Главная / Начальные классы / Ғылыми жоба Тақырыбы:"Газдалған сусындардың зияны"

Ғылыми жоба Тақырыбы:"Газдалған сусындардың зияны"

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қарағанды қаласы Қазбек би ауданы "№44 негізгі мектебі" КММ







Ғылыми жоба


Тақырыбы:"Газдалған сусындардың зияны"


Бағыты: Газдалған сусындардың адам денсаулыңына зияндығы жайлы ақпарат беру.


Секция: денсаулық


Оқушының аты жөні: Аманбеков Асылан Асхатұлы 3"а"сынып оқушысы.


Шығармашылық жетекшісі:Дузенова Жаснсая Ораловна №44 негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.










Қарағанды 2015 жыл

Кіріспе

Республикамыздың президенті Н. Назарбаев өзінің жолдауында әлемдегі ең озық 50 елдің қатарына кіру стратегиясын айқындаған болатын.Дені сау ұлт мемлекетіміздің болашағы, яғни елбасы Қазақстан азаматтарының өз денсаулықтарына немқұрайлы қарамауына міндет қылған.Адам өз денсаулығына өзі жауапты. Ал, қазіргі заманда үлкен адамдар да, балаларда өз денсаулықтарына немқұрайлы қарайды. Ми қайнатар ыстықта аңқасы кеуіп шөліркеген жұрт неше түрлі құты - қалбырлардағы суларды сатып алып жатады. «Кока - Кола», «Фанта», «Спрайт», «Макси чай», дейсіз бе, толып тұр. Бұрын - соңды аты белгісіз «су жаңа» сусындар қаншама? Ол қайдан шыққан, қалай жасалған, бауырға әсер етіп, бүйректі сыздатып, асқазан ауруын қоздырмай ма, бұл мәселеге бас қатырып жатқан халық жоқ, шөлі қанса болды. Әсіресе, балалар жағы бояғыштар мен стабилизатор, консерванттар, эмульгаторлар қосылып жасалған осындай қызылды - жасылды сусындарға тым құмар. Ата -анасы алып бермесе кейбір балалар көз жастарына ерік береді оны өзім дүкендерде, супермаркеттере, базарда жүргенде өз көзіммен көрдім.
Сонымен, бұлар қандай сусындар? Шөл қандырам деп жүріп денсаулығымызды бүлдіріп алып жүрмейміз бе? Бұл туралы мамандар не дейді екен?

Осындай газдалған сусындардың адам денсаулығына қаншама зиян келтіріп жатқанын байқағанда мен Қазақстанның кішкентай азаматы бола тұра бейжай қарап отыра алмадым. Сол себепті осы тақырыпты сынып жетекшіммен талқылай отырып, газдалған сусындардың адам денсаулығына зияны туралы осы жобаны жазуға бел будым. Бұл менің кішкентай да, азғана зерттеу жұмыстарымның нәтижесі басқа балаларға ой салар деген үміттемін.

Жобаның мақсаты: Газдалған сусынның адам ағзасына және оның атқаратын қызметіне тікелей әсері бар екендігі жөнінде өскелең ұрпаққа насихаттау

Міндеттері:

Кока - кола сусынының шығу жолдары, оның құрамы мен зияндылығы туралы түсінік беру;

Кока - коланың тұрмыстық жағдайда және өмірде қандай заттарды тазалап, нендей зиян келтіретін ерекше тұстарын таныту.







Негізгі бөлім

Адам ағзасының 60%-ын су құрайды. Бойдағы су тепе-теңдікті сақтау үшін адам күнделікті қажетті мөлшерде су ішіп тұруы керек. Кофе,көк шай, газдалған,салқын сулар, минералды су т.с.с сусындардың негізін су құрайды. Алайда, судан бөлек сусындардың құрамында басқа да заттар кездеседі. Соның бірі – газ. Газдалған сусындар адам ағзасына әр түрлі әсер береді.Сөзімізге арқау болып отырған: «Кока-кола»  (Coca-Cola) ─ сергітетін алкогольсіз сусын, көптеген елдерде кеңінен тараған; The Coca-Cola Company компаниясының өнімі; 2006-2010 жылдар арасындағы әлемдегі ең үздік бренд болып саналады. «Кока-кола» сусынын 1886 жылдың 8 мамыр айында (Джоржия штатыАҚШАтлантада ойлап тапқан. «Кока-Кола» және «Пепси» сусындарын дайындау кезінде пайдаланылатын карамелдердiң құрамындағы бояулар қатерлі ісіктің дамуына әкеліп соғады», — деп жазады газет.Дұрыс тамақтану қозғалысының американдық белсенділері өндіруші-компанияның «Колаға» карамелдер түс береді деп мәлімдеме жасауы – жалған. Шындығында, олардың айтуына қарағанда, ол толығымен жасанды канцерогендердiң қарақошқыл балқымаларынан тұрады.Бұл заттар организмге түсе отырып, қатерлі ісікке алып келетін формальдегид-канцерогенге айналатын метил спиртін бөледі.Оның ағзаға пайдасы бар деген пікірмен келіспеймін. Себебі адамның орталық жүйке жүйесін белсендендіріп, жұмыс істеу қабілетін арттыруға бағытталған бұл сусындардың құрамында кофеин, таурин сияқты қоспалар бар. Оларды белгілі мөлшерден көп қолданса, адамның энергиясы немесе бұрын байқалмаған қандай да бір ауруы қозады. Қозудың әсерінен адам әлсірейді. Ол бірден байқалмағанымен, уақыт өте келе тұрақты тұтынушының денсаулығы күрт нашарлауы мүмкін. Өнім адамға қосымша қуат береді деу – қате пікір. Аты «энергетик» болғанымен, заты оған сай емес. Керісінше, бойдағы бар энергияны артығымен жұмсап, түгелімен шығарады. Былайша айтқанда, адамның энергиясын өзінен «қарызға алады». Мәселен, «Кока-кола», «Пепси» сусындарының денсаулыққа кері әсері бірден анықталған жоқ қой. Жиырма жылдан кейін ғана белгілі болды. Қазір, яғни бұлардың зияны анық дәлелденген уақытта ғана аталған өнімдердің отаны Американың кей штаттарында оларды сатуға мүлде тыйым салынып жатыр. Біз де осы бағытта біраз жұмыстарды қолға алудамыз. Нақты айтсам, «Кока-кола» мен «Пепсиді» мектептерде сатуға тыйым салынуда. Жақында осыған байланысты еліміз аймақтарының әкімдіктеріне ұсыныс хат жолданды. Сол сияқты энергетикалық сусындардың құрамын да мүмкіндік болған кезде ғылыми тұрғыда зерттеп, сауда нүктелерінен кез келген уақытта алып тастауға болады. Бірақ дәл қазіргі уақытта бұлай деп үзілді-кесілді кесіп айта алмай отырмын. Себебі қолымда оның қауіптілігі жөнінде қандай да бір дәлел болмаса мәлімет жоқ. Мысалы, «Кока-колаға» келсек, оны сатуға тыйым салу керек деп сенімді түрде айта аламыз. Өйткені күшті газдалған бұл сусынның құрамында қанттың мөлшерден көп екені анықталған. Оның адамның сүйектерін әлсіретіп, сусамыр дертіне шалдықтыратыны да белгілі болды. Ал республика халқының энергетикалық сусындарды пайдалана бастағандарына көп бола қоймағандықтан, оның зиянды әсерлері әзірге байқалған жоқ. Дегенмен жақында Швецияда үш адам және бір норвегиялық тұрғын осы сусыннан көз жұмғаны туралы деректер тіркеліпті. Қазір бұл елдер «энергетиктердің» құрамын зерттеуге кірісіп кетті. Енді бізге де бұл өнімдерді толыққанды клиникалық зерттеуден өткізіп, зиянын нақты дәлелдеу қалды. Ол үшін жан-жануарларға болмаса ерікті адамдарға тәжірибе жасау арқылы сынақ жұмыстарын жүргізу керек. Осы газдалған сусындардан біздің денсаулығымызға тигізіп жатақан аурулар түрін атап айтсақ:

Артық салмақ пен диабет

Әр газдалған сусында қант пен қышқылдар кездеседі. Бұл элементтер асқазанға қатты әсер етеді. Газдалған сусын ішкен адамның тәбеті қашады әрі олар шөлді қандырмайды. Ал тәтті-қышқылды элементтер асқазанға түскен бойда майға айналып, артық салмақтың қосылуы мен қант диабеті ауруының пайда болуына ықпал етеді. Қант диабетімен ауыратын жандар газдалған сусын орнына минералды су пайдаланғаны жөн.

Тіс кариесі

Газдалған сусындар тіс түсінің қараюы мен кариес түсуіне жол береді. Сусын құрамындағы қышқылды элементтер тіс эмалін әлсіретеді. Сондай-ақ, тіс ауруларының тууына әсер етеді.

Сүйектер

Газдалған сусын құрамында лимон (Е330), алма т.б жеміс-жидектердің қышқылы мен ортофосфор қышқылы (Е338) кездеседі. Бұл элементтер сүйектегі кальций мөлшерін азайтады. Сол себептен сүйек әлсіреп, сынғыш келеді.  

Асқазан мен ішек құрылысы

Кез келген газдалған сусын құрамында көмірқышқылы газ кездеседі. Ол сусынның ұзақ сақталуына ықпал етеді. Мұндай сусындар асқазан секрециясының қабынуына, ішек сөлінің пайда болуына, созылып, ішек ауруларының пайда болуына әсер етеді. Гастрит, ішек жарасы және т.б. асқазан ауруына шалдыққан жандар газдалған сусын орнына газдалмаған минералды су, көк шәй ішкен жөн.

Диетолог мамандар ересек адамға күнделікті 3 стакан шырын, ал балаларға 1 стакан тамақ алдында 30-40 минут бұрын ішу керек деседі. Шырын ас қорыту жүйесін жақсартады екен. Көп мөлшерде пайдаланылған шырын бүйрекке, сондай-ақ, аяқ-қолдың сарсып ісуіне әсер етеді. Шырын құрамындағы кейбір элементтерден аллергия пайда болуы мүмкін. Сондықтан да, сусын сатып алмас бұрын шөлмек сыртындағы затбелгіні мұқият оқып, құрамына мән беріңіз. Кока-кола сусынын шеттен тыс тұтыну біздің денсаулығымызға зияндық әкеледі. Себебі оның құрамында кокаин бар.

10 минут 10 қасық қант ағзаға түседі (күнделікті ұсынылатын қалыпты мөлшер). Көп көлемде қабылданған қант сіздің жүрегіңізді айнытпайды. Себебі фосфор қышқылы оны кері қайтарады.

20 минут

Қан құрамында инсулин мөлшері күрт шарықтайды. Бауыр денедегі артық қантты майға айналдырады.

40 минут

Денеге кофеин тарап болады. Көз қарашығы үлкейеді. Қан қысымы жоғарылайды. Өйткені бауыр қанға үлкен көлемде қант жібереді. Ағзадағы  рецепторларды тоқтатады. Адам ұйқысырай бастайды.

45 минут

Сіздің денеңіз дофомин гормонын көп өңдіре бастайды. Ол мидың жұмысын бәсеңдетеді.Героин де тап осылай жұмыс істейді.

1 сағаттан соң

Фосфор қышқылы метоболизмді үдете отырып, ішектегі кальцийді, магнийді және цинкті бір-бірімен байланыстырады. Кальций несеп ағар арқылы сыртқа шығып кетеді.

1 сағаттан аса

Несеп арқылы сүйектегі кальций, магний, цинк және одан бөлек натрий мен су электролиті ағады.

Жаңа зерттеу нәтижесі аты әлемге танымал кола сусыны қатерлі ісікке шалдығу қауіпін жақындататынын көрсетті. Мұның бәріне кола құрамындағы қажетсіз қоспа бөлшегі себеп болып отыр екен. Джон Хопкинс Университетінің жаныннан ашылған Блумберг денсаулық сақтау мектебі алкогольсіз сусында жасанды карамель бояғышы ретінде қолданылатын 4-метилимидазол (4-MEI) канцерогені адам денсаулығына өте зиян болатынын анықтаған. IBTimes ақпараттық ресурсының жазуынша, АҚШ-тағы алты жастан жоғары әрбір 58 баланың 44-і күніне кем дегенде жарты литр газдалған сусын тұтынады екен. Тіпті одан көп болуы да әбден мүмкін. Бұл қатерлі ісіктің пайда болуын жылдамдатады. «Газдалған алкогольсіз сусынға құмар адамдар әзірге емі табыла қоймаған ауруға шалдықпау үшін сусынды жиі тұтынбағаны абзал. Аталған қоспа адамдардың денсаулығына кері әсерін тигізіп, күрделі проблемаға алып келуі мүмкін», — дейді ғалымдар. Ғалымдар АҚШ территориясындағы 110-нан аса түрлі брендтердің сусынын тексеруден өткізіп, осындай шешімге келіп отыр. Дегенмен, ғалымдар нақты бір брендтің атауын белгілеп оған шектеу қоюға асықпауда. Себебі газдалған сусындардың адам баласына көпжылдық мерзімде біртіндеп әсер етуі оның сатылымына шек қоюға жеткілікті болмай тұр. Сонымен қатар, зерттеу нәтижесі 4-MEI қоспасының бір брендтің түрлі сусынында әртүрлі мөлшерде болатынын көрсетті. Мысалы, диетаға арналған сусындарда  4- MEI концентрациясы жоғары болса, өзге түрлерінде төмен екені байқалды. АҚШ-тағы медикаменттер мен тұтыну өнімдерінің сапасын бақылау департаменті (FDA) халықтың тұтыну өнімдеріндегі канцерогенді заттар мен артық қоспалардың мөлшерін азайтудың жолдарын қарастыруда.

Қортынды

Газдалған сусынның денсаулыққа зияны туралы бұған дейін де талай айтылған болатын. Алайда бұл жолы ғалымдар тиянақты тәжірибе жүргізіп, адамның өмір сүру ұзақтығын анықтайтын хромосомаларды зерттеуге бел буды. Бұл хромосома аймағын - теломер деп атайды. Оның ұзындығы адамның қалай тез қартайып бара жатқанын көрсетеді. Сараптама барысында 5000 адамнан қан алынған. Олардың басым көпшілігінің теломерлері қысқа болып, газдалған сусындарды көп тұтынатындығы анықталды. 

Газды сусын тұтынған адамдар мен темекі тартатын адамдардың өмірінің ұзақтығы бірдей деген болжам бар. Өйткені газды су тек қана ағза клеткаларын қартайтып қоймай, сонымен қатар жүрек ауруларына, қатерлі ісікке, диабетке шалдықтырады. Сондықтан газдалған сусындарды тұтынбай, оның орнына қарапайым қара су ішкендеріңіз абзал. Себебі оның денсаулыққа пайдасы мол.   Бүгінгі таңда шырындарға қосылатын химиялық қоспалар мен мөлшерден тыс қант ағзамызға кері әсерін тигізуі әбден мүмкін. Сол себепті шырынды өзіміз қолдан жасап немесе сенімді жерден ішкеніміз дұрыс. Ең бастысы тәтті суға қызығып, өмірімізді өкінішке айналдырып алмайық, достар! 





Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Бастауыш мектеп №6, 2013жыл

2. Республикалық «Ойла» балалар журналы №1, 2015ж

3. «Ол кім? Бұл не?» балалар энциклопедиясы.

4. Ғаламтор беті













Үй жағдайымда жасаған тәжірбиелерім


hello_html_15df0462.gif



C:\Users\цэ\Pictures\асылан жоба\IMG_3961.JPG

hello_html_5f2fddcf.gifhello_html_204e7e5b.gifC:\Users\цэ\Pictures\асылан жоба\IMG_3937.JPG

C:\Users\цэ\Pictures\асылан жоба\IMG_3957.JPGC:\Users\цэ\Pictures\асылан жоба\IMG_3946.JPG

Ғылыми жоба Тақырыбы:"Газдалған сусындардың зияны"
  • Начальные классы
Описание:

Бағыты: Газдалған сусындардың адам денсаулыңына зияндығы жайлы ақпарат беру.

Секция: денсаулық.

Оқушылардың дұрыс тамақтануына және салауатты өмір салтын сақтауға баулу. Сусындардың барлығының пайдалы еместігін айту, түсіндіру


Республикамыздың президенті Н. Назарбаев өзінің жолдауында әлемдегі ең озық 50 елдің қатарына кіру стратегиясын айқындаған болатын.Дені сау ұлт мемлекетіміздің болашағы, яғни елбасы Қазақстан азаматтарының өз денсаулықтарына немқұрайлы қарамауына міндет қылған.Адам өз денсаулығына өзі жауапты. Ал, қазіргі заманда үлкен адамдар да, балаларда өз денсаулықтарына немқұрайлы қарайды. Ми қайнатар ыстықта аңқасы кеуіп шөліркеген жұрт неше түрлі құты - қалбырлардағы суларды сатып алып жатады. «Кока - Кола», «Фанта», «Спрайт», «Макси чай», дейсіз бе, толып тұр. Бұрын - соңды аты белгісіз «су жаңа» сусындар қаншама? Ол қайдан шыққан, қалай жасалған, бауырға әсер етіп, бүйректі сыздатып, асқазан ауруын қоздырмай ма, бұл мәселеге бас қатырып жатқан халық жоқ, шөлі қанса болды. Әсіресе, балалар жағы бояғыштар мен стабилизатор, консерванттар, эмульгаторлар қосылып жасалған осындай қызылды - жасылды сусындарға тым құмар. Ата -анасы алып бермесе кейбір балалар көз жастарына ерік береді оны өзім дүкендерде, супермаркеттере, базарда жүргенде өз көзіммен көрдім.
Сонымен, бұлар қандай сусындар? Шөл қандырам деп жүріп денсаулығымызды бүлдіріп алып жүрмейміз бе? Бұл туралы мамандар не дейді екен?

Осындай газдалған сусындардың адам денсаулығына қаншама зиян келтіріп жатқанын байқағанда мен Қазақстанның кішкентай азаматы бола тұра бейжай қарап отыра алмадым. Сол себепті осы тақырыпты сынып жетекшіммен талқылай отырып, газдалған сусындардың адам денсаулығына зияны туралы осы жобаны жазуға бел будым. Бұл менің кішкентай да, азғана зерттеу жұмыстарымның нәтижесі басқа балаларға ой салар деген үміттемін.

Жобаның мақсаты: Газдалған сусынның адам ағзасына және оның атқаратын қызметіне тікелей әсері бар екендігі жөнінде өскелең ұрпаққа насихаттау

Міндеттері:

• Кока - кола сусынының шығу жолдары, оның құрамы мен зияндылығы туралы түсінік беру;

• Кока - коланың тұрмыстық жағдайда және өмірде қандай заттарды тазалап, нендей зиян келтіретін ерекше тұстарын таныту.

Автор Дузенова Жансая Ораловна
Дата добавления 05.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другое
Просмотров 1353
Номер материала MA-064509
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓