Главная / Информатика / Информатика және Мультимедиялық кабинетте техника қауіпсіздігі ережесін сақтау

Информатика және Мультимедиялық кабинетте техника қауіпсіздігі ережесін сақтау

Жаңа оқу жылдарыңыз құтты болсын! ProPowerPoint.Ru
Информатика және Мультимедиялық кабинетте техника қауіпсіздігі ережесін сақта...
Компьютер электорлық прибор болып саналады, сондықтан да өз қауіпсіздіктерің ...
Болмайды ! Компьютерге басқа апараттардың сымдарын өзбетінше қосуға. Жұмыс іс...
Болмайды! Компьютердің артқы жағындағы ұяшықтарға қолмен немесе істік металл ...
Болмайды! Монитордың бетін Қолмен ұстауға болмайды ProPowerPoint.Ru
Болады Информатика кабинетінде техника қауіпсіздігін сақтауға Мұғалімнің рұқс...
Болмайды Монитор мен көздің арасындағы қашықтықты сақтау керек Мониторға тым ...
Болмайды Кабинетке сыртқы киіммен, бас киіммен және лас аяқ киіммен кіруге бо...
Болады!! Жұмыс бастамас бұрын компьютердің дұрыс жұмыс істеп тұрғанына көз же...
Болмайды Компьютердің алдында тамақ ішуге болмайды Сабақ үстінде компьютерлік...
Осы ережелерді сақтамаған жағдайда оқушы компьютермен жұмыс істеу құқығынан а...
Жаңа оқу жылдарыңыз құтты болсын! ProPowerPoint.Ru
1 из 13

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Жаңа оқу жылдарыңыз құтты болсын! ProPowerPoint.Ru
Описание слайда:

Жаңа оқу жылдарыңыз құтты болсын! ProPowerPoint.Ru

№ слайда 2 Информатика және Мультимедиялық кабинетте техника қауіпсіздігі ережесін сақтау Қ
Описание слайда:

Информатика және Мультимедиялық кабинетте техника қауіпсіздігі ережесін сақтау Қызылорда қаласы № 253 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Изтлеуова Гульмира ProPowerPoint.Ru

№ слайда 3 Компьютер электорлық прибор болып саналады, сондықтан да өз қауіпсіздіктерің үші
Описание слайда:

Компьютер электорлық прибор болып саналады, сондықтан да өз қауіпсіздіктерің үшін мынаны есте сақтаған абзал, әрбір жұмыс орнына тоқ көзі жүргізілген, абайлаңыз! ProPowerPoint.Ru

№ слайда 4 Болмайды ! Компьютерге басқа апараттардың сымдарын өзбетінше қосуға. Жұмыс істем
Описание слайда:

Болмайды ! Компьютерге басқа апараттардың сымдарын өзбетінше қосуға. Жұмыс істемейтін техниканы қолдануға Жұмыс істеп тұрған компьютерге кез келген техниканы жалғауға, ажыратуға болмайды, сымдары мен кабельдеріне тиісуге болмайды! ProPowerPoint.Ru

№ слайда 5 Болмайды! Компьютердің артқы жағындағы ұяшықтарға қолмен немесе істік металл зат
Описание слайда:

Болмайды! Компьютердің артқы жағындағы ұяшықтарға қолмен немесе істік металл заттармен тиюге болмайды Өзбетінше істемейтін техниканы жөндеуге болмайды Жүйелік блокты және мониторды өзбетінше орнынан қозғауға болмайды ProPowerPoint.Ru

№ слайда 6 Болмайды! Монитордың бетін Қолмен ұстауға болмайды ProPowerPoint.Ru
Описание слайда:

Болмайды! Монитордың бетін Қолмен ұстауға болмайды ProPowerPoint.Ru

№ слайда 7 Болады Информатика кабинетінде техника қауіпсіздігін сақтауға Мұғалімнің рұқсаты
Описание слайда:

Болады Информатика кабинетінде техника қауіпсіздігін сақтауға Мұғалімнің рұқсатымен кабинетке кіруге Кабинетте асықпай жүріп тұруға Тек өзіңе бөлінген компьютерде жұмыс істеуге ProPowerPoint.Ru

№ слайда 8 Болмайды Монитор мен көздің арасындағы қашықтықты сақтау керек Мониторға тым жақ
Описание слайда:

Болмайды Монитор мен көздің арасындағы қашықтықты сақтау керек Мониторға тым жақындама ProPowerPoint.Ru

№ слайда 9 Болмайды Кабинетке сыртқы киіммен, бас киіммен және лас аяқ киіммен кіруге болма
Описание слайда:

Болмайды Кабинетке сыртқы киіммен, бас киіммен және лас аяқ киіммен кіруге болмайды ! Лас, кір қолдармен жұмыс істеуге болмайды! Кабинетте қатты сөйлеуге, айқайлап шулауға, бәрін өзіне қаратуға болмайды! ProPowerPoint.Ru

№ слайда 10 Болады!! Жұмыс бастамас бұрын компьютердің дұрыс жұмыс істеп тұрғанына көз жеткі
Описание слайда:

Болады!! Жұмыс бастамас бұрын компьютердің дұрыс жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізу керек! Мұғалімнің айтқанын мұқият орындау керек. Сабақ аяқталғанда барлық жұмыс істеп тұрған бағдарламаларды жабу керек. Компьютер жұмыс істемеген жағдайда мұғалімге ескерту керек. ProPowerPoint.Ru

№ слайда 11 Болмайды Компьютердің алдында тамақ ішуге болмайды Сабақ үстінде компьютерлік ой
Описание слайда:

Болмайды Компьютердің алдында тамақ ішуге болмайды Сабақ үстінде компьютерлік ойындар ойнауға болмайды Компьютерді мұғалімнің рұқсатынсыз өшіріп қосуға болмайды Компьютердің қасына артық заттар қоюға болмайды. Компьютерлік бағдарламаларды жоюға (алып тастауға) болмайды ProPowerPoint.Ru

№ слайда 12 Осы ережелерді сақтамаған жағдайда оқушы компьютермен жұмыс істеу құқығынан айыр
Описание слайда:

Осы ережелерді сақтамаған жағдайда оқушы компьютермен жұмыс істеу құқығынан айырылады!!! ProPowerPoint.Ru

№ слайда 13 Жаңа оқу жылдарыңыз құтты болсын! ProPowerPoint.Ru
Описание слайда:

Жаңа оқу жылдарыңыз құтты болсын! ProPowerPoint.Ru

Информатика және Мультимедиялық кабинетте техника қауіпсіздігі ережесін сақтау
  • Информатика
Описание:

"Информатика және Мультимедиялық кабинетте техника қауіпсіздігі ережесін сақтау" тақырыбына жасалынған презентация 5-6 сынып оқушыларына арналған көрнекілік ретінде жасалынып отыр.

Сабақ №   1        Күні:                 Сыныбы: 5 сынып        Мұғалім: Ізтілеуова Г

 Сабақтың тақырыбы: Есептеуіш техника кабинетінде қауіпсіздік техника ережесін сақтау. Электр тогы зақымдалған жағдайда алғашқы көмек көрсету. Көзге жаттығу жасау. Жұмыстық уақытты есептеу журналы.

Сабақтың мақсаты:

-          Есептеуіш техникамен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерімен таныстыру.

-          Компьютер сыныбында өзін-өзі алып жүру ережелерімен таныстыру

-          Көз талғанда жасалатын жаттығулармен таныстыру

Сабақтық типі:  Практикалық элементі бар, көрсетіп түсіндіру

Сабақтық барысы:   

 І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.   Өткен оқу жылына шолу жасау.

ІІІ. Жаңа сабақ

Қауіпсіздік техникасының ережелерін төмендегі пунктерге бөлуге болады.

І. Жалпы

ІІ. Дк-де жұмысты бастау алдында

ІІІ. Жұмыс істеу кезінде

ІҮ. Авариялық жағдайларда

Ү. Жұмысты аяқтағанда

І. Жалпы қауіпсіздік талаптары:

  1. Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарды, розеткаларға, штекерге тиісуге тыйым салынады.
  2. Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпқа кіруге және сыныптан шығуға болмайды.
  3. ДК-де су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды.
  4. Пернетақтаның үстіне ештеңе қоюға болмайды.
  5. Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.

ІІ. ДК-де жұмыс істеуді бастау алдында қойлатын қауіпсіздік талаптары:

  1. ДК электр тоғына қосылмаған жағдайда сымдардың, ДК-дің корпусының бүтіндігін және бұзылмағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне  көз жеткізу керек.
  2. Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар салбырап тұрмауына көңіл бөлу керек.
  3. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі  қою керек.

ІІІ. ДК-мен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары:

  1. ЭЕМ-да жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы қашықтығын (60-70см) сақтау керек. Мүмкін қашықтық-50см.
  2. Келушілер келгенде оқушылар орнынан тұруының қажеті жоқ.
  3. Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді дем алдыратын бірнеше жаттығу орындау керек.
  4. Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, өрт сөндіргішпен  жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білу керек.

ІҮ. Апат жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары:

  1. ДК-де жұмыс істеу барысында ақауларын байқағанда, түтін немесе әдеттен тыс дыбыстар пайда болғанда жұмысты тоқтатып, аппаратураны өшіру және оқытушыға хабарлау керек.
  2. Қажет болса өртті сөндіруге көмектесу керек.
  3. Қажет болса, электр тогын зақымдағандарға алғашқы көмек көрсете білу керек.
  4. Компьютер сыныбында өртті сумен өшіруге  болмайтынын білу керек. Мұнда құмды немесе көбікті өрт сөндіргішті пайдалануға болады.
  5. Егер зақымданған адам электр тогының әсерінде болса, оны жалаңаш қолмен ұстауға болмайтынын білу керек. Зақымданушыны электр тогын өткізбейтін материалдарды пайдаланып босатуға болады.

Ү. ДК-де жұмысты аяқтау қауіпсіздігінің талаптары:

  1. Аппаратураны оқытушының нұсқауымен өшіру керек.
  2. Жұмыс орнын ретке келтіру керек.
  3. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.

 

Алғашқы медициналық көмек көрсету әдістері.

І. Электр тогымен зақымданғанда көмек көрсету:

  1. Токты ажырату
  2. Зақымданған адамды электр тогының әсерінен электр тогын өткізбейтін қол астындағы материалдарды пайдаланып босату.
  3. Зақымданған адамды қарап шығып, оған зардабының ауырлығына байланысты көмек көрсету.
  4. Дәрігер шақыру.

ІІ. Күйгенде көмек көрсету.

  1. Ауруды сездірмейтін және тыныштандыратын дәрілер беру (аналгин, валерьянка)
  2. Күйген жеріне май жағу  (винилин)
  3. Жарақаттанған жерге микробтар түспеуі үшін алдынала целлофанмен орап, суық судың астына ұстау
  4. Дәрігер шақыру
ІІІ. Талып қалғанда көмек көрсету
  1. Зақымданған адамды басын бұрып жазық жерге шалқасынан жатқызу.
  2. Дәрігер шақыру
ІҮ. Демі тоқтағанда көмек көрсету
  1. Зақымданған адамды тілінің аузындағы қалпын тексеру керек, егер ары кетіп қалған болса, қолмен орнына келтіру
  2. Дәрігер шақыру.
  3. Демі қалпына келгенше немесе дәрігерлер келіп жеткенше қолдан дем алдыру (ауыздан-ауызға) керек.

 

Көз талғанда жасалатын жаттығулар

1-жаттығу

-          Көздіріңнің бұлшық етін қатайтып, бірнеше секунд жұмыңдар

-          Көздеріңнің бұлшық етін босаңсытып, ашыңдар. Бұл кезде бірқалыпты дем алыңдар. 4-5 рет қайталаңдар

2-жаттығу

-          Кеңсірікке қарап тұрып, 3 рет терең дем алыңдар. Көздеріңді талдырмаңдар

-          Алысқа қадалып қараңдар

3-жаттығу

-          Бастарыңды бұрмай, ОҢҒА қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер

-          Алысқа қадалып қараңдар.

4-жаттығу

-          Көздеріңді 20-30 секунд бойы жиі-жиі жыпылықтатыңдар.

ІҮ. Жаңа сабақты қорыту

Ү. Үйге тапсырма беру

 

ҮІ. Бағалау. Қорыту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор Изтлеуова Гульмира Танатовна
Дата добавления 05.01.2015
Раздел Информатика
Подраздел
Просмотров 1427
Номер материала 31432
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓