Главная / Другое / “Гүлдер патшалығындағы жақсылық пен жамандық” ертегісі ойын-сауық

“Гүлдер патшалығындағы жақсылық пен жамандық” ертегісі ойын-сауық

9 «Еркемай» бөбекжайы


C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\2016-17 іс-шара\отбасы\87831078_1.jpg





Гүлдер патшалығындағы жақсылық пен

жамандық” ертегісі



Дайындаған:

тәрбиеші Ахметова С.Қ.







2016-17 оқу жылы







Гүлдер патшалығындағы жақсылық пен жамандық” ертегісі

Мақсаты: Ертегі кейіпкерлері туралы білімдерін кеңейту. Жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді ажырата білуге баулу. Ертегі арқылы балаларды адамгершілікке, мейірімділікке және адалдыққа тәрбиелеу

Кіріспе:

Сиқырлы әуен ырғағымен сахнаға Ертегі әжей шығады

Ертегі: Саламатсыздар ма, балалар! Қал-жағдайларың қалай? Көңіл-күйлерін көтеріңкі ме? (балалар жауабы) Өте тамаша. Мен Ертегі әжей боламын. Қане бәріміз бір қызықты ойын ойнайық. Сіздер ертегі кейіпкерлерін білесіңдер ме?

Балалар жауабы: Ия, білеміз.

Ертегі: Егерде мен жағымды кейіпкерді айтсам шапалақ ұрасыңдар, ал егер жағымсыз кейіпкер болса сендер аяқпен топылдатасыңдар. Менің тапсырмам бәріне түсінікті ме? Олай болса бастайық.

Ойын: “Жақсылық пен жамандық” (кейіпкерлердің суретін көрсету)

Ертегі: Өте дұрыс, жарайсыңдар!

Көңілді әуен ырғағымен жүгіріп Бала кіріп келеді, қолында үлкен кітабы бар.

Бала: Саламатсыз ба, Ертегі әже. Сіз мені шақырдыңыз ба?

Ертегі әже: Амансың ба, Балам. Біз балалармен қызықты ойын ойнадық, ал сен неге көңілсізсің?

Бала: Білмеймін, жәй ішім пысты. Маған қызықты ертегі оқып беріңізші.

Ертегі әже: Мақұл, балам. Оқып берейін. Балалалар, кітаптың ішінен біз қандай қызықты нәрселер оқи аламыз?

Балалар: Ертегілер, әңгімелер, тақпақтар, өлеңдер, жұмбақтар, мысалдар, аңыздар.

Ертегі әже: Сендер көбіне нені оқығанды жақсы көресіңдер?

Балалар: Ертегілер

Ертегі әже: Ендеше мен сіздерге “Жамандық пен жақсылық ” туралы ертегі оқып берейін.


(Ертегі әже кітапты алып парақтайды).

Ендеше, аттанайық біз сол елге,

Ертегілер сиқырымен кездесетін әлемге.

Қашан болсын, қай кезде болсын,

Жақсылық пен жамандық

Үнемі шайқасқа түсетін жерге.


Ертегі әже мен Бала шығып кетеді.

І көрініс

Музыка әуенінен сыңғырлаған сылдырмақ және ағып жатқан бұлақ дыбысы шығады.

Гүлдер” биі

Сахнаға әдемі Гүл ханшайымы шығады.

Гүл: Саламатсыздар ма, ұлдар мен қыздар. Мен Гүл ханшайымымын, жан-жақтарыңа қараңдаршы табиғат қандай әдемі, айналаның бәрі гүлденіп тұр. Сендер сиқырлы гүлдер патшалығында жүрсіңдер. Мен сіздерге бір құпия ашайын, оны біздер көптеген мың жылдар бойы сақтап келеміз. Мен жай гүл емеспін, мен Гүлдер патшалығының ханшайымымын. Бүгін менің туған күнім, мен оны мың жылда бір рет тойлаймын. Бүгінгі менің туған күніме арналған кешке хош келдіңіздер!


Гүлдер ханы мен ханшасы кіреді.


Гүлдер ханы: Сүйкімді де сымбатты ханшайымым туған күніңмен. Саған зор денсаулық, мол бақыт тілеймін. Сұлу әрі ақылды қыз болып өс.

Ханша: Туған күніңмен қызым. Саған әлемдегі бар бақытты тілеймін. Әр дайым көңілді бол. Үлкендердің айтқанын тыңда.

Ертегі әже: Осылай керемет те тамаша, көңілді туған күн тойлап жатқанда, қайдан екені белгісіз “Жамандық пен зұлымдық” қара құйыннын құйындатып келеді. Олар бәрін сиқырлай бастайды, Ханшайымды ұстап алады да өздерімен бірге алып кетеді. Хан мен ханшайым жылайды. Айналаның бәрі көңілсіз болып кетеді. Бір уақытта Хан есін жиып, қолымен 3 рет шапалақтап Жақсылықты шақырады.


Хан: Жақсылық-досым. Зұлымдықтың көзін жойып менің қызымды құтқар.

Ханша: Зұлымдықтан абай бол. Ол өте жаман әрі ешкімді және еш нәрсені аямайды.

Хан: Сен, достым, ұзақ жолға шығасың. Ол саған оңайға түспейді. Таулардан асасың, ормандардан өтесің, теңізді кешесің. Менің саған берер ақылым, жолшыбай менің достарыма соқ оларда саған көптеген керекті ақылдарын айтады.

Ханша:Мынау сиқырлы жіп, жол көрсетеді. Оны жерге қойып былай айтасың:

Жібім, жібім домала,

Шығыстағы сұлу Перизатқа.

Жібім, жібім домала,

Шығыстағы сұлу Перизатқа.


Жақсылық: Айтқан ақылдарыңа көп-көп рахмет. Сау болыңдар, кездескенше.

Екеуі бірге: Жолың болсын!

Ханзада: Сиқырлы жіпті жоғалтпа.


Хан мен ханша қол былғап шығып кетеді. Жамандық кіреді.


Жамандық: Пай-пай, ханшайым енді менікі болды. Ол менің үйімде тұрады, маған ас пісіреді, үй жинайды. Мен оны ешқайда жібермеймін. Ха-ха-ха. (күліп кетіп қалады)




ІІ көрініс


Жақсылық шығады қолында жібі бар:

-Жібім, жібім домала

Шығыстағы сұлу перизатқа.

Жібім, жібім домала

Шығыстағы сұлу перизатқа.

Алдынан Перизат ыңылдап өлең айтып шығады.

Перизат: Саламатсыз ба, мен Перизатпын. Сіз кімсіз? Сіз не істеп жүрсіз, қайдан келе жатырсыз, сізге қандай көмегім керек?

Жақсылық: Мен - Жақсылықпын. Мен сізді мына сиқырлы жіп арқылы тауып алдым. Мені сізге Гүлдер ханы жіберді.. Тек сіз көмектесе алады деді.

Перизат: Ол не көмек?

Жақсылық: Гүлдер патшалығындағы хан мен ханшаның Гүл - атты ханшайымды жамандық алып кетті. Оны табуға, әрі қалай жеңуге болатынын айтыңызшы.

Перизат: Тыныш, тұра тұр. Мен саған қалай көмектесу керектігін білетін сияқтымын. Қазір сиқырлы сөздерді есіме түсіретін. А-а-а міне таптым:

Та-ра-ра” деп айтсаң Жамандықтың патшалығына барасың. ал егер “Ля-ля-ля” деп айтсаң ханның сарайына түсесің. Екеуін шатыстырып алма. Оның күзетшісі - Пират. Ол өте күшті және қарулы.

Оны сен сиқырлы айламен жеңесің. Оның көзі нашар көреді, құлағы нашар естиді.

Перизат кетіп қалады.

Жақсылыт жүріп келе жатып, сөздерді ұмытып қалады. Балалардан көмек сұрайды.

Балалар көмектеседі. Жақсылық Та-ра-ра”- деп жамандықтың патшалығының алдынан шығады.

Оны Пирад күтіп алады.

Жақсылық: Қалайсың, Пират досым?

Пират (таңғала): Дос деген не?

Жақсылық: Ба-а соны да білмейсің бе? Дос деген ол сенің сырласың, бірге ойнап күліп қасыңда жүретін адамың. Менде мысалы дос көп. Ал сенде?


Пирад ойланып (басын шайқап): Жо-оқ, менде ондай дос. Оны қайдан табуға болады?


Жақсылық: Кел екеуміз дос болайық. Бірге ойнайық, сырымызды айтайық. Мен - Жақсылықпын, үнемі бәріне көмектесіп, ылғи жақсы істер атқарамын. Міне қазірде Гүл атты ханшайымды іздеп келем. Оны Жамандық ұрлап кеткен, соны құтқаруға келдім.

Пирад: Дос, менде сен сияқты жасағым келіп тұр. Жүр мен білем Жамандықты қалай табу керетігін.

ІІІ көрініс


Пират Жақсылықты Жамандыққа ертіп келеді. Жақсылық пен Жамандық шайқасады. Жақсылық жеңеді.

Пирад: Жақсылық жасаған қандай керемет. Көтеріңкі көңілде боласың және достарың көп болады екен. Мен көп жылдары соны білмеппін. Балалар үнемі жақсылық жасайық. Сау болыңдар.

Жақсылық: Ханның патшалығына кеттік. Ля-ля-ля.

Ертегі әже: Жақсылық, Жамандық және Гүл ханшайымы үшеуі Гүлдер патшалығына аман-есен оралады. Хан мен Ханшамен кездеседі. Олар Жақсылыққа өз алғыстарын білдіреді. Бәрі қуанышта. Осымен “Жақсылық пен Жамандық” ертегісі өз мәресіне жетті. Келесі кездескенше сау болып тұрыңыздар.


Соңы.

“Гүлдер патшалығындағы жақсылық пен жамандық” ертегісі ойын-сауық
  • Другое
Описание:

“Гүлдер патшалығындағы жақсылық пен жамандық” ертегісі

Мақсаты: Ертегі кейіпкерлері туралы білімдерін кеңейту. Жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді ажырата білуге баулу. Ертегі арқылы балаларды адамгершілікке, мейірімділікке және адалдыққа тәрбиелеу

Кіріспе:

Сиқырлы әуен ырғағымен сахнаға Ертегі әжей шығады

Ертегі: Саламатсыздар ма, балалар! Қал-жағдайларың қалай? Көңіл-күйлерін көтеріңкі ме? (балалар жауабы) Өте тамаша. Мен Ертегі әжей боламын. Қане бәріміз бір қызықты ойын ойнайық. Сіздер ертегі кейіпкерлерін білесіңдер ме?

Балалар жауабы: Ия, білеміз.

Ертегі: Егерде мен жағымды кейіпкерді айтсам шапалақ ұрасыңдар, ал егер жағымсыз кейіпкер болса сендер аяқпен топылдатасыңдар. Менің тапсырмам бәріне түсінікті ме? Олай болса бастайық.

Ойын: “Жақсылық пен жамандық” (кейіпкерлердің суретін көрсету)

Ертегі: Өте дұрыс, жарайсыңдар!

Көңілді әуен ырғағымен жүгіріп Бала кіріп келеді, қолында үлкен кітабы бар.

Бала: Саламатсыз ба, Ертегі әже. Сіз мені шақырдыңыз ба?

Ертегі әже: Амансың ба, Балам. Біз балалармен қызықты ойын ойнадық, ал сен неге көңілсізсің?

Бала: Білмеймін, жәй ішім пысты. Маған қызықты ертегі оқып беріңізші.

Ертегі әже: Мақұл, балам. Оқып берейін. Балалалар, кітаптың ішінен біз қандай қызықты нәрселер оқи аламыз?

Балалар: Ертегілер, әңгімелер, тақпақтар, өлеңдер, жұмбақтар, мысалдар, аңыздар.

Ертегі әже: Сендер көбіне нені оқығанды жақсы көресіңдер?

Балалар: Ертегілер

Ертегі әже: Ендеше мен сіздерге “Жамандық пен жақсылық ” туралы ертегі оқып берейін.

(Ертегі әже кітапты алып парақтайды).

Ендеше, аттанайық біз сол елге,

Ертегілер сиқырымен кездесетін әлемге.

Қашан болсын, қай кезде болсын,

Жақсылық пен жамандық

Үнемі шайқасқа түсетін жерге.

Ертегі әже мен Бала шығып кетеді.

І көрініс

Музыка әуенінен сыңғырлаған сылдырмақ және ағып жатқан бұлақ дыбысы шығады.

“Гүлдер” биі

Сахнаға әдемі Гүл ханшайымы шығады.

Гүл: Саламатсыздар ма, ұлдар мен қыздар. Мен Гүл ханшайымымын, жан-жақтарыңа қараңдаршы табиғат қандай әдемі, айналаның бәрі гүлденіп тұр. Сендер сиқырлы гүлдер патшалығында жүрсіңдер. Мен сіздерге бір құпия ашайын, оны біздер көптеген мың жылдар бойы сақтап келеміз. Мен жай гүл емеспін, мен Гүлдер патшалығының ханшайымымын. Бүгін менің туған күнім, мен оны мың жылда бір рет тойлаймын. Бүгінгі менің туған күніме арналған кешке хош келдіңіздер!

Гүлдер ханы мен ханшасы кіреді.

Гүлдер ханы: Сүйкімді де сымбатты ханшайымым туған күніңмен. Саған зор денсаулық, мол бақыт тілеймін. Сұлу әрі ақылды қыз болып өс.

Ханша: Туған күніңмен қызым. Саған әлемдегі бар бақытты тілеймін. Әр дайым көңілді бол. Үлкендердің айтқанын тыңда.

Ертегі әже: Осылай керемет те тамаша, көңілді туған күн тойлап жатқанда, қайдан екені белгісіз “Жамандық пен зұлымдық” қара құйыннын құйындатып келеді. Олар бәрін сиқырлай бастайды, Ханшайымды ұстап алады да өздерімен бірге алып кетеді. Хан мен ханшайым жылайды. Айналаның бәрі көңілсіз болып кетеді. Бір уақытта Хан есін жиып, қолымен 3 рет шапалақтап Жақсылықты шақырады.

Хан: Жақсылық-досым. Зұлымдықтың көзін жойып менің қызымды құтқар.

Ханша: Зұлымдықтан абай бол. Ол өте жаман әрі ешкімді және еш нәрсені аямайды.

Хан: Сен, достым, ұзақ жолға шығасың. Ол саған оңайға түспейді. Таулардан асасың, ормандардан өтесің, теңізді кешесің. Менің саған берер ақылым, жолшыбай менің достарыма соқ оларда саған көптеген керекті ақылдарын айтады.

Ханша:Мынау сиқырлы жіп, жол көрсетеді. Оны жерге қойып былай айтасың:

Жібім, жібім домала,

Шығыстағы сұлу Перизатқа.

Жібім, жібім домала,

Шығыстағы сұлу Перизатқа.

Жақсылық: Айтқан ақылдарыңа көп-көп рахмет. Сау болыңдар, кездескенше.

Екеуі бірге: Жолың болсын!

Ханзада: Сиқырлы жіпті жоғалтпа.

Хан мен ханша қол былғап шығып кетеді. Жамандық кіреді.

Жамандық: Пай-пай, ханшайым енді менікі болды. Ол менің үйімде тұрады, маған ас пісіреді, үй жинайды. Мен оны ешқайда жібермеймін. Ха-ха-ха. (күліп кетіп қалады)

ІІ көрініс

Жақсылық шығады қолында жібі бар:

-Жібім, жібім домала

Шығыстағы сұлу перизатқа.

Жібім, жібім домала

Шығыстағы сұлу перизатқа.

Алдынан Перизат ыңылдап өлең айтып шығады.

Перизат: Саламатсыз ба, мен Перизатпын. Сіз кімсіз? Сіз не істеп жүрсіз, қайдан келе жатырсыз, сізге қандай көмегім керек?

Жақсылық: Мен - Жақсылықпын. Мен сізді мына сиқырлы жіп арқылы тауып алдым. Мені сізге Гүлдер ханы жіберді.. Тек сіз көмектесе алады деді.

Перизат: Ол не көмек?

Жақсылық: Гүлдер патшалығындағы хан мен ханшаның Гүл - атты ханшайымды жамандық алып кетті. Оны табуға, әрі қалай жеңуге болатынын айтыңызшы.

Перизат: Тыныш, тұра тұр. Мен саған қалай көмектесу керектігін білетін сияқтымын. Қазір сиқырлы сөздерді есіме түсіретін. А-а-а міне таптым:

“Та-ра-ра” деп айтсаң Жамандықтың патшалығына барасың. ал егер “Ля-ля-ля” деп айтсаң ханның сарайына түсесің. Екеуін шатыстырып алма. Оның күзетшісі - Пират. Ол өте күшті және қарулы.

Оны сен сиқырлы айламен жеңесің. Оның көзі нашар көреді, құлағы нашар естиді.

Перизат кетіп қалады.

Жақсылыт жүріп келе жатып, сөздерді ұмытып қалады. Балалардан көмек сұрайды.

Балалар көмектеседі. Жақсылық Та-ра-ра”- деп жамандықтың патшалығының алдынан шығады.

Оны Пирад күтіп алады.

Жақсылық: Қалайсың, Пират досым?

Пират (таңғала): Дос деген не?

Жақсылық: Ба-а соны да білмейсің бе? Дос деген ол сенің сырласың, бірге ойнап күліп қасыңда жүретін адамың. Менде мысалы дос көп. Ал сенде?

Пирад ойланып (басын шайқап): Жо-оқ, менде ондай дос. Оны қайдан табуға болады?

Жақсылық: Кел екеуміз дос болайық. Бірге ойнайық, сырымызды айтайық. Мен - Жақсылықпын, үнемі бәріне көмектесіп, ылғи жақсы істер атқарамын. Міне қазірде Гүл атты ханшайымды іздеп келем. Оны Жамандық ұрлап кеткен, соны құтқаруға келдім.

Пирад: Дос, менде сен сияқты жасағым келіп тұр. Жүр мен білем Жамандықты қалай табу керетігін.

ІІІ көрініс

Пират Жақсылықты Жамандыққа ертіп келеді. Жақсылық пен Жамандық шайқасады. Жақсылық жеңеді.

Пирад: Жақсылық жасаған қандай керемет. Көтеріңкі көңілде боласың және достарың көп болады екен. Мен көп жылдары соны білмеппін. Балалар үнемі жақсылық жасайық. Сау болыңдар.

Жақсылық: Ханның патшалығына кеттік. Ля-ля-ля.

Ертегі әже: Жақсылық, Жамандық және Гүл ханшайымы үшеуі Гүлдер патшалығына аман-есен оралады. Хан мен Ханшамен кездеседі. Олар Жақсылыққа өз алғыстарын білдіреді. Бәрі қуанышта. Осымен “Жақсылық пен Жамандық” ертегісі өз мәресіне жетті. Келесі кездескенше сау болып тұрыңыздар.

Автор Ахметова Сауле Кирашовна
Дата добавления 28.09.2016
Раздел Другое
Подраздел Другое
Просмотров 256
Номер материала MA-067835
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓