Главная / История / Хан-Батыр Қабанбай - ұлы тұлға!

Хан-Батыр Қабанбай - ұлы тұлға!

С.Сарсенбаева

5 Ақмол орта мектебі

Тарих пәнінің мұғалімі

Ақмола обылысы

Целиноград ауданы

Хан-Батыр Қабанбай - ұлы тұлға!

hello_html_40e5b181.jpg

Қазақ халқының тарихында, оның мемлекет болып қалыптасуы мен бүгінгі әлемдегі елдердің ішінде аумағы жөнінен 9-орын алатын ұлан-ғайыр жерді алып қалу үшін жанын да, қанын да аямай соғысқан адамның бірі – теңдессіз батыр атамыз Қабанбай.

Қабанбай атамыз 1962 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының Алакөл маңындағы Тоқта-Барлық тауының етегіндегі Мәмбет ауылында, Найман тайпасы Қаракерей руының Байжігіт атасынан тараған Қожағұл батырдың шаңырағында, ағалары Есенаман мен Есенбайдан кейін үшінші ұл болып дүниеге келген. Азан шақырып қойылған аты – Ерасыл.

XVIII ғасырдың бас кезінде, яғни 1702 жылы Барлықтағы алғашқы айқаста әкесі Қожағұл батыр аз адаммен қоршауға қалып, ақыры ауыр жарақаттан мерт болады. Ерасылдың он бірге жаңа толған кезі еді. Қожағұл батырдың көзі жойылған соң, басынған ойраттар Мәмбет ауылдарына жиі-жиі шабуыл жасап, жылқыларын айдап әкетіп жүрді. Бір шапқыншылықта ойраттар жылқы күзетіп жүрген Ерасылдың ағасы Есенбайды қолға түсіріп, қорлап, қанжармен жас жігіттің қарынын жарып өлтіріп кетеді. Ағасынан айырылған Ерасыл қатты қапаланып, дереу кек қайтаруға ұмтылғанымен, ел ішінен қолдаушы таппай, ызаға булығып жүреді. Ақыры он алты жасқа келгенде ағасының кегін алуға, Ардакүрең атты атына мініп ешкімге айтпастан, әкесінің қара найзасы мен қайқы қылышын, алмасқа қанжарын алып, ойратқа жалғыз аттанады. Ойраттың жалшысы болып жылқысын бағып жүрген қырғыз жігіті Ерденмен танысып, дос болып, соның көмегімен ағасын өлтірген Өлжежырғалдың ауылын табады. Өлжежырғалды тауып:

- Сен Өлжейжырғалсың ба? - деп сұрайды.

- Иа, Өлжей мен боламын! - дейді ол.

- Ендеше мен сен ішін жарып өлтірген Есенбайдың інісі Ерасылмын.Ағамның кегін алуға келдім,- дейді де жекпе-жекте жауының жүрегіне қанжарын сұғып жайратып салады.

Жүрегіне шемен болып жабысып жанына маза бермей жүрген шаруасын тындырған соң Ардакүреңіне мініп, із жасыру үшін Зайсан көлі жақта, Ертіс өзені жағасындағы Керей еліндегі апасы Меруертпен жездесі Бердәулеттің қолына келіп, бірнеше жыл тұрады. Бірде Зайсан көлінің жағасында жездесі Бердәулетпен жылқы қайырып жүріп бір топ жабайы шошқаның үстінен түседі. Шошқаның ішінен бір тайыншадай қабан Ерасылға қарай тура ұмтылады. Жас жігіт қаша жөнелмей, найзасын оңтайлап, қолына сығымдап ұстап, қабан таяна бергенде жүрек тұсынан дәл қадап серейтіп салады. Мұны көрген жездесі таңданып:

- Міне батыр деп осыны айт, нағыз қабан сен екенсің! Бұдан былай бұл жігітті Қабанбай батыр деп атайық! - деп жар салады. Бұл оқиға мұқым елге тарап, содан бастап жұрт Ерасылды Қабанбай батыр деп атап кетеді.

Содан Керей арасында бес жылдай тұрып, Ханбибіге үйленіп, Байжігіт еліне Қабанбай атымен оралады. 1718 жылдың қүзінде, жеті жылдан кейін, Аягөз өзенінің бойында алғашқы шайқасында ойраттың Арсалаң деген батырымен кездеседі.

- Арсалаң! Мен – қазақтың Қабанбай деген батырымын. Осыдан жеті жыл бұрын, он алты жасымда, ағаң Өлжежырғалды о дүниеге аттандырған мен едім. Енді құдайдың құдіретімен сенің де ажалың менен болайын деп тұр. Ал енді батыр болсаң қорған, көрейін өнеріңді! – деп қарсы тұра шабады. Шауып келіп, көз ілеспес жылдамдықпен, найзасын Арсалаңның алқымына қадап, атынан ұшырып түсіреді.

Бұдан кейін қалмақтардың қалың қолымен Шаған шатқалында кездесіп, ойсырата жеңіп, айдап шығады. Ақбоз атқа мініп Наймандардың қолын бастап жүрген батырдың Қабанбай екенін Абылай хан біліп:

- Қылшылдаған өткір қара қылышым-ай! Даңққа жеткізген дарабозым сен екенсің ғой! Егер биікке бекініп алған жау қамалына қалың қолды көтеріп сен шаппағанда, бүгінгі шайқастың немен бітері неғайбыл еді. Бүгіннен бастап Қабанбай атың хан ұранына айналып, жорықтағы есімің Дарабоз болсын! – деп құшағына алып, үстіне алтын зерлі тонын жапқан екен.

Қалмақтармен болған Сауырдағы келесі шайқаста Қабанбай батыр қалмақ батыры Долан Дошымен жекпе-жекке шығып, оны да жер жастандырады.

Қабанбай 1723 жылы Түркістан қорғанысына, 1726 жылы Бұланты шайқасына, 1730 жылы Аңырақай-Алакөл шайқасына, одан кейін Шыңғыстау, Ертіс бойындағы шайқастарға қатысып, Абылай ханның сенімді бас батырына айналады. 1751 жылы қазақ елінің оңтүстік шекарасына екі түмен қолмен жорыққа шығып, Ұлы жүз жасағын өзіне қосып алып, Сыр бойын, Шымкент, Ташкент, Сайрам қалаларын жоңғарлардан тазартып, Ташкентте Төле бидің билік басына келуіне көмектеседі. Шыршық өңірінде Жоңғарияға айдалып бара жатқан қалмақтың мыңдаған тұтқындарын босатып алады.1752 -1754 ж. Іле, Балқаш, Қаратал, Жетісу, Алакөл, Барлық, Үржар өңірін, Шығыста Нарын, Қатынсу, Тарбағатай, Алтай өлкелерін жоңғарлардан азат етіп теріскейде Бөгенбайдың әскерімен қосылып Зайсан, Күршім, Марқакөл өңірлеріндегі қазақ жерін жаудан тазартады.1756 ж. Жоңғар билеушісі Әмірсананы қуып келген Қытай әскерінің бетін қайтаруға ат салысады. 1769 ж. 70 тен асқан Қабанбай батыр төрт көздері түгел отырған жиында өз байламын білдіреді.

- Мен енді көп ұзамаймын .Әрі кетсе 1 ай ,әйтпесе шөп буыны қата жолға түсетін шығармын...Тоқтының сыртында Сарыбел деген асу бар. Сүйегімді сонда апарып қойыңдар!- деп сөзін қысқа қайырады.

Батырдың сырқат екенің естіген Өтеке баласы Қарабек қырғыздың қолын басқарып, Қабанбайды шауып алмақшы болып іздеп келе жатқанын жасырмай:

- Маған неғұрлым Қабанбайдың амандығы керек. Оның ауылын көзі тірісінде шаппасам, кегім қайтпайды! - деп масайрайды.

“Ел шетіне жау тиді! Қырғыздар батырдың ауылын шапқалы келе жатыр” дегенді құлақтары шалысымен, байырғы сарбаздардың бәрі атқа қонып, мыңдаған қол жиып, Қабанбай батырға көмекке аттанады. Ал бұл кезде Қабанбайдың тұла бойын ыза мен намыс билеп алған еді. Қарабектің қаһарлы қаруы қылыш болса керек, ақ алмас “жаналғыш әзірейілің менмін” дегендей, көк жүзінде қалықтап келеді. Жекпе-жекте: “Я, Алла, өзің медет бере гөр!” – деп қарт батыр терең тыныс тартып, бойындағы бар қуатын жинап алады да, ауыр сүңгіні құлаштай лақтырады. Көп көздеп жатпаса да, дағдылы қол мүлт кетпепті. Жебедей зулаған көк сүңгі Қарабектің тура жүрек тұсына барып қадалады да, ат үстінен жұлып түсіреді. Сол сәт Қабанбайдың ішкі құрылысынан әлдене үзілгендей болған, батырдың басы айналып, төңірегін түгел түнек жапқандай, әлдебір тұңғиыққа батып бара жатты. Алпыс жыл бойы аттан түспей, бар өмірін жауға қарсы қылыш сермеп өткерген ұлы қолбасшы ажал жастығына алаңсыз бас қойған еді. Бұл батырдың соңғы, яғни жүз төртінші жекпе-жегі еді. Марқұмды өз өсиеті бойынша Жоңғар қақпасының сол жақ қапталындағы Сарыбелге жерледі. Белгі ретінде батырдың басына тас үйілді.

Қабанбай – өз заманында Отанын жоңғар - қалмақтардан азат ету күресінде басты рөл атқарған, ештеңеден тайынбайтын, жүрек жұтқан батырдың бірі. Бірде Қарақыпшақ Ерназар батыр замандасы Шақшақ Жәнібек батырдан: ”Өзің білетіндердің ішінде кімнің ерлері ерен деп санайсын?”-деп сұрағанда ол:”Әрідегі мен берідегі батырлардың ішінде қазақта Қабанбайдай батыр болған емес. Қабанбай – аруақты батыр. Бір өзі келе жатқанда, екпінінен 400-500 адамның дүмпуі білінетін еді. Қабанбай қара нөпір жауға тиіскенде, кірген жағы – есік, шыққан жағы жол болып қалушы еді”,-деп жауап беріпті.

Батыр атаға еліміздің қай қаласында болмасын басты көшелердің бірінің аты берілген, әр қалада атының үстінде найзасы мен қылышын асынып тұрған ескерткіші тұр. Ол туралы көптеген жыр-дастандар мен кітаптар жазылған.

Астана іргесінде, ертеректегі Қабанбай батыр “Ақмоласының” орнындағы кесене. Астана қаласынан отыз шақырым жерде, Қабанбай батыр ауылдық округінің жерінде тарих және мәдениет объектісі – Қабанбай батыр кесенесі орналасқан. Бұл кесене Қайрат Сатыбалды мен Сәдібек Түгелдің бастауымен және халықтың қолдауымен салынды.

Хан-Батыр Қабанбай - ұлы тұлға!
  • История
Описание:

Қазақ халқының тарихында, оның мемлекет болып қалыптасуы мен бүгінгі әлемдегі елдердің ішінде аумағы жөнінен 9-орын алатын ұлан-ғайыр жерді алып қалу үшін жанын да, қанын да аямай соғысқан адамның бірі – теңдессіз батыр атамыз Қабанбай.

         Қабанбай атамыз 1962 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының Алакөл маңындағы Тоқта-Барлық тауының етегіндегі Мәмбет ауылында, Найман тайпасы Қаракерей руының Байжігіт атасынан тараған Қожағұл батырдың шаңырағында, ағалары Есенаман мен Есенбайдан кейін үшінші ұл болып дүниеге келген. Азан шақырып қойылған аты – Ерасыл.

         XVIII ғасырдың бас кезінде, яғни 1702 жылы Барлықтағы алғашқы айқаста әкесі Қожағұл батыр аз адаммен қоршауға қалып, ақыры ауыр жарақаттан мерт болады. Ерасылдың он бірге жаңа толған кезі еді. Қожағұл батырдың көзі жойылған соң, басынған ойраттар Мәмбет ауылдарына жиі-жиі шабуыл жасап, жылқыларын айдап әкетіп жүрді. Бір шапқыншылықта ойраттар жылқы күзетіп жүрген Ерасылдың ағасы Есенбайды қолға түсіріп, қорлап, қанжармен жас жігіттің қарынын жарып өлтіріп кетеді. Ағасынан айырылған Ерасыл қатты қапаланып, дереу кек қайтаруға ұмтылғанымен, ел ішінен қолдаушы таппай, ызаға булығып жүреді. Ақыры он алты жасқа келгенде ағасының кегін алуға, Ардакүрең атты атына мініп ешкімге айтпастан, әкесінің қара найзасы мен қайқы қылышын, алмасқа қанжарын алып, ойратқа жалғыз аттанады. Ойраттың жалшысы болып жылқысын бағып жүрген қырғыз жігіті Ерденмен танысып, дос болып, соның көмегімен ағасын өлтірген Өлжежырғалдың ауылын табады. Өлжежырғалды тауып:

          - Сен Өлжейжырғалсың ба? - деп сұрайды.

          -  Иа, Өлжей мен боламын! - дейді ол.

         - Ендеше мен сен ішін жарып өлтірген Есенбайдың інісі Ерасылмын.Ағамның кегін алуға келдім,- дейді де жекпе-жекте жауының жүрегіне қанжарын сұғып жайратып салады.

         Жүрегіне шемен болып жабысып жанына маза бермей жүрген шаруасын тындырған соң Ардакүреңіне мініп, із жасыру үшін Зайсан көлі жақта, Ертіс өзені жағасындағы Керей еліндегі апасы Меруертпен жездесі Бердәулеттің қолына келіп, бірнеше жыл тұрады. Бірде Зайсан көлінің жағасында жездесі Бердәулетпен жылқы қайырып жүріп бір топ жабайы шошқаның үстінен түседі. Шошқаның ішінен бір тайыншадай қабан Ерасылға қарай тура ұмтылады. Жас жігіт қаша жөнелмей, найзасын оңтайлап, қолына сығымдап ұстап, қабан таяна бергенде жүрек тұсынан дәл қадап серейтіп салады. Мұны көрген жездесі таңданып:

 

          - Міне батыр деп осыны айт, нағыз қабан сен екенсің! Бұдан былай бұл жігітті Қабанбай батыр деп атайық! - деп жар салады. Бұл оқиға мұқым елге тарап, содан бастап жұрт Ерасылды Қабанбай батыр деп атап кетеді.

Автор Сарсенбаева Салтанат Ибраимовна
Дата добавления 16.01.2015
Раздел История
Подраздел Другое
Просмотров 540
Номер материала 54153
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓