Главная / Другое / Ғылыми жоба "Ұлттық бас киім" тақырыбы 5 сынып

Ғылыми жоба "Ұлттық бас киім" тақырыбы 5 сынып

Тақырыбы:

Қазақ халқының ұлттық киімдері

 

Мазмұны

І Кіріспе

1.     Қазақ халқының ұлттық киімдері

ІІ Негізгі бөлім

1.       Қазақ жерін мекендеген ежелгі көшпенді халықтардың киімдері

2.       Киімнің негізгі түрлері

1.1Бас киімдер

1.2Ерлердің бас киімдері

3.        Тымаққа қатысты әдет-ғұрып

4.       Әйелдердің бас киімдері

5       Баскиімге қауырсын тағу дәстүрі туралы

6       Баскиімге қатысты ырымдар мен тыйымдар

ІІІ Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 


Алғы сөз

 

Құрметті жас дос!

  Бұл ғылыми жұмысжы  жазуды  9-сынып оқушысы Қыдырбаева Гүлназ бастады. Гүлназ салмақты,  сабырлы, мектепте жақсы оқитын оқужылардың бірі. Гүлназдың  бұл жобаны жазу барысында    қызығушылық танытып,  қазақ халқының бас киімдерін жазуды таңдады.  Таңдау себебі,  Гүлназға   ұлттық бас киімдер қатты ұнайтын болды.   Гүлназ  қызығушылықпен қазақ халқының бас киімдерін жазып шықты. Жазу  барсысында   жан-жақты дайындық үстінде болды.  Гүлназдың бұл жұмысты жазу барысында   көптеген ізденістер жасап аудандық, ауылды, мектеп ішілік кітапханаларға барып бірнеше мәліметтер әкеліп, одан түйінді ой жинай білді.  Гүлназдың жұмысын  мен мұғалімі ретінде  өте жақсы деп бағалаймын. 

 

 

 

 

 

 

Аннотация

Ғылыми жұмысты жазу барысында оқушы  қазақ халқының ұлттық бас киімдерін  негізге ала отырып жазған.  Жазу барысында жалпы толық  қамтылған. Онда Ұлттық киімның шығу тарихынан мәлімет бере отырып, ерлер мен әйелердің, жас келіншектер мен қыздардың бас киімдерін негізге алған.    Сонымен  қатар   тымаққа қатысты   әдет –ғұрып тар қамтылып, қазақ қалхының көшпелі тұрмыс тіршілігі сөз етті.

 Бас киімге қатысты қауырсын тағу,  ырымдар мен тыйымдар кеңінен қамтылды.  Оқушы  бұл жобаны жазу барысында  кеінен дайндалғанын байқатты.


 

 

 

Кіріспе

Ұлттық киім –бай  тарихи – мәдени мұра, оны зерттеу бізді  өткен ғасырларды әдет –ғұрып,  салт-дәстүр  халықтың хал-ахуалынан  кең көлемде жан –жақты хабардар етеді.  Қазақ халқының  кимі  басқа ұлттардан өзгеше өзіндік қасиетке толы. Мұның басты себебіқазақ халқының табиғат  төсінде өсіперкін ғұмыр кешуімен байланыстыҚазақтың ұлттық киімдері негізінен ертедегі көшпенділер киімдерін еске түсіредіҚазір өзіміз күнделікті киіп жүрген бірқатар киім үлгілері сақ дәуірінен бастау алады. Соның бірі, қазақ халқының ұлттық бас киімі

тақияныңда түрлері көп: зерліүкілі, оқалы, сырма, шошақ төбе, тікше, қатипа. т.б түрге бөлінеді. Етегі аласа төрт сай болып келетін, кестелі шошақ тақиялар  онтүстікте кездеседі. Тегеріш тақиялар орта жүзде көбірек кездеседіАл жалпақ төбелі, биік, тостаған сияқты қаптама тақия кіші жүзге тәнСондайаққазақ жерінде қазақы, ноғайша оқалы тақия, оқа шекке тақия, сырма тақия, тікше қатипа тақия, шошақ төбе тақия тәрізді тақия түрлері кең таралған.

ӘЙЕЛДЕРДІҢ БАС КИІМДЕРІ

Әйелдердің бас киімдері:

1.     сәукеле

2.     бөрiк

3.     қарқара

4.     кимешек

5.     жаулық

6.     күндiк

7.     желек

8.     шәлi (жiбек, шiлтер, оюлы түрi бар)

9.     бүркенiш

10.           бергек

11.           қасаба

12.           тақия

13.           шылауыш

14.           жаулық

Тымаққа қатысты  әдетғұрыптар

Тымаққасиетті баскиім. Оны айырбастауға болмайды, аяқ тигізбейдіЖақсы кісілердің тымағы атадан балаға  мұра есебінде  қалып отырған.

Ел арасында: «Шала  туып, тымаққа салып  өсірген екен», -деген  сөздер жиі  естіледіХалықта әдетте  шала туған   сәбиді  осылай өсіретін  ғұрып барОның  себебі  шала туған  сәби  ұстауғабесікке салуға  келмейдітымақ жылы, әрі бөлеуге, ұстауға  ыңғайлы боладыШала туған  сәбидің неше күні  кем болса, сонша  күн керегенің  әр басына  ілініп қойылатындықтан, күн кереге  басы арқылы  есептеледіМысалы: қырық күн кем болса, керегенің қырқыншы басына  бала тымақтан  алынып, әдетте  жаңа туған  баланың  рәсімі жасала бастайдыЕгер  бала қыста  тусаонда үй  қабырғасына   шеге қағылып  ілінеді. Бұл да  тымақтың  қадыры мен  қасиетін  бейнелейтін көріністердің  бірі деп  түсіну керек.

Біреуге бас ұрғанда  аяғына тымағын  тастайтын әдет бар. «Тымақ ұру» немесе  «Тымақ тастап кешірім сұрау» бітімге шақырудың  ең үлкен  көрінісі  немесе  айыпкер  жағының  беделді адамдары мен  жасы үлкен, жөн білетін  ақсақалдарының  құныкердің  ауылындағылардың алдына барып «Құдай  кешсекеш! Білместік, оқыс кездейсоқтық іс болды, кешірдеп  өтінген кезде ортаға  ең  үлкен ақсақалы  баскиімін  тастап сөзгемәмілеге шақырады. Қызды  алып  қашу  үрдісінде  қыз жағының «аяғына жығыла»  барған кездейсоқ құдалар да бас киімін жерге, алдына тастайтындығы тағы бар.

Бас киімге қауырсын тағу  дәстүрі туралы.

Есік обасының «Алтын адамның»  бас киімінде де  төрт алтын қауырсын қадалғанын, ал онымен бірге табылған заттардың ішінде бетіне  көп қауырсынды  бас киім киген  адам басы салынған жүзік болған. Яқи, жүзік америкада үндіс халықтарының  құс қауырсындарын  тізіп тағатын бас киімге ұқсас. Ал Тамғалы  тастағы  суреттерде осындай қауырсынды  бас киім киген, малдас құрып отырған адам суреті бинеленсе, көне түркі заманы петрогливтерде кездесетін, басы сәуле шашқан  дөңгелек түрінде салынатын бұл шарфты бейнені күн құдайының  бейнесіне ұқсайды. Олар да адамның басыкөзі мұрны, аузы көрсетілуі, киген киімі, оның жағасы, өңірі, белбеуі сияқты нақтылы детальдары бинеленуі, суреттегі құдай емес, нақты адам екенін дәлелдейдіБас киімге қауырсын тағу- барлық халықтарда мифтік наным бойынша жерлері адамның рухтың болмысының аспан. Әлемінен байланыста екендігін білдіреді.

 

Бас киімге қатысты ырымдар мен тыйымдар. Жоғарғы сакралды әлемдегі рухтар  мен  атабабалар аруағы мен (шекараласатын) бөлікті киімбас киім үйдің құты мен берекесіБасқа қонған бақтың (тұрағы) деп есептеледі. Сондықтан да бас киімге қатысты ырымтиымдар кешені сол құтпен берекені сақтауға , баянды етуге бағытталады. Айталық, олардың қатарына бас киімді тарту етпеу, ауыстырып кимеу, қабаттамау сияқтыларды атауға болады.

Бас киімді кез келген жерге тастай салуға болмайды, биікке іліп қою керек. Әсіресе астыға басып отыруға болмайды. «Себебі бастан бақ таяды, бас ауруына тап болады. Бас айналып, тіл байланып, иман қашадыдеген наным бар. Адамның басынан қадырлі, ақылынан қасиетті ештеңе жоқ. Сонымен бірге бас киімді тебуге, лақтыруға, теріс киюге болмайды. Жақсылықтың барлығы адамның мандайына жазылады, сондықтан бас киімнің орны ерекше. Ер адам әйел адамның киімін кимейді, жаулығын салмайды. Себебі еректігі сөнеді, рухы жасиды.

 

 

Киім денені  ауа райынан, сыртқы ортаның  зиянды әсерінен  қорғайтынадамның  денесіне  киюге  арналған  жасанды  жамылғы түрі, тұтыныс бұйымы.

         Киімнің шығуы  адам еңбегінің   ерекшеліктеріне, қоғамдық өндіріс   пен мәдениеттің  дамуымен тығыз байланысты. Киім қоғамдық материалдық және рухани құрамдас бөлігі  болып табыладыБір жағынан  бұл адамдардың еңбегімен  жасалған және   кейбір қажеттілікті  қанағаттандыратын   материалдық құндылықтар  болсаекіншіденол адамның қабілетін  эстетикалық жағынан   өзгертетін  қолданбалы сән өнеріБізді қоршаған   ғимараттареңбек, тұрмыс заттары мен қатар, киім де  өндірістік  күштердің  тарихи кезеңдерде  дамуын, климаттық жағдайын, халықтың  ұлттық ерекшелігіноның  әсемдікке деген талғамын көрсетеді.

Киім  адамды қоршаған ортаныңтабиғаттың түрлі әсерлерінен қорғап, өзінің практикалық қызметін атқарсаадам денесіне сән беріп- эстетикалық қызметін атқарған. Ағаш жапырақтарынан, аң терілерінен дөрекі жамылғы, лұпа сияқты  алғашқы киімдерадам алғашқы пайда болып, үңгірлер жартас қуыстарын паналапағаш бұтақтары мен шөпшалам, қамыстан лашық, қалытқылар жасап, табиғатпен үйлесім  тапқан  кезден басталған.

         Адамдар табиғат жағдайлары мен әр түрлі жәндіктердің шығуынан қорғану үшін  денелеріне саз балшық, батпақмай жаққанКейін бұларға өсімдік бояулары- жоса, кармин (шымқай қызыл бояу),  құрым  индиго (қара көк бояу), ізбес қосылып эстетикалық мақсатта әртүрлі тәсілмен  денеге сурет салынған. Уақыт өте келе  осал бояулар  терінің астына  өтетін бояу әдісі- таңбалаумен (татуировкаауыстырылғанНақ осылай  бастарына құстардың  қауырсындарын,  аңдардың тістерін  және қорғаушы элемент  және киімнің символдық бөлігі ретінде таққан.   Ал денені жауып тұратын талшық материял киімдер пайда болған кезде жоғарыда айтылған қорғаныш  элементтерін сәндікке  құлаққа, мұрынғаерінге жасанды тесіктер жасап тағып жүргенУақыт өте келе адамдардың денесіне салынған таңбалардың (татуировкалар) суреттері матаға көшіріліп эстетикалық қызмет атқарған.      

Ұлттық киім бай  тарихимәдени мұра, оны зерттеу бізді  өткен ғасырларды әдетғұрыпсалт-дәстүр  халықтың хал-ахуалынан  кең көлемде жанжақты хабардар етедіҚазақ халқының  кимі  басқа ұлттардан өзгеше өзіндік қасиетке толы. Мұның басты себебіқазақ халқының табиғат  төсінде өсіперкін ғұмыр кешуімен байланыстыҚазақтың ұлттық киімдері негізінен ертедегі көшпенділер киімдерін еске түсіредіҚазір өзіміз күнделікті киіп жүрген бірқатар киім үлгілері сақ дәуірінен бастау аладыҚазақтардың  киімді солға қаусыратыны сақ киімдеріндеортағасырларда  түріктерде кездеседі.   Көшпенділердің киім үлгілерінің  тігілу мен пішілу  тәсілдерде сабақтастьқ  сақталғанКөшпенділер  адамзат  тарихында  атқа отыруға қолайлы болу үшін ойлап тапқан кең шалбар мен екі өңір ашық, қаусырылатын кеуде киімі- шапанды адамзат өркениетіне қосқан

Қазақ халқының киiмi басқа ұлттардан өзгеше өзiндiк қасиетке толы. Мұның басты себебi қазақ халқының табиғат төсiнде өсiп, еркiн ғұмыр кешуімен байланысты. Өткен ғасырлардың өзінде-ақ киіміне қарап адамның ұлтын ғана емес, сонымен қатар оның қандай дінді ұстанатындығын, қала адамын ауыл тұрғынынан, бойжеткенді жас келіншектен айыруға болатын еді. Сонда біздің ата-бабаларымыз, соның ішінде әйелзаты қалай киінген? Мұндайда тарихи деректер, саяхатшылар жазбалары, көне сызба-суреттер сыр шертеді.


Қазақтың ұлттық киімдерінде оның этникалық тарихы мен экономикалық, әлеуметтік және табиғи ортаның ерекшеліктерінен туындайтын көне дәстүрлері сақталған. Олар пайдалану, қолдану ерекшеліктеріне байланысты күнделікті және сәндік киімдерге, жыл мезгілдеріне қатысты қыстық, маусымдық және жаздық киімдер болып бөлінеді. Қазақтың ұлттық киімдерін жас пен жыныс ерекшелігіне қарай: сәби, бала кездегі киімдер, жігіт, қыз боз бала дәуірінің киімдері, орта жас, сар кідір кезеңдегі киімдері деген сияқты түрлерге жіктеуге болатындай. Сондай-ақ қандай кәсіби салаға қатыстылығына қарай - жұмыс киімдері, бір киер сәндік киімдер, үй киімдері, іш киімдер, сырт киімдер, аңшы, малшы, басшы, жауынгер киімдері деп те бөлінеді. Жыл мезгіліндегі тұтынысына қарай жаздық, қыстық, күз-жазғытұрымғы (демисезондық) киім деп ажыратылады. Адамның дене мүшелеріне сәйкес бас киім, ұлы дене киім, аяқ киім деп жіктеледі.


Сондай-ақ қазақ халқында қалыптасқан дәстүр бойынша әр рудың, әр қоғамдық жiктiң, кәсiп иелерiнiң киiм киюiнiң өзiндiк ерекшелiктерi сан алуан. Мысалы: сал-серiлердiң, қожа-молдалардың, байлар мен билердiң, бақсы-балгерлердiң, кедей шаруалардың, аңшы-саятшылардың т.б. киiмдерi бiр-бiрiне мүлде ұқсамайды. Осындай ерекшелiктердi бас киiм кию дәстүрiнен де байқауға болады.


Киім тақырыбына қалам тартқан этнограф С.Қасиманов қазақтың киімін сипатына қарай iштiк, сырттық, сулық, бiр киер, сәндiк және кейбiрiнде салтанат ғұрып киiмi деп бөледі. Бiр киер киiм деп қымбат маталардан әшекейлеп тiгiлген, той-думандарға, жиын-топтарға барғанда, өзге елге сапарға шыққанда киетiн сәндi киiмдердi атаған. Қазақ салтында ер жiгiт егеске түсерде, соғысқа барарда киiмдердiң ең жақсы көрнектiсiн киген. Iштiк киiмдерi - көйлек, дамбал, желетке, қамзол, кәзекей, сырттық киiмдерге - шапан, күпi, кеудеше, тон, шидем, сулық киiмдергешекпен, қаптал шапан, кебенек, кенеп, сырттық жатады.


Қазақтың ұлттық киiм үлгiлерiнiң көшпелi тұрмыс пен құбылмалы ауа райына бейiмделе дамуына көршi халықтармен арадағы мәдени-экономикалық байланыс, шаруашылық-мәдени тип, тiршiлiк қамы мәдениетi әсер еткендiгi сөзсiз.


Жас қыздар бүрмелі етекті көйлек, бешпет, камзол, қынама бел киімдер киеді. Бастарына үкі кепеш, аяқтарына мәсі, оюлы кебістер киген. Бойжеткен қыздар кәмшат бөрік киеді, сәндеп өрнектеген ақ шыт тартады.


Тұрмысқа шыққан қыздар алғашқы жылы сәукеле, күнделікті өмірде желек киеді де, балалы болған соң сәукелесін тастап, шылауыш орамал жамылады. Жас келін деп үлкен кісілерді көрген кезде бетін желегімен көлегейлеп жүреді, бұл иба көрсеткені. Әлеуметтік мәртебесі бекіп, бірнеше балалы болған соң кимешек шылауыш киеді. Кимешекті қызыл жіппен шым кестелеп кисе күйеуі барлығын, ал ақ жіппен жай ғана су тартып кисе жесір әйел екендігін көрсетеді. Шылауышты кимешектің үстінен тартады. Әйелдер тері бұлғары мәсі-кебіс, қыста қозы елтірісінен ішік киеді. Елтірі ішік ақ, қара, күрең болады.


Әйел киiмдерiнiң қазақ елiнiң бәрiне мәлiм ортақ түрлерi: көйлек, кимешек, жаулық, сәукеле, желек, тақия, қамзол, кәзекей, кебiс-мәсi, көкiрекше сияқты заттар. Әшекей, ажар жағынан қыз бен келiншек киiмдерi, орта жастағы әйелдер мен қарт бәйбiшелердiң киiмдерi деп төрт топқа арналып тiгiледi.

Қазақ ұлттық киімдерінің  тарихи  Ұлы дала  көшпенділерінің тарихымен тығыз байланыстыБізге көшпенділер бірнеше  мыңдаған жылдар бойы  сақтаған салт дәстүрін, киім кию мәдениетін, ғажайып өркениетін  мұраға қалдырып  кеттіОсы атабабаларымыздың   өткен  тарихыолар жасап кеткен дүниелер күні бүгінге дейін маңызын жоймаймұрагер біздің қызығушылығымызды тудырып отырМыңдаған жылдар бойы  қалыптасқан  ұлттық киіміміз  қазақ этносы көшпенді өмір салтын  ХІХ ғасырға дейін сақтап келген халықтардың бірі  болғандықтан көшпенді өмір салтына ыңғайлы функционалды және эстетикалық құндылықтарын  өз бойына сақтап қалдыҚазақ киімдеріне ежелгі   Қазақстан териториясын мекендеген сақтар, ғұндар, түркілер мәдениеті  Қазақ мемлекетінің  құрылуы Ресейге қосылуыревалюция кезеңікеңес өкметінің  орнауы сияқты тарихи оқиғалар көрініс тапты

         Бүгін тарихтың  барлық беттері  ашылып бітті деп айту ертерек. Әсіресе еліміздің мәдениетінің  бастауларынан хабар беретін ежелгі заманғы тарих жөнімен  мәліметтер мардымсыз. Осы ретте  археологияның  ғылыми ашқан  жаңалықтарының  берері ұшаң-теңізАрхеологиялық  экспедициялардың  нәтижелері Қазақстанның  кең даласына бірнеше  мәдениеттің  болғанын дәлелдеп отырБұл мәдениеттер бірін-бір толықтырып, қоғамның дамуына ықпал еткенАрхеология ғылымында біздің  заманымызға дейінгі  І мың жылдықта қазіргі  Орта  Азиямен  Қазақстанның  байтақ өлкесінде  сақтардың  қоныстануы жөнінде көптеген мағлұматтар барГректер, парсылар оларды скивтерқытайлықтар- сэ деп атаған.  Ғалымдар  мекендеген жерлеріне байланысты сақтарды  еуропалық және азиялық  сақтар деп бөледіСақтар көптеген тайпалардан тұрғанБұл мағлұмат бойынша «шошақ бөрікті»  тигахаутсақтар  Шаш «Ташкент», солтүстік Қырғызстан, Онтүстік Қазақстан  жерлеріне қоныстанғанҚорғандар осы сақ тайпаларынан қалғанКемал Ақшевтың  айтуы бойынша  тиграхаут сақтар бұл жерлерден басқа батыс өңіріндеОнтүстік Арал маңында және шығыстаТауыл Алтай да қоныстанған.

         Әлемгі аты әйгілі болған «Алтын адам» жерленген 1969-1970 жылдары ашылған   Есік қорғаны  сақтардан қалған ескерткіш.  4-3 ғасырларда  б.з.дЖетісу жерінде  олардың мемлекеті құрылғанӨмірдегі барлық құбылыс сияқты  ғылым да ылғи да тынымсыз алға жылжып отырадыОсы Есік қорғанда  табылған Алтын киімді  бекзада үйсін қоғамына  тән адам деген болжам да барАл, Кемал Ақшев осы сақ- тиграхауттар мәдениетіне жатқызады.

Осы қорғаннан табылған  аң стиліндегі алтынқоладан жасалған  басқа да құнды нәрселер  табылған алтын заттардың көшірмелері мен әсемделген теңдесі жоқ киімдербас киімдер, аяқ киімдер үлгілері қалпына келтірілдіМүрделердің  киімдері мен бас киімдеріне тағылған жапсырмалы  әшекей заттардың орналасу  ретінің сол қалпында сақталуы қалпына келтіру жұмыстарының күмән келтірмейтіндей нәтижеде шығуына мүмкіндік туғызды.

Сонымен қатар  киімнің негізгі түрлеріне тоқталар болсақ. Қазақтың ұлттық  киімі  бас киім. Бас киімдер ұлттық киімдердің мәнерлі және ерекше  бөлігі болып саналадыолардан халқымыздың  эстетикалық талғамын аңғарамызҰлттық киімдердің  ерекшелігімен қоса адамдардың жас  ерекшеліктеріне қарай, киген киім сонымен бірге жүздің рудың ерекшеліктері жақсы сақталғанХІХ ғасырдың 2 жартысында  қазақ  елінің тұрмысындағы  өзгерістерге байланысты, мәдени өмірінде  де өзгерістер болдыОсыған қарамай жүздердіңрулардың дәстүрлерінің  сақталып қалуы, халықтың қоғамдық және мәдени өміріне  өз әсерін тигіздінәтижесінде  жүзбен рудың ерте заманнан келе жатқан  киім үлгілерінің  ерекшеліктері сақталып қалды.   Бас киімде  жиі географиялықру- тайпалық  ерекшелік байқаладыМысалыұлы суреткер  М. Әуезов  еңбектерінде сегіз сай уақ тымақ, үш құлақты керей тымақ, қаракесекадай бөрік, арғын тымақ, қыпшақ тымақсырмаланған алты сай найман тымақ, төрт сай аласа тобықты тымағы деген  біртекті баскиімнің  сан  алуан түрлері  аталатындығын, осы суреткер мұрасын зертеген доктар Е. Жанпеисов еңбегінде атап өтеді. Бұған қоса аймақ ерекшелігіне қарай Жетісу, Арқа, Қоңырат үлгісіндегі  тымақтар  деген түрлері де ел арасында айтылады

Есенберлиннің  «Көшпенділер» тарихи трилогиясында  осы ерекшеліктер бойынша суреттелген : «Батыс қазақтарына тән киімдер Арқа өңірінен басқаша...Бастарына кигендері кеуделеріне дейін жабатын түйе жүн далбағайетек жағы айбалтаның жүзіндей қайқайып келген. Әшекейлене  кестеленген оқшима қалпақ... Тымақтары да бөтен. Үстін барқытпен тыстап, етегін терімен көмкерген. Шошайған төбесінің  құлақ тұсынан бастап жоғары қарай алты салалы етіп оқа  ұстаған. Жарғақ шалбар, түйе жүн шекпен, кең қоныш етік, ақ таңдақ арша не болмаса тобылғы түстес етіп боялған жұмсақ тонның, шолақ сәнді бешпеттердің  өңіріне зер салған...» . Қазақта бас киімді ерлер де, әйелдер де киеді. Ерлер мен бас киімдері  әр түрлігімен ерекшеленеді.

ХІХ-ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақтың ұлттық киімдерін зерттеген Захарова  И.Вмен Ходжаева Р.Р  ер адамдардың бас киімдерін  төмендегідей түрлерге бөледі:

1.     Дөңгелек, жеңіл, өзінсырып, кестелеп матадан тіккен және қалпақ, тымақ астынан киетін кішігірім бас киім тақия;

2.     Мақтадан тігілген кішкентай, етегі терімен көмкерілген бас киім- төбетей;

3.     Киізден тігілген бас киім- қалпақ;

4.     Қалың матадан тігілген басшылық «Күләпара»;

5.     Тері қапталған  жылы бас киім- бөрік;

6.     Ақ терісінен жасалып суықта киілетін бас киімтымақ;

 

Еркектің  баскиімі сан жағынан  онша көп емес: қалпақ, бөрік, тымақ, (жекей, құлақты, жаба салма, қайырма, төрт, сегіз сайлы, дөңгелек төбелі, шошақ төбе) құлақшын, жалбағай (делбегей, басшылық, далбай, күлапара), көпеш (құстаңдай, қолкесте, бізкесте түрлері бар), жепелер, тақия (зерлі, үкілі, оқалы, сырма, шошақ төбе, тікше, қатипа және т.б), қырпу(ішті бөрік).

Тақия  кішігірім сәтен, шұға барқыт сияқты маталардан әр түрлі тәсілмен (сыру, кестелеу) тігілген бас киім. Оны қалыңдау, жұмсақ маталардан астар тігіп, астарына  жүн немесе мақта салып жасайтын түрлері де болғанЕрлерге арналған тақияның кестесі де болады. Тақияның 4 сай немесе дөңгелек төбел етіп тігедіТақияны, еркектер үлкен баскиімнің астына міндетті түрде бас киім ретінде  ұстанған.

         Тақияныңда түрлері көп: зерліүкілі, оқалы, сырма, шошақ төбе, тікше, қатипа. т.б түрге бөлінеді. Етегі аласа төрт сай болып келетін, кестелі шошақ тақиялар  онтүстікте кездеседі. Тегеріш тақиялар орта жүзде көбірек кездеседіАл жалпақ төбелі, биік, тостаған сияқты қаптама тақия кіші жүзге тәнСондайаққазақ жерінде қазақы, ноғайша оқалы тақия, оқа шекке тақия, сырма тақия, тікше қатипа тақия, шошақ төбе тақия тәрізді тақия түрлері кең таралған. ХІХ ғасырдың 2 жартысында  тігілген тақиялардың төменгі жағы (етегі жиегі) кеңейіп келген 5-7 см, төбелері 4 бұрышты сайдан тұрған. Сайлардың пошымына сәйкес төбесі үшкірконус тәрізді де болған. Төбелері доғалжатыңқы тақияларда қолданылғанҚатты болу үшін етегі мен төбелерінің тігісін жиілетіп жүргізгенСәнді тақияларды кестелеп тіккен, шеттері мен тігістерін кантраст мақта қиындылары мен  әдептеуде қолданылған.  Жібек пен алтын немесе күміс зерлермен кестеленген барқыт тақияларды көбінесе жігіттер кигенЕрлерге арналған тақияның кестесі де, кестелісі де, кестесізі де боладыТақияның орта жастағы, қарияларға арналған түрлері онша кестелеп әшекейленбейдіТақиялар көбіне  «Таңдай», «Ирек», «Қабырға» тігістерімен сырылады. Қазақстанда бұрындары  құлынның терісі мен тулағынан жасалған төбетейге түрі жақын келетін бас  киімдер болған. Ерлер тақияның төбесіне  шошақ ақ киіз қалпақ, немесе әр түрлі аң терілерінен  жиектелген бөріктердің ішінен киедіТақияны Маңғыстау өңірінде «телпек», шығыс өңірінің қазақтары «кепеш» деп атайды. Тақияның кейбір түрлерінен көршілерден ауысқан өзгерістерді байқауға боладыШынжан қазақтарының найман тайпасындағы қызай руына «Қызай тақия» деп  аталатын тақия түрі де жиі ұшырасадыОның керегесі көлбеу, төбесі тегіс, жалпақ дөңгелендіре салынады. Балаларға арнап тігілген мұндай тақиялар барқыт, мақпал асыл кездемелерден тігіліп, астарының арасына жұқа киіз немесе қатырма салып сырадыТөбесінің дәл ортасынан және қабырғасының төрт жағынан  айналдыра жұп өрнекті  қошқар мүйізқұс қанат формалары ою бастырып, жер жіппен кестелейдіЕтегінің жиегіне зермен біргелкі тіс ирек түсіреді.

Қалпақ киізден немесе қалың матадан  тігілген, биік төбелі ерлер бас киіміОны күз бен көктемде, салқын таулы өңірлерде жаз айларында тәңертенгі және кешкі мезгілдерде киеді. Төбесі шошақ биіктеу, етегі кең келген бұл бас киім күннің сәулесін, су өткізбейді, желге қақтырмайды, жауын шашында пана, сәнді де сәулетті киім. Оны ақ киізден немесе қалың матадан тігеді. Қойдың ақ жүнінен, ақ қозының күзен жүнінен, төбесіне ешкінің ақ түбітін қосып басқан шымыр ақ жұқа  киізден тігеді. Ол негізі  екі бөліктен құраладыОлар қалпақтың төбесіне  және етегі кейде (қайырмасы) деп аталады.

Тымақ- биік төбелі, маңдайы, екі құлағы бар, желке, жотаны жауып тұратын артқы етектен тұратын, аңның, малдың терісінен тігілген қысқы бас киімСуықтан, бораннан, қорғайтындай мол пішіледіСыртын берік және қымбат маталармен тыстайдыОның іші тері, сырты шағи, пүліш, барқыт, дүрия, т.б матамен тысталадыТымақтың құлағы мен етегінің  төбемен жалғасқан жері милық деп атайдыЕкі құлақтың сырт жағынан бастыра матадан жалпақ екі бау тағыладыЕтегі төбеге қайырып қою үшін тымақтың артқы жағына тобылғыдан немесе арша сияқты берік ағаштан тиек жасап қадайды. Оны құрысқақ дейді.

«Ескілік киімі»  деген өлеңінде данышпан Абай былай суреттеген:

Күләпара бастырған, пұшпақ тымақ,

Ішкі бауын өткізген тесік құлақ,

Тобылғыдан кесіп ап, жіппен қадап,

Артын белге қыстырған, бар құрысқақ.

В.Л. Плотниковтың 1859-1862 жылдардағы  жазған қазақ киімдерінің ішінде бөрік пен тымақтың 15 түрлі үлгісі мен атаулары бар. Олар: жаба салма, қайырма, төртсай, дөңгелек төбе, шошақ төбе, жекей тымақ. Кейбір түрлері қазір де ел арасында кездесіп қалады.

Жаба  салма тымақ-негізінен түлкі терісінен  сенсеңнен тігіледі, құлағы молмилығы кең, төбесі  аласа болады.

Қайырма тымақ-түлке немесе қозы терісінен тігіледі, оны мандай төбесіне қарай үлкен қайырмалы келіп, жұрындары жалпақ болады. 4-8 сай тымақтартөбелері төрт, сегіз бөліктерден немесе киіздерден құралады.

Дөңгелек төбел тымақ төбесі иықсыз, милықты, жатаған келеді.

Шошақ төбе тымақ- төбесі иықсыз, үшкірлене биік етіп сырылады. Түлкі терісі, пұшпағы және қозының елтірісінен тігілген үш құлақ тымақтардың маңдай екі құлағы, артқы құлағы, төрт төбеден құраладыОны қай жастың адамы да кие беруге болады. Жібек түрлерімен тысталады, тысы иесінің жас ерекшелігіне сай таңдалып алынадыҮш құлақ тымақты алдын ала  дайындалған бөлек үлгі бойынша бөлекше әдемі сәнін келтіріп тігеді.

Жекей тымақ-жазбен күзде киетін, әрі сәнді жеңіл етіп тігілетін елтірі тымақтың түрі.  «Жекей» сәнді деген мағананы білдіредіОның сыртын дүрия, шағи сияқты бағалы маталармен тыстап, кейде оның артқы етегін көтере түсіріп, ке          йде алдыңғы біржақ құлағын шекеге түсіріп киеді.

Құлақшын ерлердің бас киімі. Бұлғын, құндыз, жанат, түлкі, қарсақ, суыр, т.б аң терілері мен бұзау, құлын,қозы лақтың бұйра терісі (елтірі) сияқты үй жануарларының терілерінен тігіледі

Малақайда аң терілері мен  елтірінен арасына жүн мақта салып, сырып тігілген ерлер, соңғы кезде әйелдер де киіп жүрген бас киімМалақай маңдайша, екі құлақшын жақтауы мен төбесі және артқы бөліктен тұрады.

Бөрік. Ерлер мен қыздар киетін бас киім. Бұрын жігіттер мен ересек адамдар бас киімсіз жүрмеген, көбіне бөрік киген.

Қамқаның бөрік кидім қиығынан,

Біреуге, біреу күлер миығынан...

Басында түлкі бөрік түбіттелген,

Болар ма сенен артық жігіт деген.

Сермейсің жел сөз десе емін еркін.

Басыңа жарасымды кәмшат бөркін,- деген халық жырларына арқау болған бөрік туралы деректерден байқайтынымыз оның бөрікті ерлерге де, қыздар да кигені мен қазақта «Бөріктің намысы бір»  деуден  оның көбіне еркектерге тән бас киім екендігін көрсетеді.

 

Сәлдені жаугершілік заманда қазақ батырлары көп қолданған. Олардың басқа сәлде орау мүлде өзгеше

Керім жібек басына сәлде орайды.

Бір ораған сәлдесін жүз орайды.

Қара таудың басына қарай жүрдім.

Ақ баржаны басыма орай жүрдім.

                                       (халық өлеңінен )

 


 

Тымаққа қатысты  әдет –ғұрыптар

Тымақ – қасиетті баскиім. Оны айырбастауға болмайды, аяқ тигізбейді.  Жақсы кісілердің тымағы атадан балаға  мұра есебінде  қалып отырған.

Ел арасында: «Шала  туып, тымаққа салып  өсірген екен», -деген  сөздер жиі  естіледі.  Халықта әдетте  шала туған   сәбиді  осылай өсіретін  ғұрып бар.  Оның  себебі  шала туған  сәби  ұстауға,  бесікке салуға  келмейді,  тымақ жылы, әрі бөлеуге, ұстауға  ыңғайлы болады.  Шала туған  сәбидің неше күні  кем болса, сонша  күн керегенің  әр басына  ілініп қойылатындықтан, күн кереге  басы арқылы  есептеледі.  Мысалы: қырық күн кем болса, керегенің қырқыншы басына  бала тымақтан  алынып, әдетте  жаңа туған  баланың  рәсімі жасала бастайды.  Егер  бала қыста  туса,  онда үй  қабырғасына   шеге қағылып  ілінеді. Бұл да  тымақтың  қадыры мен  қасиетін  бейнелейтін көріністердің  бірі деп  түсіну керек.

         Біреуге бас ұрғанда  аяғына тымағын  тастайтын әдет бар. «Тымақ ұру» немесе  «Тымақ тастап кешірім сұрау» бітімге шақырудың  ең үлкен  көрінісі  немесе  айыпкер  жағының  беделді адамдары мен  жасы үлкен, жөн білетін  ақсақалдарының  құныкердің  ауылындағылардың алдына барып «Құдай  кешсекеш! Білместік, оқыс кездейсоқтық іс болды, кешір!»деп  өтінген кезде ортаға  ең  үлкен ақсақалы  баскиімін  тастап сөзге,  мәмілеге шақырады. Қызды  алып  қашу  үрдісінде  қыз жағының «аяғына жығыла»  барған кездейсоқ құдалар да бас киімін жерге, алдына тастайтындығы тағы бар.

Құлақшын

Ерлердің бас киімі. Бұлғын, құндыз, жанат, суыр тағы басқа аң терілері мен  бұзау, құлын, қозы-лақтың бұйра терісі (  елтірі) сияқты үй  жануарларының  терілерінен тігіледі.  Төбе жағы екі түрлі тәсілмен пішіледі. Бірінші сайдан тұратын үшкіл, етек жағы төрт бұрышты болып келген немесе етек  жағы қусырылып тігіліп, оған  дөңгелек  төбе қондырылған түрі. Теріге өлшеп пішіліп астарының арасына жүн,  мақта салып, сырып тігіледі.  Сыртын терімен тыстап,  қалыпқа кигізіп керіп қояды.

Малақай. Малақай да  елтірі  ден арасына жүн, мақта салып,  сырып тігілген ерлер, соңғы кездері әйелдер де киіп жүрген бас киім.  Малақай мандайша, екі құлақшын жақтауы мен төбесі және артқы бөліктен тұрады.

Бөрік. Ерлер де қыздарда киетін бас киім. Бұрын жігіттер мен ересек адамдар бас киімсіз жүрмеген,  көбіне бөрік киген.

 

ӘЙЕЛДЕРДІҢ БАС КИІМДЕРІ


Әйелдердің бас киімдері:

15.           сәукеле

16.           бөрiк

17.           қарқара

18.           кимешек

19.           жаулық

20.           күндiк

21.           желек

22.           шәлi (жiбек, шiлтер, оюлы түрi бар)

23.           бүркенiш

24.           бергек

25.           қасаба

26.           тақия

27.           шылауыш

28.           жаулық

Қыздардың тақиясы қызыл, күлгін, жасыл, тағы басқа бір түсті шұға, барқыт, мауыты сияқты кездемелерден өңдi маталардан қабатталып сырылып тігіледі. Тақия төбесі, әлбетте, төрт сай немесе дөңгелек келеді. «Таңдай», «ирек», «қабырға» тігістермен сырылып, жібек, алтын, күміс, зер жіптермен кестеленiп, моншақ асыл тастармен безендiрiледi. Түрлі-түсті моншақ-маржан, алтын, күміс теңгелер және асыл тастармен безендіріледі. Үкінің үлпілдек қауырсынын әсемдік үшін тақияның төбесіне қадайды. Үкілі қадалған тақия қазақ қыздарының ерекше ұнатып киетін бас киімі болған. Қыздардың киетiн тақиялары жiбек, зер жiптермен тігіліп, Маңғыстауда “телпек”, шығыс Қазақстанда “кепеш” деп аталады.


Қасаба – тұрпаты дөңгелек, желкесіне қарай ойыңқылау келген, дөңгелек тақияға ұқсас етiп пiшiледi де, артқы жағына немесе желкесiне қарай бiрте-бiрте ойыңқы түскен құламасы болады, ұшы әйелдiң арқасына қарай төгiлiп жатады. Айдыны зерлi жiптермен кестеленiп, қиылысқан жерiн алтын жолақпен жауып, зерлi әшекеймен безендiредi. Құламасына шашақтар тағылады. Шашақтың көп тағылуын “ұрпағы көбейсiн” деген игi тiлекпен түсiндiруге болады. Қасабаның маңдай тұсына түрлi асыл тастармен тiзiлген дөңгелек табақшалармен бекiтiлген қыстырма iлiнген. Ал самай тұсына ұзынырақ күмiс қоңыраушалармен ұшталған 5-6 тiзбек салпыншақ қыстырған. Көне түркі (қыпшақ) бас киімнің негізгі элементтерін бойына сіңірген қасаба атауы «алтын зерлі» деген мағына береді дейді этнограф Ө.Жәнібеков. Қасаба көбіне төре, сұлтандардың қыздары киетін бас киім саналған.


Қазақта сирек те болса кездесетін бас киімінің ерекше түрі - қарқара. Ш.Уәлиханов еңбегінде: «Қыздардың басында төбесіне құс қауырсыны қадалған сұлтан киетін бас киім болыпты» дейді (Шығармалар жинағы. І том, 326 б.). Қарқара кигенде әйелдер жаулықтың бір ұшын желке тұсына келтіре сәл шығарып қояды да, қалған бөлігін кимешектің сыртынан айналдырады, шашын көрсетпей жауып тұрарлықтай етіп орайды. Жаулықтың ұзындығына байланысты қарқараның биіктігі де әртүрлі болады.


Кимешек - қастерлі, ел арасынан үзілмей келе жатқан әйел адамның бас киімі. Кимешек ақ бұлдан тігіліп, жиегін астарлайды. Кимешектің иекті айнала маңдайды жауып тұратын екі жағын “шықшыт” дейді. Кимешекті жас ерекшелігіне сәйкес әшекейлейді. Егде әйелдердің кимешегінің әшекейі аздау, ою-кестесі жеңіл болады, сары, ақ жіппен сырылады. Жас әйелдердікі қызыл, жасылмен әшекейленеді. Кимешектің алдын “жақ” деп атайды. Оны қол кестесімен кестелейді. Кимешек-шылауышты жас келіншектер, орта жастағы әйелдер, кемпірлер тартып киеді. “Кимешек кию, шылауыш тарту” деген сөздер арқылы бұл бас киім айқындалады. Кимешекті басқа сәйкестіріп пішіп тігеді. Кимешектің адамның арқасына түсер жері ұзыншақ келеді. Мұны “құйрықша” деп атайды. Адамның белінен төмен түсіп, шашты жауып тұратындықтан осылай аталғанға ұқсайды.


Кимешек кеуде, иық, жонды жауып тұратын тұйық болады. Тек адамның бет-әлпеті шығып тұратын жері “ойық” болады. Ойықтың екі жағы, кеудеге келер тұсы кестеленіп әшекейленеді. Жылтыр жіптермен бастырылып, сырыла тігіледі. Ойықтың жиегін өңді жіппен “шалып” тігеді. Мұны “алқым шалу” деп атайды. Алқым шалудан кейінгі “жадағай” тігісті “су” деп атайды. Судан кейін “қиықшалап” тігеді. Қиықшадан кейін су “жүргізіп”, “құман бау” деп аталатын әшекей тігіспен тігеді. Құман баудан соң “Күрең кесте” деп аталатын ою-өрнек салынып тігіледі. Күрең кестеден кейін “сағат бау” тігісі жүріледі. Сағат бау кей жерде “ағақ бау” деп те аталады. Кимешектің кеудедегі бөлігінің ұшына күміс теңгелер тағылады. Бұл кимешекке сән береді, әрі төмен қарай басып, жазып тұрғанға әсері болады. Кимешектің бір мәні әйел адамдардың шашын шаң-тозаңнан сақтап, додырап шықпауына септігін тигізеді. Бұл да діни наным-сенімнен туындап, мұсылман әйелдерінің шашын жасыруларына көмегі тиеді. Кимешектің Қазақстанда бұрама жаулық, иекше атаулары кездеседі.


Кестесіне қарай кимешек қызыл жақ, сары жақ, ақ жақ деп үшке бөлінеді. Ақ жақты қарт әжелер, қызыл жақты келіншектер, сары жақты жастар киеді. Кимешек кейде күміспен, тана, моншақтармен шеттіктеледі. Әр тайпа мен рудың кимешектерінің пішімінде, түрінде және сырт көрінісінде өзіне тән ерекшеліктері болған.


(2қосымша)

Қазақта жас келіннің алғаш кимешегін кигізуге байланысты ғұрыптық әрекеттер өткізілетін. Күйеуге шыққан әйелдің бас киімі – кимешектің бөлшектері оның жасына орай біртіндеп өзгеріп отыратын. Некелескен кездегі бас киімнен кейін алғаш киілген кимешек ең сәнді болып есепетелді. Жас келінге алғашқы кимешегін кигізу әйелдің қонақы асын беруімен бірге өтетін. Оны келіннің енесі ұйымдастырып, күйеу ауылының қарт әйелдері шақырылған. Олардың бірі жас келінге кимешек кигізіп, енесінен сый алатын.


Кимешектің, қазақ рулары мен тайпаларының өзгеше болуына байланысты, әр түрлі үлгілері болады. Кимешектiң Қазақстанда бұрама жаулық, иекше атау-лары кездеседi. Көне түрі - тігілмей пішілген мата кесегі, басқа тартылған орама кимешекті Ақмола қазақтары ХХ ғ.20-30 жылдарына дейін киген. Келесі бір түрі матаның тұтас кесегінен пішіліп, бір жақ қырынан келетін жағынан бас сұғатын орын қалдырылып, бір-ақ тігіспен тігілетін болған түрі Омбы, Атбасарда, Әулиеата өңірінің теріскейінде және оңтүстіктегі қоңыраттарда сақталған. Солтүстік және Орталық Қазақстанда кимешектердің алдыңғы жағы трапеция немесе үшкірленіп пішіліп, жоғарғы бөлігінде бетке орын қалдырылған; арқа жағы дұрыс ромба түрінде келеді де, құйырығы тізеге, тіпті өкшеге дейін түсетін болған. Шығыс Қазақстандағы кимешектер құйрық бөлігі қысқалау, алдыңғы жағы жоғарғы бұрыштары қиғаш келген төртбұрыш секілді болған; оның екі жағы-на квадратқа жақын түрдегі жақтаулар бекітіліп тігілген. Сырдария бойында бөлек бүрмелі кимешек түрі болған, оның алдыңғы жағы тура бұрышталып пішілген; төменгі ұзын жағы кеудеге түсіп, ал жоғары жағы бүктеліп, бетті екі жағынан қоршап тұру үшін басқа байлап бекітіліп қоятын болған. Оңтүстік қазақ әйелдерінде кеңінен тараған кимешек түрі ұзынынан екіге бүктеліп пішілген мата кесегінен жасалатын болған. Көп тараған түрі “мұнара тектес болған”. Ол үшін бүкіл мата біртіндеп басқа оралып, ұштары орам арасына кіргізіледі немесе желке жақтан түйіледі (Захарова И.В., Ходжаева Р.Д. Казахская национальная одежда: ХIХ - нач. ХХ в. -Алма-Ата: Наука, 1964. - С.115-122).


Жаулық әр ру, елде түрлiше аталған:  оңтүстiк, орта-лық, шығыс Қазақстанда оны көбiнесе (матаның көлемiне байланысты) шаршы, Жетiсу, Алтай өңiрлерiнде шылауыш, ал оңтүстiк Қазақстанда күндiк деп аталады. Рудың өзiне тән ерекшелiктерi болған: Маңғыстауда матаны қабат ұзын тіліктен тігілген бұрама жаулық кисе, Семейде үшбұрышты, шеттері тым созыңқы орамал тәрізді етіп үшбұрыш түрi болған. Арқа жерiнде жоғары және төмен деп аталатын қос жаулық тартқан. Шылауыштың шетiне қол кестемен қызыл, жасыл, сары, шолақ және жалғасқан қысқа оюларды салады. Маржан, түйреуішпен тағып, төбесіне шашақ төгіліп, кестеленген төбелдірік салады.


Бұрынғы Торғай облысы аумағындағы жас келіншектер ХХ ғасырдың басында сұлама немесе сәукеле жаулық киген, бұл жерде оның екінші атауы тегін берілмеген, себебі оның шығу тегі сәукелеге байланысты. Оның негізін бірнеше қабат қағаз немесе картоннан жасалған қатты каркас құраған (бұрындары тәрізі киізден болса керек). Түрі жоғарыдан қиылған конус сияқты, биіктігі жарты метрдей, қапталған матасының артқы шеті емін-еркін арқаға түсіп кетеді. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында мұндай бас киім Бөкей ордасында да тараған, яғни жалпы Қазақстанның Солтүстік батысына тән киім үлгісі. Оның төменгі жағына оқалы кесте тігіп, моншақтар қадаған, ал жан-жағына күміс әшекейлер бекіткен. Орта жастағы әйелдер оны кеңірек әрі төменірек тігіп, әшекей тақпай киген. Қартамыс әйелдер үстіңгі жаулықты каркассыз бұрайтын болған. ХІХ ғасырда әйелдер үшін міндетті киім түрі болған жаулық Орта Азия халықтарына да кеңінен тараған.


Әйел кимешегінің сыртынан тартатын шұлауышты ақ жібектен, ақ түсті шүберек матадан көлемін шаршы етіп алынған ақ матаның шетiн қайырып шалып тігіп дайын-дайды. Матаны шаршылап маңдайын қатырма етіп, шашының үлкен бөлігін тұтас төбені жауып тұратындай есеппен екі шекесінен қыр шығарып жасайды. Қатырма салынған маңдайдан күмістен жасалған салпыншағы төгіліп тұрады. Шұлауыш шаршысының ұзын, қысқа болуы тұтынушының бойының ұзындығына байланыс-ты. Шұлауышты басқа тартқанда шаршысының ұшы етіктің сірі өкшесіне тиіп тұруға тиісті. Шылауыштың шетiне қол кестемен қызыл, жасыл, сары, шолақ және жалғасқан қысқа оюларды салады. Оның бұрыштарына ұшбұрыш және дөңгелек оюларды кестелеп немесе сырып әшекейлейдi. Шылауыштың төбесiнен шекеге таман үкiнiң сабағын орап маржанмен отырғызады. Жас келіншектер тарта-тын шұлауыштардың бұрышын кестелеп, төбесіне ша-шақ төгіліп, кестеленген төбелдірік те пайдаланады.


Шәлінің бүркеніш, жібек, оялы, торғын, шілтерлі деген түрлері және ою, өрнек гүл шоқтары сызылған әртүрлі бедерлі немесе шымқай қызыл күлгін т.б. өңділері де болады. Шәлiні әйелдер өздерiне шаршылап, кейде үшбұрыштап әртүрлi үлгiде iз салып, ақ немесе күлгiн түстi ешкi түбiтiнен де тоқиды. Қыстық жүн шәлілер түбіт, түйе жүнінен үлпілдек етіліп тоқылған, басқадай да суық өтпейтін қалың, жылы маталардан жасалып, барлығының да шетіне шашақ төгіледі. Бедері барын жастар, бірыңғай, өңділерін орта жастан асқан ана, әжелер тұтынады. Шәлінің құны, сапасы мен қажеттілігі жағынан да салыға жетпейді.



(3-қосымша)

Шаршы шыт– Шаршы шытты ертеректе ақ түсті (ақзу, ақторғын, атылас, шыншу т.б.) материалдардан жасап пайдаланатын болған. Мұндай шыттардың төртқұлағын кестелеп немесе қызыл, сары күлгін т.б. өңді шүберектерден үш бұрыш астырып, сырып әшекейлеп келді. Шаршы ақ шытты жіңішкелеп бүктеп жапсырылған екі бұрышын дәл ортасына келтіріп бүктеп қаттама арасына артық шығарып бүктейді де екі ұшын әркім өз басына сәйкес түйіп байлайды. Байлау оң жақ шекеге келеді де, ұшындағы үшбұрыш шүберек жапсырылған ұшы шығып тұрады. (Халел. Н. Ұлттық мирас)


Орамал (парсы, араб.румал) – Ерте кезде кестелеп жасалған қол орамалды қыздар жігіттерге сыйлайтын болған. «Орамал тонға жарамаса да, жолға жарайды» дейтін халық мәтелі осыдан шыққан. Орамалдың басқа тартатын шаршы және қиықша түрлері де бар.


Сәукеле – қазақ әйелдерінің дәстүрлі киімдері аса бай, керемет сәнді бас киімдер ішіндегі ең әшекейлі, әрі күрделі, ұзатылған қыз киетін аса қымбат бағалы ғұрыптық бас киім. Сәукелені Орта Азия мен Қазақстан-ды мекендеген үшкір тымақты сақтар – тиграхаудтардың бас киіміне ұқсатады. Сәукеленің биіктігі шамамен бір жарым, екі қарыстай болады. Сәукеленің негізін жұқа ақ киізден сырып тігеді де, сыртын қызыл шұғамен тыстап, қымбат бағалы аң терісімен әдіптейді: алтын, күміс әшекейлер, моншақтар тағады; жоғары қарай жіңішке-ре түскен төбесіне үкі қадап, тірсекке түсетін асыл тасты, оқалы лента тігіп, бергегіне бетті көлегейлейтін желек бекітеді.


Сәукеленің негізгі бөліктері –тәж, төбе, құлақ бау және артқы бау. Сәукеленің төбесі қиықтанып келеді. Оның төбесінде тәж деп аталатын жартылай дөңгелек айдары болады. Сәукеленiң екi самайдан түсіп тұратын інжу, маржаннан жасаған шашақталған төгілме моншақ, салпыншақ шекелiк немесе жақтама аталады. Ол барған жерінің ұрпағын көбейтсін, өсіп-өнсін деген игі тілекпен жасалған. Екі жақ самай тұсына бетке жеткізе шолпы тәріздендіріп бірнеше қатар маржан тізілген салпыншақтарды сәукеленің бетмоншағы деп атайды. (“Бетмоншағы түсіп (үзіліп) тұр” дегендегі бетмоншақ). Сәукеле бастан қисайып немесе түсіп кетпеу үшін тамақтан өткізетін бау тағылады. Екі құлақ тұсына омырауға жететін құлақша тоқылады. Сәукеленің арнайы күмістен жасалған төбелдірігі, маңдайшасы, екі жағында тізілген маржаннан салпыншақ пен жақтауы және белге дейін түсіп тұратын артқы құлағы болады. Сәукеленің төбесіне жібектен желек салынып, оған үкі (қарқара) қадалады. Ту сыртынан жерге жететіндей ақ желең немесе ақ жібек жаулығы тағылады.


Жаңа түскен келінге беташар айтылып, үлкендер тілек-батасын берген соң сәукелесінің сыртынан жабылған жамылғысы - бүркемесі (ақ бүркеншігі) қамшымен сабымен түріліп, беті салтанатты түрде ашылған соң ол алынып, оны желекпен алмастыратындығы белгілі. Ақ бүркеншек алғаш түскен келінді тіл мен көз сұғынан сақтайды, әрі ақ болуы-адалдық, тазалықтың белгісі, ибалықтың нышаны санайды. Жаңадан қауымға мүше болған жанның өз қауымы мен жаңадан мүше болып келіп жатқан қауымның арасындағы өтпелі кезеңді белгілейтін сәтте қолданылатын зат.


Қазақ халқының қолынан міне, осындай сан түрлі киім үлгілері жасалып шыққан. Әсіресе, ұлт өмірінде әйел затына арналған киімдердің ерекше рөлі болғаны анық. Себебі, әйел затына ерекше құрметпен қарау дәстүр-лі мәдениетіміздің ерекше көрінісі екені күмәнсіз. Халқымыз қыз баланың әсемдігін денесін жалаңаштау арқылы емес, мың құлпырған бояуы қанық, келісті де көрікті киімдері арқылы көрсетуді жөн көрген.


Осы ретте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырып отырған іс-шараның да мәні аса жоғары деп есептеймін. Бұл байқау тек шариғат бойынша киінудің мәселесін ғана емес, ұлттық нақыштағы киімдерімізді де насихаттаудың тиімді жолы.  Көшелерде, түрлі қоғамдық орындарда әрі заманымызға сай, әрі қазақы, әрі мұсылмандық канондарға сай киінген қыз-келіншектер көбейсе, ұлттық мәдениетіміз де өркен жая бастайтыны даусыз. Әрине, бір ғана байқаумен бүкіл мәселе бірден шешіле қоймас. Бірақ осы іс-шараны әрі қарай іліп әкетіп, дәстүрлі түрде жыл сайын өткізудің жолдарын қарастырса құба-құп. Сөз соңында, елімізге тілерім ұлттық мідениетіміз жаңғыра берсін, ұлдарымыз салмақты, қыздарымыз ибалы болсын! Ең бастысы, еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!

Бас киімге қауырсын тағу  дәстүрі туралы.

Есік обасының «Алтын адамның»  бас киімінде де  төрт алтын қауырсын қадалғанын, ал онымен бірге табылған заттардың ішінде бетіне  көп қауырсынды  бас киім киген  адам басы салынған жүзік болған. Яқи, жүзік америкада үндіс халықтарының  құс қауырсындарын  тізіп тағатын бас киімге ұқсас. Ал Тамғалы  тастағы  суреттерде осындай қауырсынды  бас киім киген, малдас құрып отырған адам суреті бинеленсе, көне түркі заманы петрогливтерде кездесетін, басы сәуле шашқан  дөңгелек түрінде салынатын бұл шарфты бейнені күн құдайының  бейнесіне ұқсайды. Олар да адамның басы,  көзі мұрны, аузы көрсетілуі, киген киімі, оның жағасы, өңірі, белбеуі сияқты нақтылы детальдары бинеленуі, суреттегі құдай емес, нақты адам екенін дәлелдейді.  Бас киімге қауырсын тағу- барлық халықтарда мифтік наным бойынша жерлері адамның рухтың болмысының аспан. Әлемінен байланыста екендігін білдіреді.

         Көшпелі халықтарда  ерте заманнан бастап қалыптасқан, өте жоғары лауазымды үстем тап өкілдерінің бас киімінің маңдай тұсында, бөріктің, қалпақтың жиегіне айналдыра құтан, тырна,  тауыс, бүркіт қауырсындарын қадайтындары айтылған.  Көшпенділердің тек өзіне тән бұл дәстүр шамамен 13-14 ғасырларға дейін сақталып,  кейін бұл салттың ирандық вариянты- баскиімнің төбесіне не маңдайына  жыға тағумен ауысқан.  Бұл дәстүр негізінде дін –ырымдық наным жатқанын жоғарыда айттық.  Өзгермеген күйде бұл ырымның қалдығы көпшпенді түрік халықтарының (Тува, Алтай, Хаккас) көне дін өкілдері шамандардың  қауырсын   тізген бас киімде сақталған.  Қазақтар арасында бұл дәстүр сақталмағаны мен, оның сарқыншағын, өзгерген түрін, жас бала, келін, сал –серілердің  бас киіміне дулығасына жыға қадауынан және осы орайда сөз болып отырған қарқара бас киімінен байқауға болады.

 Бас киімге қатысты ырымдар мен тыйымдар. Жоғарғы сакралды әлемдегі рухтар  мен  ата –бабалар аруағы мен (шекараласатын) бөлікті киім –бас киім үйдің құты мен берекесі,  Басқа қонған бақтың (тұрағы) деп есептеледі. Сондықтан да бас киімге қатысты ырым –тиымдар кешені сол құтпен берекені сақтауға , баянды етуге бағытталады. Айталық, олардың қатарына бас киімді тарту етпеу, ауыстырып кимеу, қабаттамау сияқтыларды атауға болады.

Бас киімді кез келген жерге тастай салуға болмайды, биікке іліп қою керек. Әсіресе астыға басып отыруға болмайды. «Себебі бастан бақ таяды, бас ауруына тап болады. Бас айналып, тіл байланып, иман қашады.» деген наным бар. Адамның басынан қадырлі, ақылынан қасиетті ештеңе жоқ. Сонымен бірге бас киімді тебуге, лақтыруға, теріс киюге болмайды. Жақсылықтың барлығы адамның мандайына жазылады, сондықтан бас киімнің орны ерекше. Ер адам әйел адамның киімін кимейді, жаулығын салмайды. Себебі еректігі сөнеді, рухы жасиды.

         Қазақтар үкіні қасиетті құс деп санаған. Үкінің үлпілдеген жүні мен қауырсыны жын –сайттаннан қорғайды деп, төсектің басына, бесікке, бас киімге қадаған.

         Қыз басына ақ, қара орамал тақпайды. Ақ –жаулықтың, қара –қайғының белгісі болып саналады.

         Емшекте баласы бар әйел жалаңбас отырып бала емізбейді. Ормал салып отыруы керек. Жалаңбас болса, қайызғашын шайтан баласының аузына салып жібереді, бала есейгенде мәңгүрт болады, анадан безеді, басына шығып, аяқ қасты етеді деп біледі.

Бас ким айырбастамайды (басындағы бағың кетеді немесе біреудің басындағы бәлесі жұғады) бас киімнің төбесін басып киюге болмайды. Бас киімді басқа адамға сыйлауға, сатуға болмайды. Жаман ырым деп есептеледі. Бас киімін біреуге сыйға берген қыз-жігіттің үй болулары кешігеді. Тұрмысы жақсы адамның ырысы шайқалады деген нанымдар қалыптасқан. Сондай-ақ бас киім сатып алып тұрған адам, ол киімді сатушының қолымен басына кидіріп өлшесе, басындағы бағын сол кісіге береді. Сондықтан бас киімді сатып алушынан өз қолымен өлшеуіне назар аударған.

         Бөтен адамға бас киім бермейді, берсе адам басы кемиді деп саналады. Киіп жүрген бас киімді сыйға немесе кие тұруға бермейді. Себебі, бастан бақ кетеді, соры қайнайды. Сыйлыққа жаңа бас киім беру керек. Бұл басты қастерлегендік.



 

 

 

 

Қорытыныды

 

 

Қорыта айтатын болсам  бұл жұмысты жазу барысында  маған  ұлттық бас киімдер ұнаған болатын. Сол себептен  мен  ғылыми жұмысымды бастаған едім.  Ғылыми жұмысымда  қазақ халқының бас киімі жайлы жаздым. 

Ұлы дала  көшпенділерінің тарихымен тығыз байланысты.  Бізге көшпенділер бірнеше  мыңдаған жылдар бойы  сақтаған салт дәстүрін, киім кию мәдениетін, ғажайып өркениетін  мұраға қалдырып  кетті.  Осы ата –бабаларымыздың   өткен  тарихы,  олар жасап кеткен дүниелер күні бүгінге дейін маңызын жоймай,  мұрагер біздің қызығушылығымызды тудырып отыр.  Осы мақсатта бүгінгі жас ұрпаққа  қазақ халқының ұлттық бас киімін танытып, жаңғыртқым келді.  Болашақта тарихымызды,  әдет-ғұрыпымызды ұмытпас  үшін, жаңа үлгідегі киімдерге  осы негізде өзгерістер еңгізгім келеді.


 





 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


Арғынбаев Х. А. Қазақ халқының қол өнерi. - Алматы, 1987.
Басенов Т.К. Орнамент Казахстана в архитектуре, Алматы. 1957.
Жәнiбеков Ө. Уақыт керуенi. -Алматы: Жазушы, 1992.
 
Захарова И.В., Ходжаева Р.Д.

Қазақстан сәндік өнері. – Алматы, 2002.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінің этнографиялық коллекциясы (серия) Қазақтың дәстүрлі киім-кешегі // иллюстрацияланған ғылыми каталог// Алматы: Өнер, 2009., 1-т. – 344 б. Ғылыми редактор және жоба жетекшісі – Нұрсан Әлімбай;
Қазақ халқының ұлттық киімдері / Құрастырған Б. Хинаят., А. Сужикова. – Алматы, Алматыкітап, 2011. – 384 б.

 



Ғылыми жоба "Ұлттық бас киім" тақырыбы 5 сынып
  • Другое
Описание:

Ұлттық киім–бай тарихи – мәдени мұра, оны зерттеу бізді өткен ғасырларды әдет –ғұрып, салт-дәстүр халықтың хал-ахуалынан кең көлемде жан –жақты хабардар етеді. Қазақ халқыныңкимібасқа ұлттардан өзгеше өзіндік қасиетке толы. Мұның басты себебі: қазақ халқының табиғаттөсінде өсіп, еркін ғұмыр кешуімен байланысты. Қазақтың ұлттық киімдері негізінен ертедегі көшпенділер киімдерін еске түсіреді. Қазір өзіміз күнделікті киіп жүрген бірқатар киім үлгілері сақ дәуірінен бастау алады. Соның бірі, қазақ халқының ұлттық бас киімі

тақияныңда түрлері көп: зерлі, үкілі, оқалы, сырма, шошақ төбе, тікше, қатипа. т.б түрге бөлінеді. Етегі аласа төрт сай болып келетін, кестелі шошақ тақияларонтүстікте кездеседі. Тегеріш тақиялар орта жүзде көбірек кездеседі. Ал жалпақ төбелі, биік, тостаған сияқты қаптама тақия кіші жүзге тән. Сондай –ақ, қазақ жерінде қазақы, ноғайша оқалы тақия, оқа шекке тақия, сырма тақия, тікше қатипа тақия, шошақ төбе тақия тәрізді тақия түрлері кең таралған.

ӘЙЕЛДЕРДІҢ БАС КИІМДЕРІ

Әйелдердің бас киімдері:

1.сәукеле

2.бөрiк

3.қарқара

4.кимешек

5.жаулық

6.күндiк

7.желек

8.шәлi (жiбек, шiлтер, оюлы түрi бар)

9.бүркенiш

10.бергек

11.қасаба

12.тақия

13.шылауыш

14.жаулық

Тымаққа қатыстыәдетғұрыптар

Тымақ – қасиетті баскиім. Оны айырбастауға болмайды, аяқ тигізбейді. Жақсы кісілердің тымағы атадан балағамұра есебіндеқалып отырған.

Ел арасында: «Шалатуып, тымаққа салыпөсірген екен», -дегенсөздер жиіестіледі. Халықта әдеттешала туғансәбидіосылай өсіретінғұрып бар. Оныңсебебішала туғансәбиұстауға, бесікке салуғакелмейді, тымақ жылы, әрі бөлеуге, ұстауғаыңғайлы болады. Шала туғансәбидің неше күнікем болса, соншакүн керегеніңәр басынаілініп қойылатындықтан, күн керегебасы арқылыесептеледі. Мысалы: қырық күн кем болса, керегенің қырқыншы басынабала тымақтаналынып, әдеттежаңа туғанбаланыңрәсімі жасала бастайды. Егербала қыстатуса, онда үйқабырғасынашеге қағылыпілінеді. Бұл датымақтыңқадыры менқасиетінбейнелейтін көріністердіңбірі дептүсіну керек.

Біреуге бас ұрғандааяғына тымағынтастайтын әдет бар. «Тымақ ұру» немесе «Тымақ тастап кешірім сұрау» бітімге шақырудыңең үлкенкөрінісінемесеайыпкержағыныңбеделді адамдары менжасы үлкен, жөн білетінақсақалдарыныңқұныкердіңауылындағылардың алдына барып «Құдайкешсекеш! Білместік, оқыс кездейсоқтық іс болды, кешір!»депөтінген кезде ортағаеңүлкен ақсақалыбаскиімінтастап сөзге, мәмілеге шақырады. Қыздыалыпқашуүрдісіндеқыз жағының «аяғына жығыла» барған кездейсоқ құдалар да бас киімін жерге, алдына тастайтындығы тағы бар.

Бас киімге қауырсын тағудәстүрі туралы.

Есік обасының «Алтын адамның» бас киімінде детөрт алтын қауырсын қадалғанын, ал онымен бірге табылған заттардың ішінде бетінекөп қауырсындыбас киім кигенадам басы салынған жүзік болған. Яқи, жүзік америкада үндіс халықтарыныңқұс қауырсындарынтізіп тағатын бас киімге ұқсас. Ал Тамғалытастағысуреттерде осындай қауырсындыбас киім киген, малдас құрып отырған адам суреті бинеленсе, көне түркі заманы петрогливтерде кездесетін, басы сәуле шашқандөңгелек түрінде салынатын бұл шарфты бейнені күн құдайыныңбейнесіне ұқсайды. Олар да адамның басы, көзі мұрны, аузы көрсетілуі, киген киімі, оның жағасы, өңірі, белбеуі сияқты нақтылы детальдары бинеленуі, суреттегі құдай емес, нақты адам екенін дәлелдейді. Бас киімге қауырсын тағу- барлық халықтарда мифтік наным бойынша жерлері адамның рухтың болмысының аспан. Әлемінен байланыста екендігін білдіреді.

Автор ЕЛЬТАЕВА САУЛЕ ДЮЙСЕНБИНОВНА
Дата добавления 22.05.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров 1564
Номер материала 59644
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓