Инфоурок Информатика Рабочие программы"Информатика курсында сыни тұрғысынан ойлауды оқыту" жинағы

"Информатика курсында сыни тұрғысынан ойлауды оқыту" жинағы

Скачать материал

Мазмұны:

 

І. Кіріспе ..................................................... 2-6 беттер

ІІ. Информатика пәні бойынша

орта мерзімді жоспар................................. 7-10 беттер

ІІІ. Информатика пәні бойынша

қысқа мерзімді жоспарлар........................11-18 беттер

1.    Презентациялар....................................... 11-12 беттер

2.    Презентацияларды құру.

Безендіру шаблондары................................ 13-14 беттер

3.    Мәтінді құру, кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіру......................................... 15-16 беттер

4.    Слайдтардың әсерлерін және көрсетулерін баптауды үйрену............................................................ 17-18 беттер

ІҮ. Қолданылған әдебиеттер................... 19 бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

«Ұстаз болу – ұлылық» - дейді халық даналығы. Ұлы қасиеттерді бойына сіңірген нағыз ұстаз болу - көп ізденісті талап етеді. Қазіргі талап – білім беру құрылымын жетілдіру, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері мен формаларды енгізу. Бұл мұғалімге бұрын соңды болмаған жауапкершілікті жүктейді.

Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының үшінші (негізгі) деңгей Бағдарламасының күтілетін нәтижесі - оқушылар қалай оқу керектігін және сыни тұрғысынан ойлануға үйреніп, еркін ойын айту арқылы өз-өзіне сенімді тұлға қалыптасады. Білім беру – тек оқу материалдарын меңгерту ғана емес, оны оқушылардың өздері талдау жасай біліп, өмірде қолдана ала білуі арқылы жүзеге асады. Бұл оқушылардың дамуын, ойлауын, есте сақтауын арттырады. Сол себепті сабақтарымда оқытудың әртүрлі стратегиялары мен Бағдарламаның жеті модулін қолданамын. Бағдарламаның жеті модулі бір-бірімен өзара байланыста. Дегенмен курс барысында «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модуліне кеңірек тоқталғанда бірден қызықтырды. Сол күні-ақ оқушылармен қалай жұмыс істейтінімді ойластырып қойдым деуге болады. Әрине, өз пәніме енгізу қиындық туғызатынын білдім (компьютермен практикалық жұмысқа уақыт жетіспеушілігі), сол қиындықтың өзі қызықтырды. Бұл модульді таңдаған себебім оқушылардың қызығушылығын ояту және топтық жұмыс жасауға үйрету..

Сыни тұрғыдан ойлау әдісі негізделген дәлелдер мен мәнмәтіндерді, тұжырымдылық пен әдістер және критерийлерді қолдана білетін, нысаналы, өзін реттей алатын ой үдерісі ретінде бейнеленіп отыр. Балалардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға байланысты, атап айтқанда: тыңдау мен зерттеу арқылы оқу, мәнмәтінге көңіл бөліп, шешім қабылдау үшін тиісті өлшемдерді қолдана білу сияқты дағдылармен қоса, мұғалімдер:

-     білім беру бағдарламасы мен оқыту үдерісін түсіну үшін қажетті теориялық базаны;

-     қорытынды мен тұжырымдарды қалыптастырудың тиісті әдістері мен технологияларын дамыту керек [1, 52].

Мұғалім сыни тұрғысынан ойлана алмаса, оқушыларына да үйрету қиындыққа түседі деп ойлаймын.

Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Сыни  тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді [1, 49]. Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушы ой қозғайды, өз ойы мен өзгелердің ойына сыни қарайды, дәлелдемелер мен тұжырымдамалар келтіру арқылы жұппен және топпен бірлесіп талдау жасай отыра шығармашылығын дамытады. Сыни тұрғысынан ойлау модулін сабаққа енгізудің тиімділігі - оқушының өзі ізденіп, дәлелдемелер келтіру арқылы, өз ойын жеткізе білуі. Сын тұрғысынан ойлау модулін сабақта қолдану арқылы оқушының пікірталастыруына, еркін сөйлеуіне, достарының ойын тыңдауына, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шеше алуына үйретемін.

Балалардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерінен табуды қажет ететін негізгі ерекшеліктер:

Ұтқырлық: ең жақсы түсініктемені табуға ұмтылу; үзілді-кесілді жауаптарды іздеудің орнына сұрақтар қою, дәлелдерді талап етіп, кез келген дәлелді есепке алып отыру; эмоцияға емес, себепке негізделу.

Сыңаржақтылықтың болмауы: ьарлық қорытындыларды бағалау; болжамды көзқарастар мен мүмкіндіктердің барлығын қарастыру; баламалы интерпретацияларға ашық болуға ұмтылу.

Пайым: дәлелдердің деңгейі мен маңызын мойындау, балама жорамалдар мен мүмкіндіктердің орынды екендігін немесе артықшылығын мойындау.

Тәртіп: тиянақты, нақты және жан-жақты болу.

Өзіндік сана-сезім: өзіміздің эмоциямыз бен көзқарасымыздың, сеніміміз бен болжамдарымыздың субъективті екенін сезіну [1, 54] – қарастыра отырып, оқушыларымнан өзіндік сана-сезім, тәртіп ерекшеліктері кездессе, ұтқырлық, сыңаржақтылықтың болмауы, пайым кей кезде ғана көрініс табады.

Сабақтарымда оқушылардың белсенділігін арттырып, қызықтыру үшін мен әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданамын. Сыни тұрғысынан ойлануға топтық, жұптық жұмыстар жүргізу арқылы постер, кластер құрып, баяндау, дәлелдеу, Венн диаграммасы, ессе жазу, тақырыпты анықтау, «ыстық орындық» (өз сабағымда «Ақыл орындығы» деп алдым), үш ұйғарым, жұптық сұхбат, өзін, өзгені, жұпты, топты бағалау, «ойлан, біріктір, бөліс» деген әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, төрт сабақ бойы оқушылармен белсене жұмыс жасаймыз. 

Мұғалім диалог жүргізудің ережелері туралы келісімді нақтылап, сыныпта диалогтік үлгі құруы керек, оқушылар бір-бірімен жаңа және ең тиімді тәсілдерді іздестіре және мағына құрудың бірлескен тәсілдерімен әрекет ете отырып жұмыс жасауы керек. Ол үшін оқушылардың ерекшелігі мен қызығушылығын түсініп, олардың қарым-қатынастары мен эмоцияларына көңіл аудару қажет [1, 52].

Сыныптағы диалог үлгісі өте маңызды, сондықтан сабақтарымда  мұғалім оқушы, оқушы оқушы диалогты іске асты. Балаларды диалог пен дәйектеуге, талқылауға тарту белсенді жүргізілген жағдайда олардың оқуы тиімдірек және зияткерлік жетістіктері жоғары болатынын дәлелдейтін зерттеулер де көбейе түсуде (Wolfe and Alexander, 2008) [1, 51].

Доктор Кристианна Алгер дұрыс қойылған сұрақтар сыныптың сын тұрғысынан ойлауын қалыптастыра алады деп пайымдаған. Айқындық – Сіз мұны басқа сөздермен айта аласыз ба? Не айтқаныңызды ойлай аласыз ба? Нақтылық – Бұл тұжырымның растығын қалай тексере аламыз? Оның дұрыстығын қалай тексеруге болады? Тереңдік – Қандай фактор бұл мәселені қиындатады? Байланыстық – Бұл мәселеге қатысы қандай? Әділдік – Сіз бұл мәселеге шын мәнінде қызығушылық танытасыз ба? – деген сұрақтарды қарастырған [4, 5 күн].

Көзбен көру және ауызша ақпарат көздерімен тікелей қарым-қатынас жасау балаларға дәйектеу дағдыларын шынықтыруға және жеке тәсілдермен білім алуға мүмкіндік береді және формальды түрде оқуды азайтады [1, 50].

Сындарлы оқыту мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету [1, 6].

Жалпы сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақ қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолданады; олар ауызша, жазбаша, көзбен шолу дәлелдеріне сенімсіздікпен қарай отырып, ештеңеге сенбейді, мұндай адамдар жаңашыл идеялар мен келешекке ашық болады [1, 54]. Сонымен, өз сабақтарымда сыни тұрғыдан ойлауға үйрету барысында мынадай қорытыныдыға келдім:

·      Білімді өз бетімен алуға үйренді

·      Шығармашылық қабілеті, қызығушылығы мен белсенділігі артты

·      Іздену арқылы білімге деген құштарлығы оянды

·      Оқушылар топтық жұмыста өз жобаларын мен болжамдарын талқылауды үйренді 

·      Дүниетанымдық көзқарасы жетілді

·      Өз ойын дәлелдей білді

·      Қай деңгейде екендерін өздері саралады (анализ, синтез, бағалау)

·      Ұйымшылдыққа, бірлескен жұмысқа, пікір айтып, өзгені де тыңдауға дағдыланды.

«Маған айтып берсең, ұмытып қалармын, көрсетіп берсең есте сақтармын, өзіме жасатсаң, үйреніп алармын»,- деген шығыс нақылы бойынша жұмыс істеуіміз керек деп санаймын.

Овал: 5«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы сабақта үнемі қолдану барысында, бұрын сәтсіздіктен қашып, оқуға талаптанбайтын, ғылымның маңызын төмен санап, білімнің қажетін ескермейтін, құнды ақпараттарды енжар қабылдайтын оқушылар, әсіресе үлгерімі орташа деңгейдегі оқушылардың сабаққа ынтасы өзгерді. Ал үздіктер мен оқу екпінділерінің көпшілігі не жазаланбау үшін, не мадақтау үшін, не өзгелерден жоғарырақ болу үшін оқып келсе, енді қызықты ақпараттарды  өз бетінше іздеп тауып, өзгерлермен ой бөлісуге асығатын  болды. Мұның бәрі олардың табысқа жиі жетіп, өз күшіне сенуінің  арқасында болып жатқан өзгерістер. Оқушылар жүргізілген сауалнамаларға берген өз жауаптарымда жұмысты жоспарлау, жағдайға бейімделу, нәтижені нақты бағалау сияқты қабылеттерді,  табандылық, сынға төзімділік сияқты қасиеттерді жиі көрсете бастады [2,3] – деп жазған әріптесіммен келісемін. Себебі оқушылар пікірлерін еркін айтып, жоғары деңгейде ойлап, өздеріне сенімді болған жағдайда ғана сабақта ынтасы жақсарады, қызығушылығы оянып, белсенділігі артады деп ойлаймын. Әрбір әдіс-тәсілдерді, тапсырмаларды оқушыларға бағыттауымыз қажет, олардың ойлауына, қиялына, қызығушылығына, қарым-қатынасына негізделу керек деп санаймын. Оқушының тереңде жатқан ойын қозғауға түрткі болуымыз қажет. Сонда  ғана терең, ауқымды ойлана алатын, өз пікірін дәлелдейтін, жан-жақты, шығармашылық қабілеті дамыған, логикалық ойы қалыптасқан, рухани мәдениеті бар, көзқарасы кең оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыра аламыз деп ойлаймын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Информатика пәні бойынша орта мерзімді жоспар

Мақсаты: Сыни тұрғысынан ойлану арқылы информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтар

Оқып-үйренудің негізгі мақсаттары

Оқып-үйренудің нәтижесі

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер

Үйрену мақсатында бағаны қоса, бағалау

№ 1

Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру

Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыруды қайталау

 

 

1. Жалпы техника қауіпсіздігін біледі

2. Көз талғанда арналған жаттығулар жасай алады

3. Алғашқы көмек көрсете алады

 

Бір-біріне тілек айту

Ақыл орындығы

Сұрақ жауап

Оқушымен оқушы арасындағы диалог

Түс арқылы топқа бөлу

Топта постер құрап, түсіндіру, дәлелдеу

Сергіту сәті

Кері байланыс

Баспалдақ

Формативті бағалау: мадақтау, мақтау айту, қолпаштау

 

 

Қарсы топқа екі жұлдыз бір ұсыныс

Баспалдаққа  қай деңгейде тұрғанының стикерге суретін салып жабыстыру

№2 Әлемнің ақпараттық бейнесі, ақпарат қасиеті

Ақпарат туралы мағлұматпен танысу

 

 

 

1. Ақпараттың анықтамасын біледі

2. Ақпараттың қабылдау арналарын біледі

3. Ақпараттың қасиетін біледі

 «Ерке есім» ойыны ойнату

Видео көру арқылы өз ойларын айту

Жұпта постер құру

Жұптық диалог

Оқушы мен оқушы

Мұғалім мен оқушы

Сергіту сәті

Компьютермен жұмыс

Кері байланыс

Формативті бағалау: мадақтау, мақтау айту

Жұптар критерий арқылы өзара бағалау

 

Стикерлер тарату

Не білдім?

Не білгім келеді?

№ 3 Ақпаратты қорғау

Ақпаратты қорғау не үшін қажет екенін түсіну

 

 

1.     Ақпаратты не үшін қорғауды біледі

2.     Ақпаратты қорғау үшін арналған бағдарламаларды білу

«Сыныптасынды таңы» ойыны

 

Жұппен жұмыс

Үш ұйғарым жазу, оның біреуі жалған

Реттік сан 1, 2 бойынша

2 топқа бөлу

Тапсырма интерактивті тақтада жазылып тұрады

1.     Ақпаратты қорғау

2.     Ақпараттың өлшем бірліктері

Сергіту сәті

Компьютермен жұмыс

Ақпараттың өлшем бірліктерін анықтау

Кері байланыс

Формативті бағалау: мадақтау, мақтау айту

 

 

 

Қарсы топқа 2 жұлдыз 1 ұсыныс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Блоб ағашы

№4 Вирусқа қарсы программалар

Вирусқа қарсы программалармен танысу

 

1.     Вирусқа қарсы программаларды біледі

2.    Вирусқа қарсы программалармен жұмыс істей алады

Жұптасып әлем елдерінде сәлемдесу рәсімдерін жасайды

 

Тақырыптық түйінді сөздер

Сөздер банкісі  біздің тақырып

Топқа суреттер арқылы бөлу

1-топ Детекторлар

2-топ Полифагтар

Ойлан

Біріктір

Бөліс

«Ұқсастықты тап»  сергіту сәті

Компьютермен жұмыс

Тапсырмалар

Вирусқа қарсы программамен жеке жұмыс

Кері байланыс

Формативті бағалау: мадақтау, мақтау айту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бас бармақ

№ 5 Ақпаратты сығу, мұрағаттау программалары

Ақпаратты сығу және мұрағаттау программаларымен танысу

1.     Ақпаратты сығу және мұрағаттау не үшін екенін біледі

2.     Ақпаратты сығу және мұрағаттау программаларымен жұмыс істей алады

Сабаққа байланысты тілек айту

Жұппен жұмыс

«Ғажайып алаң» ойыны

Реттік сан 1, 2 бойынша

2 топқа бөлу

Ақпаратты сығу, мұрағаттау программалары

Сергіту сәті

Компьютермен жұмыс

Ақпаратты сығу және мұрағаттау программаларымен жұмыс істеу

Деңгейлік сұрақтар жазбаша жауап алынады

Кері байланыс

Формативті бағалау: мадақтау, мақтау айту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көңіл-күй көрсету

№ 6

Есептеу техникасының даму тарихы, электронды-есептеуіш машиналардың кезеңдері

Есеп-теу техникасының даму тарихы, электронды-есептеуіш машиналардың кезеңдерімен таныстыру

1.     Есептеу техникасының даму тарихын біледі

2.     Электронды-есептеуіш машиналардың кезеңдерін біледі

Бір-біріне тілек айту

Ыстық орындығы

Сұрақ жауап

Оқушымен оқушы арасындағы диалог

 

Кәмпит арқылы топқа бөлу

 

Топта постер құрап, түсіндіру, дәлелдеу

 

Сергіту сәті

 

 

Кері байланыс

Не білдім? Не білгім келеді?

Формативті бағалау: мадақтау, мақтау айту, қолпаштау

 

 

 

 

Қарсы топқа екі жұлдыз бір ұсыныс

 

 

 

Не білдім? Не білгім келеді? стикерге жазу

№ 7

Компьютерлік техниканың даму үрдісі

Компьютерлік техниканың даму кезеңдерімен  таныстыру

Компьютерлік техниканың даму кезеңдерін біледі

Бір-біріне тілек айту

 

Деңгейлік сұрақтарға жазбаша жауап

Қыздар және ұлдарды бөлек топ қылып  бөлу

Топта постер құрап, түсіндіру, дәлелдеу

Сергіту сәті

Ессе жазу

Кері байланыс

Формативті бағалау: мадақтау, мақтау айту, қолпаштау

Қарсы топқа екі жұлдыз бір ұсыныс

 

 

Блоб сыныбы

№ 8 Алгоритм және оның атқарушылары

Алгоритм ұғымымен таныстыру

1.    Алгоритм анықтамасын біледі

2.    Алгоритмге мысалдар келтіре алады

Бір-біріне тілек айту

Ақыл орындығы

Сұрақ жауап

Оқушымен оқушы арасындағы диалог

Түс арқылы топқа бөлу

Топта постер құрап, түсіндіру, дәлелдеу

Сергіту сәті

Мен сіздерді ... таныстырғым келеді жұппен сұхбат

Кері байланыс

Баспалдақ

Формативті бағалау: мадақтау, мақтау айту, қолпаштау

Қарсы топқа екі жұлдыз бір ұсыныс

Баспалдаққа  қай деңгейде тұрғанының стикерге суретін салып жабыстыру

№ 9 Алгоритмді жазу пішімі

Алгоритмнің жазу жолдарымен таныстыру

1.  Алгоритмнің жазу жолдарын біледі

2.   Алгоритмнің жазу жолдарына мысалдар келтіре алады

«Достық көмек» ойыны

«Ғажайып алаң» ойыны

Сұрақ жауап

Мұғалім оқушы арасындағы диалог

Реттік сан арқылы топқа бөлу

Ойлан

Біріктір

Бөліс

Сергіту сәті

Кері байланыс

Не білдім? Не білгім келеді?

Формативті бағалау: мадақтау, мақтау айту, қолпаштау

Қарсы топқа екі жұлдыз бір ұсыныс

 

 

Не білдім? Не білгім келеді? стикерге жазу

№ 10 Блок-схемалар

Блок-схемалар сызуды үйрету

1.       Блок-схеманың үлгілерін біледі

2.       Блок-схема сыза алады

Ойын. «Сыйласа білесің бе?»

«Электрондық пошта арқылы хат келді» деңгейлік сұрақтар

Сұрақ жауап - жазбаша

Жұппен блок-схемалардың үлгілерін сызады

Қарсы жұптар бір-бірін критериі арқылы бағалайды

Сергіту сәті

Кері байланыс

Формативті бағалау: мадақтау, мақтау айту, қолпаштау

 

 

 

 

Қарсы топқа екі жұлдыз бір ұсыныс

 

Блоб ағашы

№11 Сызықты алгоритмдер

Сызықты алгоритмдермен таныстыру

Сызықтық алгоритмдерге мысалдар келтіре алады

Бір-біріне тілек айту

Ақыл орындығы

Сұрақ жауап

Оқушымен оқушы арасындағы диалог

Түс арқылы топқа бөлу

Топта постер құрап, түсіндіру, дәлелдеу

Сергіту сәті

Мен сіздерді ... таныстырғым келеді жұппен сұхбат

Кері байланыс

Формативті бағалау: мадақтау, мақтау айту, қолпаштау

 

Қарсы топқа екі жұлдыз бір ұсыныс

 

 

 

Бас бармақ

№12 Тармақталу  алгоритмдер

Тармақталу алгоритмдерімен таныстыру

Тармақталу алгоритмдеріне мысалдар келтіре алады

Бір-біріне тілек айту

Ақыл орындығы

Сұрақ жауап

Оқушымен оқушы арасындағы диалог

Түс арқылы топқа бөлу

Топта постер құрап, түсіндіру, дәлелдеу

Сергіту сәті

Кері байланыс

Баспалдақ

Формативті бағалау: мадақтау, мақтау айту, қолпаштау

Қарсы топқа екі жұлдыз бір ұсыныс

Баспалдаққа  қай деңгейде тұрғанының стикерге суретін салып жабыстыру

№13 Циклдік алгоритмдер

Циклдік алгоритмдермен таныстыру

Цикілдік алгоритмдерге мысалдар келтіре алады

Бір-біріне тілек айту

Ақыл орындығы

Сұрақ жауап

Оқушымен оқушы арасындағы диалог

 

Түс арқылы топқа бөлу

Топта постер құрап, түсіндіру, дәлелдеу

Сергіту сәті

 

Кері байланыс

Баспалдақ

Формативті бағалау: мадақтау, мақтау айту, қолпаштау

 

Қарсы топқа екі жұлдыз бір ұсыныс

Баспалдаққа  қай деңгейде тұрғанының стикерге суретін салып жабыстыру

№14 Модель

Модель ұғымымен таныстыру

1.   Модель анықтамасын  біледі

2.   Модельге мысалдар келтіре алады

Бір-біріне тілек айту

Ақыл орындығы

Сұрақ жауап

Оқушымен оқушы арасындағы диалог

Түс арқылы топқа бөлу

Топта постер құрап, түсіндіру, дәлелдеу

Сергіту сәті

Кері байланыс

Баспалдақ

Формативті бағалау: мадақтау, мақтау айту, қолпаштау

Қарсы топқа екі жұлдыз бір ұсыныс

Баспалдаққа  қай деңгейде тұрғанының стикерге суретін салып жабыстыру

№ 15 Модельдер түрлері

Модельдер түрлерімен таныстыру

Модельдер түрлерін біледі

«Достық көмек» ойыны

Ессе жазу «Модель ұғымын түсінемін бе?!»

Сурет қиындыларымен арқылы топқа бөлу

«Модельдер түрлері»

 Сергіту сәті

 

 

Кері байланыс

Баспалдақ

Формативті бағалау: мадақтау, мақтау айту, қолпаштау

Қарсы топты 3 шапалақ арқылы бағалау

 

Баспалдаққа  қай деңгейде тұрғанының стикерге суретін салып жабыстыру

№ 16 Мәтіндік процессоры жайлы жалпы мағлұмат

Мәтіндік процессоры жайлы жалпы мағлұматпен таныстыру

1.    Мәтіндік процессор анықтамасын біледі

2.    Мәтіндермен жұмыс істейтін бағдарламаларды біледі

 

Бір-біріне тілек айту

Ақыл орындығы

Сұрақ жауап

Оқушымен оқушы арасындағы диалог

Реттік сан  арқылы топқа бөлу

Топта постер құрап, түсіндіру, дәлелдеу – электрондық оқулықты пайдалану

Сергіту сәті

Компьютерде бағдарламамен танысу

 

Кері байланыс

Не білдім? Не білгім келеді?

Формативті бағалау: мадақтау, мақтау айту, қолпаштау

 

 

 

 

Қарсы топқа екі жұлдыз бір ұсыныс

 

 

 

Стикерге не білдім? Не білгім келеді? деген сүраққа жауап жазу

№ 17

Программа интерфейсі, құжаттарды құру және сақтау

Программа интерфейсімен танысу

 

 

4.         Программа интерфейсін біледі

5.         Құжаттарды құра алады

6.         Құжаттарды сақтай алады

 

Бір-біріне тілек айту

Ақыл орындығы

Сұрақ жауап

Оқушымен оқушы арасындағы диалог

 

Түс арқылы топқа бөлу

 

Топта постер құрап, түсіндіру, дәлелдеу

 

Сергіту сәті

 

Кері байланыс

Баспалдақ

 

 

Формативті бағалау: мадақтау, мақтау айту, қолпаштау

 

 

 

 

Қарсы топқа екі жұлдыз бір ұсыныс

Баспалдаққа  қай деңгейде тұрғанының стикерге суретін салып жабыстыру

№18 Мәтінді пішімдеудің негізгі әдіс-тәсілдері

Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдерімен таныстыру 

 

4.   Мәтінді теруді біледі

5.   Мәтінді редакциялауды біледі

6.    Мәтінді пішімдеуді біледі

 «Ерке есім» ойыны ойнату

 

Видео көру арқылы өз ойларын айту

 

Жұпта постер құру

Жұптық диалог

Оқушы мен оқушы

Мұғалім мен оқушы

 

Сергіту сәті

Компьютермен жұмыс

Кері байланыс

Формативті бағалау: мадақтау, мақтау айту

 

Жұптар критерий арқылы өзара бағалау

 

 

Стикерлер тарату

Не білдім?

Не білгім келеді?

№ 19 Қаріп, абзацтар, шегістер мен аралықтар

Қаріп, абзацтар, шегістер мен аралықтарды құруды үйрету

 

 

1.    Мәтінді редакциялауды біледі

2.    Мәтінді пішімдеуді біледі

 

«Сыныптасынды таңы» ойыны

 

Жұппен жұмыс

Үш ұйғарым жазу, оның біреуі жалған

 

Реттік сан 1, 2 бойынша

2 топқа бөлу

 

Тапсырма интерактивті тақтада жазылып тұрады

3.     Қаріп, абзацтар

4.     Шегіністер мен аралықтар

 

Сергіту сәті

 

Компьютермен жұмыс

Кері байланыс

Формативті бағалау: мадақтау, мақтау айту

 

 

 

 

 

 

Қарсы топқа 2 жұлдыз 1 ұсыныс

 

 

 

 

Блоб ағашы

№20 Нөмірленген және маркерленген тізімдер

Тізімдер (нөмірленген және маркерлеген тізім) бар мәтіндік құжаттарды құруды үйрету

3.    Тізімдер (нөмірленген және маркерлеген тізім) бар мәтіндік құжаттарды құруды біледі

Жұптасып әлем елдерінде сәлемдесу рәсімдерін жасайды

 

Тақырыптық түйінді сөздер

Сөздер банкісі  біздің тақырып

 

Топқа суреттер арқылы бөлу

 

1-топ Нөмірленген

2-топ Маркерленген

 

Ойлан

Біріктір

Бөліс

 

«Ұқсастықты тап»  сергіту сәті

 

Компьютермен жұмыс

Тапсырмалар

Кері байланыс

Формативті бағалау: мадақтау, мақтау айту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бас бармақ

№21 Бағандар, беттердің параметрлері, жиек, алдын ала қарау, құжатты баспадан шығару

Бағанға мәтінді орналастыру тәсілдерін және беттердің параметрлерін баптауды үйрету

1.     Мәтінге бағана орналастырудыбіледі;

2.     Бет параметрлерін баптауды біледі

 

Сабаққа байланысты тілек айту

Жұппен жұмыс

«Ғажайып алаң» ойыны

Реттік сан 1, 2 бойынша

2 топқа бөлу

·  Мәтінге бағана орналастыру

·  Бет параметрлерін баптау

Сергіту сәті

Компьютермен жұмыс

Практикалық тапсырмалар

Деңгейлік сұрақтар жазбаша жауап алынады

Кері байланыс

Формативті бағалау: мадақтау, мақтау айту

 

 

 

 

 

 

 

Көңіл-күй көрсету

№22

Кестелер, кестелер құру, кестелерді редакциялау, кесте ішіндегілерін енгізу және пішіндеу

Кестелер, кестелер құру, кестелерді редакциялау, кесте ішіндегілерін енгізу және пішіндеудіүйрету

3.     Кестелер, кестелер құруды біледі

4.     Кестелерді редакциялай алады

5.     Кесте ішіндегілерін енгізе және пішіндей алады

Бір-біріне тілек айту

Ыстық орындығы

Сұрақ жауап

Оқушымен оқушы арасындағы диалог

 

Кәмпит арқылы топқа бөлу

 

Топта постер құрап, түсіндіру, дәлелдеу

 

Сергіту сәті

 

 

Кері байланыс

Не білдім? Не білгім келеді?

 

Формативті бағалау: мадақтау, мақтау айту, қолпаштау

 

 

 

 

Қарсы топқа екі жұлдыз бір ұсыныс

 

 

 

Не білдім? Не білгім келеді? стикерге жазу

№ 23

Графикалық объектілерді және көркем жазуларды кірістіру

Мәтіндік құжаттарға графикалық объектілерді және жазуларды кірістіруді үйрету

 

1.      Мәтіндік құжаттарға графикалық объектілерді кірістіруді біледі

2.   Мәтіндік құжаттарға жазуларды кірістіруді біледі

 

Бір-біріне тілек айту

 

Деңгейлік сұрақтарға жазбаша жауап

 

Қыздар және ұлдарды бөлек топ қылып  бөлу

 

Топта постер құрап, түсіндіру, дәлелдеу

 

Сергіту сәті

 

Ессе жазу

 

Кері байланыс

 

Формативті бағалау: мадақтау, мақтау айту, қолпаштау

 

 

 

 

Қарсы топқа екі жұлдыз бір ұсыныс

 

 

 

 

Блоб сыныбы

№ 24 Суреттер мен жазуларды пішіндеу

Графикалық объектілерді және жазуларды пішіндеу

1.     Мәтіндік құжаттарға графикалық объектілерді кірістіруді біледі

2.  Мәтіндік құжаттарға жазуларды кірістіруді біледі

 

Бір-біріне тілек айту

Ақыл орындығы

Сұрақ жауап

Оқушымен оқушы арасындағы диалог

 

Түс арқылы топқа бөлу

 

Топта постер құрап, түсіндіру, дәлелдеу

 

Сергіту сәті

Мен сіздерді ... таныстырғым келеді жұппен сұхбат

 

 

Кері байланыс

Баспалдақ

Формативті бағалау: мадақтау, мақтау айту, қолпаштау

 

 

 

 

Қарсы топқа екі жұлдыз бір ұсыныс

 

 

 

Баспалдаққа  қай деңгейде тұрғанының стикерге суретін салып жабыстыру

№ 25 Программа интерфейсімен танысу, презентациялар

Қарапайым мультимедиялық презентацияларымен таыстыру

 

Қарапайым мультимедиялық презентацияларды құруды біледі

«Достық көмек» ойыны

«Ғажайып алаң» ойыны

Сұрақ жауап

Мұғалім оқушы арасындағы диалог

 

Реттік сан арқылы топқа бөлу

Ойлан

Біріктір

Бөліс

 

Сергіту сәті

 

 

Кері байланыс

Не білдім? Не білгім келеді?

 

Формативті бағалау: мадақтау, мақтау айту, қолпаштау

 

 

 

 

Қарсы топқа екі жұлдыз бір ұсыныс

 

 

 

Не білдім? Не білгім келеді? стикерге жазу

№ 26 Мультимедиялық презентациялардың конструкторы

Мультимедиялық презентациялардың конструкторымен таныстыру

3.       Мультимедиялық презентациялардың конструкторымен жұмыс істеу алады

Ойын. «Сыйласа білесің бе?»

«Электрондық пошта арқылы хат келді» деңгейлік сұрақтар

Сұрақ жауап - жазбаша

 

Жұппен блок-схемалардың үлгілерін сызады

 

Қарсы жұптар бір-бірін критериі арқылы бағалайды

 

Сергіту сәті

 

Кері байланыс

Формативті бағалау: мадақтау, мақтау айту, қолпаштау

 

 

 

 

Қарсы топқа екі жұлдыз бір ұсыныс

 

 

Блоб ағашы

№27 Презентацияларды құру

Презентацияларды құруды үйрету

Презентацияларды құруды біледі

Бір-біріне тілек айту

Ақыл орындығы

Сұрақ жауап

Оқушымен оқушы арасындағы диалог

 

Түс арқылы топқа бөлу

 

Топта постер құрап, түсіндіру, дәлелдеу

 

Сергіту сәті

Мен сіздерді ... таныстырғым келеді жұппен сұхбат

 

 

Кері байланыс

Бас бармақ

 

 

Формативті бағалау: мадақтау, мақтау айту, қолпаштау

 

 

 

 

Қарсы топқа екі жұлдыз бір ұсыныс

 

 

 

 

 

№28 Безендіру шаблондары

Безендіру шаблондарымен таыстыру

Безендіру шаблондарымен жұмыс істей алады

Бір-біріне тілек айту

Ақыл орындығы

Сұрақ жауап

Оқушымен оқушы арасындағы диалог

 

Түс арқылы топқа бөлу

 

Топта постер құрап, түсіндіру, дәлелдеу

 

Сергіту сәті

 

 

Кері байланыс

Баспалдақ

Формативті бағалау: мадақтау, мақтау айту, қолпаштау

 

 

 

 

Қарсы топқа екі жұлдыз бір ұсыныс

 

 

 

Баспалдаққа  қай деңгейде тұрғанының стикерге суретін салып жабыстыру

№29 Мәтінді құру, кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіру

Слайдқа мәтін, кесте, графикалық объектілері, бейне және дыбыс кірістіруді үйрету

.

 

1.Слайдқа мәтін, кесте кірістіруді біледі

2.Графикалық объектілері кірістіруді біледі

3.Бейне және дыбыс кірістіруді біледі

 

Бір-біріне тілек айту

Ақыл орындығы

Сұрақ жауап

Оқушымен оқушы арасындағы диалог

 

Түс арқылы топқа бөлу

 

Топта постер құрап, түсіндіру, дәлелдеу

 

Сергіту сәті

 

 

Кері байланыс

Баспалдақ

Формативті бағалау: мадақтау, мақтау айту, қолпаштау

 

 

 

 

Қарсы топқа екі жұлдыз бір ұсыныс

 

 

 

Баспалдаққа  қай деңгейде тұрғанының стикерге суретін салып жабыстыру

№30 Анимация әсерлерін баптау, презентацияларды көрсету

Слайдтардың әсерлерін және көрсетулерін баптауды үйрету

3.   Слайдтардың әсерлерін және көрсетулерін баптауды біледі

Бір-біріне тілек айту

Ақыл орындығы

Сұрақ жауап

Оқушымен оқушы арасындағы диалог

 

Түс арқылы топқа бөлу

 

Топта постер құрап, түсіндіру, дәлелдеу

 

Сергіту сәті

 

 

Кері байланыс

Баспалдақ

Формативті бағалау: мадақтау, мақтау айту, қолпаштау

 

 

 

 

Қарсы топқа екі жұлдыз бір ұсыныс

 

 

 

Баспалдаққа  қай деңгейде тұрғанының стикерге суретін салып жабыстыру

№ 31 Компьютерлік байланыстың негізгі түрлері, ауқымды ақпараттық желілер

Компьютерлік байланыстың негізгі түрлері, ауқымды ақпараттық желілермен таныстыру

1.    Компьютерлік байланыстың негізгі түрлерін біледі

2.    Ауқымды ақпараттық желілерді біледі

 

«Достық көмек» ойыны

 

Ессе жазу

 

 

Сурет қиындыларымен арқылы топқа бөлу

 

 

 

Сергіту сәті

 

 

Кері байланыс

Баспалдақ

Формативті бағалау: мадақтау, мақтау айту, қолпаштау

 

 

 

 

Қарсы топты 3 шапалақ арқылы бағалау

 

 

 

Баспалдаққа  қай деңгейде тұрғанының стикерге суретін салып жабыстыру

№ 32 Интернет, интернетте ақпаратты іздеу. Электрондық пошта

Интернет желісінде ақпаратты іздеуді іске асыруды,

электрондық поштаны пайдалануды үйрету

1.Интернет желісінде ақпаратты іздеуді іске асыруды біледі

2.Электрондық поштаны пайдалануды біледі

Бір-біріне тілек айту

Ақыл орындығы

Сұрақ жауап

Оқушымен оқушы арасындағы диалог

 

Реттік сан  арқылы топқа бөлу

 

Топта постер құрап, түсіндіру, дәлелдеу – электрондық оқулықты пайдалану

 

Сергіту сәті

 

Компьютерде бағдарламамен танысу

 

Кері байланыс

Не білдім? Не білгім келеді?

Формативті бағалау: мадақтау, мақтау айту, қолпаштау

 

 

 

 

Қарсы топқа екі жұлдыз бір ұсыныс

 

 

 

 

 

 

Стикерге не білдім? Не білгім келеді? деген сүраққа жауап жазу

№ 33 Қорытынды жобаларды әзірлеу

Оқушылардың шығармашылығын дамыту

Жоба әзірлеуді біледі

«Достық көмек» ойыны

 

Ессе жазу

Сурет қиындыларымен арқылы топқа бөлу

 

Сергіту сәті

 

 

 

 

 

 

 

Кері байланыс

Баспалдақ

Формативті бағалау: мадақтау, мақтау айту, қолпаштау

 

 

 

 

Қарсы топты 3 шапалақ арқылы бағалау

 

 

 

Баспалдаққа  қай деңгейде тұрғанының стикерге суретін салып жабыстыру

№ 34 Жобаны қорғау

Шығармашылық қасиеттерін жетілдіру

3.    Жобаны қорғай алады

 

Бір-біріне тілек айту

Ақыл орындығы

Сұрақ жауап

Оқушымен оқушы арасындағы диалог

 

Реттік сан  арқылы топқа бөлу

 

Топта постер құрап, түсіндіру, дәлелдеу – электрондық оқулықты пайдалану

 

Сергіту сәті

 

Компьютерде бағдарламамен танысу

 

Кері байланыс

Не білдім? Не білгім келеді?

Формативті бағалау: мадақтау, мақтау айту, қолпаштау

 

 

 

 

Қарсы топқа екі жұлдыз бір ұсыныс

 

 

 

 

 

 

Стикерге не білдім? Не білгім келеді? деген сүраққа жауап жазу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Информатика пәні бойынша қысқа мерзімді жоспарлар

 

№1

Сабақтың тақырыбы: Әлемнің ақпараттық бейнесі, ақпарат қасиеті

Сабақтың мақсаты: Ақпарат туралы мағлұматпен танысу

Табыс критерийлері:

7.  Ақпараттың анықтамасын біледі

8.   Ақпараттың қабылдау арналарын біледі

9.   Ақпараттың қасиетін біледі

 

Кезеңдер

Мүғалім

Оқушы

Уақыты

Ұйымдастыру

Сәлеметсіңдер ме? 

Сәлеметсіз бе

1 мин

Ынтымақтастық атмосфера құру

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

«Сыныптасынды таңы» ойыны

1. Сыныпта өлең шығара алатын оқушы

2. Ең жақсы билейтін оқушы

3. Әнді жақсы айтатын оқушы

4. Әзіл әңгімені көп білетін немесе көп айтатын оқушы

5. Суретті жақсы салатын оқушы

6. Сыныпта ең жақсы жүзетін оқушы

7. Сыныпты ұйымдастыра алатын оқушы

Оқушылар бір-бірінің қасиеттерін атайды

3 мин

Үй тапсырмасын тексеру

Ыстық орындыққа оқушыны отырғызып өткен тақырып бойынша сұрақ қою

Жабық, ашық сұрақтар қою

Оқушы-оқушы диалогы

Мұғалім-оқушы диалогы

 

Сұрақтар қояды

Сұрақтарға жауап береді

3 мин

Жаңа сабақ

Сұрақ қою арқылы сабақ мақсатын белгілеу

Табыс критерийімен таныстыру

 

Жұпқа бөлу

Жұпта постер құру «Ақпарат»

Жұптық диалог

Оқушы мен оқушы

Мұғалім мен оқушы

 

Сұрақтарға жауап беру арқылы сабақ мақсатын белгілеу

Жұппен отырады

Жұптар постер құрып, қорғайды

Жұпта бірбірімен ақылдасып, сұрақтар қояды

Әр жұп бір-бірін бағалайды

Әр оқушы өзін критерий арқылы бағалайды

Тапсырманы орындауға 8мин

Баяндауға

әр топқа 3 мин

(9 мин)

Сергіту сәті

Мен сіздерді ... таныстырғым келеді

  1. Есіміңіз кім?
  2. Сіз болашақта қандай мамандық иесі болғыңыз келеді? Не себепті?
  3. Сіздің арманыңыз қандай?

Сұхбат жүргізеді

Таныстырады

3 мин

Компьютермен жұмыс

Жеке жұмыс

Қауіпсіздік ережесін қайталайық

 

Компьютерді қосып, ақпараттың өлшем бірлігін анықтау

 

Қауіпсіздік ережелерін айтады

Компьютер ақпарат өлшем бірлігін анықтайды

7 мин

Қорытынды

Ақпарат ұғымы бойынша ессе жазу

Қысқаша ессе жазып тапсырады

2 мин

Бағалау

Формативті бағалау:

алдымен мадақтау, мақтау айту, топты бағалау, өзара бағалау

 

 

Суммативті баға қою

Жұптағы мүшелер бір-бірін бағалайды бағалайды

Бағалау парағымен таныстырады

Әр оқушы өз-өзін бағалайды

Күнделікке қояды

5 мин

Кері байланыс

Стикерлер тарату

Не білдім?

Не білгім келеді?

Өз ойларын жазбаша жазады

3 мин

Үй жұмысы

Ақпарат ұғымы бойынша қосымша мәліметтер жинау

Күнделікке жазады

1 мин

 

Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты қорғау

 

Сабақтың мақсаты: Ақпаратты қорғау не үшін қажет екенін түсіну

Табыс критерийлері:

1.    Ақпаратты не үшін қорғауды біледі

2.  Ақпаратты қорғау үшін арналған бағдарламаларды білу

 

Кезеңдер

Мүғалім

Оқушы

Уақыты

Ұйымдастыру

Сәлеметсіңдер ме?

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

«Ерке есім» ойыны ойнатылады

Аналарын қалай еркелетеді?

Бір-бірлерінді қандай есіммен атайсындар?

Сәлеметсіз бе

 

Оқушылар ерке есімдерін атайды

Шеңбер жасап  сыныптастарының есімдерін атайды

2 мин

 

 

 

Үй тапсырмасын тексеру

Жұпқа бөлініңіздер

3 ұйғарым жазыңыз, оның біреуі жалған болып табылады

Өз ұйғарымыңызды басқа жұпқа беріңіздер

Екінші жұп ұйғарымды оқиды және үш жауаптың қайсысы дұрыс еместігін талқылайды

Жұпқа бөлінеді

Жұпта ақылдасады, жазады

 

Жауабын айтады

5 мин

Жаңа сабақ

Реттік сан 1, 2 бойынша 2 топқа бөлу

Тапсырма интерактивті тақтада жазылып тұрады

«Ақпаратты қорғау»

 

Топқа бөлінеді, рөлдер сайлайды

 

Қарсы топқа 2 жұлдыз 1 ұсыныс

 

 

 

Тапсырманы орындауға 10мин

Баяндауға

әр топқа 2 мин

4 мин

Сергіту сәті

Қара жорға

Билейді

2 мин

Компьютермен жұмыс

Жеке жұмыс

Қауіпсіздік ережесін қайталайық

Ақпаратты қорғау бағдарламаларымен таныстыру

Қауіпсіздік ережелерін айтады

Компьютерге отырады

Компьютерде жұмыс істейді

10 мин

Қорытынды

Сұрақ-жауап

Ашық, жабық сұрақтар

Мұғалім-оқушы диалогы

Сұрақтарға ойланып және тез жауап береді

 

5 мин

Бағалау

Формативті бағалау: алдымен мадақтау, мақтау айту, топты бағалау, өзара бағалау

 

Суммативті баға қою

Жұптар бір-бірін критерий арқылы бағалайды, қарсы топқа 2 жұлдыз 1 ұсыныс

Күнделікке қояды

5 мин

Кері байланыс

Блоб ағашы

 

Блоб ағашысында өздерін қай деңгейде тұрғандарын белгілейді

1 мин

Үй жұмысы

Ақпаратты қорғау не үшін қажет деген сұраққа ойланып келу

Күнделікке жазады

1 мин

 

6-сынып

 

Сабақтың тақырыбы: Вирусқа қарсы программалар

Сабақтың мақсаты: Вирусқа қарсы программалармен танысу

Табыс критерийлері:

1.      Вирусқа қарсы программаларды біледі

2.     Вирусқа қарсы программалармен жұмыс істей алады

 

Кезеңдер

Мүғалім

Оқушы

Уақыты

Ұйымдастыру

Сәлеметсіңдер ме? 

Сәлеметсіз бе

1 мин

Ынтымақтастық атмосфера құру

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Жұптасып әлем елдерінде сәлемдесу рәсімдерін жасайды

Оқушылар бір-бірімен әртүрлі елдердің сәлемдесуін көрсетеді

3 мин

Үй тапсырмасын тексеру

Мұғалім-оқушы арасындағы диалог

Оқушы-оқушы арасындағы диалог

Сұрақтар қояды

Сұрақтарға жауап береді

3 мин

Жаңа сабақ

Тақырыптық түйінді сөздер

Сөздер банкісі  біздің тақырып

Жаңа тақырыпты анықтау

Топқа суреттер арқылы бөлу

1-топ Детекторлар

2-топ Полифагтар

Ойлан

Біріктір

Бөліс

Тақырыптың түйінді сөздерін анықтайды

Жаңа тақырыпты айтады

Топқа бөлінеді

Тапсырманы өздері оқиды, біріктіреді, бөліседі

 

Тапсырманы орындауға 10мин

Баяндауға

әр топқа 2 мин

(4 мин)

Сергіту сәті

«Ұқсастықты тап»  сергіту сәті

Өздеріне ұқсас оқушыны іздейді

Мысалы, туған күні ұқсас, бір киноны жақсы көреді, спортты жақсы көреді, ән салады

3 мин

Компьютермен жұмыс

Жеке жұмыс

Қауіпсіздік ережесін қайталайық

Тапсырмалар

Вирусқа қарсы программамен жеке жұмыс

Қауіпсіздік ережелерін айтады

Компьютер ақпарат өлшем бірлігін анықтайды

7 мин

Қорытынды

Алдын-ала дайындалған My Test бағдарламасында тест жұмысын орындайды

Жеке жұмыс – компьютер бағасын өзі шығарады

Тест бағдарламасын ашық аты-жөнін жазып, тестті орындайды

5 мин

Бағалау

Формативті бағалау:

алдымен мадақтау, мақтау айту, топты бағалау, өзара бағалау

 

Суммативті баға қою

Топ бір-бірін үш шапалақ арқылы бағалайды

Топ басшысы мүшелерін формативті бағалайды

Күнделікке қояды

5 мин

Кері байланыс

Бас бармақ

Оқушы сабақта өзін қандай деңгейде болғанын көрсетеді

3 мин

Үй жұмысы

Қосымша мәліметтер қарап келу

Күнделікке жазады

1 мин

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Презентациялар

 

Сабақтың мақсаты: Презентация ұғымымен таныстыру

Табыс критерийлері:

· Power point бағдарламасы не үшін керектігін түсінеді

· Презентация ұғымын біледі

· Power point бағдарламасының интерфейсін біледі

· Power point бағдарламасын іске қосуды біледі

 

Кезеңдер

Мүғалім

Оқушы

Уақы-ты

Ұйымдастыру

 

Сәлеметсіңдер ме?

Видеоны тамашалаңыздар

Видеодан не көрдіңдер?

Сәлеметсіз бе

 

Өз ойларын айтады

2 мин

Үй тапсырмасын тексеру

Ақыл орындығына бір оқушыны отырғызып, бүкіл сынып сұрақ қояды.

Жабық, ашық сұрақтар қою

Сұрақ қояды

 

Сұрақтарға жауап береді

3 мин

Жаңа сабақ

3 бағдарламаны көрсету арқылы сабақтың тақырыбын анықтау

-    Мультфильм

-    Видеофильм

-    PowerPoint бағдарламасындағы презентация

Сұрақ қою арқылы сабақ мақсатын белгілеу

Табыс критерийімен таныстыру

Түс арқылы топқа бөлу

Бағалау критерийін тарату

Топқа тапсырма тарату

1 топқа сұрақтар

-    Power point бағдарламасы өмірде не үшін қажет

-    Презентация жобасын құруға арналған ұсыныстар

2 топқа сұрақтар

-    Power point дегеніміз не?

-    Power point бағдарламасының интерфейсі

-    Power point бағдарламасын қалай іске қосамыз

Тақтаға шығып түсіндіру, постерін қорғап шығу, сұрақ болса жауап беру.

Бағдарламаларды табу

 

 

 

 

 

 

Топ ережесін құру

Бағалау критерийімен танысу, кім бағалайтынын топта белгілеп алу

 

Постерге сұрақтарға жауап жазу

 

 

Тақтаға шыққан топтың мүшелеріне басқа топ мүшелері сұрақтар қояды

2 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

Тапсырманы оқуға

2 мин

Тапсырманы орындауға

10 мин

Баяндауға

әр топқа 3 мин

6 мин

Сергіту сәті

Just Dance Kids 2 - The Gummy Bear Song (Wii Rip)

Орындарынан тұрып билейді

2 мин

Компьютермен жұмыс

Қауіпсіздік ережесін қайталайық

Power point бағдарламасын іске қосу

Power point бағдарламасының интерфейсімен таныстыру

Компьютерге отырады

Компьютерде жұмыс істейді

10 мин

Бағалау

Формативті бағалау: алдымен мадақтау, мақтау айту, топты бағалау, өзара бағалау

 

 

 

Суммативті баға қою

Топтағы көшбасшы топ мүшелерін бағалайды, бағалау парағымен таныстырады

Күнделікке қояды

5 мин

Кері байла-ныс

Баспалдаққа өздерін қай деңгейде тұрғандарын көрсету

Стикерге сурет салып баспалдаққа ілу

2 мин

Үй жұмысы

 «Презентацияны өмірде пайдалану»

ессе жазу

Күнделікке жазады

1 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№2

Сабақтың тақырыбы: Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары

 

Сабақтың мақсаты: Қарапайым мультимедиялық презентациялар құруды үйрену

Табыс критерийлері:

·      Презентацияларды безендіру шаблондарының міндетін білу

·      Слайдтармен жұмыс істеу тәсілдерін үйрену

·      Презентация жоспарын құру

Кезеңдер

Мүғалім                                                                                        

Оқушы

Уақы-ты

Ұйымдастыру

 

Сәлеметсіңдер ме?

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

«Ерке есім» ойыны ойнатылады

Аналарын қалай еркелетеді?

Бір-бірлерінді қандай есіммен атайсындар?

Видео тамашалаңыздар

Мына видеода не көрдіңдер?

Сәлеметсіз бе

Оқушылар ерке есімдерін атайды

Шеңбер жасап  сыныптастарының есімдерін атайды

Жауап айтады

2 мин

 

 

 

 

3 мин

Үй тапсырмасын тексеру

Венн диаграммасын көрсетіп не істейтіндерін өздерінен сұрау

Отырғандары бойынша жұпқа бөліп, венн диаграммасында word powerpoint бағдарламаларының айырмашылығы мен ұқсастықтарын ақылдаса отырып толтыру

Жұпта бір-біріне сұрақ қою

Венн диаграммасын түсіндіреді

Жұпта ақылдасады, толтырады, жұптар бір-бірін критерий бойынша бағалайды

5 мин

Жаңа сабақ

Сұрақтар қою:

-     Өткен сабақта қандай ұғыммен таныстық

-     Бүгінгі сабақта не істейміз деп ойлайсындар?

 

Сабақтың мақсатымен таныстыру

Презентация, шаблондар құруды көрсету

Мұғалім мен оқушылар арасындағы диалог

-   Powerpoint бағдарламасын қалай іске қосамыз

-   Презентация мен слайдтың айырмашылығы

Есімдерін жазып, арғы жағында «Астана», «Өскемен» қалаларының суреттері орналасқан сол сурет қиындыларынан топ  құру

 Әр қала бойынша презентацияның жоспарын құру

Презентация ұғымымен таныстық

Презентация құруды үйренеміз

Бастау→Бар-лық бағдарламалар→Microsoft Office→ Microsoft Office Word

Презентация бір бағдарлама, ал слайд әр беті

Тақтаға шыққан топтың мүшелеріне басқа топ мүшелері сабақтың тақырыбына сай сұрақтар қояды

Қарсы топты 3 шапалақ арқылы бағалау

 

 

 

 

 

 

2 мин

Тапсырманы орындауға 10мин

 

Баяндауға

әр топқа 2 мин

4 мин

Сергіту сәті

Астана туралы әнге би

Билейді

2 мин

Компьютермен жұмыс

Power point бағдарламасында шаблон құру

Презентация, слайд құру

Компьютерге отырады

Компьютерде жұмыс істейді

10 мин

Бағалау

Формативті бағалау: алдымен мадақтау, мақтау айту, топты бағалау, өзара бағалау

 

 

Суммативті баға қою

Жұптар бір-бірін критерий арқылы бағалайды, топ қарсы топты 3 шапалақ арқылы бағалайды

Күнделікке қояды

5 мин

Кері байланыс

Стикерлер тарату

Не білдім? Не білгім келеді?

Өз ойларын жазбаша жазады

1 мин

Үй жұмысы

Презентация құру үшін қала туралы мәліметтер, суреттер, әндер, видео алып келу

Күнделікке жазады

1 мин

 

 

 

 

 

 

№3

Сабақтың тақырыбы: Мәтінді құру, кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіру

Сабақтың мақсаты: Слайдқа мәтін, кесте, графикалық объектілерді және жазуларды кірістіруді үйрену

Табыс критерийлері:

· Презентацияда мәтінмен, кестелермен жұмыс істеу тәсілдерін білу

· Презентацияда графикалық объектілермен жұмыс істеу тәсілдерін білу

· Презентацияда бейнемен және дыбыспен жұмыс істеу тәсілдерін білу

Кезеңдер

Мүғалім

Оқушы

Уақы-ты

Ұйымдастыру

 

Сәлеметсіңдер ме?

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

«Сыныптасынды таңы» ойыны

1. Сыныпта өлең шығара алатын оқушы

2. Ең жақсы билейтін оқушы

3. Әнді жақсы айтатын оқушы

4. Әзіл әңгімені көп білетін немесе көп айтатын оқушы

5. Суретті жақсы салатын оқушы

6.  Сыныпта ең жақсы жүзетін оқушы

7. Сыныпты ұйымдастыра алатын оқушы

Сәлеметсіз бе

 

 

Оқушылар бір-бірінің қасиеттерін атайды

 

 

3 мин

 

 

 

 

Үй тапсырмасын тексеру

Жұпқа бөлініңіздер

3 ұйғарым жазыңыз, оның біреуі жалған болып табылады

Өз ұйғарымыңызды басқа жұпқа беріңіздер

Екінші жұп ұйғарымды оқиды және үш жауаптың қайсысы дұрыс еместігін талқылайды

Жұпқа бөлінеді

Жұпта ақылдасады, жазады

 

Жауабын айтады

5 мин

Жаңа сабақ

Реттік сан 1, 2 бойынша 2 топқа бөлу

Тапсырма интерактивті тақтада жазылып тұрады

5.Презентацияға мәтінді, кестелерді, графикалық объектілерді енгізу

6.Презентацияға бейне мен дыбысты енгізу

 

 

 

 

 

Қарсы топқа 2 жұлдыз 1 ұсыныс

Тапсырманы орындауға

8 мин

Баяндауға

әр топқа 2 мин

4 мин

Сергіту сәті

Мен сіздерді ... таныстырғым келеді

4. Есіміңіз кім?

5. Сіз болашақта қандай мамандық иесі болғыңыз келеді? Не себепті?

6. Сіздің арманыңыз қандай?

Сұхбат жүргізеді

Таныстырады

3 мин

Компью-термен жұмыс

Power point бағдарламасында өткен сабақтағы құрған жоспар бойынша презентацияға мәтінді, кестелерді, графикалық объектілерді, бейне мен дыбысты енгізу

Компьютерге отырады

Компьютерде жұмыс істейді

15  мин

Жеке жұмыс

қорытынды

Электрондық пошта арқылы хат келді

Конвертте тапсырмалар таратылады есімдері жазылған

Деңгейлік сұрақтар жазбаша жауап алынады

Сұрақтарға жауап жазғаннан кейін конвертке жауап парағын салып қайта өткізеді

3 мин

Бағалау

Формативті бағалау: мадақтау, мақтау айту

Қарсы топқа 2 жұлдыз 1 ұсыныс

Қарсы топқа 2 жұлдыз 1 ұсыныс жазады

2 мин

Кері байланыс

Блоб ағашы

Бояйды

1 мин

Үй жұмысы

Анимация ұғымын оқып келу

Күнделікке жазады

1 мин

Тапсырама

«Дыбыс пен бейнефильмдердің слайдқа енгізу тиімділігі»

газеттік мақала жазу

Тапсырманы орындауға көмек сұрақ – Дыбыс пен бейнефильмдерді слайдқа енгізгеннің пайдасы қандай?

Сұрақ

Презентацияда мәтінмен, кестелермен жұмыс істеу тәсілдерін ата

Презентацияда бейнемен және дыбыспен жұмыс істеу тәсілдерін ата

 

 

 

 

 

 

 

 

№4

Сабақтың тақырыбы: Анимация әсерлерін баптау, презентацияларды көрсету

Сабақтың мақсаты: Слайдтардың әсерлерін және көрсетулерін баптауды үйрену

Табыс критерийлері:

1.    Анимация ұғымын, анимация әсерлерін баптауын үйренеді

2.    Презентацияларды көрсетуді баптау тәсілдерін біледі

 

Кезеңдер

Мүғалім

Оқушы

Уақы-ты

Ұйымдас-тыру

 

Сәлеметсіңдер ме?

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Жұптасып әлем елдерінде сәлемдесу рәсімдерін жасайды

Сәлеметсіз бе

 

Оқушылар жұптасып  амандасу  түрлерін жасайды

2 мин

 

Үй тапсырма-сын тексеру

Тақырыптық түйінді сөздер

Сөздер банкісі  біздің тақырып

 

Оқушы тақтаға шығып біздің тақарапқа қатысы бар сөздерді табады

3 мин

Жаңа сабақ

Топқа конфетымен бөлу

1-топ Анимация ұғымымен таныстыр

2-топ Презентацияларды көрсетуді баптауды үйрет

Ойлан

Біріктір

Бөліс

Оқушы ойланып, жұпта талқылайды, содан топта талқылап, өз жұбында қайта талқылайды

Тапсырманы орындауға

15 мин

Сергіту сәті

«Ұқсастықты тап»

Топ мүшесін іздеуге арналған өлшемдер:

-                      Бір айда туғандар

-                      Екі ағасы бар адам

Оқушылар ішінде сыныпта жүріп өздерін таныстырады және өзіне ұқсас әдеттері мен қызығушылығы бар адамды табуға тырысады. Олар лайықты кандидатура тапқанда, барлығына ортақ бір нәрсе бар адамдар жиналған топ құрады

3 мин

Компью-термен жұмыс

Power point бағдарламасында анимация құру

Презентацияны көрсету

Компьютерге отырады

Компьютерде жұмыс істейді

10 мин

Қорытын-ды

«Ғажайып алаңы» ойынын ойнату

Сұрақтарға жауап береді

5 мин

Бағалау

Формативті бағалау: мадақтау, мақтау айту

Суммативті баға

 

Күнделікке қойдыру

5 мин

Кері байланыс

Бас бармақ

бас бармақ

1 мин

Үй жұмысы

Тест жобасын құрастыру

Күнделікке жазады

1 мин

 

Ғажайып алаң сұрақтары:

1.       Презентацияны көрсетуді қай команданың көмегімен орындауға болады?

2.       Слайд деп…

3.       Жаңа слайдты қай команданың көмегімен құруға болады?

4.       Слайдта қандай обьектілер орналастыруға болады?

5.       MS Power Point бағдарламасын іске қосу жолы

6.       Презентация ұғымы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

1.    Мұғалімге арналған нұсқаулық, үшінші (негізгі) деңгей, үшінші басылым, «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012 жыл

2.    http://ustaz.kz/sait-bolimderi/file/1340-aukenova-asemgul-sin-turgisinan?start=700

3.    Үлестірме материалдар, үшінші апта, үшінші басылым

4.    Үлестірме материалдар

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Информатика курсында сыни тұрғысынан ойлауды оқыту" жинағы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель научной организации

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

«Ұстаз болу – ұлылық» - дейді халық даналығы. Ұлы қасиеттерді бойына сіңірген нағыз ұстаз болу - көп ізденісті талап етеді. Қазіргі талап – білім беру құрылымын жетілдіру, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері мен формаларды енгізу. Бұл мұғалімге бұрын соңды болмаған жауапкершілікті жүктейді. Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының үшінші (негізгі) деңгей Бағдарламасының күтілетін нәтижесі - оқушылар қалай оқу керектігін және сыни тұрғысынан ойлануға үйреніп, еркін ойын айту арқылы өз-өзіне сенімді тұлға қалыптасады. Білім беру – тек оқу материалдарын меңгерту ғана емес, оны оқушылардың өздері талдау жасай біліп, өмірде қолдана ала білуі арқылы жүзеге асады. Бұл оқушылардың дамуын, ойлауын, есте сақтауын арттырады. Сол себепті сабақтарымда оқытудың әртүрлі стратегиялары мен Бағдарламаның жеті модулін қолданамын. Бағдарламаның жеті модулі бір-бірімен өзара байланыста. Дегенмен курс барысында «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модуліне кеңірек тоқталғанда бірден қызықтырды. Сол күні-ақ оқушылармен қалай жұмыс істейтінімді ойластырып қойдым деуге болады. Әрине, өз пәніме енгізу қиындық туғызатынын білдім (компьютермен практикалық жұмысқа уақыт жетіспеушілігі), сол қиындықтың өзі қызықтырды. Бұл модульді таңдаған себебім оқушылардың қызығушылығын ояту және топтық жұмыс жасауға үйрету.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 054 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.01.2020 200
    • DOCX 781 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Красовская Наталья Ильинична. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Красовская Наталья Ильинична
    Красовская Наталья Ильинична
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 81664
    • Всего материалов: 236

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика обучения информатике в начальной школе

Учитель информатики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 96 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Курс профессиональной переподготовки

Информатика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель информатики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 151 человек

Курс профессиональной переподготовки

Математика и информатика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель математики и информатики

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 685 человек из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 808 человек

Мини-курс

Figma: основные принципы дизайна и композиции

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 106 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Психологические исследования и поддержка психического здоровья

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

After Effects: продвинутые техники

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе