Главная / Информатика / Информатика пәнінен факультативтік сабақ жоспары (5 класс)

Информатика пәнінен факультативтік сабақ жоспары (5 класс)

hello_html_m55a2fa49.gif
hello_html_6e561fc8.gif
hello_html_6e561fc8.gif
hello_html_m55a2fa49.gif
6 Хромтау гимназиясы





Бағдарламалау әлемі

5 класс






Дайындаған: Жаржанова Жайнагуль Куандыковна

информатика пәнінің мұғалімі






2014 жыл



Түсінік хат


Бұл курс бағдарламасы- білім алушылардың ақпараттық әлемді меңгеруде Паскаль бағдарламалау тілінің негізін үйрету арқылы ойлаудың математикалық есептеу, бағдарламалау бастамасын меңгертеді.

Бұл бағдарламаның басты мақсаты: алгоритмдік және логикалық ойлауды игеруі, компьютерді қызметтік құрал ретінде сарамандық меңгеру, есеп шығаруда алгоритмдік ықпалды дамыту мен математикалық функционалдық сауаттылық және ақпараттық мәдениетті қалыптастыру

Теориялық бөлімде Алгоритм, Алгорим типтері, Атқарушы, Программалау негіздері, Массив ,Модель мен Модель типтері ұғымдары қарастырылады. Нәтижесінде Программадағы мәліметтерді енгізу және шығару әрекеттерін ұйымдастыру, сызықтық, тармақтық және циклдік алгоритмдерді программалау, программалар жүйелерінің мүмкіндіктерін үйрену және талдау біліктерін қалыптастырады.

Дамытушылық бөлімінде курс барысында бағдарламалау тіліне кіріспе оқылады. Нәтижесінде алгоритм, оларды тарату мен орындау әдістері туралы ұғым қалыптастырады. Курстың мазмұны мен әдісі шығармашылық дамытуды мақсат еткен.

Сарамандық бөлімінде компьютердің әмбебап ақпараттық машина екендігі туралы түсінік қалыптасады, ЭЕМ әр түрлі мақсатта қолдану қарастырылады және білім алушылар компьютермен қарым-қатынас жасау дағдысын үйренеді.

Курс соңында оқушы оқу бағдарламасында көрсетiлген әрбiр тақырып жөнiнде бiлiм мен бiлiктiлiк жинағын алады. Жекелеген тақырыптар бойынша қызықты тапсырмалар мен сұрақтар, компьютердегi практикалық жұмыстар қарастырылған. Аталған кезеңдер бағдарлама құрылымында көрсетiлген.

Бұл курс бағдарламасының мақсаты:

  • Оқушыларға алгоритм ұғымын түсіндіру, алгоритмнің жазылу түрлерін, негізгі басқару құрылымдары туралы білімдерді меңгерту

  • Оқушыларды оқу процесінде компьютерлік технологиялармен жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастыруы;

  • Қолданбалы жеңіл бағдарламамен жұмыс жасау мүмкіндігін жетілдіру;

Бағдарламаның міндеттері

  • оқушылардың логикалық және алгоритмдiк ойлау қабiлетiн дамыту;

  • оқушылардың компьютерлiк сауаттылығын дамыту;

  • оқушылардың коммуникативтiк (тiлдiк) ойлау қабiлетi, өзіндік танымдық іс-әрекет жасау дағдылары мен шығармашылыққа бейiмдiлiгiн дамыту;

  • оқушылардың жүйелiк-ақпараттық бейнесiн, ақпараттық мәдениетiн және өзiн-өзi дамытуға және қызмет субъектiсi ретiнде қалыптастыру.

«Бағдарламалау әлемі» курсы бағдарламасы 34 сағатқа есептелген.

Күтілетін нәтижелер

Оқушылардың бiлiмi мен бiлiктiлiгiне қойылатын талаптар

Ненi бiлуi тиiс:

  • тiзбектiң мағынасы мен мәнiн және онымен жасалатын әрекеттер реттiлiгiн;

  • «жиындар ұғымын» ;

  • «модельдер» ұғымын;

  • графикалық және ақпараттық модельдер түсiнiгiн;

  • алгоритм және оның түрлерi – сызықтық, тармақталу және циклдiк алгоритмдер туралы мағлұматты;

  • «атқарушы» , «орта» және «атқарушының командалар жүйесi» ұғымдарын;

  • мәтіндік және графикалық редактордың мүмкiндiктерiн;

  • компьютерлік желілер түсінігін.

Ненi үйренуi тиiс:

  • тiзбектерге мысалдар келтiре бiлудi;

  • көрсетiлген белгiлерi бойынша нысан жиындарын ерекшелей бiлудi;

  • графикалық және ақпараттық модельдердi анықтай бiлудi;

  • сызықтық, тармақталу және циклдiк алгоритмдердi орындай бiлудi;

  • атқарушының командалар жүйесi көмегiмен берiлген атқарушының алгоритмiн құра бiлудi;

  • мәтіндік және графикалық редакторлар құралдарын орынды пайдалана бiлудi.











Курс мазмұны


Алгоритм түсінігі және оның қасиеттері. Алгоритмді түрлендіру тәсілдері. Алгорим типтері. Атқарушы. Алгоритмдер кітапханасы. Компьютерде есептерді шешу. Есептерді шешу кезеңдері. Бөліктеу әдістері.

Программалау негіздері: программалау тілінің алфавиті, командаларды жазу ережелері. Программа түсінігі оның құрылымы. Айнымалы түсінігі: аты, типі, мәні.

Мәліметтер типі түсінігі. Өрнек түсінігі.

Программадағы мәліметтерді енгізу және шығару әрекеттерін йымдастыру. Сызықтық, тармақтық және циклдік алгоритмдерді программалау. Литерлік шамалар. Графиктік объектілер. Ішкі программалар.

Массив түсінігі: элементтер типі, өлшемі, индекстері.

Программалар жүйелерінің мүмкіндіктерін үйрену.

Модель мен модельдеу түсінігі. Модель анықтамасы. Модель типтері. Компьютерлік модельдеу элементтері. Статистикалық және динамикалық модельдер. Модельдеу тәсілдері.

Компьютерлік байланыстың негізгі түрлері. Жергілікті желілер: құру тәсілдері, жұмысты ұйымдастыру, программалық қамсыздандыру. Глобальдық ақпараттық желілер. Интернет. Электрондық пошта. Қазіргі қоғамдағы ЭЕМ-нің рөлі: Интернет – бүкіләлемдік анықтама; бүкіләлемдік кітапхана; бүкіләлемдік білімдік орта; бүкіләлемдік дүкен. Әлемдік ақпараттық қоғам.









Бағдарламалау әлемі, 5 класс

Бөлімнің атауы және тақырыбы

Сағат

саны


Өту мерзімі


Мақсаты

Көрнекілігі

Пәнара

лық байланыс

Қолданыла

тын

әдебиеттер

1

Есептеуiш техника кабинетiндегi қауiпсiздiк ережелерi.

1


Есептеуіш техникасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру.

ДК,ЭО, кесте


нұсқау

2

Алгоритм және оның қасиеттерi.

1


Алгоритм, алгоритм қасиеттері және блок-схема ұғымдары туралы білімдерін қалыптастыру.

ДК, ЭО, кесте

физика

1


3

Блок-схемалар түрiндегi алгоритмдер көрсетiмi.

1


4

Алгоритмдердi алгоритм тiлiнде көрсету.

1


Алгоритмнің командалары және оның құрылымын түсіндіре отырып, практика жүзінде қолдануға үйрету;

ДК, ЭО, кесте


1

5

Қарапайым есептерді алгоритмдік тілінде шығару

1


6

Алгоритмдi Pascal бағдарламалау тiлiнде көрсету. Орындаушы түсiнiгi.

1


Паскаль тілінің алфавиті және алгоритм жазу ережелерімен таныстыру.

ДК, ЭО, кесте


1

7

Алгоритмнiң түрлерi: сызықтық, тармақталу, циклдiк. Көмекшi алгоритм түсiнiгi.

1


Алгоритмнің типтерімен таныстыру. Оқушылардың алгоритм типтерін құру дағдыларын дамыту

ДК, ЭО, кес, үлес мат

матем

1

8

ЭЕМ-да есеп шығару кезеңдерi: есептiң берiлуi, алгоритмi, тәсiлi, математикалық моделi, программасы.

1


Алгоритмнің командалары және оның құрылымын түсіндіре отырып, компьютерде есеп шығару кезеңдерімен таныстыру, практика жүзінде қолдануға үйрету


физика

1

9

Программалау тiлi. Тiлдiң алфавитi. Программалау тiлiнде алгоритм жазу ережесi. Шамалар, олардың түрлерi. Pascal бағдарламалау тiлiнде алгоритмдердi аудару.

1


Паскаль программалау тілі және оның негізгі элементтері, Паскаль ортасы туралы толық түсінік беру

ДК, ЭО, кес, үлес мат

қазақ тілі

1

10

Программа және оның құрылымы туралы түсiнiк.

Тармаќталу, таңдау командасымен есептердi шығару практикумы

1


Паскаль программалау тілі және оның негізгі элементтері, Паскаль ортасы туралы толық түсінік беру;



1

11

Берiлгендер типi туралы түсiнiк. Берiлгендердiң стандартты түрi.Айнымалы түсiнiгi.

1



Паскаль программалау тілінің алфавиті, тілдің қарапайым объектілері, мәліметтер типтері, стандартты функциялар мағлұмат беру.

ДК, ЭО, кес, үлес мат


1


12

Өрнектер. Әр түрлi тип мәндерiн өрнектерде пайдалану. Меншiктеу операторы. Сандық функциялар.

1


13

Берiлгендердi енгiзу және шығаруды ұйым-дастыру. Сызықтық алгоритмдi программалау. Таңдауды ұйымдастыру және шартты программа.

1


Паскаль программалау тілінің алфавиті, тілдің қарапайым объектілері, мәліметтер типтері, өрнектер және олардың жазылуы туралы толық мағлұмат беру.

ДК, ЭО, кес, үлес мат

матем

2

14

Циклдiк алгоритмдi программалау. Циклдiң түрлерi.

1


Паскаль тілінің параметрлі қайталау операторлары таныстырып, программа құруға дағдыландыру;


матем

2

15

Есеперді шығару.

1


Компьютерде есеп шығару кезеңдерімен таныстыру және практика жүзінде қолдануға үйрету




16

Графиктiк ереже. Экранның координаталық жазықтығы. Графиктiк редактор. Графиктiк объектiнi программалау.

1


Графикалық режимге көшу адаптерлері, CRT модуліндегі адаптерлердің мәтіндік мүмкіндіктері туралы толық мағлұмат беру;



2

17

Символдық берiлгендермен жұмыс жасау амалдары.

1


Символдық мәліметтермен жұмыс істеу тәсілдері. Символдық мәліметтерді енгізу. Паскаль тілінде мәтіндік ақпаратты өңдеу.

ДК, ЭО, кес, үлес мат

матем

2

18

Массивтiң мәнi және ол туралы түсiнiк.

1


Айнымалының саналатын және шектеулі типтері “жиым” ұғымы,бірөлшемді жиым туралы толық мағлұмат беру;


матем

2

19

Бiр өлшемдi массивтермен жұмыс.

1


Бірөлшемді жиымдарға есептер шығаруға үйрету.


матем

2

20

Кестелiк шамалар. Жиымдар.

1


Бірөлшемді және көпөлшемді жиым арасындағы айырмашылықты түсіндіру

ДК, ЭО, үлес мат

матем


2

21

Кестедегi барлық элементтердi жалпы ереже бойынша өңдеу.

1



Кестедегi барлық элементтердi жалпы ереже бойынша өңдеу.


матем

2

22

Берiлген шартты қанағаттандыратын кесте элементтерiн

1


23

Есепер шығару, массивтер.

1


Программа құру барысында массивтерді қолдана білуге үйрету.


матем

2

24

Кестедегi ең үлкен (ең кiшi) элементтi табу.

1


Кестедегi ең үлкен (ең кiшi) элементтi табу есептер шығаруға үйрету

ДК, ЭО, кесте

матем

2

25

Символдық мәлiметтермен жұмыс

1


Символдық мәліметтермен жұмыс істеу тәсілдері. Символдық мәліметтерді енгізу. Паскаль тілінде мәтіндік ақпаратты өңдеу.

ДК, ЭО, WP д/т , үлес мат

қазақ тілі

орыс тілі

2

26

Модельдеу. Модель түсiнiгi .

1


Модульдің түрлері: таңбалық және вербальдық ақпараттық, компьютерлік және компьютерлік емесмодельдер. Модельдеудің негізгі кезеңдері.

ДК, ЭО, WP д/т , үлес мат

орыс тілі

2


27

Модельдеу тәсiлдерi, кезеңдері

1


28

Көмекшi алгоритмдер. Процедуралар.

1


Көмекші программалар туралы жалпы түсінік. Стандартты, кітапханалық модуьдер. Бейстандарт функциялар мен процедуралар.

ДК, ЭО, WP д/т , үлес мат

геометрия

2


29

Көмекшi алгоритмдердi Pascal тiлiнде iске асыру

1


30

Есептердi шығару практикумы.

1


31

Ауқымды ақпараттық желiлер. Интернет.

1


Интернет желісі, электрондық пошта туралы түсінік беру. Интернеттен ақпарат іздеу және алу, электрондық поштамен жұмыс істей білуге үйрету;

ДК, ЭО, WP д/т , үлес мат

физика


1


32

Электрондық пошта арқылы хабарларды алу, жiберу. Ақпарат іздеу серверлері.

1


33

Жалпы жылдық қорытынды. Есептерді шығару, қайталау.

1


34

Қорытындылау сабағы

1























Әдебиеттер:

Мұғалімдерге арналған әдебиеттер:

  1. И. Г. Семакин, А. П. Шестаков Основы программирования. 2001год

  2. Ермеков Н.Т. Информатика ( Паскаль)-Алматы: Мектеп, 2010

  3. Бесова Л.Л., Семенова Е.Е. Равноуровневые дидактические материалы по информатике-М: Образование и информатика, 2002

  4. Информатика в уроках и задачах: Приложение у журналу «Информатика и образование»- М: Образование и информатика , 2001

  5. Алексеев В.Е., Ваулин А.С. Сборник задач и упражнений по программированию-М: Высшая школа , 1986

Оқушыларға арналған әдебиеттер:

  1. Д. Прайс. Программирование на языке Паскаль. Практическое руководство. 1987 год.

  2. М.А. Черкасов. Практический курс программирования на ПАСКАЛЕ. Уч. пособие. 2005 год.

  3. А. Епанешников, В. Епанешников. Программирование в среде Turbo Pascal 7.0. 1995 год.

  4. Суркова Е. В. Лабораторный практикум по программированию на языке Pascal. Задания и примеры. 2007 год.  

  5. Фаронов. Turbo Pascal 7.0 Начальный курс. 2003 год.

  6. В. Фаронов. Turbo Pascal - наиболее полное руководство. 2004 год.

  7. В. Г. Абрамов, Н. П. Трифонов, Г. Н. Трифонова. Введение в язык паскаль. 1988год.





Информатика пәнінен факультативтік сабақ жоспары (5 класс)
  • Информатика
Описание:

Бұл курс бағдарламасы- білім алушылардың   ақпараттық әлемді меңгеруде Паскаль бағдарламалау тілінің негізін үйрету арқылы  ойлаудың математикалық есептеу, бағдарламалау бастамасын меңгертеді.

Бұл бағдарламаның  басты  мақсаты: алгоритмдік және логикалық ойлауды игеруі, компьютерді қызметтік құрал ретінде сарамандық меңгеру, есеп шығаруда алгоритмдік ықпалды дамыту мен математикалық функционалдық сауаттылық және ақпараттық мәдениетті қалыптастыру

Теориялық бөлімде Алгоритм, Алгорим типтері, Атқарушы, Программалау негіздері, Массив ,Модель мен  Модель типтері ұғымдары қарастырылады. Нәтижесінде Программадағы мәліметтерді енгізу және шығару әрекеттерін ұйымдастыру, сызықтық, тармақтық және циклдік алгоритмдерді программалау, программалар жүйелерінің мүмкіндіктерін үйрену және талдау   біліктерін қалыптастырады.

Дамытушылық бөлімінде курс барысында бағдарламалау тіліне кіріспе оқылады. Нәтижесінде алгоритм, оларды тарату мен орындау әдістері туралы ұғым қалыптастырады. Курстың мазмұны мен әдісі шығармашылық дамытуды мақсат еткен.

Сарамандық бөлімінде компьютердің әмбебап ақпараттық машина екендігі туралы түсінік қалыптасады, ЭЕМ әр түрлі мақсатта қолдану қарастырылады және білім алушылар компьютермен қарым-қатынас жасау дағдысын үйренеді.

 

Курс  соңында оқушы  оқу бағдарламасында көрсетiлген әрбiр тақырып жөнiнде бiлiм мен бiлiктiлiк жинағын алады. Жекелеген тақырыптар бойынша қызықты тапсырмалар мен сұрақтар, компьютердегi практикалық жұмыстар қарастырылған. Аталған кезеңдер бағдарлама құрылымында көрсетiлген. 

 «Бағдарламалау әлемі» курсы  бағдарламасы  34  сағатқа есептелген.

Автор Жаржанова Жайнагуль Куандыковна
Дата добавления 04.01.2015
Раздел Информатика
Подраздел
Просмотров 1237
Номер материала 27511
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓