Главная / Информатика / Информатика пәнін басқа пәндермен біріктірілген сабақ түрінде өткізу

Информатика пәнін басқа пәндермен біріктірілген сабақ түрінде өткізу



Пән:

Информатиканы оқыту әдістемесі

Топ:

2аКИНФ

Уақыты:


Оқытушы:

Бекенова Сандуғаш Сағындыққызы

Сабақтың тақырыбы:

Информатика пәнін басқа пәндермен біріктірілген сабақ түрінде өткізу

Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

А) проблеманы шешу: информатикамен біріктірілген сабақ өткізудің себебін айқындау, оны шешуде жинақталған білік пен дағдыны пайдалану, өз әрекетін бағалау мен талдау, өз идеясын ұсыну қабілеттерін дамыту, студенттің өзіне деген сенімділігін арттыру, жобалық тапсырманы орындау арқылы әрбір студенттің шығармашылық әрекеті негізінде өзіндік дамуды жүзеге асыру, практикалық сипаттағы оқу мәселелерін шешу жолымен материалдарды талдауға үйрету

Ә) ақпараттық: студенттердің біріктірілген сабақ жөніндегі білімін жүйелеу, жинақтау, өз бетімен ақпараттық әрекеттің түрлерін тиімді жүзеге асыруда және күнделікті өмірде кездесетін түрлі жағдайларда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану білігін арттыру, дәстүрлі (қағаздық) және жаңа ақпараттық технологияларды (электрондық) пайдалану арқылы ақпарат көздерін іздеуге баулу, өз әрекетінде ақпаратты өңдеу, талдауды меңгерту

Б) коммуникативтік: қойылған мақсатқа жету үшін адамдарды ұйымдастыра білу, топпен жұмыс істеу, ораторлық қабілеттерін дамыту, студент бойында коммуникативті құзыреттіліктің вербальды және вербальды емес формаларын қалыптастыру және дамыту, коммуникативтік мәдениетке тәрбиелеу, коммуникативтік потенциалын көтеру

Сабақтың типі:

білімді жинақтау сабағы

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:

жобалап оқыту, АКТ, ұжымдық және топтық оқыту, ынтымақтастық

Сабақтың әдісі:

сұхбат, сұрақ-жауап, проблемалық оқыту және сыни ойлау әдісі, зерттеудің жалпы ғылыми әдіс-тәсілдері: дедукция және индукция, анализ және синтез, абстрактілеу және нақтылау, салыстыру, ұғымды анықтау және түсіндіру, модельдеу, болжау, негізгіні бөлу т.б.

Пәнаралық байланыс:

Информатика, педагогика, психология, математика, музыка, қазақ тілі, көркем еңбек, дүниетану

Оқыту құралдары:

Техникалық: компьютер, интерактивті тақта, видеопроектор, қаламдар

Программалық: MS Windows операциялық жүйесі, MS Windows ОЖ стандартты программалар тобы, MS Office пакеті, ActivStudio

Дидактикалық: үлестірме қағаздар, презентациялық материалдар, сабаққа қажетті плакат т.б.




Сабақтың барысы:

Оқытушының қызметі

Студенттің қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру бөлімі

  • Амандасады;

  • Жоқ студенттерді анықтайды;

  • Студенттердің сабаққа дайындығын тексереді;

  • Көрнекі құралдар, интерактивті тақта, қаламдар, т.б. дайындығын тексереді;

  • Белсенді оқу-танымдық әрекетке дайындық. Сабақтың негізгі кезеңіндегі оқу-танымдық әрекет түріне студенттерді дайындайды, тірек болатын білімдер мен іскерліктердің маңызын ашады:

  • Құрметті оқушылар! Біз бұрынғы сабақтарымызда информатика пәнін басқа пәндермен біріктірілген сабақ ретінде өткізуге болатынын айтқан болатынбыз. Ендеше, біріктірілген сабақ қалай ұйымдастырылады?








  • Бастауыш мектептегі оқу процесіндегі біріктірілген сабақтардың маңызы қандай, тиімділігі бар ма?











Бүгінгі сабақта біз бірнеше біріктірілген сабақ үлгісін тамашалайтын боламыз.

  • Әрекет ритміне тез қосылады және сабаққа назар аударады;

  • Сабаққа құрал-жабдықтарын дайындайды.






Оқушының үлгі-жауабы:

Студенттің ақпараттық мәдениетін дамытуға жағдай жасайтын бағыттардың бірі біріктірілген сабақтар болып табылады. Информатика сабағында алған білімдерін, дағдыларын басқа пәндерге қолдана алуы керек. Біріктірілген сабақты жоспарлау барысында мұғалім мақсатын, материал мазмұнын, сабақтың әдістерін, оқытудың құралдары мен формаларын анықтауы керек, нәтижені болжау қажет. Түрлі технологияларды біріктірілген сабақтарда қолдана отырып, мұғалім процесті әлдеқайда қызықты етеді.



Біріктірілген сабақ өткізуде бастауыш мектеп жасындағы балалардың ерекшеліктерін ескере отырып, баланың тұлғалық эмоциональды дамуы мен оның шығармашылық ойлауының қалыптасуына әсер ететін әлемді барлық қырынан көрсету мүмкіндігі пайда болады. Біріктірілген сабақ келесідей мүмкіндіктер туғызады:

  • әртүрлі пәндерден тұтас бір материал ретінде жаңа материалды игеру мүмкіндігі;

  • Бастауыш мектеп балаларының дүниетанымын кеңейту, оқушылардың сөйлеуін дамытудың кең мүмкіндігі

  • Ақыл-ой әрекеті дамиды

  • Оқуға деген құлшынысы артады;

  • Жағымды адамгершілік қасиеттер қалыптасады.

Коммуникативтік құзыреттілік: Студент сабақта жұмыс істеуге дайындалады, студент бойында коммуникативті құзыреттіліктің вербальды емес формалары қалыптасады және дамиды.

Сөйлемдерді сауатты құрады, өз ойын қарапайым және анық жеткізеді.


Проблеманы шешу құзыреттілігі: жинақталған білік пен дағдыны пайдалану арқылы өз ойын тұжырымдайды.


Ақпараттық құзыреттілік: студенттер өзіндегі ақпарат негізінде білімін жүйелейді, жинақтайды.


ІІ. Оқылған материалды қорытындылау


  • топ бойынша жоба қорғау арқылы

Бүгінгі сабағымыз жобалық технология арқылы өтеді. Біз осыдан бірнеше апта бұрын жоба жұмысына кіріскен болатынбыз. Ол үшін топты әрқайсысы 5 адамнан тұратын 5 кішкентай топқа бөлдік. Содан кейін әрбір топ жоба орындалуының келесі кезеңдерінен өтті:

  • зерттеу мәселесін айқындау және қою;

  • болжам айту;

  • зерттеу әдіс-тәсілдерін анықтау;

  • оқушыларды топтарға бөлу;

  • зерттеу әрекеттерін жоспарлау;

  • мәлімет жинау;

  • топтар арасында ақпарат алмасу, (мәліметтерді сәйкестеу, тексеру);

  • қорғауға дайындық;

  • жобаны қорғау;

  • қорытынды жасау.

Жоба жұмысы орындалуының соңғы кезеңі бүгінгі сабақта аяқталмақшы.

Сіздерге қойылатын талап: берілген тақырып бойынша әдебиеттерден, баспасөз беттерінен, Интернеттен, электрондық оқулықтардан жинақтаған материалдарды компьютерлік нұсқада презентациялап, қорғау

Ақпарат іздеу көздері: оқу құралдарымен жұмыс, ғылыми әдебиеттермен, электрондық оқулықтармен, Интернет сайттарында жұмыс

Жұмыс нәтижесі:

Сызбалар, суреттер, компьютерлік жұмыстар.

Жобаны қорғауға қажетті құралдар(аппараттық және программалық)

Компьютер, мультимедиялық видеопроектор, интерактивті тақта, MS Windows ОЖ, MS Office, ActivStudio

Әрбір топ өз жобасын 12 минут шеңберінде қорғап шығады.

Жоба қорғау:

I топ.

Информатика+математика біріктірілген сабақ үлгісін көрсету(№1 қосымша)

hello_html_m2f32876e.png



ІI топ.

Информатика+көркем еңбек біріктірілген сабақ үлгісін көрсету(№2 қосымша)

hello_html_24e555fc.png


IІІ топ.

Информатика+дүниетану біріктірілген сабақ үлгісін көрсету (№3 қосымша)

hello_html_m160ef538.png

IV топ.

Информатика+музыка біріктірілген сабақ үлгісін көрсету(№4 қосымша)

hello_html_m278b7a2f.png




V топ.

Информатика+қазақ тілі біріктірілген сабақ үлгісін көрсету(№5 қосымша)

hello_html_1d9941be.png


Проблеманы шешу құзыреттілігі: жобамен жұмыс істеу тәжірибесі қалыптасады, мәселенің себебін айқындау, терең талдау, өзбетіндік қорытынды шығару деңгейіне шығады, аудиторияға жобасын қорғау тәжірибесі артады, өзіндік даму жүзеге асады.


Ақпараттық құзыреттілік: дәстүрлі (қағаздық) және жаңа ақпараттық технологияларды (электрондық) пайдалану арқылы ақпарат іздей біледі, ақпаратты өңдейді, талдайды.


Коммуникативтік құзыреттілік:

Қойылған мақсатқа жету үшін адамдарды ұйымдастырады, топпен жұмыс істей алады, ораторлық қабілеті дамиды. Коммуникативтік потенциалы көтеріледі.

Коммуникативткі мәдениеті артады: шығармашылық ойлау қабілеті дамиды,

сөйлеу, өз эмоциясы мен қарым-қатынасын өзіндік реттеу,

қозғалыс қимылы, эмоциялық мәдениеті қалыптасады және дамиды, қарым-қатынастағы адамның коммуникативті әрекетін қабылдау мәдениеті жетіледі.


ІІІ. Сабақтың нәтижелеріне баға беру

Әрбір топқа басқа топтардың жұмысын берілген кесте бойынша талдап, бағалау үшін үлестірме топшама таратады:


Жобаны бағалау кестесі

Бағалау критериі

2

(нашар)

3

(шамалы)

4

(жақсы)

5

(өте жақсы)

Пәндердің байланысу деңгейі





Сабақ жоспарының құрылымы





Жоба мазмұны





Оригиналдылығы





Мультимедиялық құралдарды пайдалануы





Топпен жұмыстануы





Графикалық безендірілуі





Жобаны мектепте қолдануды ұйымдастыру деңгейі





Қорытынды баға:


Әрбір топ басқа топтардың жұмысын берілген кесте бойынша талдап, бағалайды.

Жалпы қорытынды ой:

Талдау:

1.Информатика+математика: Сабақтың тақырыбы: «Алгоритм. Сағат және минут». Пәндер өте жақсы деңгейде байланыстырылған, сәйкесінше сабақ жоспары жасақталған. Жоба мазмұны жақсы алынған. Сабақтың ерекшелігі – тапсырмалардың көптігінде. Мультимедиалық құралдар толық деңгейде қолданылған жоқ. Топпен аз деңгейде жұмыс жүргізілді. Жалпы жобаның графикалық безендірілуі өте жақсы, мектепте қолдануға болады.


2.Информатика+көркем еңбек Сабақтың тақырыбы: «Paint графиктік редакторы. Аппликация». Пәндер өте тамаша байланыстырылған, сәйкесінше сабақ жоспары жасақталған. Жоба мазмұны өте жақсы деңгейде. Сабақтың ерекшелігі – екі пәннің мұғалімі тапсырманың орындалуын кезекпен қадам бойынша түсіндіреді.. Анимацияны жоғары деңгейде қолданған. Топпен бірлесе отырып, аппликация суреті салынды. Графикалық безендірілуі өте жақсы, мектепте қолдануға болады.


3.Информатика+дүниетану Сабақтың тақырыбы: «Стандартты программалар. Жердің экологиялық қауіпсіздігі». Пәндердің байланыстырылуы жақсы, сабақ жоспары өте жақсы жасақталған. Жоба ойын түрінде алынған. Сабақтың ерекшелігі – мұғалімдердің үнді және жатжерлік болып киініп сахналауында. Мультимедиалық құралдар анимациялық эффектілерден және ғарыштан келген сигналды сипаттауда бероілген дыбыстардан көрінеді. Топпен өте жақсы жұмыс істелді. Жобаның графикалық безендірілуі өте жақсы,жоба мазмұнына сай суреттер таңдалған. Мектепте қолдануды ұйымдастыруға болады.


4.Информатика+музыка Сабақтың тақырыбы: «Мультимедиялық мүмкіндіктер. “Шырша” әні». Пәндердің байланысу деңгейі жақсы алынған, сабақ жоспары жақсы жасақталған. Жоба мазмұны бастауыш мектеп оқушысы ерекшеліктерін ескере отырып жасалған. Сабақтың ерекшелігі – интерактивті тақтамен жұмыс істеуде мәтін оқу, сурет салу, видео арқылы түсіндіру, музыка тыңдау, дыбыс жазу сияқты мүмкіндіктерді пайдалануында. Мультимедиалық құралдар қолданылды. Топпен жұмыс жүргізілді. Жалпы жобаның графикалық безендірілуі жақсы деуге болады, мектепте қолдануға ұсынылады.


5.Информатика+қазақ тілі Сабақтың тақырыбы: «Компьютердің құрылысы.Зат есімнің септелуі». Пәндер өте жақсы деңгейде байланыстырылған, сәйкесінше сабақ жоспары жасақталған. Жоба мазмұны өте мағыналы. Сабақтың ерекшелігі – берілген өлеңнің әрбір жолындағы Компьютер сөзі септік бойынша септелуімен қатар өлең мағынасы компьютер маңызын ашып көрсетеді. Мультимедиалық құралдар қолданылды. Топпен жұмыс істелді. Жобаның графикалық безендірілуікөз тартады,, мектепте қолданылса оқушылардың қызығушылығын арттырары сөзсіз.


Бағалау: талдау нәтижесі бойынша барлық топтардың жоба жұмысы «өте жақсы» деп бағаланды.

Проблеманы шешу құзыреттілігі: өз идеясы мен ұсыныстарын ортаға салады, студенттің өзіне деген сенімділігі артады.


Ақпараттық құзыреттілік: ақпаратты өңдейді, талдайды.


Коммуникативтік құзыреттілік: Студент өзін басқалармен тең дәрежеде ұстайды, коммуникативті құзыреттіліктің вербальды (таңбалық жүйе ретінде сөйлеу алынады) және вербальды емес (түрлі сөздік емес таңбалық жүйелер қолданылады) формалары дамиды.


ІҮ. Үйге тапсырма.

Білімді әрі қарай дамыту және әрі қарай оқуға бағытталған үй тапсырмасын хабарлайды, оны орындау әдістемесін түсіндіреді: «Біріктірілген сабақ өткізуде қолданылатын технологиялар» тақырыбында реферат жазу

Үй тапсырмасын жазып алады, оны орындау әдістемесін түсінеді.

Проблеманы шешу құзыреттілігі: мәселенің себебін айқындау, өзіндік даму жүзеге асады.

Ақпараттық құзыреттілік: ақпарат іздеу көзін жобалайды.

Коммуникативтік құзыреттілік:

Қарым-қатынастағы адамның коммуникативті әрекетін қабылдау мәдениеті артады.


V. Қорытынды

  • Студенттер жұмысына жалпы сипаттама береді;

Бүгінгі жоба жұмысының қорғалуы жоғары деңгейде өтті деп ойлаймын. Барлық топтар өз тақырыптарын терең аша білді, толық жұмыстанған.

  • Жоба қорғаудағы жетістіктерді көрсетеді;

Информатика+математика біріктірілген сабағында тапсырмалар өте жақсы құрылған.

Информатика+көркем еңбек біріктірілген сабағында сурет салу кезеңдерін қадаммен көрсетуі тамаша іс болды.

Информатика+дүниетану біріктірілген сабағының мазмұны өте терең, ал сахналанған түрде жүргізілуі оқушылардың қызығушылығын туғызары сөзсіз.

Информатика+музыка біріктірілген сабағында интерактивті тақта мүмкіндіктерін кеңінен қолданды.

Информатика+қазақ тілі біріктірілген сабағында пәндердің байланысу деңгейі жоғары.

  • Кемшіліктерді ашады, олардың алдын алу жолдарын көрсетеді:

Сабақ барысында компьютердің мультимедиалық мүмкіндіктерін әлі де болса көбірек пайдалануға болатын еді.

  • Сабақты қорытындылайды: Біріктірілген сабақ өткізу - ақпараттық мәдениетті қалыптастырудың бір бөлігі екені айтылды. Ендеше, бүгінгі сабақ біздің кәсіби құзыреттілігімізді көтеруге аз ғана болса өз септегін тигізді деген үмітпен сабағымызды қорытындылаймыз.

  • Оқытушы сөзіне назар аударады;

  • Сабақты ойша зерделейді;

  • Жетістіктер мен кемшіліктерді қабылдайды;

  • Жұмыс орнын жинайды;

  • Оқытушымен қоштасады.

Проблеманы шешу құзыреттілігі: өз кемшіліктерін мойындау, сынды қабылдау, өзіндік даму жүзеге асады.


Ақпараттық құзыреттілік: өз бетімен ақпараттық әрекеттің түрлерін тиімді жүзеге асырады.


Коммуникативтік құзыреттілік:

Қарым-қатынастағы адамды тыңдай, сыйлай біледі.





Информатика пәнін басқа пәндермен біріктірілген сабақ түрінде өткізу
  • Информатика
Описание:

А) проблеманы шешу:информатикамен біріктірілген сабақ өткізудің  себебін айқындау, оны шешуде жинақталған білік пен дағдыны пайдалану, өз әрекетін бағалау мен талдау, өз идеясын ұсыну қабілеттерін дамыту, студенттің өзіне деген сенімділігін арттыру, жобалық тапсырманы орындау арқылы әрбір студенттің шығармашылық әрекеті негізінде өзіндік дамуды жүзеге асыру, практикалық сипаттағы оқу мәселелерін шешу жолымен материалдарды талдауға үйрету

Ә) ақпараттық:студенттердің біріктірілген сабақ жөніндегі білімін жүйелеу, жинақтау, өз бетімен ақпараттық әрекеттің түрлерін тиімді жүзеге асыруда және күнделікті өмірде кездесетін түрлі жағдайларда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану білігін арттыру, дәстүрлі (қағаздық) және жаңа ақпараттық технологияларды (электрондық) пайдалану арқылы ақпарат көздерін іздеуге баулу, өз әрекетінде ақпаратты өңдеу, талдауды меңгерту

Б) коммуникативтік:қойылған мақсатқа жету үшін адамдарды ұйымдастыра білу, топпен жұмыс істеу, ораторлық қабілеттерін дамыту, студент бойында коммуникативті құзыреттіліктің вербальды және вербальды емес формаларын қалыптастыру және дамыту, коммуникативтік мәдениетке тәрбиелеу, коммуникативтік потенциалын көтеру

Автор Бекенова Сандугаш Сагиндиковна
Дата добавления 10.01.2015
Раздел Информатика
Подраздел
Просмотров 739
Номер материала 51660
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓