Главная / Технология / «Гүл» панносын бітіру жұмыстары.

«Гүл» панносын бітіру жұмыстары.

Күні:

Сыныбы:9 «Г»

Сабақтың тақырыбы: «Гүл» панносын бітіру жұмыстары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: қолмен кесте тігу оның күнделікті өмірдегі қажеттілігін түсіндіру,

мағлұмат беру.

Дамытушылық: жұмыс барысындағы оқушының шеберлігін есте сақтау,

байқағыштық қабілеттерін арттыру,қол саусақ бұлшық еттерін орындау.

Тәрбиелік: еңбекті сүюге, жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс жасауға, әсем безендіре білуге, сұлулықты қабылдау сезімдерін ояту, эстетикалық талғампаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: түсіндіру,сарамандық

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,оқушымен жұмыс

Пәнаралық байланыс: математика,бейнелеу.

Құрал-жабдықтар: кергіш, жіп, қайшы, ине, мата түрлері.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу, жоқ оқушыларды белгілеу, сабаққа дайынды:ын тексеру,көңіл күйлерін сұрау,сәттілік тілеу).

«Қазақстанда екі қолға бір күрек табылатын жұмыс көп,олардың тек жолын таба білу керек.

Нарықтық экономика бізден адал еңбекпен қоғам үшін де,өзің үшін де қызмет етуді талап етіп отыр.Сондықтан баршаңызды еңбек етуге шақырамын».

Н.Ә. Назарбаев

Бұл жерде Елбасы нені айтады? Тек еңбектің арқасында ғана биік белестерді бағындырып,

үлкен үлкен жетістікке, мақсаттарға қол жеткіземіз.

«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген мақалдың өзі осыған дәлел.

Олай болса,балалар, мен сендерді еңбек етіп,жалқаулыққа салынбай,бастаған істеріңді

аяғына дейін жеткізуге шақырамын.

Өткен тақырыпты пысықтау үшін сөзжұмбақ шешу

1.Көлемдері бірдей бір немесе бірнеше бөлікті уақытша біріктіріп тұратын

тігіс.(көктеу)

2.Сызықтарды бір бөліктен екінші бөлікке көшіруге арналған тігіс түрі.

(көшірме)

3.Бөлшектердің біріккен орнын қалай атайды? (тігіс)

4.Көктеу,көшірме тігісіндегі иненің шаншым аралығы.(түзу)

5.Торлап тігудегі иненің шаншым аралығы.(ілмек)

ө

к

т

е

у

к

р

м

е

ш

і

к

ө

і

і

г

с

т

з

ү

у

т

е

і

л

м

қ

Ортада кесте деген сөз шықты.Бүгінгі жаңа тақырыбымыз: «Кесте тігу».

ІІ.Сабақты түсіндіру.

Өткірдің жүзі,кестенің бізі

Өрнегін сендей сала алмас.

Білгенге маржан.білмеске арзан

Надандар баһара ала алмас.

Абай атамыз жырлағандай қазақ халқының қолөнерінің ерекше түрінің бірі-кесте. «Кестені көңіл сызады,қол тігеді,көз сынайды»-дегендей кесте алуан әдісті өнер.Кесте-сан ғасырлар бойына халқымыздың талантты ісмерлерінің көркем қиялдарын шеберлік құдіретімен бейнеленген ақыл-парасатының жауһары.Небір керемет кесте үлгілері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып,толықтырылып,жаңғыртылып отырды.

Кестенің түп төркіні-тігіс,тоқыма,өрме өнерімен тамырлас.Мәселен жөрмеу тігістерінің түрленуінен «баспа кесте», «қабырға кесте», «ашамай кесте» түрлері туындаған.

Кесте санап тігілетін (жіпті санап отырып кестелеу) және еркін (сурет нұсқасы бойынша,санамай,еркін тігу ) кестелеу деп бөлінеді.Қазақ әйелдері ертеден бүгінге дейін қолданып келе жатқан кесте түрлері: «баспа кесте», «ашамай кесте», «біз кесте», «айқас кесте», «жапсырма кесте», шекпе кесте», «қабырға кесте», маржандап,моншақтап кестелеу» т.б.

Біз кесте жалпы халық тілімен «тамбур» ал қазақ халқында «таңдай» ал немістерде «кеттенштих» делінеді.Кестенің бұл түрімен кейбір контурлы ою-өрнектер немесе гүлдің сабағы кестеленеді.Тігілу мәнері жағынан оның көлемі біркелкі ілмектер шынжыр секілді бірін-бірі тіркесе тігіледі.Шынжырларының формасы мен көлемі әр түрлі болып келеді.

Жіпті бекітіп,оны матаның оң жақ бетіне шығарып алған соң,ілмек тәрізді етіп созып,оны сол қолыңыздың басбармағымен басып тұрасыз да,инені алғашқы шаншыған жерден дәлдеп,төмен қарай шаншисыз.Тігістің теріс жағынан ине ілмектің астынан өтіп,тігістің үстіне ілмектің ортасынан шығады.

hello_html_m32c862e1.gif

Айқас кесте қарапайым әрі әдемі.ең көп тараған түрі.Айқас кестені селдір матаға түсірген дұрыс.Оның размері кестелейтін жіптің жуан-жіңішкелігіне,матаның қалыңдығына байланысты.Кестелеу барысынды үстіңгі негізгі тігістің бір бағытты түсіп отыруын бақылау керек.Бұл кестені бір түсті және көп түсті жіптермен кестелеуге болады.

Гүл-өмірдің нұры.Ол біздің өміріміздің байлығы мен қуанышын,адамның жақсылығын арттырады.

Халқымыз табиғаттығы гүлдердің әсемдігін,сұлулығын көре де,сезе білуді ұрпаққа үйрете отырып,эстетикалық тәрбие берген.Табиғаттың сұлулығын қолөнер бұйымдарына кесте,ою-өрнек,т.б. өнер арқылы бейнелеген.

Сарамандық жұмыс.

1.Мата бетіне сурет салу.

2.Сурет салынған матаны кергішке керу.

3.Уақытты үнемдеуге үйрету.

4.Нұсқау сызбаны басшылыққа ала отырып кесте тігу.

5.Жұмыс барысында тексеру,нұсқау беру,қателерін түзеу.

Жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін еске түсірейік:

  1. Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен берме.

  2. Инені киімге қыстыруға болмайды.

  3. Инені тістеп ауызға салуға болмайды.

Жұмыс кезінде пайдалы кеңестерді еске түсіреміз:

  1. Кестеленетін бұйымның мойныңыз бен омыртқаңызға салмақ түспейтіндей қашықтықта болғаны жөн.

  2. Басыңызды тік немесе сәл алға қарай еңкейтіп ұстаңыз.

  3. Кестелеу кезінде көз бен қолдың арасы 35-40 см болуы керек.

  4. Жіптің ұзындығы 35-40 см-ден артық болмауы тиіс.

Сергіту сәті.

Полиглот.

Ал енді,үзіліс жасайық,саусақтарымыз,көзіміз демалсын.Мына жұмбақтардың шешуін тауып үш тілде айту керек.

  1. Тап-тап жорға,тап жорға,

Табаны жоқ,боз жорға.

Желіп кетсе жеткізбес,

Жерге түссе таптырмас.

(ине,игла,needle)

2.Басы да екеу,аяғы да екеу.

(қайшы,ножница,scissors)

3.Ине өткен жерден- ------------ өтер.

(жіп,нитка,sting)

4.Әйнектен,інжу маржаннан жасалатын түрлі-түсті ұсақ моншақты қалай атайды?

(сумоншақ,бисер,deads)

Сабақты бекіту.

Сабақты «Ғажайып шар» ойыны арқылы бекіту.

Ойынның шарты:қоржыннан асық алу арқылы сұрақтарға жауап беру.

  1. Жіптің ұзындығы неше сантиметр болу керек?(35-40 см)

  2. Кестенің қандай түрлерін білесің?

  3. Кестенің түп төркіні.

ІҮ.Жаңа сабақты қорытындылау.

Бүгінгі күнде еңбексіз тіршілік болмайды.Сондықтан да еңбек бәрімізге керек. Қыз балалар үшін ине ұстап,мата қию, ою сызу, кесте тігу үлкен өнердің бірі. «Кестені көңіл сызады,қол тігеді,көз сынайды», - деп қазақ халқы бекер айтпаған.

Ү.Бағалау.

Оқушылардың жауаптарына,істеген жұмыстарының нәтижесі ескеріліп бағаланады.

ҮІ.Үйге тапсырма: кестені бітіру.

«Гүл» панносын бітіру жұмыстары.
  • Технология
Описание:

  Қыздар тобына арналған сабақ. Абай атамыз жырлағандай қазақ халқының қолөнерінің ерекше түрінің бірі-кесте. «Кестені көңіл сызады,қол тігеді,көз сынайды»-дегендей кесте алуан әдісті өнер.Кесте-сан ғасырлар бойына халқымыздың талантты ісмерлерінің көркем қиялдарын шеберлік құдіретімен бейнеленген ақыл-парасатының жауһары.Небір керемет кесте үлгілері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып,толықтырылып,жаңғыртылып отырды.

   Кестенің түп  төркіні-тігіс,тоқыма,өрме өнерімен тамырлас.Мәселен жөрмеу тігістерінің түрленуінен «баспа кесте», «қабырға кесте», «ашамай кесте» түрлері туындаған.

  Кесте санап тігілетін (жіпті санап отырып кестелеу) және еркін (сурет нұсқасы бойынша,санамай,еркін тігу ) кестелеу деп бөлінеді.Қазақ әйелдері ертеден бүгінге дейін қолданып келе жатқан кесте түрлері: «баспа кесте», «ашамай кесте», «біз кесте», «айқас кесте», «жапсырма кесте», шекпе кесте»,  «қабырға кесте», маржандап,моншақтап кестелеу» т.б.

    Біз кесте жалпы халық тілімен «тамбур» ал қазақ халқында «таңдай» ал немістерде «кеттенштих» делінеді.Кестенің бұл түрімен кейбір контурлы ою-өрнектер немесе гүлдің сабағы кестеленеді.Тігілу мәнері жағынан оның көлемі біркелкі ілмектер шынжыр секілді бірін-бірі тіркесе тігіледі.Шынжырларының формасы мен көлемі әр түрлі болып келеді.

   Жіпті бекітіп,оны матаның оң жақ бетіне шығарып алған соң,ілмек тәрізді етіп созып,оны сол қолыңыздың басбармағымен басып тұрасыз да,инені алғашқы шаншыған жерден дәлдеп,төмен қарай шаншисыз.Тігістің теріс жағынан ине ілмектің астынан өтіп,тігістің үстіне ілмектің ортасынан шығады.

Автор Алиева Акмарал
Дата добавления 19.11.2014
Раздел Технология
Подраздел Планирования
Просмотров 963
Номер материала 3369
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.

Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓