Главная / Химия / Химия пәнінен сабақ жоспары "Сандық есептер шығару"

Химия пәнінен сабақ жоспары "Сандық есептер шығару"

Күні

Пәні Химия

Сыныбы 8

Сабақ тақырыбы

«Сандық есептер: жай және күрделі заттардың салыстырмалы молекулалық массасын және мольдік массасын есептеу. Химиялық формула бойынша заттың мольдік массасын және зат мөлшерін есептеу. Берілген масса немесе зат мөлшері бойынша атомдардың және молекулалардың санын есептеу.

Жалпы мақсат

Есептер шығару арқылы формулаларды, химиялық қосылыстардың формуласын жаза білуге үйрету

Міндеттері

Сандық есептерді шығара білуге дағдыландыру

Нәтижелері

А)Формулалар арқылы есептер шығарады, анықтаманы тұжырымдайды

В) есептерді шығармашылықпен орындап, бағалайды.

Сабақта қолданылатын материалдар

Видеопроектор, постер, фломастер,

Оқыту әдістері

Топтық, жұптық, жеке

Дерек көздері

Жалпы білім беретін мектептің 8 – сыныбына арналған оқулық «Химия» Алматы «Мектеп» 2012, Н.Нұрахметов, К.Сарманова, К.Жексембина, орта мектептің 8-11 сынып оқушыларына арналған оқу құралы Химия есептері мен жаттығуларының жинағы Алматы «Рауан» 1997, Химик анықтамалығы



Ой

лау дең

гейі

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Түрткі

(Тапсырма, сұрақ, жағдаят)

Бағалау

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Критерий

Дискриптор

Ұпай

Білу

Жай және күрделі заттардың салыстырмалы молекулалық, мольдік массаларын, зат мөлшерін, атомдардың, молекулалардың санын есептеу кезіндегі формулаларды еске түсіру

Жай және күрделі заттардың салыстырмалы молекулалық, мольдік массаларын, зат мөлшерін, атомдардың, молекулалардың санын есептеу кезіндегі формулаларды еске түсіреді.

І топ:

Жай және күрделі заттардың салыстырмалы молекулалық массасын, мольдік массасын есептей формуласын жазу.

ІІ топ:

Жай және күрделі заттардың зат мөлшерін және молекула санын есептеу формуласын жазу.

(постер)

Формула-ларды жаза алуы

1.формуланы дұрыс жазды

2.формуланы қателікпен жазды

3.формуланы жаза алмады

2


1



0

Екі топқа сұрақ қойылады

(постерге түсіру тапсырылады)

Топпен жауап береді

(постерге түсіреді)

Түсіну

Есептерді шығару барысында химиялық реакция теңдеулерінің дұрыс жазылу керектігін түсіндіру.

Есептерді шығару кезінде реакция теңдеулерінің дұрыс жазылу керектігін түсінеді.

Егер айырылу, қосылу реакцияларына анықтаманы дұрыс берсеңіздер, жауаптарыңыздың қосындысы судың молекулалық массасына тең болады.

Жауабын табуы

1.дұрыс табуы

2.қателіктермен табуы

2

1

Мұғалім интерактивті тақтаға тапсырманы көрсетеді.

Тапсырманы орындайды.

Қолдану

Формулаларды есептер шығаруда қолдану.

Формулалар-ды есептер шығару кезінде дұрыс қолдана алады.

«Маршруттық карта»

І топ:

І-аялдама: «Жай заттар» 2 минут 5 балл

Калий хлоратының (КСІО3) салыстырмалы молекулалық массасын, мольдік массасын есептеу.

ІІ-аялдама: «Күрделі заттар»

4 минут 5 балл

15 грамм калий хлоратының (КСІО3) зат мөлшерін есептеу.

ІІІ аялдама: «Қоспалар» 4 минут 5 балл

Берілген атомдар санын мольмен есептеу

12,04*1023 атом натрий.

ІІ топ:

І-аялдама: «Құбылыстар» 2 минут 5 балл

Калий перманганатының (КМnO4) салыстырмалы молекулалық массасын, мольдік массасын есептеу.

ІІ-аялдама: «Химиялық формула» 4 минут 5 балл

Калий перманганатының (КМnO4) 0,3 моліндегі массасын есептеу.

ІІІ-аялдама: «Химиялық теңдеу» 4 минут

5 балл

Берілген атомдар санын мольмен есептеу 3,01*1023атом оттек.

Есепті шығару кезінде формуланы қолдана алуы

1.дұрыс пайдаланады

2.орташа деңгейде пайдаланады

3.пайдалана алмайды

2


1


0

Есепті шығару тапсырылады

Есепті топпен шығарады

Талдау

Сандық есептерді шығару барысындағы қолданылатын формулаларды талдау.

Сандық есептерді шығару барысында қолданыла-тын формулалар-ды талдай алады.

«ТВ шоу» әдісі арқылы сұрақтар қою

Сұрақ-тардың күрделі-лігі

1.күрделі сұрақ

2.орташа сұрақ

3.жеңіл сұрақ

3

2

1

Оқушыларға сұрақтарды өздері дайындап, бір-біріне қою тапсырылады.

Оқушылар сұрақтар дайындап, бір-біріне қояды, сұрақтарға жауап береді.

Жинақтау

Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін жинақтау

Оқушылар тақырып бойынша алған білімдерін жинақтай алады.

Кесте толтыру

Кесте толтыруы

1.дұрыс толтырды

2.қатемен толтырды

3.толтырылмады

2


1


0

Оқушыларға кесте толтыруға уақыт беріледі

Оқушылар кестені толтырады

Бағалау

Ойлауға мүмкіндік бере отырып, шығармашылық қабілеттерін бағалау.

Өз бетімен ойлай алады, шешімін айта алады

«Қызықты жазулар» ойыны арқылы сабақты қорытындылайды


Жазылу реттілігі

1.Химиялық формуланы жаза білуі

2.Салыстырмалы молекулалық массасын есептей білу

3.Құрамындағы элементтің массалық үлесін анықтай алады

1




1



2


Тапсырманы оқушыларға береді

Тапсырманы орындайды.


Химия пәнінен сабақ жоспары "Сандық есептер шығару"
  • Химия
Описание:

8 сынып оқушыларына арналған «Бастапқы химиялық ұғымдар» тарауы бойынша «Сандық есептерді шығару» тақырыбы бойынша құрылған.  Бұл сабақта оқушылар

жай және күрделі заттардың салыстырмалы молекулалық массасын және мольдік массасын есептеу. Химиялық формула бойынша заттың мольдік массасын және зат мөлшерін есептеу. Берілген масса немесе зат мөлшері бойынша атомдардың және молекулалардың санын есептеу есептерін орындайды.

Сабақтың мақсаты: Есептер шығару арқылы формулаларды, химиялық қосылыстардың формуласын жаза білуге  үйрету.

Міндеті: Сандық есептерді шығара білуге дағдыландыру.

Күтілетін нәтиже: А)Формулалар арқылы есептер шығарады, анықтаманы тұжырымдайды

В) есептерді шығармашылықпен орындап, бағалайды.

Сабақ жоспары оқушылардың сыни ойлауына ықпал етуге бағытталған ойлаудың деңгейіне негізделген Блум таксаномиясы бойынша құрылды. Әр деңгейде жеңілден күрделіге қарай құрылған тапсырмалардан тұрады.

Білу деңгейінде оқушылардың алдынғы сабақта алған білімдерін еске түсіру арқылы формулалармен танысып, түрлендіруді орындайды. Түсіну деңгейінде тақырыпқа сәйкес тапсырманы орындап сөз шығарады. Қолдану деңгейінде «Маршруттық карта» әдісі бойынша есептер шығарып, әр бір оқушы өз деңгейінін есебін орындайды. Талдау деңгейінде «ТВ шоу» әдісі бойынша тақырып бойынша сұрақтар қояды. Жинақтау деңгейінде формулаларды, өлшем бірліктерін, таңбаларын қолдана отырып, кесте толтырады. Бағалау деңгейінде «Қызықты жазулар» әдісі бойынша оқушылар бірінен соң бірі формуланы жазады, рекация теңдеуін құрады, реакция теңдеуін теңестіру арқылы сабақты қорытындылайды.

 

Әр деңгей бойынша оқушыларға тапсырмаларды орындауын бақылауларына арналған критериалды бағалау парақтары беріледі. Оқушылар өздерін не болмаса сыныпты топқа бөлу арқылы топ басшысына беріп оқушылардың сабақтағы белсенділіктерін, ынталарын байқай отырып критерийлер бойынша бағалауға мүмкіндік алады.

Автор Битингалеева Динара Айтжановна
Дата добавления 18.11.2014
Раздел Химия
Подраздел Планирования
Просмотров 7031
Номер материала 2044
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓