де жоғары қарқынмен дамып келеді. Оқу үрдісінде жаңа технологиялық әдістермен қатар жаңа ақпараттық технологияларды да қолданудың мүмкіндігі жасалып отыр», - деген болатын.

Қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінің терең білгірі ғана емес, тарихи-танымдық, педагогикалық-психологиялық, саяси-экономикалық сауатты және ақпараттық-коммуникациялық технологияны жетік меңгерген маман болуы керек.

Бұл технологияның ерекшелігі оқушылардың өздері ақпараттар жинап, жаңалық ашуға ұмтылып, ізденіп, жауабын тауып, өзінің көзқарасын логикалық түрде дәлелдейді және мұғалімдер мен оқушылардың бірлесіп, шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал етеді. Мектептің оқу-тәрбие үдерісіне жаңа ақпараттық технологияны енгізсе, оқу сапасы жақсарып, дамыта оқыту жүзеге асырылып, сабақ қарқыны жеделдетіледі. Электрондық оқулық мектеп оқушыларын ақпараттық технологияны ерте меңгеруге көмектесіп, олардың өз бетімен білімдерін толықтыруларына мүмкіндік береді.

Ақпараттық технологияны жеке тұлғаны дамыту мақсатында қолдану жолдары:

-          электронды поштаны қолдана білу;

-          жасаған жұмысын компьютер арқылы таныстыру;

-          мәтінді графиктік сызбаларға түсіру;

-          мәліметтер қорымен, әдебиеттермен жұмыс;

-          электрондық оқулық, диск, қосымша материалмен жұмыс;

-          интернеттен ақпарат алу.

Осылай ұйымдастырылған сабақ оқушылардың шығармашылығын дамытып, өз бетімен ізденуге, алған білімін ұштауға, сенімін арттыруға, жеке тұлғасын, қабілетін, ынтасын, рухани әлемін дамытуға септігін тигізеді. Осындай жан-жақты ойластырып, мазмұнды түрде жоспарланған сабақ төмендегідей мақсаттарға қол жеткізеді:

-          танымдық ой-өрісін кеңейтуге;

-          жоспарлы жұмыс жасауға;

-          нәтижені болжай білуге;

-          танымдық қызығушылығын арттыруға;

-          ойлау қабілетін арттыруға;

-          өздігінен жұмыс жасауға;

-          тез есте сақтауға;

-          шығармашылық қабілеттерін дамытуға.

Осыдан байқайтынымыз, оқытушы мен оқушы арасында ақпараттық мәдениет қалыптасып, оны шапшаңдыққа, ізгілікке, тапқырлыққа, жауапкершілікке үйретеді, оқушының ойлауына, қабілетіне әсерін тигізіп, жеке тұлғасын дамытады.

Ақпараттық технологияның кез келген түрінің қарқындап өсуі сапалы білім берудің бірден-бір қайнар көзі екендігі мәлім. Оны, әсіресе, тілді игертуде пайдалану – тілді үйретудің ең төте де оңай жолы. Сондықтан, информатика пәнін оқытуда дайын өнімдердің жетістіктерін, мультимедиялық технологияларды қолданатын ақпараттық оқыту бағдарламаларын әзірлесек, қазіргі қарқынымыздың еселене түсері анық.

Информатика пәнінде интеллектуалды ойын элементтерін қолдану барысында қазіргі өмір талабына сай компьютерлік сауаттылықты жылдам дамыта отырып, педагогикалық-психологиялық әдістемелік бастапқы дайындықты қалыптастырмайынша, балалар өз білім деңгейлерін көтере алмайды. Қоғамды ақпараттардыру  жағдайында оқушының жеке тұлғасын қалыптастырып, ақпараттық қоғамда өмір сүруіне сонымен қатар оның ақпарат ағымында дұрыс бағдар жасап, тиімді шешім қабылдауына қажет жаңа ақпараттық технологияларды таңдап алу және оларды қолдану қабілетін қалыптастыруда информатика пәнінің алатын орын екені белгілі. Қазіргі сабақ – бұл өзіндік көрсеткіштермен ерекшеленетін мұғалім мен оқушының біріккен қызметі. Осыған сүйене келе информатика пәнінде өзіндік ерекшелігіне қарай оқушылардың  теориялық білімі  және практикалық жұмыс істеу дағдыларын бөліп алуға болады. Теориялық білімді текеру үшін ауызша сұрау, жазбаша бақылау, тестілеу сияқты дәстүрлі бақылау түрлерін, ал практикалық дағдыны бағалау үшін практикалық жұмысты қолдануға болады. Информатиканы оқыту барысында оқушылардың білімін бақылау үшін осы дәстүрлі әдістер мен қатар бақылаудың дәстүрден тыс түрлері, рефераттар, конкурстық жобалар, әр түрлі танымдық ойындар да қолданылады.

Танымдық (интеллектуалдық) ойын бұл күрделі көп құрылымды құбылыс. Ол оқыту әдісі  ғана емес білімді бақылау әдісі болуы мүмкін. Информатика бойынша  білімді бақылауды интеллектуалды ойындарды қолдану оқушылардың өзіндік тұлғалық ерекшеліктерін ашуға сабаққа дайындық деңгейін арттыра түсуге көмектессе, ол мұғалімге оқушылардың білімде кеткен қателіктерді дер кезінде жөндеуге мүмкіндік береді. Ойын барысынды оқушыларда белгілі бір мәселені шешу қабілеті өз бетінше ойлау қабілеті, білімге деген құштарлық пайда болады. Сабақта алған білімін практикада іске асыру дағдыларын қалыптастыру үшін оның элементтерін пайдаланудың орны бөлек. Тиімді пайдаланылған ойын элементтері материалды түсіндіру кезінде берік меңгертуге септігін тигізеді. Қызықты ойын түрінен кейін оқушылар тез сергіп, тапсырманы әрі сапалы, әрі ықыласпен орындайды. Ойынға мынандай әдістемелік талаптар қойылады. Ойынның мақсаты нақты немесе керекті көрнекіліктер мен материалдар күні ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қойылуы керек.  Ойынға сынып оқушыларының  барлығының қатысуын қадағалау керек. Ойынның жүру барысында мұғалім баланың түгел қатысуымен қатар олардың ойын үстінде шешім қабылдай білуіне жетелуі керек. Оқушылардың компьютермен жұмыс жасауы көңіл күйлерін көтеріп, қызығушылық қабілеттерін арттырады. Әрі ізденуіне алуан әдістерді таңдауына жол ашары сөзсіз. Оның үстіне ойындар мен ойын кезеңдері дәстүрлі оқыту мен де жақсы үйлесіп кетеді.

Педагогикалық технология оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру және оны өткізудің формасымен анықталады. Педагогикалық технологияның өзіндік ерекшелігі: қойылған мақсатқа жету мүмкіндігіне кепілдік беретін оқыту үрдісін құрастыру және оны жүзеге асыру. Оқытылатын пән мазмұны, мұғалім мен оқушының өзара байланыс іс-әрекеті, оқушының ішкі даму үрдісі негізінде анықталған нақты мақсат ғана педагогикалық технология құрылымын түсіну кілті бола алады.

Технологиялар дамыған сайын оқу үрдісінде дәстүрлі оқыту мен қоса дәстүрлі емес құралдармен оқытуда кең таралуда. Соның бірі - электронды оқулық. Электронды оқулық дегеніміз – ол дидактикалық әдіс-тәсілдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негізделген түбегейлі жүйе. Оның дәстүрлі оқудан артықшылығы көп. Электронды оқулықпен жеке жұмыс істеуінің арқасында белгілі бір тақырыпты бірнеше рет қайталап оқуға, тыңдауға, түсінбеген сөзді бөліп, анықтама бөлімінен қарап, түсіндірмесін білуіне, оның грамматикалық жасалу жолдарын анықтауға көп көмегін тигізеді.

Жаңа ақпараттық технология білім берудің стратегиялық мақсаттарына қызмет етеді, атап айтқанда проблемаларды сараптай алатын жүйелі байланысты құра білетін, қайшылықтарды ашуға мейлінше жетілген, шешім қабылдауға, оны түрлі өзгерісте дамыту, білуге қабілетті, ойлау шығармашылық түрде қалыптасқан жеке тұлғаның интеллектуалдық – психологиялық дамуын (онлайн) бетпе-бет ұйымдастыру (Fase tofase) түрінде жүргізіледі. Сапалы бақылауды ұйымдастыру үшін web-камера мен жедел байланыс желісінің болуы шарт және де мультипроектор, сенсорлық экраннан тұратын интерактивті тақта болып табылады. Интерактивті тақтаға ақпарат микроскоп, цифрлық фотоаппарат, бейнекамера және т.б. перифериялық құрылғылардың көмегімен түседі. Интернет желісінде интерактивті тақта үшін көптеген ақпаратты қорлар ұсынылған. Соның бір дәлелі ретінде қазіргі заманғы ақпараттар тасқыны тудырып отырған талаптарға сай информатика сабағын интернетпен тығыз байланыстырып отырамын.

Қорыта айтқанда: Жаңа ақпараттық технологияның жылдан-жылға кең құлаш жайып, оның адам қызметінің барлық салаларына енуіне орай оқушылардың жұмыстарын компьютер – интернет ақрылы ұйымдастыру «Қазақстан – 2030» бағдарламасында көрсетілгендей көкейкесті мәселелерінің бірі интернетпен жұмыс жасауда оқушылар чатта жалпы немесе жеке онлайн – сұқбат түрлерін көреді, пайдаланады, үйренеді, ақпараттық сауаттылығы мен ақпараттық мәдениеті қалыптасады.  

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» Жолдауында: «Бізге оқыту әдістемелерін жаңғырту және өңірлік мектеп орталықтарын құра отырып, білім берудің онлайн-жүйелерін белсене дамыту керек болады» - деген болатын. Демек, елбасымыздың саясатын қолдар, біз, жас ұстаздар қауымы, білім беруде алдыңғы қатардан көрінеміз дегім келеді.

ХХІ ғасыр – ғылым ғасыры. Сондықтан жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Олай болса, мектептегі білім беру ісі  ғылыммен тығыз байланысты болып, жаңа дәуір жаңалықтарымен суарылып отыруы тиіс.

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.      “Болашақтың іргесін бірге қалаймыз”  Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2011 жыл .

2.      Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

  1. Ж.Садуова «Инновациялқ технологияларды білім беруде қолдану».// Білім. Алматы, № 5, 2006ж.

4.      “Информатика негіздері” журналы №1, 2010 жыл .

  1. С.Т.Мұхаметжанова, Ж.Ә.Жартынова, Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың          әдіс-тәсілдері. Алматы, 2008ж.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ДӘСТҮРЛІ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Садовод

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

ХХ ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер», - деген екен. Сондықтан қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын пән ерекшелігіне қарай қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы. Ұстаздық тәжірибемде алдыма қойған мақсатым – баланы қалайда қызықтыратын, қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Оның басты үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу үдерісінде бірлесе әрекет ету. Қазіргі кезде білім берудің әлемдік озық тәжірибелерін саралай отырып, бүгінгі оқытуда жас өспірімдерден күтілетін нәтиже, негізгі құзыреттіктердің қалыптасуымен айқындалады. Мұны көрнекі түрде былай көрсетуге болады

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 098 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.06.2020 313
    • DOCX 68 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Луканина Елена Викторовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Луканина Елена Викторовна
    Луканина Елена Викторовна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 108443
    • Всего материалов: 207

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Информатика")

Учитель информатики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Курс профессиональной переподготовки

Математика и информатика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель математики и информатики

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 52 человека

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по информатике и ИКТ в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 106 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 576 человек

Мини-курс

Предпринимательские риски

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Преодоление расстройств: путь к психическому здоровью"

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Мозг и психотерапия: влияние, методы и направления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 61 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 27 человек