Главная / География / География. Қазақстан химия өнеркәсібінің кешені 9-сынып.

География. Қазақстан химия өнеркәсібінің кешені 9-сынып.

География. 9-сынып

Қазақстанның химия өнеркәсібі кешені


Бөлім: Салааралық кешендер географиясы

Тарауы: Конструкциялық материалдар кешені

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның химия өнеркәсібі кешені

Сабақтың мақсаты:

Оқушылар үшін:

  • өнеркәсіптің бір саласы – химия өнеркәсібін білу, оның салаларын, өндіретін өнімдері мен заттарын;

  • қазіргі жағдайын және болашағын бағалауға үйрену;

  • химия өнеркәсібі салаларының маманы болуға талаптану;


Мұғалім үшін:

  • химия өнеркәсібі елдің техникалық прогресін көрсететінін, оны ең «лас» сала екенін, оның салаларының таралуы мен орналасуын;

  • басты бағыттарын, болашағын сипаттап беру;

  • кәсіп, мамандық таңдауға баулу.


Құрал-жабдықтар: оқулық, карта, тірексызбалар, интерактивті тақта

Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, тірексызбалар, картамен жұмыс т.б.

Сабақтың технологиясы: Сын тұрғысынан ойлау

Пәнаралық байланыс: химия, биология, физика, математика


Сабақ барысы:

І. Қызығушылықты ояту

1. Ұйымдастыру (өтілуін түсіндіру)

- жеке тапсырмаларды бөлу, беру

- спикер тағайындау

- бағалау парағын тарату


2. Сергіту сұрақтары:

1. Химия өнеркәсібі дегенде нені түсінесің?

2. Химиялық заттарды атаңдар

3. Күнделікті тұрмыстағы заттар

4. Резеңке қандай зат?

5. Ас тұзы ше?


ІІ. Мағынаны тану

3. Жаңа сабақ

1) Тірек-сызбалар сөйлейді




1 тірексызба

Елдің техникалық прогресін Құрылымдық материалдар

анықтайтын сала шығарады

hello_html_m2934b253.gif

Жұмысшы саны аз Экологиялық жағынан

ең «лас» сала

2 тірексызба

Табиғатта кездеспейтін

жасанды заттар шығарады

hello_html_m79e5f64c.gif

Шикізат базасы ауқымды Көмір мен металлургия, мұнай өңдеу


3 тірексызба


Шикізат Су Энергетика

hello_html_5a2f1bec.gif

Тұтыну Экология


2) 9- сызбанұсқамен жұмыс

Химия өнеркәсібінің салалық құрамы


hello_html_m7c814e63.jpg

3) Мәтінмен жұмыс. Әр оқушы өзінің жеке тапсырмасы бойынша жұмыс жасау.

4) Картамен жұмыс. 114 бет Қазақстан химия өнеркәсібі картасы

5 саланың өндіріс орындарын табу.

hello_html_m3e799804.jpg

ІІІ. Ойтолғаныс

4) Жаңа сабақты бекіту.

1-тапсырма. 7 сұрақ. Жазбаша жауап беру

1) Химия өнеркәсібі нені анықтайды? (Т.П.)

2) Жасанды 5-6 затты ата? (пластмасса, бояу, тыңайтқыш, дәрі, полиэтилен)

3) Күкірт қышқылын алу үшін не қажет? (S/ H2O)

4) Жанбайтын талшық шығаратын зауыт қай қалада? (Қостанай)

5) Ірі 5 фармацевтика фабрикасын ата?(Ромат, Химфарм, Нобел Алматы, Қарағанды )

6) Қазақстан химия өнеркәсібінің болашағы туралы?

7) Негізгі химияны құрайтын «4 таған». (H2SO4)


2-тапсырма. Семантикалық карта (+)


Химия

өнеркәсібі салалары

Ақтөбе

Тараз

Қаратау

Ақтау

Атырау

Арал

Павлодар

Жезқазған

Өскемен

Балқаш

Степ-

ногор

Ақтау

Теміртау

Шым

кент

Саран

Алматы

Қарағанды

Өндіріс

орындары

Ас тұзы












Фосфорит












Күкір қышқылы












Хром қосылыстары












Азот тыңайтқыштары












Пластмасса












Резеңке бұйымдар












Синтетикалық каучук












Фармацевтика












УДЗ (УЗИ)












Мұнай зауыттары












5. Үйге тапсырма. 1.Эссе: Қазақстан химия өнеркәсібінің болашағы.

2.Химия өнеркәсібінің орталықтарын жаттау.


6. Бағалау

Өзін-өзі бағалау парағы

р/с

Бағалау көрсеткіштері

Белгіленген ұпайлар

Өзі қоятын ұпайлар

1

Мәтінмен жұмыс

5

 

2

Сызбанұсқаны талдау

4

 

3

Карталармен жұмыс

5

 

4

Тірек сызбалармен жұмыс

5

 

5

Шығармашылық жұмыс

4

 

6

Сұрақтар мен жауаптар

5

 

 

Жалпы ұпай:

28

 




Фармацевтика

Фармацевтика өнеркәсібі — химия өнеркәсібінің маңызды саласы, өйткені оның ойдағыдай дамуы халық денсаулығының кепілі. Сондықтан еліміздің медицина саласы 2015 жылдары кәсіппорындарды жаңғырту және жаңа өнеркәсіп орындарын салу, оның түрлерін айтарлықтай кеңейту мақсатында фармацевтика саласын дамытып, оны отандық өніммен 50% қамтамасыз етуді алға қойып отыр. Бұл Қазақстан Республикасының 2010—2014 жылдардағы фармацевтика өнеркәсібін дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асады. Қазір тұтынылатын дәрі-дәрмектің 37% -ы отандық.

Бүгінде Қазаңстанда бес ірі фармацевтика фабрикасы жұмыс істейді. Бұлар Павлодардың "Ромат", Шымкенттің "Химфарм" зауыттары, "Нобел" Алматы фармацевтика фабрикасы, Алматы облысының "Abdi Ibrahim Global Pharm LLP", Қарағанды фармацевтика зауыты. Осы кәсіпорындар елдегі дәрі-дәрмектің 90% -ын шығарады.

Елімізде медициналық техника шығаратын "Ақтөберентген", Шымкент "Қазмедприбор", Алматы "Меджөндеу" зауыттары бар. қтөберентген" АҚШ-тың General Electric компаниясымен келісім

нәтижесінде күрделі аппаратура құрастырумен айналысады (оның бірі УДЗ (УЗИ) аппаратурасы).

"Қазмедприбор" медициналық креслолар, арнайы төсектер шығаруда. Қазір Шымкент маңында сынықты емдеу жабдықтарын шығаратын тағы бір зауыт салынуда.

Сонымен қатар Ақтөбеде "ВелесАқтөбе ЛТД", Алматы қаласының "Әлмерек" кәсіпорындары дәрі-дәрмек, Қарағанды облысының "Мерей" медициналық фирмасы және Жамбыл облысының "СуперФарм" кәсіпорны медициналық арнаулы киімдер шығарады.



















Кен химиясы

Кен химиясы химияльқ пайдалы қазбалар: фосфорит, күкірт, тұз, т.б. шикізаттарды өндірумен айналысады. Фосфорит кені Жамбыл облысында (Қаратау), Ақтөбе облысында (Шилісай) өндіріледі. Күкірт Көкшетау маңындагы Алексеев кен орнында түсті металл жене мұнай кұрамында кездеседі. Ас тұзы Арал, Балхаш жағалауында, Шу өзені бойьнда, Павлодар облысы Қалқаман, Тобылжан, Корековскіде, калий тұзы Атырау облысы Индер көлінде өндірілуде. (Қазақстанның химия өнеркәсібі картасын қараңдар.) Қазакстан химия өнеркәсібінің ерекшелігі кен химиясы шикізаттары негізінде жұмыс істейді.







Heгізгі химия

Еліміздің Heгізгі химиясын "төрт таған" — күкірт қышқылы, химиялық косылыстар, фосфор және минералды тыңайтқыштар өндірісі құрайды.


Қазақстанның астықты солтүстік аудандарын минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз етуде Ақтөбе облысындағы фосфорит қорының маңызы зор. Ақтөбе фосфоритінің 6ip ерекшелігі оны қышқылды топыраққа тікелей енгізуге болады. Казақстанның солтүстігіндегі егіншілікті аудандардың топырағы осындай қышқылды топырақтың қатарына жатады.

-Күкірт қышқылыхимия өнеркәсібінің маңызды әpi көп қолданылатын өнімдерінің 6ipi. Оны өндірістің барлық салаларында қолданады.

Күкірт қышқылы химия өнеркәсібінде басқа қышқылдарды алуда, химиялық косылыстар, тыңайтқыштар өндіруде, дәрі-дәрмек шығаруда, металлургияда кеннен уранды бөлуда қажет.

Күкірт қышқылы мұнай өнімдерін тазалауда, аккумуляторларды толтыруда, түсті металлургияда, металл өңдеу өнеркәсібінде, вискоза талшығын шығаруда, сондай-ақ зиянкестерге қарсы күресте ауыл шаруашылығында, тоқыма өнеркәсібінде пайдаланылады.

Күкірт қышқылының көп мөлшері фосфор және азот тыңайтқыштарын алуға жұмсалады.

-"Қышқыл алу үшін күкірт пен су қажет. Күкірт гипстің, күкірт газының және түсті металдар кендерінің құрамында болады. Күкірт қышқылын:

ауыр металдардың металлургиялық орталықтарында(Жезқазған, Балқаш, Өскемен, Риддер);

уран алатын орталықтарда (Степногор);

фосфатты тыңайтқыштар өндipici орталықтарында (Тараз) шығарады.

Металдардыц химиялық қосылыстары өнеркәсіпте кеңінен қолданылады. Мысалы, хром қосылыстары флотация үшін реагенттер болып табылады. Одан басқа олар Tepi илеуде, фотоматериалдар мен бояулар дайындауда қажет. Мұнда негізгі шикізат — хром кені. Хром қосылыстары зауыты Ақтөбеде орналасқан.

- Фосфор тыңайтқыш, сіріңке, азықтық қоспалар, дәрі жасау үшін қажет. Оны әлектр қуатын жұмсай отырып, фосфориттен алады. Алынған фосфорды тыңайтқыш өндіруге қажетті фосфор қышқылынан өңдейді. Фосфор тұздары зауыты Шымкентте орналасқан.

Ауыл шаруашылығына фосфор, азот, калий және кешенді минералды тыңайтқыштар қажет. Фосфат тыңайтқыштарын фос­форит пен күкірт қышқылынан алады.. Фосфоритті Қаратау мен Жаңатаста өндіріп ұсақтайды да, тыңайтқышты Таразда шығарады.

Осы зауыттарда өндірілетін тыңайтқыштар мақта мен қызылша егістіктерінде пайдаланылады.

~Азот тыңайтқыштарын өндіру үшін азот пен сутек қажет. Азотты ауадан алуға болады. Ал сутекті алу көзі табиғи немесе кокс газы. Ондай өндірістер Ақтау мен Теміртауда бар.

Қараганды синтетикалық каучук зауытында кокс-химия және смола айдайтын цехтар жұмыс істейді. Синтетикалық смоладан пластмасса алуға болады.

Ацетиленнен синтетикалық каучук алу әнергияны көп қажет етеді, 1 т өнім алу үшін 5000 кВт • сағ әлектр энергиясы жұмсалады.

Арал мен Павлодар калаларында жергілікті шикізат негізінде тұз өндіру және өңдеу кәсіпорындары жұмыс істейді.


















Полимер химиясы

Полимер химиясы және полимерді өңдеу салалары косылып, әдетте, органикалық синтез химиясы деп те аталады.

Полимерлер химиясының негізгі химиядан өзгешелігі — пласт­масса, химиялық талшықтар, жасанды (синтетикалық) каучук сияқты құрылымдық материалдар шығарады. Көп жағдайда олар дәстүрлі материалдардан да сапалы болғандықтан, орнын алмастыра алады.

Қазақстанда полимерлер алынатын жартылай дайындалған өнімдер көп шығарылмайды. Сондықтан шикізат базасы мол болғанымен, полимерлік химия кешенінің қарқынды түрде дамуына мүмкіндік болмай отыр.

Полимерлер алынатын шикізатқа мұнай өнімдері, табиғи және ілеспе газдар жатады. Сол себепті олардың өндірісі сумен және әлектр қуатымен қамтамасыз етілген, мұнай мен газ өңдейтін жерлерге таяу орналастырылады. Қазақстанда Ақтау (полистирол) мен Атырауда (полиәтилен мен полипропилен) 2 пластмасса зауыты бар. Ақтау зауыты қазір "Sat Operaiting Aktau" ЖШС деп аталады.


















Полимерді өңдеу

Пластмасса металдың, агаштың және басқа да материалдардың орнына қолданылады. Пластмассадан машина тетіктерін, электр-оқшаулағыштар, телефон, телеграф, радио аппараттарын, ыдыс-аяқ, қалам, балалар ойыншьқтарын және басқа да бұйымдар жасап шығарады.

Қaзipгi тоқыма өнеркәсібінде табиғи талшықтармен 6ipгe көп мөлшерде химиялық талшықтар пайдаланылады. Химиялық тал­шықтар жасанды және синтетикалық болып екіге бөлінеді. Осы аталған талшықтар және одан алынған өнімдер шаруашылықтың басқа салаларында қолданылады. Олар өздерінің кейбір қасиеттері жағынан табиғи талшықтардан да асып түседі. Химиялық талшықтар көп жағдайда мақта, жібек және баска табиғи талшықтардың орнына жүреді. Химиялық талшықтардан алынатын өнім түрлері көп және олардың шикізат қорлары да мол.

Синтетикалык талшық органикалық және органикалық емес тал­шықтардан алынады. Бұл материалдарды өндіруде көп мөлшерде отын, электр энергиясы және су жұмсалады.

^Қостанай химиялық талшықтар зауыты ұшақ салондарын қаптайтын, жанбайтын талшық шығарады.

Көптеген кәсіпорындар полимерлік материалдарды өңдейді. Пластмасса бұйымдарын шығаратын ең үлкен зауыттар Атырауда (сумен жабдыктайтын полиэтилен құбырлары), Алматы мен Астанада орналаскан. Резеңке бұйымдары өндірісінің негізгі орталықтары — Саран (металлургия үшін конвейер таспаларын шығару) және Шымкент (автомобильдер мен ауыл шаруашылығы техникасы үшін шина жасау).

"Саранрезенкетехника" және "Карагандырезеңкетехника" компаниялары доңғалак камералар, резеңке бұйымдар шыгаруға маманданған.

Қазақстанда төрт мұнай өңдеу зауыты (Атырау, Павлодар, Шымкент, Тараз-Асы) бар, олар автомобиль бензинін, мотор, қазандық (стансыға қажетті) отын, авиация керосинін, мұнай битумын және басқа мұнай өнімдерін шығаруда. Атырау облысының Теңіз, Ақтөбе облысының Жаңажол елді мекендерінде, Маңгыстаудың Жаңаөзен қаласында газ өңдеу зауыттары жұмыс істейді.

Кен химиясы химияльқ пайдалы қазбалар: фосфорит, күкірт, тұз, т.б. шикізаттарды өндірумен айналысады. Фосфорит кені Жамбыл облысында (Қаратау), Ақтөбе облысында (Шилісай) өндіріледі. Күкірт Көкшетау маңындагы Алексеев кен орнында түсті металл жене мұнай кұрамында кездеседі. Ас тұзы Арал, Балхаш жағалауында, Шу өзені бойьнда, Павлодар облысы Қалқаман, Тобылжан, Корековскіде, калий тұзы Атырау облысы Индер көлінде өндірілуде. (Қазақстанның химия өнеркәсібі картасын қараңдар.) Қазакстан химия өнеркәсібінің ерекшелігі кен химиясы шикізаттары негізінде жұмыс істейді.


Еліміздің Heгізгі химиясын "төрт таған" — күкірт қышқылы, химиялық косылыстар, фосфор және минералды тыңайтқыштар өндірісі құрайды.


Қазақстанның астықты солтүстік аудандарын минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз етуде Ақтөбе облысындағы фосфорит қорының маңызы зор. Ақтөбе фосфоритінің 6ip ерекшелігі оны қышқылды топыраққа тікелей енгізуге болады. Казақстанның солтүстігіндегі егіншілікті аудандардың топырағы осындай қышқылды топырақтың қатарына жатады.

-Күкірт қышқылыхимия өнеркәсібінің маңызды әpi көп қолданылатын өнімдерінің 6ipi. Оны өндірістің барлық салаларында қолданады.

Күкірт қышқылы химия өнеркәсібінде басқа қышқылдарды алуда, химиялық косылыстар, тыңайтқыштар өндіруде, дәрі-дәрмек шығаруда, металлургияда кеннен уранды бөлуда қажет. Бұл өте белсенді әpi кауіпті, аз тасымалданатын шикізат (тасымалдау үшін арнаулы ыдыстар қажет). Сондықтан оның өндірісін тұтынушыларға жақын орналастырады.

Күкірт қышқылы мұнай өнімдерін тазалауда, аккумуляторларды толтыруда, түсті металлургияда, металл өңдеу өнеркәсібінде, вискоза талшығын шығаруда, сондай-ақ зиянкестерге қарсы күресте ауыл шаруашылығында, тоқыма өнеркәсібінде пайдаланылады.

Күкірт қышқылының көп мөлшері фосфор және азот тыңайтқыштарын алуға жұмсалады.

-"Қышқыл алу үшін күкірт пен су қажет. Күкірт гипстің, күкірт газының және түсті металдар кендерінің құрамында болады. Күкірт қышқылын:

ауыр металдардың металлургиялық орталықтарында(Жезқазған, Балқаш, Өскемен, Риддер);

уран алатын орталықтарда (Степногор);

фосфатты тыңайтқыштар өндipici орталықтарында (Тараз) шығарады.

Металдардыц химиялық қосылыстары өнеркәсіпте кеңінен қолданылады. Мысалы, хром қосылыстары флотация үшін реагенттер болып табылады. Одан басқа олар Tepi илеуде, фотоматериалдар мен бояулар дайындауда қажет. Мұнда негізгі шикізат — хром кені. Хром қосылыстары зауыты Ақтөбеде орналасқан.

- Фосфор тыңайтқыш, сіріңке, азықтық қоспалар, дәрі жасау үшін қажет. Оны әлектр қуатын жұмсай отырып, фосфориттен алады. Алынған фосфорды тыңайтқыш өндіруге қажетті фосфор қышқылынан өңдейді. Фосфор тұздары зауыты Шымкентте орналасқан.

Ауыл шаруашылығына фосфор, азот, калий және кешенді минералды тыңайтқыштар қажет. Фосфат тыңайтқыштарын фос­форит пен күкірт қышқылынан алады. Бұл — материалды көп қажет ететін өндіpic болғандықтан, фосфорит кендеріне жақын орналастырылады. Фосфоритті Қаратау мен Жаңатаста өндіріп ұсақтайды да, тыңайтқышты Таразда шығарады.

Қаратау фосфоритшен фосфор тыңайтқыштарын өндіру республикада жолға қойылган. Каратаудағы фосфорит базасының негізінде Казақстан мен Орталық Азиядағы суперфосфат зауыттары жұмыс істейді. Солардың 6ipi — Тараз суперфосфат зауыты.

Тараз қаласында "Казфосфат" ЖШС жұмыс істейді, бүгінде бұл компания сары фосфор, минералды тыңайтқыштар және азотты-фосфатты тыңайтқыштар сияқты 20 түрлі өнім шығарады. Компания өнімдері жақын және алыс шетелдерге жіберіледі. Серіктестердің құрамына "Қаратау", "Шолақтау" тау-кен өндіру кешендерін "Жаңа Жамбыл фосфор зауыты", "Минералды тыңайтқыштар зауыты", Жамбыл теміржол кешені "Степногор химия зауыты", "Шымкент жуғыш заттар зауыты" кіреді. Қазір компанияда 7 мыңға жуық адам жұмыс істейді.

Топырақтың құнарлылығын жақсарту үшін органикалық тыңайтқыштармен катар құрамында азот, фосфор, калий және басқа әлементтері бар минералды тыңайтқыштар қолданылады. Олар өсімдіктің біркалыпты өсуіне қажет.

Осы зауыттарда өндірілетін тыңайтқыштар мақта мен қызылша егістіктерінде пайдаланылады.

~Азот тыңайтқыштарын өндіру үшін азот пен сутек қажет. Азотты ауадан алуға болады. Ал сутекті алу көзі табиғи немесе кокс газы. Ондай өндірістер Ақтау мен Теміртауда бар.

Қараганды синтетикалық каучук зауытында кокс-химия және смола айдайтын цехтар жұмыс істейді. Синтетикалық смоладан пластмасса алуға болады.

Ацетиленнен синтетикалық каучук алу әнергияны көп қажет етеді, 1 т өнім алу үшін 5000 кВт • сағ әлектр энергиясы жұмсалады.

Арал мен Павлодар калаларында жергілікті шикізат негізінде тұз өндіру және өңдеу кәсіпорындары жұмыс істейді.

-'Полимер химиясы және полимерді өңдеу салалары косылып, әдетте, органикалық синтез химиясы деп те аталады.

Полимерлер химиясының негізгі химиядан өзгешелігі — пласт­масса, химиялық талшықтар, жасанды (синтетикалық) каучук сияқты құрылымдық материалдар шығарады. Көп жағдайда олар дәстүрлі материалдардан да сапалы болғандықтан, орнын алмастыра алады.

Қазақстанда полимерлер алынатын жартылай дайындалған өнімдер көп шығарылмайды. Сондықтан шикізат базасы мол болғанымен, полимерлік химия кешенінің қарқынды түрде дамуына мүмкіндік болмай отыр.

Полимерлер алынатын шикізатқа мұнай өнімдері, табиғи және ілеспе газдар жатады. Сол себепті олардың өндірісі сумен және әлектр қуатымен қамтамасыз етілген, мұнай мен газ өңдейтін жерлерге таяу орналастырылады. Қазақстанда Ақтау (полистирол) мен Атырауда (полиәтилен мен полипропилен) 2 пластмасса зауыты бар. Ақтау зауыты қазір "Sat Operaiting Aktau" ЖШС деп аталады.

Пластмасса шаруашылықтың барлық салаларында қолданылады. Химия өнеркәсібінің жаңа өркендеп келе жатқан бұл саласы қарқынды түрде дамуда.

Пластмасса механикалық жағынан өте берік және жеңіл. Қатты болғанымен, кесу және қысу арқылы өңдеуге болады. Оларға атмосфералық әрекеттер, қышқыл тұздар және сілтілер әсер етпейді. Олардың көпшілігінің жылуды аз өткізетін және жақсы әлектроқшаулағыш қасиеттері бар. Кейбір пластмассалар шыны сияқты мөлдір болады.


Пластмасса металдың, агаштың және басқа да материалдардың орнына қолданылады. Пластмассадан машина тетіктерін, электр-оқшаулағыштар, телефон, телеграф, радио аппараттарын, ыдыс-аяқ, қалам, балалар ойыншьқтарын және басқа да бұйымдар жасап шығарады.

Қaзipгi тоқыма өнеркәсібінде табиғи талшықтармен 6ipгe көп мөлшерде химиялық талшықтар пайдаланылады. Химиялық тал­шықтар жасанды және синтетикалық болып екіге бөлінеді. Осы аталған талшықтар және одан алынған өнімдер шаруашылықтың басқа салаларында қолданылады. Олар өздерінің кейбір қасиеттері жағынан табиғи талшықтардан да асып түседі. Химиялық талшықтар көп жағдайда мақта, жібек және баска табиғи талшықтардың орнына жүреді. Химиялық талшықтардан алынатын өнім түрлері көп және олардың шикізат қорлары да мол.

Синтетикалык талшық органикалық және органикалық емес тал­шықтардан алынады. Бұл материалдарды өндіруде көп мөлшерде отын, электр энергиясы және су жұмсалады.

^Қостанай химиялық талшықтар зауыты ұшақ салондарын қаптайтын, жанбайтын талшық шығарады.

Көптеген кәсіпорындар полимерлік материалдарды өңдейді. Пластмасса бұйымдарын шығаратын ең үлкен зауыттар Атырауда (сумен жабдыктайтын полиэтилен құбырлары), Алматы мен Астанада орналаскан. Резеңке бұйымдары өндірісінің негізгі орталықтары — Саран (металлургия үшін конвейер таспаларын шығару) және Шымкент (автомобильдер мен ауыл шаруашылығы техникасы үшін шина жасау).

"Саранрезенкетехника" және "Карагандырезеңкетехника" компаниялары доңғалак камералар, резеңке бұйымдар шыгаруға маманданған.

Қазақстанда төрт мұнай өңдеу зауыты (Атырау, Павлодар, Шымкент, Тараз-Асы) бар, олар автомобиль бензинін, мотор, қазандық (стансыға қажетті) отын, авиация керосинін, мұнай битумын және басқа мұнай өнімдерін шығаруда. Атырау облысының Теңіз, Ақтөбе облысының Жаңажол елді мекендерінде, Маңгыстаудың Жаңаөзен қаласында газ өңдеу зауыттары жұмыс істейді.

Фармацевтика өнеркәсібі — химия өнеркәсібінің маңызды саласы, өйткені оның ойдағыдай дамуы халық денсаулығының кепілі. Сондықтан еліміздің медицина саласы 2015 жылдары кәсіппорындарды жаңғырту және жаңа өнеркәсіп орындарын салу, оның түрлерін айтарлықтай кеңейту мақсатында фармацевтика саласын дамытып, оны отандық өніммен 50% қамтамасыз етуді алға қойып отыр. Бұл Қазақстан Республикасының 2010—2014 жылдардағы фармацевтика өнеркәсібін дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асады. Қазір тұтынылатын дәрі-дәрмектің 37% -ы отандық.

Бүгінде Қазаңстанда бес ірі фармацевтика фабрикасы жұмыс істейді. Бұлар Павлодардың "Ромат", Шымкенттің "Химфарм" зауыттары, "Нобел" Алматы фармацевтика фабрикасы, Алматы облысының "Abdi Ibrahim Global Pharm LLP", Қарағанды фармацевтика зауыты. Осы кәсіпорындар елдегі дәрі-дәрмектің 90% -ын шығарады.

Елімізде медициналық техника шығаратын "Ақтөберентген", Шымкент "Қазмедприбор", Алматы "Меджөндеу" зауыттары бар. қтөберентген" АҚШ-тың General Electric компаниясымен келісім

нәтижесінде күрделі аппаратура құрастырумен айналысады (оның бірі УДЗ (УЗИ) аппаратурасы).

"Қазмедприбор" медициналық креслолар, арнайы төсектер шығаруда. Қазір Шымкент маңында сынықты емдеу жабдықтарын шығаратын тағы бір зауыт салынуда.

Сонымен қатар Ақтөбеде "ВелесАқтөбе ЛТД", Алматы қаласының "Әлмерек" кәсіпорындары дәрі-дәрмек, Қарағанды облысының "Мерей" медициналық фирмасы және Жамбыл облысының "СуперФарм" кәсіпорны медициналық арнаулы киімдер шығарады.

Ең үлкен химфарм зауыты Шымкентте орналасқан. Ол республикамыздағы дәрілік препараттардың 3/5 бөлігін шығарады.

Мұнай химиясының болашағы өте зор. Соңғы жылдары қайта жаңартылған Атырау мұнай өңдеу зауыты одан әрі кеңейтіліп, бензол шығару көзделіп отыр. Бензолды одан әрі өңдеп, одан стирол және полистирол алады. Өнімнің бұл түрі үлкен сұранысқа ие болуда. Әсіресе ол Азияның, оның ішінде, Қытайдың тарапынан қолдау тауып отыр.

Атырау облысының Теңіз мұнай кен орны маңында интеграцияланған мұнай-химия кешенінің бірінші кезеңінің құрылысы жүруде. Бұл зауытта 1,2 млнт-ға жуық базалық мұнай-химия өнімін, яғни этиленге негізделген полиэтилен өнімін шығару жоспарланған. Жобаны жүзеге асыру үшін қажет болатын инвестициялардың жалпы мөлшері 7 млрд АҚШ долларын құрайды.

Атырау мұнай өңдеу зауытында мұнайды терең өңдеу кешені жасалып (құны 1,7 млрд АҚШ доллары), салынып жатқан Атырау газ-химия кешенінің жобалық қуатына жеткізу жүзеге асырылуда (құны 6,3 млрд АҚШ доллары).

Қарашығанақта (Ақсай елді мекені) жылдық қуаты 5 млрд м3 газ өңдеу зауытының жобалау жұмыстары аяқталуға жақын.

Жамбыл облысында (құны 2 млрд АҚІП доллары) кешенді минералды тыңайтқыштap өндipicін салу жоспарлануда.

Осы облыста Биологиялық қауіпсіздік проблемасы ғылыми-зерттеу институты биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, өте қауіпті вирустық аурулардың алдын алу туралы зерттеулер жүргізіп, оларға қарсы қолданылатын арнайы препараттар даярлаумен айналысуда. Мысалы, аталған институт құс, шошқа тұмауларына қарсы қолданылатын вакциналар шығарды. Осыған орай Қазақстан Қытай, Ресей, АҚШ, Франция және Вьетнаммен қатар түрлі жұқпалы ауруларға қарсы қолданылатын вакцина шығарған елдердің бірі. ^Химия өнеркәсібі экологиялық жағынан ең "лас" салалардын бірі. Онымен (Шымкент, Тараз, Ақтау, Теміртау және Павлодардағы) ауаның, судың, топырақтың ластануы тікелей байланысты. Теміртаудағы Нұра өзені мен Павлодардағы жерасты суының сынаппен ластануына байланысты күрделі залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.

Тұздың бірнеше түрі бар. Солардың ішінде көбірек қолданылатыны ас тұзы

Тұз түссіз, мөлдір жеке түйіршіктерден тұрады. Ірірек бір түйіршікті ұлғайтқышпен қараңдар. Түйіршіктің беті жылтыр, тегіс текшеге ұқсайтынын байқайсыңдар. Бұл тұз кристалдары. Текшені жеке алғанда мөлдір, түссіз. Бір жерге үйсе, ақ түсті болып көрінеді.

Тұз суда тез ериді, дәмі ащы. Мұхиттар мен теңіздер суында тұз ерітінді түрінде кездеседі. Бірақ теңіз суынан түзды айырып алу көп еңбек жүмсауды қажет етеді. Сондықтан оны көбінесе көлдерден өндіреді.

Тұзды көлдер Қазақстанның барлык, жерінде таралған. Көл суы жазда, ыстықта көп буланады да, еріген тұз түбіне шөге береді. Оны өндіру үшін сорғыш машина қолданылады. Мүндай машинаның орасан зор түтігі мен сорғышы болады. Түтік арқылы көл түбіндегі түз сумен қоса сорылып алынады.

Тұз жер қыртысында да мол. Мүндай түз бір кезде сол жерді басып жатқан теңіз шығанағында жинақталған. Оның қалындығы кейде жүздеген метрге барады. Сондықтан оны тастуз деп атайды.Тас тұз мөлдір, түссіз кесек мұзды елестетеді. Тас тұздың қаттылығы соншалық, оны қазып алатын шахтада ешқандай тіреу қоюдың қажеті жоқ. Тұздың әзі тамаша л'реу бола алады.

География. Қазақстан химия өнеркәсібінің кешені 9-сынып.
  • География
Описание:

География. 9-сынып. Қазақстан химия өнеркәсібінің кешені.

Бөлім: Салааралық кешендер географиясы
Тарауы: Конструкциялық материалдар кешені
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның химия өнеркәсібі кешені
Сабақтың мақсаты:
Оқушылар үшін:
-    өнеркәсіптің бір саласы – химия өнеркәсібін білу, оның салаларын, өндіретін өнімдері мен заттарын;
-    қазіргі жағдайын және болашағын бағалауға үйрену;
-    химия өнеркәсібі салаларының маманы болуға талаптану;

   Мұғалім үшін:
-    химия өнеркәсібі елдің техникалық прогресін көрсететінін, оны ең «лас» сала екенін, оның салаларының таралуы мен орналасуын;
-    басты бағыттарын, болашағын сипаттап беру;
-    кәсіп, мамандық таңдауға баулу.

Құрал-жабдықтар: оқулық, карта, тірексызбалар, интерактивті тақта
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, тірексызбалар, картамен жұмыс т.б.
Сабақтың технологиясы: Сын тұрғысынан ойлау
Пәнаралық байланыс: химия, биология, физика, математика

Автор Жуматаев Жумахан Рашович
Дата добавления 06.01.2015
Раздел География
Подраздел
Просмотров 2288
Номер материала 37232
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓