Главная / Информатика / Информатика патшалығында сынып тыс жұмыс

Информатика патшалығында сынып тыс жұмыс

Информатика патшалығында (сыныптан тыс іс-шара)


Тақырыбы: «Информатика патшалығында»
Мақсаты:
Білімділік: оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, бақылап, бағалау, өз беттерінше білім деңгейлерін көтеруге жағдай жасау.
Дамытушылық: оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: оқушыларды шапшаңдыққа, өз ойларын анық жеткізе білуге, жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, жан - жақты болуға, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, презентация, плакат, маркер

Кезеңдері:
1. Дешифратор
2. «Егер мен болсам...»
3. «Қазақстан – 2050»
4. Көкпар
5. Логикалық сұрақтар
6. Шығармашылық тапсырма
Жауап берген оқушыға жұлдызша беріледі.Жұлдызша көп жинаған оқушылар марапатталады.
Барысы:
1 кезеңі
.
1. «Ақпарат» сөзі латын тілінен аударғанда түсіндіру, баяндау, мәлімет дегенді білдіреді. (ия)
2. Баспаға шығару құрылғысы пернетақта деп аталады. (жоқ)
3. Адам ақпаратты сақтай алмайды. (жоқ)
4. Ең алғашқы ЭЕМ 1946 жылы АҚШ - та пайда болды.(ия)
5. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі килобайт деп аталады. (жоқ)
6. Компьютер ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал.(ия)
7. Тышқан ақпаратты сақтауға арналған құрылғы. (жоқ)
8. Пернетақта компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)
9. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 80 перне болады. (жоқ)
10. Delete алдыңғы символды өшіру пернесі (жоқ)
11. Компьютерде жұмыс жасау үшін операциялық жүйенің қажеті жоқ. (жоқ)
12. 1 Мегабайт 8 байтқа тең. (жоқ)
13. ЭЕМ дамуының І буынында электрондық шамдар пайдаланылды. (ия)
14. Адамға ақпарат дыбыс, мәтін, графикалық түрде берілмейді. (жоқ)
15. Процессор - ол компьютердің миы. (ия)

1. «Информатика» пәні ЭЕМ - нің көмегімен ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. (ия)
2. 1 Килобайт 1024 байтқа тең. (ия)
3. Дисплей компьютер экранына ақпаратты шығарушы құрылғы (ия)
4. Сканер ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)
5. Электронды есептеуіш техниканың даму тарихы бірнеше буындарға бөлінеді. (ия)
6. ЭЕМ - нің дамуының ІІІ буынында электрондық шамдар пайдаланылды. (жоқ)
7. Бит, байт ақпараттың өлшем бірліктері. (ия)
8. Пернетақта, сканер ДК - дің сыртқы құрылғыларына жатады. (ия)
9. Принтер - ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. (ия)
10. 1846 жылы Бэббидж машинасына программа жазған Ада Лавлейс. (ия)
11. 1 Кбайтта 1024 Мбайт бар. (жоқ)
12. Процессор - ол компьютердің миы. (ия)
13. Пернетақта компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)
14. 1 Килобайт 8 байтқа тең. (жоқ)
15. ЭЕМ - нің даму тарихы 7 буыннан тұрады. (жоқ)

ІІ кезең
Егер де мен болсам.......
Егер болсаң мамандықтың иесі.
Не істер едің бұл өмірде жүйелі.
Асыл тастан өнер жастан шығар деп
Бабам айтқан баба сөзі киелі.

Сұрақ. Тышқанның шаригі кірленіп жүрмей қалса не істер едің?
Ол үшін 8 зат берілген:
1. Табақтағы су.
2. сабын
3. орамал
4. парақ
5. спирт
6. мақта
7. отвертка
8. қайшы

Топ басшылары шығып заттарды көріп сұраққа жауап беруге тырысады. Қағаз, қалам алып өз ойларын жазады.
1 минут уақыт.
Жауабы: алдымен тышқан шаригін алып, оны табақтағы сабын суға жауып, орамалға сүртіп парақ бетіне әбден кепкенше қоямыз, ал тышқан ішін спиртке малынған мақтамен сүртеміз.

ІІІ кезең
Кім көп біледі. Әр топқа компьютерге байланысты өз ойларынша «Компьютер - 2030» деген тақырыпқа салынған суретті қорғайды.

V
I кезең.
«Логикалық сұрақтар»
Шарты: Әр топқа 3 логикалық сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауап 5 ұпай

• Елеуішпен су әкелуге бола ма?
• Бес адам кездесіп қалып, бір - бірімен қол алысты? Барлық қол алысу саны қанша?
• Термометр аяз болғасын - үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?
• Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше
стакан қалды?
• Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы үш жеңіл машина және бір камазды кездестірді. Ауылға қанша машина бара жатыр?
• Бір жылда ең көп дегенде неше жексенбі болуы мүмкін?

VI кезең. «Шығармашылық тапсырма»
Марапаттау
Бүгінгі көріп тамашалаған “ Информатика патшалығында ”
кеші өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!!!

Информатика патшалығында сынып тыс жұмыс
  • Информатика
Описание:

Тақырыбы: «Информатика патшалығында»
Мақсаты:
Білімділік: оқушылардың информатика пәніненалғанбілімдерінжинақтау, бақылап, бағалау, өзбеттеріншебілімдеңгейлерінкөтеругежағдайжасау.
Дамытушылық: оқушылардыңойлауын, компьютерліксауаттылығы мен іскерлігін, танымдыққабілетін, логикалық сауаттылығындамытаотырып, олардыңпәнге деген қызығушылығын, белсенділігінарттыру.
Тәрбиелік: оқушылардышапшаңдыққа, өзойларын анық жеткізебілуге, жауапкершілікке, өзбетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесінежетуге, ұйымшылдыққа, жан - жақтыболуға, ізденімпаздылыққатәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивтітақта, компьютер, презентация, плакат, маркер


Автор Айткалиева Баян Сабыргалиевна
Дата добавления 24.12.2014
Раздел Информатика
Подраздел
Просмотров 344
Номер материала 11469
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓