Главная / География / ГЕОГРАФИЯ ПӘНІН САРАМАНДЫҚ ЖҮЙЕДЕ ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

ГЕОГРАФИЯ ПӘНІН САРАМАНДЫҚ ЖҮЙЕДЕ ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

ГЕОГРАФИЯ ПӘНІН САРАМАНДЫҚ ЖҮЙЕДЕ ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі екенін қоғамның қазіргі даму кезеңінде болып жатқан әлеуметтік-саяси және жаңа технологиялық өзгерістер, тәрбие мен білім беру жүйелерінің ісін жаңа сатыға көтеру үшін білім саласында жаңа, тиімді әдіс-тәсілдеді қолданудың қажеттілігі дәлелдеп отыр.

Жалпы білім беру жүйесіндегі және мектеп мұғалімінің алдында тұған көлемді әрі жауапкершілігі мол міндеттердің бірі – оқушыға тиянақты білім беру болып табылады.

Тиянақты білім дегеніміз – жаттанды емес, белгілі жүйесі бар (қарапайымнан күрделіліге қарай дамытылған), тұрмыспен, күнделікті өмірмен тығыз байланысты, оқушының ой-өрісінің дамуына көмектесетін ұғымдар жиынтығы.

Осы оқушының ой-өрісінің дамуына және тиянақты білім алу үшін мұғалім әбір география сабағын оқушымен біте қайнасып жатқан сарамандық жүйеде жүргізіп отырса, мұндай оқыту жоғары деңгейде өз дәрежесін көрсетер еді.

География сабағын әңгіме, баяндау, тек түсіндіру арқылы оқыту айтарлықтай нәтиже бермейді. Оқушылардың оқу материалын оқып-үйрену кезінде таным белсенділігі жоғары болатын сабақтар білім мен біліктілікті сапалы түрде меңгеруді қамтамасыз ете алады. Тиянақты білім беру, оқу үрдісін жандандыру түрлі әдіс-тәсілді таңдай білуге, қолда бар көрнекілікке, құрал-жабдыққа, т.б.көптеген себептерге байланысты.

Жаңа сабақты түсіндіру мұғалімнің қойған сұрақтарына тікелей байланысты. Түсіндіру, терең ойлауды қалыптастыру жолында дәптерге жазу, тақтаны пайдалану, оқулық бетіндегі анықтамаларды, картаны жүйелі оқу, қосымшаны пайдалану, танымдар мен түсініктерді қалыптастыруда үлкен роль атқарады.

Ал енді география сабағын сарамандық жүйеде қалай ұйымдастыруға болады, осыған тоқталып өтсек.

География сабағын сарамандық жүйеде әр сыныпта әр түрлі деңгейде жүргізу қажет. Мен сарамандық жүйеде оқытуды айтпас бұрын «Мектеп нені оқытады?» деген сұраққа жауап беруді жөн көрдім.

Ия мектеп оқушыға жыл бойы нені үйретеді, нені оқытады деген сұраққа педагог мамандар «Табиғатты» деп жауап береді. Адам өмірге келгеннен өмірден озғанынша табиғатпен біте қайнасып, табиғатты зерттеп, табиғатты өлшеп, табиғатты жырлаумен күн кешеді. Демек табиғат адам өміріндегі бітпейтін өлшеусіз лаборатория болып табылмақ.

Осы алып лаборатория - «табиғатты» география пәнінен ажыратып тастау мүмкін бе? Жоқ. Адам ұғымындағы бұл екі сөз атауы жағынан айырмашылық жасағанымен бірлескен біртұтас дүние. Бұл жерде айтпағым, бүкіл оқу жүйесі географияны оқытады дей келе, геогафия пәнін елеусіз тұрғыда қарастыруға мүлдем болмайды демекпін. География пәнін оқыту барысында әрбір сабақты сарамандық жүйеде өтіп келемін.

Ал енді география сабағын сарамандық жүйеде оқыту дарынды оқушының қаншалықты тиянақты білім алуына жағадй туғызатындығына тоқталайық.

География пәнін 6-сыныптан бастағанда әр тарау, әр тақырыпты күнделікті оқушының әс-әрекеті арқылы жүргізіп отыру қажет.

Мысалы, «План және карта», «Атмосфера» тараулары оқушымен бірлесіп, әр сабақта картамен, географиялық алаңды пайдалана отырып саамандық жүйеде жұмыс жүргізуге болады. Мұнда топтық, серуен, картаны оқу, георафиялық алаңмен жұмыс жүргізу оқушының география пәніне деген қызығушылығын арттыра түседі.

Жетінші сыныпта география пәнін оқытуды күрделендіре түсу керек.

Мысалы, әр тақырыпты мұғалім картадан оқып түсіндіреді. Бұл оқушының одан әрі қарай сол жаңа сабақты оқып түсінуіне жағдай туғызады.

Осы жүйені қалыптастыру үшін пән мұғалімінің теориялық білімі жеткілікті және әр оқушыда атлас пен контур картасы болуы керек.

Ал енді мен өзім сабақ жүргізіп жүрген 8,9,10,11-сыныптарға география сабағын өту барысында төмендегідей әдістерді қолдандым.

Бірден айта кететін жайт, 8-9 сыныптарда география сабағын сарамандық жүйеде оқытуға кері әсерін тигізетін бірден-бір себебі Қазақстанның физикалық және экономикалық атластың кең көлемде қамтылмауы.

Сегізінші сыныптарға Қазақстанның физикалық география сабағында күнделікті тақырыпты сарамандық оқытуды негізге аламын. Мұндай оқыту жүйесін қалыптастыру үшін мен 1894 жылы Чикого университетінде енгізген Джон Дьюийдің проблемалық оқыту әдісін пайдаланудамын.

Бұл әдіс күнделікті сабақта қолданылады. Тақырып бойынша оқушыға жоспарлы сұрақ беру, жаңа сабаққа ойын аудару осыдан келіп сабақтың соңында эврестикалық әдіс қолданылады. Яғни оқушының өзіне жаңа сабақты түсіндіру. Бұл әдіс-тәсіл арқылы оқушының іздену, зерттеу қабілеті арта түседі. Сонымен қатар 8-9-10-11-сыныптарға Дьяченконың жұптап оқыту әдісін пайдаланған дұрыс. Мұнда баланы бір-біріне үйрету, бірінің білім деңгейін біріне бағалату, нұсқа бойынша тапсырмаларды беріп, оқушыларды өзара байланыстыру. Бұл әдістер география сабағының сарамандық тұрғыда оқытуда өз септігін тигізеді.

8-сыныпқа қандай тақырып болмасын, барлығын дерлік сарамандық тұрғыда өтуге әбден болады.

Мына тақырыпқа мысал келтірейін. Мұғалжар (Орал) тауы.

Мұғалімнің қысқаша баяндамасынан кейін оқушылар оқулықтағы немесе тақтадағы картадан, карта оқу арқылы түсіндіреді.

1. Мұғалжардың физикалық –географиялық орны

2. Геотектоникалық құылысы

3. Қазба байлықтары

4. Климаты (есептер шығару)

а) Ылғалдану коэффициентін табу

ә) Ауытқу амплитудасын анықтау, жылдық орташа температурасын табу.

б) Атмосфералық қысымды анықтау.

5. Ішкі суларын физикалық картадан оқу.

Мұнда оқушы тақтаға шығып, Мұғалжар тауының физикалық-географиялық орнын анықтайды, жоспар бойынша атластан оқып береді. Сонымен қатар бұл жерде жұптап түсіндіру де жүзеге асады. Мысалы бір оқушы Мұғалжардың геотектоникалық құрылысын картадан оқып жатқанда, екінші оқушы тақтаға Мұғалжар тауының ылғалдану коэффициентін шығарады да, геотектоникалық құрылысты түсіндірген оқушыға есеп құрастырып шешуді ұсынады.

Ол мынадай: Боқтыбай тауының етегінде ауа температурасы + 300С тау бас ауа температурасы қандай болады деген есептерді әр сабақта оқушылар бір-бііне жасыру арқылы ізденушілік және ойлау қабілетін жетілдіріп отырады.

Сабақты күнделікті өмірмен тікелей байланыстырып өтуге географиялық алаңның үлесі зор. Үлгерімі нашар оқушыға сабақтың үй тапсырмасын сұрау барысында сол кездегі жергілікті

1.ауа температурасын;

2.күн сағаттан дәл уақытты;

3.флюгер арқылы желдің бағытын және жылдамдығын біліп келуге 4 минут уақыт беріледі де, ал оқушы келгеннен соң келесі бір оқушыны жіберіп, сол тапсырманы тексеруге болады. Бірінші оқушы екінші оқушы шығып кеткен соң, өзінің нені және қалай бағдалап бергендігін оқушылар алдында баяндап береді. Екінші оқушы келгенде үшінші оқушыны сыртқа шығарып, екінші оқушының жасаған жорамалын тыңдаймыз. Екеуін тыңдап салыстырамыз, екеуіндегі айырмашылық мол болса, үшінші оқушыны географиялық алаңға зерттеуге жібереміз. Ал айырмашылық мүлде жоқ немесе аз болса, онда үшінші оқушыны алаңға жібермей, алаңға барған екі оқушыны бағалаймыз. Бағалау оқушының дұрыс жауабына, уақытты үнемдеуіне байланысты қойылады. Ол төмендегідей жүзеге асады. Негізгі берілген уақыт 4 минут.

Егер оқушы 3 минутта орындап келсе – «5»

4 минутта орындап келсе – «4»

5 минутта орындап келсе – «3»

6 минутта орындап келсе – «2»

деген бағалар қойылады. Бағаның бұлай кемітілуі оқушы алтыншы сыныптан географиялық алаңда қалай жұмыс істеу керектігін жақсы меңгереді. Сондықтан жылдам жұмыс жасауды талап ету керек. Мұндай күнделікті сабақтағы сарамандық жұмыстар 9-10-11-сыныптарға барғанда да өз ережесі бойынша жалғасын табады.

9-сыныпта оқулық карталарын және экономикалық картаны пайдалана отырып оқушы күнделікті сабақта өзіндік жұмыс жүргізеді. Экономикалық географияны оқу барысында да есептер шығарып, карта оқу жұмысы өз деңгейінде жүргізіледі. Мысалы, аймақтарды өткенде аймақтың халқы қанша пайызды құрайды

Ал енді 10-сыныпта дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясын оқу барысында бүкіл сабақты сарамандық тұрғыда өтсе, оқушы дүние жүзі елдерінің экономикасын терең түсіне біледі.

Шетелдік мемлекеттерді жеке өткен кездерді оқушыларға жеңіл болуы үшін атлас кеңінен пайдаланған жөн. Азия елдеін өткенде оқулықта негізгі үш елге: Қытай, Үндістан, Жапония елдеріне толық сипаттама берген. Ал қалған 45 елге қысқаша сипаттамамен шектелген. Оқушы осы қалған 45 мемлекет жайлы мәліметті қайдан іздеуі керек деген сұрақ туындауы мүмкін. Енді осы мемлекеттердің экономикалық жағдайын оқушыларға тиянақты түсіндіру үшін атласты кеңінен пайдаланамыз.

Жоспарда көрсетілгендей, Азия елдерін Закавказ елдері, Оңтүстік Шығыс Азия, Орталық Шығыс Азия, Оңтүстік Батыс Азия елдері деп төрт топқа бөліп қарастырамыз. әр аймаққа кем дегенде 8-10 мемлекет кіреді. Мұның барлығын мұғалім түгелдеп айтып жеткізу мүмкін емес. Сондықтан сабақ қарқынды жүру үшін даынды оқушылар оқулық атластан оқиды.

Оқулық атласын оқудың өз ережесі бар.

Мысалы, Оңтүстік Батыс Азия елдерін алайық. Оқушы алдымен атластың саяси бет3нен оңтүстік батыс Азия елдерін анықтап, жане халыктар жайлы картаны окиды7 Экономикалық картаны оқу төмендегідей реттілікпен жүргізіліп отырады.

  • халықтың ұлттық құрамы;

  • діні;

  • жыныстық құрамы;

  • бала тууы;

  • адам өлімі;

  • табиғи өсімі;

  • халықтың тығыздығы;

  • урбандалу деңгейі.

Мұнда тек халық туралы мәлімет алу үшін осындай салаларды бір немесе екі оқушы оқып шығады.

Одан ары шаруашылығы мынадай жоспарда оқиды.

-энергетикасы;

- қара металлургиясы;

- түсті металлургиясы;

-машина, металл өңдеу;

- химия өнеркәсібі;

- жеңіл өнеркәсібі;

- ауылшаруашылығы;

- транспорты;

- сыртқы экономикалық байланысы немесе тауар айналымын.

Атластан әр оқушы жеке-жеке оқиды. Мұндай жүйеде өтілген сабақтар оқушының ойлау, зерттеу, іздену қабілеттерін арттырады және сыныптағы барлық оқушыны бағалауға мүмкіндік туғызады.

Шетелдің экономикалық географиясын сарамандық жүйеде оқытудың тиімділігін дәлелдей түсу үшін тағы бір мысал келтіргенді жөн көріп отырмын.

Түркия Республикасы. Енді жеке мемлекетті, мемлекеттерді топтап оқуға қарағанда күрделірек болмақ. Себебі оқушының алдындағы оқулық атласы ұсақ масштабты болғандықтан біршама қиындық тудырады.

Жеке елдерді оқу жоспары мынадай.


МЕМЛЕКЕТ

hello_html_m246182ab.gif

hello_html_1cbd7991.gif


астана

территориясы

hello_html_m2a7690f7.gif



ақшасы




халқы

hello_html_m7967d44f.gifсемья

hello_html_1cbd7991.gifhello_html_6469a5ec.gifұлттық құрамы группа

hello_html_5073de46.gifhello_html_5b01ca0e.gifhello_html_2ae8ec1b.gifhello_html_4cf6781d.gifhello_html_m47586073.gifhello_html_2206d408.gifадам өлімі

жыныстық құрамы

hello_html_m502add23.gifтабиғи өсімі

діні

тығыздығы

урбандалу деңгейі



Өнеркәсібі


hello_html_m2bddf96.gifhello_html_m408e67fc.gifhello_html_m2df9c8a0.gifЭнергетикасы

hello_html_6469a5ec.gifhello_html_4a91025b.gifhello_html_m73532f7a.gifhello_html_3d4e1250.gifhello_html_2cff7589.gifҚара металлургиясы

Түсті металлургиясы

Машина, металл өңдеу

Химия өнеркәсібі

Жеңіл өнеркәсібі

Тамақ өнеркәсібі


Ауыл шаруашылығы

hello_html_m8de550a.gifhello_html_8ea2dfd.gifМал шаруашылығы

hello_html_m2823cef2.gifЕгін шаруашылығы





Транспорт (көлік)


hello_html_1cbd7991.gifhello_html_m53a5d0eb.gifhello_html_59877d8a.gifhello_html_714f043b.gifhello_html_5d210a37.gifтемір жол

автомобиль

ауа

су



Сыртқы экономикалық байланыс


hello_html_59877d8a.gifhello_html_5073de46.gifэкспортhello_html_m36d2df2a.gif

импорт





Міне, осындай жүйеде өтілген әрбір сабақ оқушы жадында жатталып, әрі ұзақ есте сақталып қалары сөзсіз. Сонымен қатар, ескере кететін жайт, әсіресе, 9-10-11-сынып оқушыларына үй тапсырмасын жеке-жеке міндеттеп беру қажет. Мысалы, 10-сыныпта өтілген тақырыпқа байланысты, атап айтқанда, қатар отырған екі оқушыға бір мемлекетті реферат түрінде жазып келу жүктеліп отырса, оқушы сол тапсырманы өздігінен орындау арқылы сол мемлекет жайлы танымын жетілдіреді.

Менің сөз соңында айтарым, әрбір география пәнінен сабақ беретін мұғалім жаңа сабақты ауызша әңгімелеп немесе баяндау берумен шектелмей, карта оқыту арқылы жүргізсе оқушының қызығушылық, ізденушілік, зерттеушілік, ойлау қабілеттері жетіле түсері анық. Дегенмен сабақ арасында оқушыны зеріктірмес үшін ойын-сабақтарын жүргізудің артықшылығы жоқ. Ойын жөнінде белгілі педагог В.А.Сухомлинский: «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы жоқ және олай болуы мүмкін емес. Ойын – дүниеге ашылған үлкен жарық терезе іспеттес, ол арқылы баланың рухани байлығы жасампаз өмірмен ұштасып, айналасындағы дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын, білуге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» деген болатын. Сондықтан да ойын түрлерін кірістіре отырып, сарамандық жүйеде карта оқыту арқылы өтілген сабақ оқушының пәнге деген қызығушылын арттыра түседі. Яғни, мұғалім оқушымен сабақ барысында үздіксіз жұмыс істеуі керек. Сонымен бірге оқушының сабақ барысындағы ролін арттыра түсу қажет. Сонда ғана оқушының дарындылық қабілеті шыңдала түседі. Өз жұмысымды қорытындылай келе, оқу жүйесіне экономикалық және физикалық-географиялық карталар, атап айтқанда жоғарыда тірек-сызбада көрсетілгендей кеңінен қамтылып шығарылса, география сабағын сарамандық жүйеде оқыту қолға алынса демекпін.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. С.Бахишева. 12 жылдық білім беру және оқушы тұлғасы. // 12 жылдық мектеп мұғалімі// №11, 2006 жыл

  2. О.М.Тұрғанбаева. Геоафия сабақтарында есептер шығаруға жаттықтырудың тиімді әдіс-тәсілдері. // 12 жылдық мектеп мұғалімі// №7, 2005 жыл













ГЕОГРАФИЯ ПӘНІН САРАМАНДЫҚ ЖҮЙЕДЕ ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
  • География
Описание:

ГЕОГРАФИЯ ПӘНІН САРАМАНДЫҚ ЖҮЙЕДЕ ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі екенін қоғамның қазіргі даму кезеңінде болып жатқан әлеуметтік-саяси және жаңа технологиялық  өзгерістер, тәрбие мен білім беру жүйелерінің ісін жаңа сатыға көтеру үшін білім саласында жаңа, тиімді әдіс-тәсілдеді қолданудың қажеттілігі дәлелдеп отыр.

Жалпы білім беру жүйесіндегі және мектеп мұғалімінің алдында тұған көлемді әрі жауапкершілігі мол міндеттердің бірі – оқушыға тиянақты білім беру болып табылады.

Тиянақты білім дегеніміз – жаттанды емес, белгілі жүйесі бар (қарапайымнан күрделіліге қарай дамытылған), тұрмыспен, күнделікті өмірмен тығыз байланысты, оқушының ой-өрісінің дамуына көмектесетін ұғымдар жиынтығы.

Осы оқушының ой-өрісінің дамуына  және тиянақты білім алу үшін мұғалім әбір география сабағын оқушымен біте қайнасып жатқан сарамандық жүйеде жүргізіп отырса, мұндай оқыту жоғары деңгейде өз дәрежесін көрсетер еді.

География сабағын әңгіме, баяндау, тек түсіндіру арқылы оқыту айтарлықтай нәтиже бермейді. Оқушылардың оқу материалын оқып-үйрену кезінде таным белсенділігі жоғары болатын сабақтар білім мен біліктілікті сапалы түрде меңгеруді қамтамасыз ете алады. Тиянақты білім беру, оқу үрдісін жандандыру түрлі әдіс-тәсілді таңдай білуге, қолда бар көрнекілікке, құрал-жабдыққа, т.б.көптеген себептерге байланысты.

Жаңа сабақты түсіндіру мұғалімнің қойған сұрақтарына тікелей байланысты. Түсіндіру, терең ойлауды қалыптастыру жолында дәптерге жазу, тақтаны пайдалану, оқулық бетіндегі анықтамаларды, картаны жүйелі оқу, қосымшаны пайдалану, танымдар мен түсініктерді қалыптастыруда үлкен роль атқарады.

Автор Ильина Ольга Витальевна
Дата добавления 12.03.2015
Раздел География
Подраздел Другое
Просмотров 646
Номер материала 57845
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓