Главная / Химия / Химияның дүниені диалектикалық тұрғыдан түсінудегі маңызы. Органикалық химияны дамытудағы отандас ғалымдардың қосқан үлестері

Химияның дүниені диалектикалық тұрғыдан түсінудегі маңызы. Органикалық химияны дамытудағы отандас ғалымдардың қосқан үлестері

Сабақтың тақырыбы: Химияның дүниені диалектикалық тұрғыдан түсінудегі маңызы. Органикалық химияны дамытудағы отандас ғалымдардың қосқан үлестері

Сабақтың мақсаты:

а) біліктілік: оқушыларды химия ғылымының басқа жаратылыстану ғылымдары арасында алатын орнымен таныстырып, маңызы, қолданылу салалары жөнінде мағлүматтар беру. Химия ғылымы жетістіктеріне тоқталып, оқушыларға ғылыми-материалистік тәрбие беру, отандас ғалымдардың еңбектері жөнінде айту.

ә) дамытушылық: оқушылардың өз бетімен, ұжыммен жұмыс істеу біліктіліктерін дамыту; әр оқушының білімдік, ұжымдық қабілетін ояту; еске сақтауын, ой-өрісін дамыту; сөзжұмбақ, ребус, «үйлестірме кесте» жасай білуге баули отырып, оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдаландыру,танымдылық белсенділігін арттыру.

б) тәрбиелік: көпшіл, ұйымшыл болуға баулу; ынтымақтастыққа, өзін-өзі басқаруға, бақылауға, байқағыштыққа жетелеу;білім деңгейіне қарамай серігін, көршісін қадірлей білуге; әр оқушының қабілетін дамытып; еңбек етуге баулу; кәсіптік бағдар беру.

Сабақтың міндеттері:

а) өз ойларын еркін айтып, бір-бірінің пікірін тыңдайды.

ә) ұжымдаса бірлесіп жұмыс істейді.

Сабақтың түрі: жаңа білім беру, жинақтау сабағы.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, салыстыру, сұрақ-жауап,баяндау, оқулықпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Көрнекілігі: тест сұрақтары, тараптама материалдар(сұрақ-жауап)

Пәнаралық байланыс: биология,география, тарих, қазақ әдебиеті.

Сабақтың формалары: жеке, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың тегі: жаңа материалды игерту сабағы, жаңа сабақтың мақсатын түсіндіру, бұл сабақта нені біліп шығатыны туралы айтып, оқушы зейінін сабаққа аударамын.

Ұзтаз ұстанымы: сабақта барлық оқушылардың қамтылуы.

Оқушы ұстанымы: ынта,жігер,шынайылық.

Сабақ жоспары:

1.Ұйымдастыру (2 минут)

2. Үй тапсырмасы (10 минут)

3. Жаңа сабақ (20 минут)

4. Пысықтау (5 минут)

5.Үйге тапсырма (2 минут)

6. Бағалау (3 минут)

7. Қорытындылау (3 минут)

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушылармен амандасу

2. Сынып бөлмесінің тазалығына көңіл аудару.

3. Кезекші мәлімдемесін тыңдау.

4. Журнал бойынша түгелдеу.

5. Оқу құралдарын түгелдеу.

6. Тәртіпке шақырып, оқушылардың сабақ бастауға көңіл күйі, оқушы назарын сабаққа толық аудару.

7.Сабаққа белсенді қатысуды, бір-бірінің жауабын тыңдауды ескерту.

8. Жаңа сабаққа дайындық.

9. Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

10. Сабақ жоспарымен таныстыру.

ІІ. Үйтапсырмасын сұрау кезеңі.

Өткен сабақтарда өтілген «Тұрмыста қолданылатын химиялық заттар. Химия, экология және денсаулық. » тақырыбы бойынша сұрақ –жауап әдісімен түсінгендерін, сабақты меңгергендерін сұрап білемін.

І-тапсырма.Сұрақ-жауап.

1. Тұрмыста колданылатын қандай химиялык заттарды білесіңдер?

2. Тұрмыстык химиялық заттарды қолданғандағы сақтық ережелерін айтып

беріңдер.

3. Неліктен қышқыл ортада сабынның жуғыштық қасиеті жойылады?

4. Тұрмыста кең қолданылатын, жалынды сары түске бояйтын қатты А заты

суда нашар ериді. Егер оны тұз қышқылымен өңдесе, В тұнбасы, ал кальций

бромиді ерітіндісімен өңдесе, С тұнбасы түзіледі. А,В,С заттарын атап, реакция

теңдеулерін жазыңдар.

5. Химияның қоршаған ортаға әсері жөніндегі хемофобиялык түсініктердің пайда

болу себебі не?

6. Қоршаған ортаға, адамдар денсаулығына зиянды әсерін тигізетін қандай

органикалык заттарды білесіңдер? Формулаларын жазыңдар.

7. Адам денсаулығына аса зиянды заттар: алкоголь, никотин және есірткіге қарсы күрес — адамзаттык ауқымды мәселеге айналып отыр. Бұл проблемаларға байланысты сендердің көзқарастарың қандай?

8. Химияның адам денсаулығына пайдасы бар ма? Ол туралы не білесіңдер?

9. "Химия және экология" такырыбына реферат, шығарма, фотоальбом әзірлеңдер.

ІІ-тапсырма.Химия және табиғатты қоргау

  1. Табигатты қорғау туралы алғашқы және соңғы зандар қашан шықты?

  2. Алғаш рет табиғатты қоргау туралы жарлық берген хандар?

  3. Атмосфераны ластайтын объектілерді атандар.

  4. Атмосфераны табиғи ластайтын қандай объектілер?

  5. Отынды жағудың әсерінен ауа қалай ластанады?

  6. Автомобиль көлігінің ауаға әсері қаңдай?

  7. Бензиннің қандай түрі ауаға көп зиян келтіреді7

  8. Қышқыл жаңбьгр дегеніміз не? 0л қалай пайда болады?

  9. Қаладагы түтін (смог) қалай пайда болады?

10. Табиғаттағы су қоры, қанша? Тұщы су қоры қанша?

  1. Гидросфераны ластайтын қандай объектілер?

  2. Ағын судың химиялық қүрамының ластануын бақылау қалай жүргізіледі?

13. Ағын судың ластауын анықтайтың каңдай әдістер бар?
14. Ағын судың тазалығын химиялық жолмен анықтау қалай

жүргізіледі?

  1. Топырактың ластануы қалай жүреді?

  2. Топырақтың ластануын қалай азайтуға болады?

  3. "Биогаз" дегеніміз не?

  4. Тамақ арқылы адам ағзасына қандай улы заттар жиналуы мүмкін?

  5. Нитраттардың қөп мөлшері өсімдіктерге қалай жиналады?

  6. Адам ағзасына нитраттар қандай зиян келтіреді?

21. "Парник эффектісі" қалай пайда болады?

22. Озоносферадағы "Озон тесігі" деген не?

Жауабы:

1. Алғашқы заң — 1958 жылы, соңғы заң — 1997 жылы; 2.Шыңғысхан және ұлы Хулагу;

3. Жағатын отын, автокөлік, өндіріс орьгндары, гербицид,пептицидтер т.б; 4.Жанартау атқылауы кезіндегі газ, күл, өрт, жел, шаң, тозаң, топырақ эрозиясы; 5. Отын толық жанбаған кезде атмосферада қатты бөлшектер — күйе, шаң, күл түзіледі және улы компоненттер — С02, SO, Рb,NО, т.б. түзіледі; 6. Автокөлік жүргенде ауаға азот, көміртек, күкірт оксидтері, альдегидтер және хлор, бром, фосфор, қорғасын элементтері бөлінеді; 7. Этилденген бензин. бұларға атнидетонатор ретінде қорғасын косылады (тетраметил қорғасын, тетраэтил қорғасын). Бұл бензиннің тутіні, газы улы;8. Ауага көп мөлшерде көтерілген азот, күкірт оксидтері ауадагы су буыменкосылып,.қышқыл түзіледі., Қышқыл жаңбырлар ульі; 9. Көшедегі көптеген автокөліктердің түтін газынан пайда болады; 10. Жер бетіндегі су коры 1 млн 359 мың м3. бұның 2,8%-ы -тұщы су, оның 2,2%-ын пайдалану мүмкіншілігі жок. Олар — Арктика, Антарктида, Гренландиядагы мұздықгар; 11. Өндіріс орындарының, ауыл шаруашылығының тұрмыстык калдық өнімдерінің суга құйылуы; 12. Судың қышқылдығы мсн сілтілігін
анықтайтын арнайы аспаптар арқылы жүргізіледі; 13.Механикалык,химиялык, биологиялық;

14. Нейтралдау әдісі арқылы, бұл процесс әктас, магнезит, доломит косу арқылы жүргізіледі;

15. Топырак пестицидтер, гербицидтер, дефолианттармен ластанады; 16. Улы химикаттарды,
минераллык тыңайтқыштарды тиімді пайдалану арқылы; 17. Биогаз —
жануарлардың калдыктарын жөне түрмыстык қалдықтарды өндеу арқылы алынган жанғыш зат (метан). Бұл үйлерді жылыту және тамақ пісіру үшіп қолданылады; 18. Радиоактипті заттар, пестицидтер, нитраттар, нитриттер; 19. Нормадан тыс азотты тынайткыштарды беру нәтижесінде болады;

20 Нитраттардың адам ағзасына зияны жоқ. Шектегі миқрофлоралар арқылы нитратгар нитритке айналса, ол зиянды. Нитриттер зиянды, олар қандагы оттектің тасымалдануын киындатады әрі концерогенді заттар тузеді; 21. Атмосферада СО2 көбеюі жер беті климатына жылылык әкеледі. Жылылыктың пайда болуы хлор, фтор, метанды (фреон) затгардың көбеюі арқылы да болады;

22. Стратосфераның астындағы озоннан тұратын қабат, яғни озон қабаты ультракүлгін сәулені ұстап қалады. Озон қабатын ыдырататын заттар — азот оксиді, хлор,сутек және фреондар.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі.

Сабақтың тақырыбын айту, мақсатымен таныстыру. Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларды «Химияның дүниені диалектикалық тұрғыдан түсінудегі маңызы. Органикалық химияны дамытудағы отандас ғалымдардың қосқан үлестері» тақырыбы жайлы түсіндіремін

Химия — жаратылысты зерттейтін ғылымдардың бірі. Жаратылыс дегеніміз — бізді айнала қоршаған материалдық дүние. Материя әрдайым қозғалыста болады. Неміс философы Ф. Энгельс: "Химия дегеніміз — атомдар қозғалысы туралы ғылым, ол дененің сандық құрамының өзгеруінен болатын сапалық өзгерістерін зерттейді", — деп атап көрсеткен еді. Физика молекулалар қозғалысын зерттесе, химия атомдардан молекулалардың түзілуін қарастырады. Химия ғылымы қазіргі жаратылыстану ғылымдарының маңызды бір саласы ретінде материя қозғалысының химиялық формасын, анығырақ айтсақ химиялық процестердің заңдылықтарын зерттейді.

Материя қозғалысының химиялық формасы деп отырғанымыз молекула ішіндегі атомдар қозғалысы әсерінен молекуланың сапалық өзгеруі. Оны іске асырып, тасымалдайтындар — электрондар, атомдар, молекулалар, макромолекулалар, иондар, радикалдар, т.б.

Материя қозғалысының химиялық формасын (химиялық айналуларды) химиялық құбылыс немесе химиялық реакция деп атайды. Біздің айналамызда мұндай айналулар үздіксіз, тоқтаусыз жүріп жатады. Соның нәтижесінде бір заттардан екінші заттар пайда болады, кіші организмдер өседі, көбейеді, т.б.

Табиғатта болып жататын мұндай өзгерістерді химия басқа да ғылым салаларымен бірлесе отырып өзара тығыз байланыста зерттейді. Мысалы, химия және басқа ғылымдар физикалық заңдар мен әдістерді кеңінен пайдаланады. Қазіргі физикалық жетістіктерді пайдаланбай химияның дамуы мүмкін емес. Дәл осылай химиялық жетістіктерсіз физика да, басқа да ғылым мен өнеркәсіп салалары дами алмас еді. Басқаша айтқанда химия математикамен, физикамен бірлесе отырып күрделі биологиялық түзілістерді танып-білуге көмектеседі.

Химия — күрделі, көп қырлы, іргелі ғылым. Ол басқа да жаратылыстану ғылымдары сияқты дүниені материалистік тұрғыдан түсінуге, диалектикалық ойлауға негіз береді. Химияның негізгі заңдылықтары табиғаттың жалпы заңдылықтарымен үндесіп жатады. Мысалы: көмірсутектердің молекуласындағы әр түрлі байланыстардың түзілуімен сәйкес қаныққан және қанықпаған косылыстар қасиеттеріндегі айырмашылықтардың болатынын білдіңдер. Бұл —сан өзгерістершің сапа өзгерістерше ауысу заңын дәлелдесе, аминқышқылдары мен белоктардың екідайлы қасиеттерінің болуы — қарама-қарсылықтың бірлігі мен күресі заңын өрнектейді. Сондай-ақ алкандар мен арендер қасиеттеріндегі ұқсастық (орын басу реакциясына қатысуы) терісті теріске шығару заңына бағынып, оралма бойынша дамуды көрсетеді. Ал табиғат дамуының қарапайымнан күрделіге өту заңдылығын сендер органикалық химияны оқу барысында үнемі кездестірдіңдер. Мысалы, қарапайым метаннан бастап, күрделі заттар — жоғары молекулалық қосылыстар химиясына дейін осы заңдылық бірте-бірте енгізіліп отыр.

Қазіргі заманда адамның өндіргіштік әрекеттеріне байланысты химияның атқаратын рөлі зор. Химия араласпаған бірде-бір өндіріс, шаруашылық салалары жоқ. Табиғат бізге тек бастапқы шикізатты — ағашты, кенді, мұнайды, т.б. береді. Табиғи материалдарды химиялық өңдеу арқылы ғана ауыл шаруашылығына, өндіріске, тұрмысқа қажетті тыңайтқыштар, металдар, пластмассалар, бояулар, дәрілік заттар, сабын, сода, т.б. аса маңызды әр түрлі заттарды алады. Осы процестерді іске асыру үшін тиісті жалпы заңдылықтарды білу қажет.

Республикада химия саласы бойынша Қазан төңкерісіне дейін Шымкент сантонин зауыты мен сабын, желім өндіретін майдагерлік кәсіпшіліктер ғана болды. Елімізде химия гылымының пайда болуын 1932 жылдан басталды деп айтуға болады. Әуелі Ақтөбеде, сонан соң баска жерлерде химиялық өндіріс орындары салына бастады. Қазакстан қазір жаңадан құрылған қуатты химия өнеркөсібі бар іргелі елге айналды.

Қазақстанда алғашқы Химия ғылымдары институты 1945 жылы ашылды. Оның директоры Қазақстанда химия ғылымынан білім берудің негізін қалаған атакты химик—ғалым, академик Ә.Б. Бектұров болды. Оған дейін Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстандық ғалымдар түсті және қара металл кендерін өндіру және өңдеу, отқа төзімді материалдар мен құрылыс материалдарын шығару, химиялык технология, энергетика, ауыл шаруашылығы сияқты өзекті проблемаларды зерттеді. Республиканың табиғат ресурстарын өндіру және пайдалану жөнінде көптеген практикалық ұсыныстар жасалды. Қазақстанда шикізат қорының молдығы осы кезде жұмыс істейтін зауыттарды, химиялық кәсіпорындарды кеңейтуге, жаңа өндіріс орындарын ұйымдастыруға мүмкіншілік берді.

Қазақстанның химия өнеркәсібіне сай ғылымы мен білімі де дамып келеді. Қазақстан Ғылым академиясының ғылыми-зерттеу институттары: Алматыдағы Химия ғылымдары институты, Органикалық катализ және электрохимия институты, Қарағанды химия-металлургия институты, Атырау мұнай және табиғи тұздар институты, Алматы мен Қарағанды химия-технология институттары осы заманғы теориялык және практикалық мәселелермен айналысуда.

Менделеевтік съездердің біздің елімізде өтуі — Қазақстан химия ғылымының жақын және алыс шетелдердің көлемінде тиісті дәрежеге көтерілгендігшің дәлелі.

XX ғасырдың екінші жартысында Республикада химияның теориялық жөне практикалық маңызы зор салалары дамытылды. Мысалы: қышқылдар мен негіздер теориясы (М.И. Усанович); амальгамалық химияның теориясы мен практикасы (М.Т. Козловский); катализдік әсерді алдын ала болжаудың теориялық негіздері (Д.В. Сокольский); концентрленген тыңайтқыштар алудың негіздері (Ә.Б. Бектұров); поликонденсациялау процестерінің химиясы (Б.А. Жұбанов); амперометриялык титрлеудің теориясы мен практикасы (О.А. Сонгина); сирек және түсті металдар өндірудің физикалық-химиялық негіздері (Е.А. Букетов); гетероциклді жаңа қосылыстар синтездеу және олардың физиологиядық белсенділіктерінің химиялык құрылысқа тәуелділігін (Е.Н. Әзірбаев, А.Ш. Шәріпханов, Д.В. Соколов) және табиғи өсімдіктер химиясын (М.И. Горяев, Т.Қ. Шомбалов) зерттеу негіздері; континенттік тұз түзілудің физикалык-химиялық негіздері (Б. А. Бірімжанов) қаланды және әрі карай жетілдіріліп келеді.

Республикада органикалык химия саласындағы зерттеулер 1938 жылдан бастап дамыды. Қазақстанда ТМД көлеміндегі тұңғыш рет поликонденсация реакциясын зерттеп, талшық түзетін полиамидтерді синтездеген академик С.Р. Рафиков болды. Оның ұсынысы бойынша, Қазақстанда мұнай өнімдерінің ауыр қалдықтарын зерттеу және оларды жоғары молекулалық қосылыстарға айналдыру, органикалық қосылыстарды тотықтыру жұмыстары жүргізілді.

Ахметжан Шәріпханұлы шәкірттерімен бірге биологиялық белсенді заттардың стереохимиясының теориялық негіздерін дамыта отырып, зерттеулерінің практикада қолданылуы үшін көп еңбек етті. Синтездеп алынған қосылыстардың ішінде медициналық дәрілік заттар, ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің өнімділіктерін арттыратын биологиялық белсенді заттар мен зиянкестерге қарсы қолданылатын фунгицидтердің бірнеше тобы бар. Солардың қатарында — сынақтан ойдағыдай өткен "Риклокаин" деп аталатын дәрі. Ол тиімділігі жоғары (анестезиялық) жансыздандырушы зат ретінде медицинада қолдануға ұсынылды.

ІV.Жаңа сабақты пысықтау.

Оқушылардың алған білімдерін тиянақтау мақсатында әр түрлі әдістер қолдануға болады.Оның негізгілері: мысалы, сұрақ –жауаптар, деңгейлік тест сұрақтарын беруге болады.Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болғаң соң жаңа материалды меңгеру дәрежесін тексеру үшін оқушыларға мынадай сұрақтар беремін.

І-тапсырма. «Ұлы есімдер» сайысы сұрақтар.

1. Атом құрылысының планетаралық моделін ұсынған ғалым?

2. Мұнайды химиялық жолмен айыру әдісін ашқан инженер?

3. Металл құймалары бойынша жүргізген зерттеуі үшін Лениндік сыйлық алған химик?

4. Сапалы болат өндіру ісінойлап тапқан инженер?

5. Гольванотехниканың негізін қалаған ғалым?

6. Кванттық физиканың негізін салушы ғалым?

7. Қазан химиктер мектебін құрған химик-ғалым?

8.Геохимия саласында көп еңбек сіңірген ғалым?

9. Қазақстан металлогения ілімінің негізін қалаған ғалым?

10. Қай ғалымға сыйлық ретінде 1 грамм металл берілген?

11. Сірке альдегидін алуды ашкан ғалым?

12. Қазақтың ұлттық химик мамандарын даярлауға көп үлес қосқан ғалым?

13. Тізбекті реакцияны жасағаныүін Нобель сыйлығын алған ғалым?

14.Синтетикалықкаучукты алу техникасын жасаған ғалым?

15. Социалистік Еңбек Ері атағын алған Қазақстандық химик?

16.Ерітінділер туралы әлемдік дәрежеде теория ұсынған, Қазақстанда жұмыс істеген химиқ?

Жауабы:

1. Э.Резерворд; 2. В.Г.Шухов; 3. Н.С.Курнаков; 4. П.Амасов; 5. Б.С.Якоби; 6. Н.Бор; 7. Н.Зинин; .8. А.Е.Ферсман; 9. Қ.Сәтбаев; 10. Б.Бірімжанов; 11. Н.Семенов; 12. М.Г.Кучеров; 13. М.Кюриге 1 г радий берілген; 14. С.В.Лебедев; 15. Д,Сокольский; 16. М.И.Усанович.



V. Үй тапсырмасын беру кезеңі.

§ 41-§42 , ғылыми баяндамалар, рефераттар әзірлеу

VІ. Оқушылардың білімін бағалау кезеңі.

Сабақта сұраққа мәнді де мағыналы жауап берген, қосымша сұрақтарға жауап беріп отырған оқушыларды бағалау.

VІІ. Қорытындылау кезеңі.

Жаңа материалды меңгеру дәрежесін тексеру үшін оқушыларға мынадай өзіндік жұмыс бойынша сұрақтар мен жұмбақтар беремін.



Химияның дүниені диалектикалық тұрғыдан түсінудегі маңызы. Органикалық химияны дамытудағы отандас ғалымдардың қосқан үлестері
  • Химия
Описание:

Сабақтың тақырыбы: Химияның дүниені диалектикалық тұрғыдан түсінудегі маңызы. Органикалық химияны дамытудағы отандас ғалымдардың қосқан үлестері

Сабақтың мақсаты:

а) біліктілік: оқушыларды химия ғылымының басқа жаратылыстану ғылымдары арасында алатын орнымен таныстырып, маңызы, қолданылу салалары жөнінде мағлүматтар беру. Химия ғылымы жетістіктеріне тоқталып, оқушыларға ғылыми-материалистік тәрбие беру, отандас ғалымдардың еңбектері жөнінде айту.

Автор Битабарова Хадиша Исабековна
Дата добавления 21.07.2015
Раздел Химия
Подраздел Другое
Просмотров 1580
Номер материала 60273
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓